Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластағаны үшін 2004 жылы төленетін төлемнің мөлшері туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 2/26 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 22 желтоқсанда N 1561 тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы /Салық Кодексі/" Кодексінің  462-бабына және "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  29-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның ластанғаны үшін 2004 жылы төленетін төлемнің көлемі облыстағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өкілетті орган - Маңғыстау облыстық қоршаған ортан қорғау басқармасы жасаған есептеулердің негізінде бекітілсін /қоса беріліп отыр/.
      2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы

Облыстық мәслихаттың    
2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 2/26
"Маңғыстау облысы бойынша қоршаған
ортаның ластанғаны үшін 2003  
жылы төленетін төлемнің мөлшері
туралы" шешіміне қосымша   

Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаның
ластанғаны 2004 жылы үшін төленетін төлемнің
мөлшері туралы

Көрсеткіштер

Өлшем бірліктері

Нормативтік төлемдер

1.

Тұрақты орны бар көздерден атмосфераға ластағыш заттардың шығарылуы

шартты т.

1231,0

2.

Зиянды қалдықтардың су объектілеріне тасталуы

шартты т.

18164,0

3.

Тазартылмаған лас қалдықтардың далада булануы

шартты т.

7792,54

4.

Этил қосылмаған бензин

Физ.т.

423,0

5.

Этилді бензин

Физ.т.

508,0

6.

Дизель отыны

Физ.т.

340,0

7.

Сығымдалған газ

Физ.т.

284,0

8.

1 класты аса қауіпті өндіріс қалдықтары

Физ.т.

10112,0

9.

2 класты жоғары қауіпті өндіріс қалдықтары

Физ.т.

5056,0

10.

3 класс қаупі бар өндіріс қалдықтары

 Физ.т.

1264,0

11.

4 класты қаупі аз өндіріс  қалдықтары

Физ.т.

632,0

12.

Улы емес өндіріс қалдықтары

Физ.т.

316,0

      Ескерту: 1. "Қошқар - Ата" қалдықтар қоймасы су айдынының деңгейін тұрақтандыру үшін пайдаланылатын сарқынды судың көлемі үшін - нөлдік төлем мөлшері қолданылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады