"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және "Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысына сай облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Маңғыстау облысында туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Сессия төрағасы Облыстық
мәслихаттың хатшысы
Маңғыстау облыстық мәслихатының
"Маңғыстау облысында туристік саланы
дамытудың 2003-2005 жылдарға
арналған бағдарламасы туралы"
2003 жылғы 12 қыркүйектегі N№28/308
шешімімен бекітілген
Маңғыстау облысында туристік саланы дамытудың
2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
Атауы |
Маңғыстау облысында туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
"Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысы |
Бағдарламаны әзірлеуші |
Маңғыстау облысы және дене мәдениеті спорт басқармасы |
Бағдарламаның мақсаты |
Облыста қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру |
Бағдарламаның міндеті |
Қойылған міндеттерге сәйкес бағдарламаның бірінші кезектегі міндеттері мыналар болып табылады:
|
Бағдарламаны іске асыру мерзімі |
2003-2005 жылдар |
Бағдарламаны қаржыландыру |
Жергілікті бюджет |
Күтілетін нәтижелер |
Туристер ағынының тұрақты өсуін қамтамасыз ету |
Маңғыстау облысында туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы (бұдан әрі бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің«"Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445
қаулысына
сәйкес әзірленді.
Бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі проблемаларын қамтиды және экономиканың басымдық саласы ретінде айқындалған Маңғыстау облысында туристік индустрияны одан әрі дамыту үшін қолайлы ұйымдық басқару, экономикалық және құқықтық ортаны құруға арналған өзекті ұсыныстарды қамтиды.
3. Туристік саланың қазіргі жай-күйін талдау
Күні бүгін облыста туристік саланы дамытудың көптеген шешілмеген проблемалары бар. Саланың қалыптасуына кедергі келтіретін бірқатар объективті факторлар орын алып отыр. Бұл ең алдымен, туристік индустрияның өзіндегі де, онымен сабақтас саладағы да әлсіз менеджмент, сондай-ақ туристік инфрақұрылымдағы қолда бар объектілердің негізгі қорларының тозуы. Облыста туризм жөніндегі бөлімнің жоқтығы және тиісті деңгейде қаржыландырудың болмауы.
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
4.1 Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
Бағдарламаның негізгі мақсаты облыста қазақстандық және шет елдік азаматтардың әртурлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, экономиканың сабақтас салаларын дамыту болып табылады.
Бағдарлама сондай-ақ мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағыт талған:
- облыстың тартымды туристік объект ретіндегі беделін орнықтыру;
- ұлттық туристік өнім қалыптастыру және оның санасын әлемдік деңгейге сәйкестендіруді қамтамасыз ету;
- саланы мемлекеттік реттеудің оңтайлы әдістерін қолдау мен таңдау негізінде туризмді кешенді дамыту.
4.2 Бағдарламаның негізгі міндеттері:
Қойылған мақсаттарға сәйкес бағдарламаның бірінші кезектегі міндеттері мыналар:
- туризмнің инфрақұрылымын дамыту, жаңа объектілер құрылысын жандандыру, туризмнің материалдық базасын жаңғырту;
- инвестициялау және сала субъектілерін қаржыландырудың, кредиттеудің басқа да нысандары үшін жағдай жасау;
- облыстың туристік өнімін туристік қызмет көрсету әлемдік рыногына жылжыту;
- туризм саласында және қызмет көрсету салаларында шағын кәсіпкерлікті дамытуды, халықтың жұмыспен қамтылуын ынталандыруды қамтамасыз ету.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны
іске асыру тетігі
5.1 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту.
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
- туризм саласында халықаралық келісім деңгейінде шетелдермен жұмысты дамыту;
- туристік қызметті стандарттау, сертификаттау, лицензиялаудың талаптарына сәйкес туристерге қызмет көрсетудің санасын жақсарту;
- саланы қаржыландырудың, оның ішінде кредиттік ресурстарды тарту есебінен қаржыландырудың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету;
- туризм саласында мүдделі орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдар арасындағы, сондай-ақ мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы қызметті ең жоғарғы деңгейге үйлестіруді қамтамасыз ету;
- ұлттық туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5.2 Облыстың мәдени-тарихи және рекреациялық аймақтарын дамыту және сақтау.
Бұл бағытта мынадай шаралар іске асыру қажет:
- мәдени-тарихи және рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
- халық арасында туризмнің құндылықтарын насихаттауды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны және өзге туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;
- халықтың әртурлі әлеуметтік-демографиялық жіктері мен топтары арасында әлеуметтік туризмді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
5.3. Маркетинг және облыстық туристік өнімді ұсыну.
Бұл бағытта мыналарды қарастыру қажет:
- туристік көрмелерге қатысу мен басқада іс-шараларды ұйымдастыру;
- Қазақстан халқының барлық жіктерінің туристік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, туристік қызмет көрсетулерге қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру;
- облыста әлеуметтік және жекеше туризмді дамытуды қамтамасыз ету;
- ішкі және сыртқы рыноктарда ұлттық туристік өнімнің жылжуын ақпараттық жарнамалық қамтамасыз ету.
5.4 Туризм индустриясының материалдық базасын дамыту.
Осы бағытта:
- туристік объектілерді жаңарту мен салу үшін отандық және шет елдік инвестицияларды тарту жолымен туризмнің материалдық-техникалық базасын дамыту;
- қонақ үй - сервистік кешенді әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, туристік кешендердің және демалыс аймақтарының желісін құру;
- туризмді дамыту аудандарында жерді пайдалану және құрылыс салу нормаларының қолданылуын пайдалану;
- облыс аумағында туристік объектілерді перспективалық орналастырудың және туристік инфрақұрылымды дамытудың схемаларын әзірлеу;
- ілеспе инфрақұрылымды: сумен, электр жабдықтау, кәріз желісі мен қатты қалдықтарды жоюдың жүйесін, қолданыстағы және әулетті туристік аймақтарда телекоммуникацияны дамыту;
- облыстық деңгейде туристерді орналастыру орындары мен қонақ үйлерді жаңғырту және халықаралық тәжірибеге сай стандарттарды енгізу;
- туристік объектілерді, оның ішінде орналастырудың орта және шағын құралдарының жобаларын әзірлеу және оның құрылысын салу шараларын олардың жыл бойы пайдалануын қамтамасыз етуді ескере отырып, қабылдау қажет.
5.5 Туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бағдарлама туризм саласындағы қауіпсіздіктің деңгейін көтерудің мынадай басым бағыттарын айқындайды:
- туристің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;
- туризмнің сақтандыру рыногын дамыту;
- тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- өрт қауіпсіздігі;
- орналасу мен тамақтану орындарындағы қауіпсіздік;
- көліктегі қауіпсіздік;
- қорғау және қауіпсіздік мәселелері жөнінде хабардар ету;
- ұйымдасқан қылмысқа және терроризмге қарсы күрес;
- туристерді және жергілікті халықты қорғаудың және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жергілікті жүйесін құру.
6. Қажетті ресурстар және оларды
қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті облыстың бюджет қаражатының N 57 бағдарламасы бойынша қаржыландыру 2005 жылға дейін 18162 мың теңгені құрайды.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар тиісті жылға арналған жергілікті бюджеттен қаралатын қаражат есебінен және соның шегінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер арқылы жүзеге асырылады.
6.1 Бағдарламаның іске асырылуын басқаруды және бақылауды ұйымдастыру.
Бағдарламаны басқаруды және оның іске асырылуын қамтамасыз етуді ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық кесімдеріне мүдделі туризм саласындағы жергілікті атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Туризмді дамыту жөніндегі бұдан былайғы іс-шаралар ішке кіру және ішкі туризмді дамытуға бағытталған қызметтің туристік бизнес субъектілерінің санын едәуір мөлшерде ұлғайтуға, туризмнің қазіргі инфрақұрылымын дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға, туризм саласында жұмыс орындарының санын көбейтуге мүмкіндік береді, халықаралық кәсіпкерлік және іскерлік ынтымақтастық саласы ретінде туристік өнім тартымдылығының артуына едәуір қол жеткізетін болады.
Бағдарламаны іске асырудың негізгі әлеуметтік нәтижелері облыс қонақтарының демалыс жағдайларын жақсарту болмақ.
8. Маңғыстау облысында туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар (іске
|
Орын-ау (іске асыру) мерзімі |
Көзделетін шығыс-тар
|
Қаржыландыру
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту |
||||||
1) Туризмнің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру |
||||||
1. |
Туристік инфрақұрылым-
|
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
Наурыз-сәуір
|
|
Талап етілмей-ді |
2) Облыстың тарихи-мәдени және табиғи рекреациялық аймақтарын сақтау және ұтымды пайдалану |
||||||
2. |
Туризм инфрақұрылымын дамыту аумақтарында құрылыс объектілерін салу жөніндегі нормаларды әзірлеу |
Облыс әкімі- нің қаулысы |
ОЖРБЖК |
қыркүй-ек
|
|
Жергі-
|
3. |
Туризм инфрақұрылымына тікелей инвестициялар тарту жөнінде жұмыстар жүргізу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ, ОЭӨСБ |
Жыл сайын
|
|
Жергі-
|
2. Туризм инфрақұрылымын дамыту |
||||||
4. |
Туризм объектілеріне мемлекеттік түгендеу жүргізу, әлеуметтік туризмді дамыту жөніндегі шаралар әзірлеу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
|
қазан
|
300,0 мың |
Жергі-
|
5. |
Маңғыстау облыстық тас жолдарындағы, соның ішінде "Жібек жолының" инфрақұрылымды және сервистік қызмет көрсету объектілерін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру шараларын әзірлеу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
ШКҚОБ, ОАЖИККБ, ОЖРБЖК |
2003,
|
|
Жергі-
|
6. |
Облыстың курорттық-
|
ҚР ТСЖА ақпарат |
ОЭӨСБ |
2003 жыл 2004 жыл 2005 жыл |
|
Мекеме- лер қа- ралатын есептен |
3. Облыстық туристік өнімді жылжыту және маркетинг |
||||||
1) Маңғыстау облысының туристік беделін нығайту және халықаралық ынтымақтастықты ұлғайту |
||||||
7. |
Алматы қаласындағы "Туризм және саяхат"» қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңкеге қатысу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
2003, 2004,
|
1583,0 мың
|
Жергі-
|
8. |
Берлин (Германия Федеративтік Республикасы) қаласындағы ITB халықаралық туристік биржасына қатысу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
2003, 2004,
|
1867,6 мың
|
Жергі-
|
9 |
Мәскеу (Ресей Федерациясы) қаласындағы "Туризм және саяхат" Мәскеу халықаралық көрмесіне қатысу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
2003, 2004,
|
1500,0 мың
|
Жергі-
|
10 |
Мадрид (Испания) FITUR халықаралық туристік жәрмеңкесіне қатысу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
2005 жыл қаңтар-ақпан |
1200,0 мың |
Жергі-
|
11 |
Лондон (Ұлыбритания) қаласындағы Дүниежүзілік туристік биржаға қатысу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
2003 жыл
|
1342,2 мың
|
Жергі-
|
12 |
Бұқаралық ақпарат құралдарында Маңғыстау облысында туристік саланың дамуы жөніндегі мәселелерді жариялау |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
Желтоқ-сан, жыл сайын |
|
Талап етілмей-ді |
13 |
Туризмнің түрлері бойынша жарнамалық бүктемелер жасау және "Бүкіл Қазақстан" альбомын шығаруға қатысу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
2005 жылдар-да |
313,0 мың |
Жергі-
|
14 |
"Қазақстан теңдессіз туристік объект"» электронды тасығыштарында жарнама ақпараттың материалдар жасауға қатысу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
2004 жыл |
250,0 мың |
Жергілі-кті бюджет қаражаты шегінде |
15 |
Туристік бағыттардың жарнама-ақпарат "Ұлы Жібек жолы Маңғыстау" облысы пакетін жасау |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
2003 жыл |
500,0 мың
|
Жергі-
|
2) Халықаралық жобаларды іске асыру |
||||||
16 |
"Мұзтау" халықаралық фестиваліне қатысу |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
2003 жыл
|
120,0 мың
|
Жергі-
|
3) Халық арасында туризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау |
||||||
17 |
Оқушылар үшін облыстың туристік объектілері бойынша тақырыптың автобус және жаяу жүру экскурсияларын ұйымдастыру |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ, МОББ және облыстық туристік мекеме-
|
2003-
|
550,0 мың
|
Жергі-
|
18 |
Республикалық және облыстық электронды БАҚ-та Маңғыстау облысындағы туризмнің дамуын насихаттайтын теле және радиобағдарламаларын жасауға және оларды орналастырудың мүмкіндігін қарастыру |
ҚР ТСЖА ақпарат |
МОСДМБ |
Желтоқ-сан,
|
|
Талап етілмей-ді |
Пайдаланылған, қысқартылған сөздер тізімі:
ҚР ТСЖА
- Қазақстан Республикасының туризм және спорт жөніндегі Агенттігі
ОЭӨСБ
- Облыстық экономика, өнеркәсіп және сауда басқармасы
МОСДМБ
- Маңғыстау облысының спорт және дене мәдениеті басқармасы
ОЖРБЖК
- Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет
МОББ
- Маңғыстау облысының білім басқармасы
ШКҚОБ
- Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың облыстық басқармасы
ОАЖИККБ
- Облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасы