Тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру мен құқықтық оқытудың 2004-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2003 жылғы 10 желтоқсандағы N 2/23 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 22 желтоқсанда N 1570 тіркелді

     "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы заңының  6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат шешім етті:

      1. Тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру мен құқықтық оқытудың 2004-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Осы шешім жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

"Тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру мен
құқықтық оқытудың 2004-2005 жылдарға
арналған Аймақтық бағдарламасы туралы"
облыстық мәслихаттың 2003 жылғы
10 желтоқсандағы N№2/23
шешімімен бекітілген

Тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру мен құқықтық оқытудың 2004-2005 жылдарға арналған
Аймақтық бағдарламасы

Бағдарлама төлқұжаты

      Бағдарлама атауы   Тұрғындарды құқықтық ақпараттандыру мен құқықтық оқытудың 2004-2005 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасы

      Бағдарламаны дайындау үшін негіздемелер   Қазақстан Республикасының Конституциясы ; Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 949 Жарлығымен  мақұлданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Тұжырымдамасы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N№2347 "Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысы ; Ел Президентінің "Қазақстан 2030" Қазақстан халқына жолдауы ; Қазақстан Республикасының " Қазақстан  Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және " Әділет  органдары туралы" Заңдары.

      Әзірлеуші  Маңғыстау облысының әкімияты, Маңғыстау облыстық Әділет басқармасы

      Мақсаты   Маңғыстау облысы тұрғындарының, әсіресе ауылдық жерлердегілердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейін көтеру; құқықты жоққа шығаруды жою; заң тыңдаушылық жағдайын, заңды құрметтеу дәстүрлерін қалыптастыру; облыстық барлық азаматтарын құқықтық тәрбиелеу.

      Міндеттері  Тұрғындардың барлық санаттары арасында Қазақстан Республикасы заңдарын түсіндіру бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізу; жаңа заңдарды іске асыру үшін қажетті заңдар мен заңға қарасты актілердің уақытылы түсіндірілуін қамтамасыз ету; оқу орындарының барлық түрлеріндегі әлеуметтік экономикалық жағдайлардың, жас ерекшелігі, психологиялық және азаматтардың өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа оқу жоспарлары мен жалпыға бірдей құқықтық оқу бағдарламаларын әзірлеу; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін, құқықтық дайындық деңгейін көтеру; құқықтық жұмыста БАҚ, бүкіләлемдік "ИНТЕРНЕТ" желісін қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану.

      Қаржыландыру көздері  Бұл бағдарламаны қаржыландыру көзі жергілікті бюджет болып табылады; басқа іс-шаралар бойынша гранттар, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың өз қаражаттары пайдаланылуы мүмкін.

      Күтілетін нәтижелер  Бұл бағдарламаны іске асыру азаматтардың құқықтық мәдениеттілігі, құқықтық ақпараттандырылуы деңгейін түпкілікті көтеруге, заңға құрмет пен құқықтық тәртіптің шынайы жағдайын орнатуға, әртүрлі азаматтар санаттарын құқықты түсіндіру, құқықтық оқу және құқықтық тәрбиелеу жұмыстарымен қамтамасыз етуде мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдардың күштерін үйлестіруге мүмкіндік туғызады.

1. Кіріспе

      2004-2005 жылдарға арналған бағдарлама азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін көтеру міндеті мен мақсатын, сондай-ақ негізгі бағыттары мен олардың іске асырылу механизмдерін анықтайды.
      Облыстың тұрғындарын құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру, жастардың жоғары құқықтық саналарын қалыптастыру, олардың санасында Заңға және мемлекетке деген құрметпен тәрбиелеу, мемлекеттік аппарат қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің құқықтық мәдениетін жоғарылату бойынша құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік мекемелердің өзара қатынасы олардың қызметін тиімді ұйымдастыруда мемлекет пен оның жалпы құрылымы жағынан ерекше назарды талап етеді.
      Құқықтық насихат аясында әділет басқармасы құқықтық насихатты ведомствоаралық үйлестіруін, заңдарға түсіндірме беруге қатынасуын жүзеге асырады. Сондай-ақ, өз құзыры шегінде әділет басқармасы мемлекет қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың жұмыстарында заңдылық режимін қолдайды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді.
      Сонымен бірге тұрғындарды құқықтық ағарту бойынша жүргізілетін жұмыстарға қарамастан, қылмыскерлік пен нашақорлықтың жоғары деңгейі әлі де болса байқалады. Бұл көріністерді жою үшін қылмыстық көріністер мен құқықбұзушылықтардың пайда болу себептерін зерттеу қажет.
      Мемлекет пен оның тұрғындарының алдында тұрған мәселелерге әділет органдары, құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың, Ақтөбе облысының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары жағынан кешенді ыңғайластырылуын қарастыру қажет. Тек хабарлау арқылы ғана Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі алға қойған міндеттерді шешуде күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болады. Тұрғындардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін дамыту үрдісі біздің өмірімізде әлеуметтік аса маңызы бар сұрақтардың бірі болып табылады, себебі барлық жеке және заңды тұлғалармен құқық пен заң құндылықтарының қабылдануын қамтамасыз ете отырып, азаматтық келісім мен құқықтық тәртіпті нығайтуға септігін тигізеді. Бұл бағдарламаны іске асыру тұрғындарды құқықтық ағарту бойынша жұмысты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама осы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылатын болады.
      Құқықты түсіндіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқыту және тәрбиелеу жұмыстарының мәселелері қоғам өмірінің барлық жақтарына қатысты өзара байланысқан және өзара мағыналас түсініктер болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдар, әсіресе жергілікті атқарушы органдар бұл жұмысқа оқу орындарын, ғылыми мекемелерді, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, бұл салада мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізуі тиіс. Мәселелердің бүгінгі таңдағы жағдайын талдау жетілдірілген заңдылық шегінде жаңа тенденциялар мен әлеуметтік-экономикалық жағдайлар есебінде қажеттіліктің пісіп жетілгенін көрсетеді. Біздің алдымызда құқықты қолдану тәжірибесін күшейту міндеті тұр, себебі Заңдардың шынайы орындалуы, сот шешімдерінің орындалуы, адам мен азаматтық құқықтарының сақталуына септігін тигізетін қабылданатын шешімдер әділеттілігі қоғам мүшелері мен атқарушы органдары тұлғасында мемлекеттің арасындағы дұрыс таңдалған құқықтық қатынастар нысандарының айғағы болуы мүмкін.
      Құқықты түсіндіру жұмыстарында қате түсінілетін жалпыны қамту қағидасын жеңе білу қажет. Тыңдаушылар санын, олардың білім деңгейлерін анықтауда, сондай-ақ олардың салалық бағыттағы сабақ түрлерінің есебінде де, жеке қаралуды талап еткен жөн. Ақпараттар ағымын тұрақты ұлғайту, соның ішінде құқықтық ақпаратты ұлғайту, оның жүйесіз сипаты оның жойылуына, тыңдаушылардың қабылдамауына апарып соқтырады. Сондықтан ең маңызды, түйінді мәселелерді бөліп көрсету, БАҚ мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың біртіндеп жаңғыртылуына, түсіндірілуіне, проблемалық семинарлар, конференциялар, біліктілікті жоғарылату курстарын және басқаларының өткізілуіне қол жеткізуге тырысу ақылға қонымды.
      Маңғыстау облыстық Әділет басқармасы құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіруші орган болып табылады, бақылау мен әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, статистикалық есеп беруді жүргізеді, сондай-ақ, бағдарламаның іске асырылу барысында облыс әкімиятына хабар беріп отырады.

2. Бүгінгі таңдағы мәселелер жағдайын талдау

      Республикада қалыптасқан әлеуметтік жағдай шарттарында тұрғындардың өмір сүру деңгейін анықтайтын жұмыссыздық пен бағалардың өсуі облыс тұрғындарының құқықтық ақпаратпен қамтылуына жағымсыз әсер етеді және барлық мүдделі органдар күштерімен тұрғындарды құқықтық ағарту деңгейін көтеруге бағытталған батыл шаралардың қабылдануын талап етеді.
      Осыған орай, ұсынылатын ақпараттық материалдың қол жетімділігі де маңыздырақ мәселе болып табылады. Бұл жерде назар ақпарат көзіне емес, оның мазмұнына аударылуы тиіс. "Бәрі - барлығы үшін" қағидасы бойынша құқықтық білімнің таратылуы қазіргі таң жағдайында тиімсіз. Мемлекеттік органдар рөлін күшейту қажеттілігі туындады. Құқықты түсіндіру жұмысына қатынасатын әрбір мемлекеттік қызметкердің, кәсіби заңгердің рөлі артуда. Бұл арнада жүргізілетін іс-шаралар тиімділігі көп жағдайда олардың біліктіліктеріне, қажетті материалды тыңдаушыларға жеткізе білулеріне тәуелді. Сонымен бірге құқық қорғау органдарының барлық субъектілерінің құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату бойынша жүйелік пән жұмысы қажет.
      Құқық қорғау органдары және басқа мемлекеттік органдар, облыстың мемлекеттік мекемелерінің күштері облыс тұрғындарына құқықтық насихаттауды ұйымдастыру және заң көмегін көрсетуде, оқушы жастар арасында жоғары құқықтық сананы қалыптастыруда олардың өзара әрекет етулеріне біріктірілуі тиіс.
      Көрсетілген ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралардың барлық мемлекеттік құрылымдармен кешенді іске асырылуы аймақта тұрғындарды құқықтық ағартудың ұйымдастырылуы арқылы облыс тұрғындарының құқықтық сауаттылығының жоғарырақ деңгейге көтерілуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Заңдылық жағдайы, құқық бұзушылықтар деңгейі өз кезегінде, құқықтық тәрбиелеуде, азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық орналасу шығындарындағы кемшіліктерді көрсетеді.
      Соттарда экономикалық құқық бұзушылықтармен, соның ішінде мемлекеттік органдардың қатысуымен де байланысты даулар көп кездеседі.
      Тұрғындардың, жалпы қоғамның нашақорлықпен күресуде әлеуметтік белсенділігі жеткіліксіз деңгейде. Көптеген себептердің бірі облыс тұрғындарының құқықтық ақпараттандырылуының төмен деңгейі болып табылады. Бұлардың барлығы облыстың барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарының құқықтық ағарту және тұрғындармен ынтымақтастығы аумағында өзара жетілдірілуі мен үйлестірілуін талап етеді.
      Қазіргі уақытта мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының тұрғындарды құқықтық ағартудың алдын алу бойынша қызметі жалпыланған жүйесіз сипатқа ие. Көптеген ауылдық жерлерде радио, телебағдарламалардың жеткіліксіздігі, газеттер мен журналдардың болмауы да азаматтардың құқықтық көзқарастарын қалыптастыруда септігін тигізбейді, бұл әсіресе ауыл тұрғындарының мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғалтуға апарып соқтырады. Облыста заң мәселелерін жариялайтын беделді мерзімді басылымдар жоқ.
      "Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 Қаулысын  орындау үшін Ақтөбе облысында құқықтық білім беру мектептері ұйымдастырылған болатын. 2002 жылы әділет басқармасы құқықтық білім беру мектептеріне тексеру жүргізді, оның барысында шын мәнінде әрекет ететін 5457 тыңдаушылары бар 223 құқықтық білім беру мектептері, Ақтөбе қаласында тыңдаушылардың жалпы саны 2700 болатын 57 құқықтық білім беру мектептері анықталды. Соған қарамастан ескеретін жайт, құқықтық жұмыс облыстың барлық ұйымдарында жүргізілмейді, жүргізілсе де жеткілікті дәрежеде және көлемде емес. Өзара әрекет еткізу және ынтымақтастыру жолымен Ақтөбе облысы аумағында орналасқан барлық мемлекеттік органдарының құқықтық ағарту жұмысын жаңа ұйымдастырушылық деңгейге көтеру мақсатында, сондай-ақ тұрғындардың заң сауаттылығын көтеру үшін әрі қарай құқықтық тәрбиелеу процесінде туындайтын мәселелер мен міндеттер шеңберін анықтап және шаралар қабылдай отырып, құқықтық ақпараттандыру деңгейін көтеру мақсатында осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет.
      Облыс тұрғындарына заң қызметін көрсету жеткіліксіз деңгейде. Маңғыстау облысы аумағында 47 адвокат, 1 мемлекеттік және 18 жеке нотариус қызметін жүзеге асырады. 2002 жылы 15 жеке нотариус тіркеліп 155195 нотариалдық әрекет жасалған. Орташа айлық ауырлық әрбір нотариуске 862 әрекетті құрады. 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы нотариустар саны 3 адамға көбейді. Сонымен бірге, қалданудағы заңнамаға сәйкес азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері және нотариалдық әрекеттер ауылдық округтердің лауазымды тұлғаларымен атқарылады. Осыған орай көрсетілген тұлғалардың жиі ауысушылығын, біліктіліктілігінің төмен деңгейін, заң білімдері болмауын ескерген жөн, бұлар нәтижесінде олар көрсететін қызметтердің сапасынан көрініс табады.
      Аймақтарда сырқаттардың алдын алу деңгейі өте төмен, маскүнемдік және нашақорлықпен ауыратындарды емдеу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінің саны аз, салауатты өмір сүруді насихаттау бойынша мақсатты бағыттағы жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмейді.
      Есірткі заттарды заңсыз табу, алу, сақтау, оларды пайдаланғаны үшін ұстау кең таралған қылмыс ретінде қалып отыр, үстіміздегі жылы сотталғандардың жалпы саны 12,4 % құрады. Сонымен қатар, жүргізілген талдау жоғары, арнайы және орта оқу орындарында оқитын жастар арасында есірткі заттарды қолдану кең таралғандығын дәлелдейді, осылайша 2002 жылдың 9 айы ішінде заңсыз есірткі заттар айналымына байланысты қылмысы үшін - кәмелетке толмаған 6 тұлға ұсталып, жауапқа тартылды. Арнайы оқу орындарында оқитындарға тағылған айып бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.
      Жұмыссыздық саны өсуде, олардың негізгі бөлігін жастар құрайды, сонымен бірге білмегендік ғана емес, еңбектенуге ықылассыздық, қылмыстық жолмен (ұрлық, тонаушылық, нашақорлық бизнес және т.б.) өмір сүруге қаражаттар табу ауыртпалықтары байқалады. Облыста кәсіби қызмет кадрларын дайындау жеткіліксіз, оқу орындары еңбек нарығының талаптарына байланысты кадрларды дайындауға бағытталған оқу процестерін қайта бағдарлау бойынша жұмыстар жүргізбейді.
      Мемлекеттік органдар тарапынан тиісті ақпараттық қолдау, сондай-ақ тұрғындардың жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді қызметтің болмауы азаматтарда заңның күшіне және биліктің әділеттілігіне деген сенімсіздіктерінің пайда болуына апарып соқтырады.
      Жоғары және орта оқу орындарында заң кадрларын дайындау бәсең жүргізіледі, оқу сапасын бақылау жеткіліксіз жүзеге асырылады, жалпы білім беру мектептерінде оқыту, әдістеме және оқу бағдарламаларын жетілдіру деңгейі төмен. Оқушы жастарға құқықтық тәрбие және білім беру аясында үздіксіздік қағидасы жетілмеген. Жеткілікті баяндалған ғылыми таралған, оқу және әдістемелік әдебиеттерінің болмауы бұл жұмыста жағымсыз әсер қалдырады. Осыған байланысты құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық білімдерді таратудың негізгі бағыттарының бірі ретінде әртүрлі әдебиеттер, соның ішінде мектеп жасындағы балалар үшін әдебиеттер шығару мәселесін қарастыру қажет.
      Мемлекет пен қоғам өзекті мәселелермен күресуде тиімділікке қол жеткізу мақсатында Ақтөбе облысындағы құқық қорғау және өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, сондай-ақ облыс тұрғындарын құқықтық ағарту аясында бұқаралық ақпарат құралдары күштерін үйлестіруге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажет.

3. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

      Бағдарламаның басты мақсаты Маңғыстау облысы тұрғындарының, әсіресе ауылдық жерлердегілердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, құқықты жоққа шығаруды жою, заң тыңдаушылық жағдайын, заңды құрметтеу дәстүрлерін қалыптастыру,сондай-ақ, облыстық барлық азаматтарын құқықтық тәрбиелеу болып табылады. Қойылған мақсаттарына сәйкес Бағдарламаның келесі міндеттері жүзеге асырылуы тиіс:
      - Қазақстан Республикасының заңдылығын түсіндіру, олардағы анықталған кемшіліктерді жою бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізу;
      - Мемлекеттік қызметкерлердің жаңа генерацияда кәсіби біліктілігін, құқықтық дайындығы деңгейін көтеру;
      - Облыс тұрғындарын құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру;
      - Облыс тұрғындарының ақысыз, соның ішінде Интернет желісінің көмегі арқылы құқықтық ақпарат алу мүмкіндігі;
      - Оқушы жастардың заңға құрметпен қарау жоғары құқықтық санасын қалыптастыру;
      - Құқықтық білімдерді насихаттау аясында мемлекеттік аппарат, өкілді органдар, мен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін көтеру.

4. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары

      Бағдарламамен қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қажет:
      - барлық құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелердің өзара әрекет етуі;
      - мемлекеттік емес мекемелермен және облыстың БАҚ-мен байланыс орнату;
      - БАӨ-да тұрақты әрекет ететін қолданылып жүрген заңдылықты және облыстың құқық қорғау және бақылау органдары өкілдерінің қатысуымен құқықты қолдану тәжірибесін түсіндіретін белгілі тақырыпта айдар ашу;
      - Қазақстан Республикасы заңдарымен кепіл берілген өзінің ажырамас құқықтары жөнінде толық ақпаратты электрондық БАҚ-на енгізу;
      - әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері аппараттарында, мекемелерінде тұрақты әрекет ететін құқықтық білім беру мектептерінің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша комиссия құру;
      - құқықтық оқыту мәселелері бойынша аймақтық оқытушылар конференцияларын, семинарларын өткізу;
      - оқу орындарының құқықтық пәндерінің оқытушыларын мақсатты бағытталған жүйелі қайта даярлау және біліктіліктерін жоғарылатуды жүзеге асыру;
      - Маңғыстау ғылыми-Техникалық Кітапханасы мен аудандық кітапханалары жанындағы аудандық құқықтық ақпарат орталықтары негізінде "облыстық құқықтық Ақпарат Орталығын" құру;
      - құқықтық көмек пен ұйымдастырушылық-әдістемелік жәрдем көрсету;
      - көрнекілік насихат үшін әдістемелік оқулықтар, плакаттар, буклеттер дайындау бойынша шаралар қабылдау;
      - материалдық-техникалық базаны дамыту;
      - жоғары біліктілігі бар қызметкерлермен кадрлық әлеуметті нығайту;
      - салауатты өмір сүру, жоғары құқықтық сананы қалыптастыру және плакаттар, қабырға көрнекіліктері, көрсеткіш тақталар немесе басқа да стационарлық жарнама ретінде жалпы пайдаланудағы автокөліктер жолдары жиегінде және елді мекендерде сыртқы (визуалды) жарнама орнатуды жүзеге асыру;
      - құқықты насихаттауды көрсетуге бағытталған жұмыстарды біршама жандандыру, атқарушылық тәртіп деңгейін көтеру, бірлескен шаралар өткізу жоспарын іске асыру бойынша нақты шаралар қабылдау;
      - оқу орындарының барлық үлгілеріндегі азаматтардың жас, психологиялық және басқа да ерекшеліктерін, білім беру процесінің үздіксіздігін, өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып, жаңа оқу жоспарлары мен құқықтық оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын дайындау;
      - білім беру мекемелерінде құқықтық оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін оқу процесін кешенді оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, әдістемелік нұсқаулар дайындау;
      - қалалық, аудандық әкімияттар аппараттарында құқықтық бөлім ашу, заңгерлердің штаттық санын қалалық әкімиятта 2 бірлікке және аудандық әкімияттарда 1 бірлікке ұлғайту, құқықтық насихат кабинеттерін ашу;
      - құқықты түсіндіру жұмыстарында БАӨ, бүкіл әлемдік "ИНТЕРНЕТ" желісін қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін кеңінен қолдану.

5. Бағдарламаны қаржыландыру көзі

      Бұл Бағдарламаның негізгі ережелерін қаржыландыру жергілікті бюджетте тұрғындарды құқықтық ағартуды жүзеге асыруға бөлінетін қаражаттар шегінде жүргізілуі тиіс, басқа іс-шаралар бойынша гранттар, сондай-ақ ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың жеке қаражаттары пайдаланылуы мүмкін.

6. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны қабылдау және оның Жоспарын іске асыру мынаған мүмкіндік береді:
      - заңға құрмет пен шынайы құқықтық тәртіп жағдайын құру;
      - әртүрлі санаттағы азаматтарды құқықты түсіндіру, құқықтық оқыту және құқықты тәрбиелеу жұмысымен қамтамасыз етуде мемлекеттік, құқық қорғау және құқық қолдану органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер күштерінің әлеуетке сай үйлесімділігі;
      - тұрғындардың құқықтық ақпараттандырылуын көтеру;
      - бизнес жүргізу үшін жалпы қол жетімді, ашық құқықтық ақпарат алу арқылы шағын және орта бизнес секторын белсенділендіру;
      - облыс тұрғындарының құқықтық санасында заңды құрметтеу, сондай-ақ отан сүйгіштік және заң тыңдаушылық жоғары сезімдерінің туындауын қалыптастыру;
      - заң сауаттылығы деңгейін жоғарылату үшін тұрғындардың құқықтық ақпараттандырылуының бар әлеуметін кеңінен пайдалану;
      - құқықтық тәрбиелеу процесінде туындайтын мәселелер мен міндеттер шеңберін анықтау және олардың шешілуіне шаралар қабылдау.

7. Бағдарламаны іске асыру жоспары

 

Іс-шаралар

Аяқтау түрі

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімдері

Көзделген шығындар

Қаржыландыру көзі

1

2

4

5

6

7

1

Құқыққорғау және облыстық мемлекеттік органдар басшыларынан облыс әкімі жанындағы құқықтық насихат және құқықтық оқыту бойынша ведомствоаралық үйлестіру-әдістемелік кеңесінің жаңа құрамын бекіту
- облыс әкімияты жанынан
- аудандар мен Ақтау, Жаңаөзен  қалалары әкімияттарының жанынан

Мәслихат шешімі

Облыстық әкімият, қалалар мен аудандардың әкімияттары

2004ж қаңтар

қаржыландыруды қажет етпейді

 

2

Жыл сайын құқықтық ақпараттандыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық тәрбиелеу және оқытуды қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспарын, дәрістік құқықты насихаттау жоспарларын дайындау

Жоспар облыстық әкімиятқа жолданады

Барлық деңгейдегі әкімияттар,құқық қорғау, фискалдық, атқарушы, сот және басқа да мемлекеттік органдар мен мекемелер басшылары (келісім бойынша)

2004ж қаңтар

қаржыландыруды қажет етпейді

 

3

Әртүрлі санаттағы оқушылар үшін құқықтық білім беру мектептерінің қызметін жетілдіруге ұсыныстар әзірлеу

Ұсыныстар

Әділет басқармасы (келісім бойынша), мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік (келісім бойынша), облыстық білім беру басқармасы

2004 ж. 1 тоқсан

қаржыландыруды қажет етпейді

 

4

Әртүрлі санаттағы тыңдаушыларға арналған оқыту бағдарламасын дайындап, кейіннен оны әділет басқармасына тапсыру
- құқық қорғау органдары;
- фискалдық органдар;
- мемлекеттік қызметкерлер;
- кәсіпкерлер;
- шаруа (фермер) қожалықтарының жұмысшылары мен ауыл тұрғындары;
- ЖОО-ның студенттері;
- орта-арнаулы және жалпы білім беру мектептерінің оқушылары;
- білім беру жүйесінің қызметкерлері;
- денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері;
- коммуналдық қызмет жүйесінің қызметкерлері;
- түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші  адамдар;
- әскери қызметкерлер, оның ішінде мерзімді қызметтегілер.

-оралмандар

Бағдарлама

Облыс әкімияты, аталған мемлекеттік органдардың, мекемелердің және мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары (келісім бойынша)

01.02.2004ж  әзірлеу

05.03.2004ж.      ұсыну

қаржыландыруды қажет етпейді

 

5

Әртүрлі санаттағы азаматтарды құқықтық оқыту үшін әдістемелік ұсыныс әзірлеу

Ұсыныстар

Облыс әкімияты
Әділет басқармасы (келісім бойынша) мүдделі органдармен бірлесе

2004 ж. наурыз

қаржыландыруды қажет етпейді

 

6

Облыс әкімі жанынан мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біліктілігін көтеру орталығын құру

Әкімият қаулысы

Облыс әкімияты

2004 ж.

Бөлінген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

7

Облыстағы мектептерде құқықтық пәндер бойынша сабақтардың мониторингісін жүргізуді ұйымдастыру

Облыс әкіміне ақпарат

Облыстық білім басқармасы (келісім  бойынша)

2004 ж. 1 тоқсан

қаржыландыруды қажет етпейді

 

8

Барлық қалаларын, аудандардың әкімияттарын "Заң" базасымен қамтамасыз етуді ұсыну

Облыс әкіміне ақпарат

Ақтау, Жаңаөзен қалалары, аудандардың әкімияттары

2004 ж. 1 жартыжылдығы

Бөлінген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

9

Облыстық кітапхана
қорлар, оның ішінде оқу орындарының, мектеп кітапханаларын қажетті заң әдебиеттерімен жаңарту

Облыс әкіміне ақпарат

Ақтау, Жаңаөзен қалалары, аудандардың әкімиятта-
ры, мәдениет және білім  басқармала-ры (келісім бойынша)

2004 ж. 2 жарты жылдығы

Бөлінген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

10

Тұрғындарды құқықтық оқыту мақсатында облыстық теледидар мен тәуелсіз телекомпанияларда көкейтесті құқықтық жағдайларды    қамтитын сахналық  қойылымдары бар арнайы телехабарлар ұйымдастыру  

Облыс әкіміне ақпарат

Облыстық теледидар және тәуелсіз телекомпа-
ниялар (келісім бойынша)

2004 ж. 2 жартыжылдығынан бастап тұрақты

Бөлінген қаражат шегінде

Кәсіпорындар қаражаты

11

Меншік нысандарына қарамастан барлық облыстық басылымдарда, радио теледидарда құқыққорғау органдарымен бірлесе құқықтық тақырыптарға айдар ұйымдастыруды ұсыну 

Облыс әкіміне ақпарат

Бұқаралық ақпарат құралдар-ың басшылары (келісім бойынша), прокуратура (келісім бойынша), ІІБ (келісім бойынша), кеден басқармасы (келісім бойынша), салық комитеті (келісім бойынша), қаржы полициясы-
ның Департамен-ті (келісім бойынша)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

12

Облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар базасында қоғамдық лекториялар ұйымдастыру

Облыс әкіміне ақпарат

Ақтау, Жаңаөзен қалалары және аудан әкімияттары, мәдениет басқармасы (келісім бойынша)  облыстық ғылыми-техникалық кітапхана (келісім бойынша),   бұлардың қызметін  әділет басқармасы үйлестіріп отырады

2004ж. 2 жартыжылдық

қаржыландыруды қажет етпейді

 

13

Облыс тұрғындарына заң қызметтерін (нотариалдық, адвокаттық және т.б.) толық көрсету мақсатында облыс аудандарының қажеттілігіне сай нотариус, адвокаттармен қамтамасыз ету   

Облыс әкіміне ақпарат

Аудандардыңәкімият-
тары, әділет басқармасы (келісім бойынша), облыстық адвокаттар алқасы (келісім бойынша), нотариалдық палата (келісім бойынша)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

14

Қала, аудан әкімияттарының заңгерлерін, кенттік, ауылдық округтерде азаматтық хал актілерін тіркеу және нотариалдық әрекеттерді атқару мәселелерімен айналысатын лауазымды тұлғаларды тұрақты оқыту мен сынақтан өткізуді жүзеге асыру

Облыс әкіміне ақпарат

Әділет басқармасы (келісім бойынша)

Арнайы жоспар бойынша

қаржыландыруды қажет етпейді

 

15

Мемлекеттік басқару органдарында заңгер штат бірлігін көздеу

Облыс әкіміне ақпарат

Тиісті облыстық мемлекеттік органдардың басшылары

2004ж 2 тоқсаны

Бөлінген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

16

Құқықтық мәдениетті, құқықтық оқытуды және тұрғындарды тәрбиелеуді қалыптастыруға бағытталған құқықтық ақпараттандыру жөніндегі жарнамалық науқандар жүргізуді ұсыну

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс әкімияты, Ақтау, Жаңаөзен қалалары, аудандар  әкімияттары, меншік нысандарына қарамастан барлық ұйымдар басшылары (келісім бойынша)

Тұрақты

Бөлінген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

17

Құқық қорғау, фискалдық, сот және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары және олардың орынбасарларының міндетті қатысуымен "Құқықтық ақпарат күндерін" ай сайын өткізуді белгілеу

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс, Ақтау, Жаңаөзен қалалары, аудандар әкімияттары, құқық қорғау органдар-ың басшылары (келісім бойынша)

Тоқсан сайын 2004ж 2 жартыжылдығынан бастап

қаржыландыруды қажет етпейді

 

18

Жоғары, орта-арнаулы және жалпы білім беру мекемелерінде құқықтық білім кабинеттерін тиісті әдебиеттер және көрнекі құралдармен қамтамасыз етіп, ұйымдастыру

Облыс әкіміне ақпарат

Білім беру басқармасы және ЖОО-ның басшылары (келісім бойынша)

2004ж 3 тоқсанынан бастап

қаржыландыруды қажет етпейді

 

19

Жыл сайын аудандық, қалалық, облыстық құқықтық білім олимпиадаларының өткізілуін ұйымдастыру

Облыс әкіміне ақпарат

Қала,аудан әкімиятт., білім беру басқармасы,ЖОО-ның, арнаулы орта,жалпы білім беру мекемелер-ң басшылары

Жыл сайын

Бөлінген қаражат шегінде

Жергілікті бюджет

20

Табысы аз азаматтарға заң көмегін көрсету мақсатында Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті,   ЖОО-ның жанынан заң факультеттері студенттері санынан заң клиникасын құру

Облыс әкіміне ақпарат

ЖОО-ның басшылары (келісім бойынша),

2005ж 1 тоқсаны

қаржыландыруды қажет етпейді

 

21

Облыс әкімиятының WEB-сайтында олардың құзырына кіретін мәселелер бойынша жұмыс нәтижелері және кеңес беру қызметтері жөнінде ақпарат- тарды орналастыру

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс әкімияты

2005 ж. 1 тоқсаны

Бюджет лимиті шегінде

Жергілікті бюджет

22

Заң талаптарының орындалуын бақылау мақсатында
тыйым салынған  кәмелеттік жасқа толмағандарға темекі өнімдері мен алкогольді өнімдерді, есірткі заттар және психотроптық заттар құрайтын дәрі-дәрмек сатуға
, контрафактілі аудио, әсіресе порнографиялық және зорлықты, қатыгездікті  насихаттау мазмұнындағы бейне өнімдерінің сатылуына ұдайы тексерулерді ұйымдастыру

Облыс әкіміне ақпарат

Ақтау, Жаңаөзен қалалары, аудандардың әкімияттары прокуратура (келіс.б.) ІІБ(келісім б.), КІІБ (келіс.б.), Кеден басқармасы (келіс.б.), Салық комитеті (келіс.б), қаржы по- лициясының Департаменті(келіс.б.)Әділет басқармасы (келіс.б.)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

23

Ең өзекті азаматтық сот өндірісі істерін, жемқорлық және басқа да қылмыстар туралы істерді соттарда қарау тәжірибесін жинақтау,  нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау

Облыс әкіміне ақпарат

Облыстық сот (келісім бойынша)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

24

Облыстық кәсіпорындарда, ұжымдарда, мемлекеттік органдардағы құқықтық оқыту жайын анықтау үшін құқықтық білім мектептеріне мониторинг жүргізу

Облыс әкіміне ақпарат

әділет басқармасы (келісім бойынша)

2004ж2 тоқсаны

қаржыландыруды қажет етпейді

 

25

Тұрғындардың, оның ішінде оқушылар мен студенттердің құқықтық білім деңгейлерін анықтау мақсатында жыл сайын әлеуметтік сауал жүргізу. Нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Облыс әкіміне ақпарат

Әділет басқармасы (келісім бойынша), білім беру басқармасы және ЖОО-ның басшылары (келісім б)
 бұқаралық ақпарат құралдар-ың басшылары (келісім б)

Жыл сайын

қаржыландыруды қажет етпейді

 

26

Аудандық, қалалық әкімияттар жанынан жұртшылық арасында құқық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қоғамдық лекториялар ұйымдастыруды ұсыну

Облыс әкіміне ақпарат

Ақтау, Жаңаөзен қалалары және аудан әкімияттар
(келіс.б.)  Әділет басқармасы (келіс. б.)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

27

Әділет басқармасы, прокуратура, сот, денсаулық сақтау және ішкі істер  органдарының жауапты  қызметкерлерін оқушылар арасында құқықтық насихаттау жұмыстарын өткізу және ұйымдастыруға бекіту 

Облыс әкіміне ақпарат

Прокуратура(келіс.б.),   ІІБ (келіс.б.), денсаулық сақтау басқармасы (келіс.б.), білім басқармасы (келіс.б.), облыстық жастар бастамашылығын қолдау орталығы (келіс.б.)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

28

Өз құзыреттері шегінде құқыққорғау және облыстық мемлекеттік органдарына  жаңа заңнамаларды түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Облыс әкіміне ақпарат

Құқыққорғауоргандардың және мемлекеттік органдардың жетекшілері бұқаралық ақпарат құралдар-ың басшылары (келіс. б.)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

29

Құқықтық мәдениетін және құқықтық сана-сезімін қалыптастыру мақсатында оралмандарды ұлттық заңнама негіздеріне, оның ішінде тұрғындардың көші-қон, азаматтық және т.б. заңнамаларға оқыту   

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс әкімияты, Ақтау, Жаңаөзен қ.қ.,аудан әкімиятары, Әділет басқармасы (келіс.б.), көші-қон және демография басқармасы (келіс.б.)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

30

Тұрғындарға азаматтық хал актілерін тіркеу бөлігінде заң қызметін көрсетуді
жақсарту мақсатында Ақтау қ. "Салтанат сарайын" іске қосу 

қабылдау актісі

Облыс әкімияты

2004 ж. 2 жартыжылдығы

285 млн. теңге

Кәсіпорындар қаражаты

31

Сотталғандардың құқықтық жұмыстарын жүргізу  мәдениетін қалыптастыру мақсатында осы санаттағы тұлғалардың арасында құқықтүсіндіру жұмыстарын жүргізу

ҮӘК ақпарат

Қылмыстық атқару жүйесінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы (келісім б)
Әділет басқармасы (келісім б)
адвокаттар алқасы (келісім б)
нотариалдық палата (келісім б)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

32

Ауыл тұрғындарын құқықтық ақпараттандыру   және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында ауылдағы өзекті мәселелер бойынша құқықтүсіндіру жұмыстарын жүргізу  

Облыс әкіміне ақпарат

Облыс әкімияты, Ақтау, Жаңаөзен қ.қ.,аудан әкімиятары, Әділет басқармасы (келіс.б.), жер ресурстары жөніндегі комитеті (келіс.б.), Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК (келіс. б.)

Тұрақты

қаржыландыруды қажет етпейді

 

33

Құқықтық насихат және құқықтық оқыту бойынша ведомстовоаралық үйлестіру-әдістемелік Кеңеске бағдарламаны іске асыру барысы жөнінде облыс әкіміне  хабарлау

Облыс әкіміне ақпарат

Құқықтық насихат және құқықтық оқыту бойынша ведомстово-аралық үйлестіру- әдістемелік Кеңес

Жыл сайын шілде желтоқсанда

қаржыландыруды қажет етпейді

 

34

Осы бағдарламаны жүзеге асырушы мемлекеттік органдар, оқу орындары мен ұйымдар үшін есеп беру үлгілерін әзірлеу

Есеп беру формасы

әділет басқармасы (келісім бойынша)

2004 ж. 1 тоқсаны

қаржыландыруды қажет етпейді

 

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады