Қостанай облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облыстық мәслихатының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 300 шешімі. Қостанай облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 30 шілдеде N 2392 тіркелді. Күші жойылды - іс-әрекет мерзімі өткендігі бойынша Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 13 қаңтардағы № 10 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - іс-әрекет мерзімі өткендігі бойынша Қостанай облысы мәслихатының 2011.01.13 № 10 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағына сәйкес Қостанай облысының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Облыс әкімі ұсынған Қостанай облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы бекітілсін (Қосымша).
      2. Осы бағдарламаның орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.А. Құламбаевка және облыстық мәслихаттың экономика, басқару және өзін-өзі басқару тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Қостанай облысы
      мәслихатының сессиясының
      төрағасы

      Қостанай облысы
      мәслихатының хатшысы

      Қостанай облысы
мәслихатының 2003 жылғы
4 шілдедегі N 300
шешімімен бекітілген

Қостанай облысының шағын кәсіпкерлікті
дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға
арналған аймақтық бағдарламасы

Мазмұны

      1. Паспорт
      2. Кіріспе
      3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау
      4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері
      5. Бағдарламаны іске асырудағы негізгі бағыттар мен тетіктер
      6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру
көздері
      7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
      8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 

      1. Бағдарламаның паспорты

Атауы

Қостанай облысында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы

Әзірлеуге негіз

Қазақстан Республикасының "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы"» Заңы , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы , Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

Әзірлеуші - мемлекеттік орган

Қостанай облысының экономика және сауда департаменті

Мақсаты

Шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейту үшін қолайлы жағдайлар туғызу, жаңа жұмыс орындарын құру

Міндеттері

Әкімшілік кедергілерді жою; несие, қаржы ресурстарына кіруді жеңілдету; шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың жұмыстарының тиімділігін арттыру; шағын кәсіпкерлік субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету

Бағдарламаныіске асырудағы негізгі бағыттар

Нормативтік - құқықтық базаны жетілдіру; шағын кәсіпкерлікті қаржы-несие мен қолдауды дамыту; инфрақұрылымды дамыту және шағын кәсіпкерлікті насихаттауын; ақпаратты қамтамасыз ету

Қаржыландырукөздері

Жыл сайын осы мақсатқа көзделген, жергілікті бюджеттің қаражатынан қаржы бөлу, бюджеттен тысқары мақсатты қаражат, қаржы ұйымдарының көпілі, кәсіпкерлердің және олардың қоғамдық ұйымдарының өздерінің қаражаты, банк және басқа да заң тыйым салмайтын көздердің несиелері

Күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде, шағын бизнесте жұмыс істейтін тұрғындардың көлемінің артуы болжанады, облыс экономикасы нығаяды

Бағдарламаныіске асыру мерзімі

2003 - 2005 жылдар

      2. Кіріспе

      Қостанай облысы бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін стратегиялық дамуын әрі қарай іске асыруға әзірленген. Осы бағдарламада шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамыту моделі әзірленген, оның мәні шағын кәсіпкерлікті мемлекет жағынан жүйелі түрде қолдау және  де осы процесске кәсіпкерлерді және олардың қоғамдық ұйымдарын тарту. Осы бағдарламада кешенді шаралар баяндалған, олар алдағы үш жылда қойылған міндеттерді және негізгі басымдық қызметтерді орындауға арналған.
      Алдағы уақытта шағын кәсіпкерлік қызметінде негізгі басымдықтар мыналар болып  табылады:
      халық тұтынатын тауарларды, тағам өнімдерін, материалдарын және дәрі препараттарын өндіру;
      құрылыс материалдарын салу және өндіру;
      қайталама шикізатты қайта өңдеу;
      жергілікті шикізатты өндіру және қайта өңдеу;
      ағаш өңдеу өнеркәсібі;
      тұрмыстық қызмет саласы, сервистік қызметтер;
      көріктендіру және коммуналдық қызметтер;
      қоғамдық тамақтандыру;
      инновациялық қызмет;
      туризмнің инфрақұрылымы, демалу.

      3. Проблеманың қазіргі жағдайын талдау

      Шағын кәсіпкелікті дамыту - ол мемлекетке шығыны аз жаңа жұмыс орындарын ашуға қолайлы және базарлы тауар және қызметпен көбейтуге үлесін қосады, тұрақты салық төлеу базасы.
      Облыс бойынша 2001-2002 жылдардың ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы тәжірибе осыны көрсетеді.
      Мысалы, шағын кәсіпкерлік субъектлерімен 79,7 мың азамат жұмыспен қамтылған, немесе ол барлық жұмысқа қабілеті бар тұрғындардың 15%.
      2002 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 2,3 млрд. теңге төлем түскен, оның ішінде шағын бизнес кәсіпорындарынан - 1,4 млрд. теңге немесе барлық түсімнің 9,3%.
      Облыс бойынша статистиканың мәліметіне сәйкес 5077 заңды тұлғалар - шағын бизнес субъектілері  болып тіркелген. Олардың 3998 жұмыс істейді, 2001 жылға қарағанда көбею қарқыны 114,7% құрады.
      Шағын бизнес қызметінің көп түрлері сауда  делдалдық қызмет болып табылады (барлық тауар және қызмет көлемінің 2/3 жақын). Басымдық қызметтің үлес салмағы (өнеркәсіптік өнім және ауылшаруашылық) 2002 жылдың қортындысы бойынша 31,3% кұраған.
      Шағын кәсіпкерлер меншігіне беруге бос тұрган  коммуналдық меншіктегі объектілерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 2002 жылы шағын кәсіпкерлер субъектілеріне 19 объект сенімді басқаруға, 7 жалға, жеке меншікке ақысыз - 15 объект берілді, 252 пәтерді қайта құруға ұлыксаттар алынды. 540 мың текше метр көлемді 300 жер телімдері сатылды және берілді. Есеп беру жылында жобалардың конкурсын іріктеу барысында жиһаз және тігін бұйымдарын шығаруға 1 жобаға 3 млн. теңге несие берілген. 2002 жылы "Жас өркен"»облыстық бағдарламаны іске асыру барысында жас мамандарды жұмыспен қамту іске асты, олардың өмірлік деңгейі өсті, аграрлық жүйеге кадрлардың қосылуыны байланысты облыс экономикасы әрі қарай нығайды. Облыс Республика бойынша жергілікті бюджеттен несие берушілерден бесінші орынында. Екінші деңгейдегі банкілермен 7,7 млрд. теңге несие берілген, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 9,9% өскен.
      Проблемалар.
      Аймақтағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды ұстап тұрушы негізгі факторлар мыналар болып табылады:
      1) қолданылып жүрген нормативтік - құқықтық базаның жетілмегендігі;
      2) жаңа кәсіпорынды ұйымдастыруға бастапқы капиталды құру проблемасы және де қаржы несие ресурстарына қол жетпеуі мына факторлармен ескертіледі:
      несие сұрау сомасына кепілдік құнның жетпеуі, немесе оның мүлде жоқтығы;
      келдік мүліктің бағасын банк сарапшысының төмен қоюы;
      ссуданың пайызының жоғарлылығы;
      3) рыноктағы жағдай туралы ақпараттың жоқтығы;
      4) әкімшілік кедергілер.

      4. Бағдарламаның мақсаты және міндеттері

      Бағдарламаның басты мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілеррін одан әрі дамыту және олардың санын көбейту, жаңа жұмыс орындарын құру үшін жағдай қалыптастыру болып табылады.
      Қойыпған  мақсаттарды шешу үшін мына міндеттерді іске асыру көзделеді:
      1) әкімшілік кедергілерді жою;
      2) несие қаржы ресурстарына қол жеткізуді жеңілдету;
      3) шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың жұмыстарының тиімділігін арттыру;
      4) шағын кәсіпкерлік субъектілерін ақпаратпен қамтамасыз ету.

5. Бағдарламаны іске асырудың
     негізгі бағыттары мен тетіктері <*>

      Ескерту. 5-бөлімге өзгерістер енгізілді - Қостанай облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 11 ақпандағы N 34 шешімімен.

      Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері мыналар болып табылады:
      1) Нормативтік - құқықтық базаны жетілдіру;
      2) Шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы қаржы - несиені дамыту;
      3) Инфрақұрылымды дамыту және ақпараттық қамтамасыз ету;
      4) Шағын кәсіпкерлік субъектілерін насихаттауды қамтамасыз ету.

      Шағын кәсіпкерліктің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру.
      Осы бағыттағы істеп тұрған заңдардың кәсіпкерлікті дамытуға тиімділігіне талдау жасай отырып оның қолданғанда қандай кедергілік проблемалары бар екінін анықтау. Ұлықсат беретін басқа да мемлекеттік органдардың функцияларын реформалау қажет, бұл жұмыста оның тізбесін басқа да мүдделі мемлекеттік органдар және кәсіпкерлер қоғамдарын осы жұмысқа бірге жұмылдыру.
      Осы бағытты іске асыру мақсатында шаралар әзірленген, олар:
      Қазақстан Республикасы Үкіметіне, орталық тексеруші органдарына нормативтік - құқықтық актілерді жақсартуға және әкімшілік кедергілерді жоюға ұсыныстар әзірлеу.
      Орталық органдардың аймақтық ұйымдары түскен ұсыныстарды экономика және сауда департаментінің мамандары талдап және жіктеп "Іскерлік райды жақсарту"» өлшеміне сәйкестігін анықтайды. Критерий базасына мына көрсеткіштер қабылданады: олар, істеп тұрған заңдардың нормаларын және ережелерін жеңілдету, ұлықсат процедураларын жеңілдетіп қарау уақытын қысқарту, керек емес анықтамаларды және тіркеуді жою, қызмет төлемін қысқарту, заңдық актілерге байыпты талқылаулар беру кәсіпкерлердің пайдасына, егер олардың пайдасына қайшы келсе, аймақтық деңгейге кейбір келісілетін процедураларды берсе, орталықтандыру функциясын азайтса және т.б.. Осы шаралардың барлығы кәсіпкелік қызметінің бостандығын ұлғайтып, шағын және орта бизнестің дамуына өз оң жағдайын әкеле отырып, облыс экономикасын алға бастырады.
      Мемлекеттік органдардың жіберген ұсыныстарына тоқсан сайын рейтингісін шығарып отырады.
      Облыстың қалалары, аудандары әкімдерінің ШБ дамытуды бағалауға мониторингі.
      Мониторинг қортындысы бойынша әкімдерді? рейтингі шығарылады: облыстың калаларының және аудандарының рейтингті бағалау әдістемесі жоғарыда айтылған критериге сәйкес.

      Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несие қолдауды дамыту.
      Осы бағыттағы бірінші кезеңдегі бірінші міндеттер болып шағын кәсіпкерлер субъектілерінің несие ресурстарына  кіруді женілдету және де істеп тұрған қаржымен қолдау нысанын жетілдіру.
      Осы бағдарлама деңгейінде мынандай шаралардың іске асырылуы көзделеді:
      Екінші деңгейдегі банкілердің ШБС - не несие беруіне мониторинг және нақтылы шаралар жасау.
      Шағын кәсіпкерлікті несиелеу талдауы көрсеткендей облыстық банкілердің филиалдары несиелерді оларға әркелкі бөледі. 2002 жылы ШКС берілген несиенің жалпы көлемінің 80% облыстағы істеп тұрған 12 филиалының 5-не ғана келеді. Осы тұрғыда тоқсан сайынғы мониторингтің қорытындысы бойынша "белсенді емес"»банкілердің ШБС несие беруін жандандыру.

      Нарықты саралауды зерттеу жөніндегі қызметтерді сатуды ұйымдастыру және өткізу
      Жергілікті бюджет қаражаты және нарықты саралауды зерттеу жөніндегі қызметтерді сатудың есебінен салаларды базалық шолуды әзірлеу көзделуде. Бұл іс-шаралар кәсіпкерлерге нарықтың қай бір сарасына қаржыны жұмсау тиімді, сондай-ақ несие мәселелері жөнінде, орын алған тәуекелділікті талдау, несиелеу және дамыту бағдарламаларын жасаудың қажеттігі және т.б. сол сияқты сенімді ақпараттар беруге қажет.
      Экономиканың секторларын банкілермен қаржыландыру үшін оның өтімділігін жақсарту керек, ол үшін салалардың жағдайы олардың рыноктағы көлемі, бағасы, тауар группасы және басқа да көрсеткіштері туралы толық ақпарат болуы керек.
      Банкілердің маркетинг бөлімдерімен бірге салалардың шолуларын әзірлеу көзделеді, осының арқасында ШБС несиелендіргендегі қауіптер төмендейді. Осы үшін Іскер Кеңес беру Бағдарламасының қаржысын тарту (ВАS бағдарламасы), оны Қазақстанда ЕДЖБ іске асырады.  BAS кеңес беру жобасының 50% бағасын өтейді оның құны 10.000 АҚШ долларына дейін. Оның сыртында BAS консалтингтік реформаларды талдауға көмектеседі, олар біздің сұранысымыз бойынша жергілікті рыноктарды зерттеп, мысалы, Қостанай облысында болашағы бар шағын бизнесті несиелеуді көрсетеді. Зерттеудің екінші бөлігінің қаржысын жергілікті банктердің филиалдары төлеуі мүмкін. Банктердің негізгі пайдасы осы схема бойынша бір зерттеуге жарты төлемін атқара отырып әр банк бірнеше зерттеулерге ие болады. Осы шаралардың қорытындысына келсек одан кімге несие беруін, қауіп-қатер барма және де несие беруге және дамуға қандай бағдарламалар әзірлеу керектігі аңықталады.

      Жаңа несие желілерін тарту.
      Екінші деңгейдегі банкілерден басқа да ШБС несиелендіруде шетел банкілерінің желілерін және кәсіпкерлікті дамыту қорлары пайдалынады. Облыс бойынша осы кезде 15 шетелдік несиелік желілер жұмыс істейді (WB, KWF, EBRD, IDB, ADB және т.б.). Банкілердің несиесін арзандатуға және ШКС банкілердің несиесін көбейту үшін жаңа несиелік желілер іздеу жұмысы өткізіледі.

      Банк емес несиелік институттарын дамыту.
      Екінші деңгейдегі банкілерге қаржы ресурстарын алуға банк емес несиелік институттар болмақ. Осындай ұйымдардың көлемін ұлғайтуға және олардың қызметін ұйымдастыруға көмек көрсету көзделеді. Қазіргі кезде облыс бойынша 3 ауылдық несиелік серіктестік, 1 шағын несиелік ұйым, 2 ШБС несие беретін қорлар бар.
      Көмек мына түрде болмақ уставтық құжаттарды дайындағанда, тіркеуге немесе республикалық ұйымдардың филиалдарын ашқанда.
      Осы шараларды өткізу жұмыстарының нәтижесінде банк емес ұйымдардың саны 20-ға дейін өспек.

      Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне баспасөз ақпараттық құралдарында жарнама кеңістігін беру.
      Бұл жоба шағын кәсіпкерлік субъектілерін жолдауға және дамытуға арналған. Оның негізгі идеясы  бизнесмендерге газеттерге, жорналдарға, телевидениеге және радиоға берген өздерінің жарнамаларын тегін орналастыруға бағыттылған. Осы тұрғыда жарнамалар тек Қазақстан Республикасында ғана емес, көрші Ресейге де беріледі.
      Осы жобаға бюджеттік қаржыдан басқа да демеуші банклердің және ірі кәсіпкорындардың қаржылары тартылады. Жобаны іске асыру үшін Қостанай облысындағы дәстүрлі емес тауар, жұмыс, қызмет көрсететін, өз өнімдерін сапалы шығаратын, темекі, алкоголдік өнімді шығарып оны сақтайтын емес ШБС жіберіледі. Конкурсқа қатысып жеңіп алғандар облыстық бюджеттен  немесе  жобаға қатысты басқа қөздерден қаржыландырылады.
      Мемлекеттік сұранымда ШБС 10% өнімдердің жеке  түрлерін өндіруге және сатуға резервте ұстау.
      Бүгінгі уақытта мемлекеттік ұйымдардың өткізетін тендерлеріне шағын кәсіпкерлік субъектілері толық құқықтық негізде қатыса алмайды - олар ірі компаниялар республика бойынша өкілдіктері бар, олардың тауарларының жұмыстарының, қызметтерінің бағасы ШБС біршама арзан. Сондықтан осы шараны іске асыру ма?саты мемлекет ша?ын бизнес субъектілерінен шамалы болса да олардан сатып алуға кепілдік береді.           
      ШБС 20% өтемін түсіруді қолдану олардың өнімдеріне, жұмыстарына, қызметтеріне сертификация өткізгенде.
      Қазіргі шара Ұлттық сараптау және сертификация орталығымен келісіліп әзірленген, ол ШБС сертификация өткізгенде өтемін жеңілдетуді белгіленген. Осы шара өнімдердің жаңа түрін өндіруді және сатуды көбейтеді.

      Автокөліктерде жүктерді сақтау және олармен бірге жүру қызметін ұйымдастыруды сатып алу.
      Осы шаралар облысқа еліміздің оңтүстік аймағынан әкілілетін азық-түліктердің бағасын орнықтыруға әзірленген. Ол, ерекше, көкөністер мен жемістерге. Жолдарға ауыр салықтарды болдырмау үшін облысқа көкөністер мен жемістерді әкелушілерді қорғауды қамтамасыз ету қарастырылады.

      Инфрақұрылымды дамыту және шағын бизнесті насихаттау.
      Осы бағыттағы шараларды іске асыру істеп тұрған және құрылатын инфрақұрылым объектілерінің шағын бизнесті қолдауға, облыстың қалалары мен аудандарының ақпараттық - косультациялық орталықтарына, бизнес инкубаторларға және технопарктерге жәрдемі тимек.
      Осы бағыттың ең бір мақсаты шағын кәсіпкерлер қызметіне қоғамдық жағымды ойларды қалыптастыру және де шағын кәсіпкерлер туралы халықтың білімінің деңгейін көтеру. Оны шешу үшін радиода, телехабарда, облыстық басылымдарда шағын кәсіпкерлік саласының проблемалары туралы айтылуы қажет. Және де конференциялар,«"дөңгелек столдар", кездесулер, эксперттер, журналисттердің, атқарушы органдардың өкілдері қатысуымен өткізу. Осы тұрғыда басқа да аймақтардан кәсіпкерлердің коғамдық ұйымдарын тарта отырып, Қостанай облысында филиал ашу мақсаты көзделеді.
      Бағыт шеңберінде тағы да мына шаралар көзделеді:
      ШБС-не бизнес - жоспарларды тегін әзірлеу.
      ШБС банкілердің несие беру шарты бизнес-жоспарларың болуы. Бизнесмендердің өздерінің әзірленген жоспарлары банкілердің сұрамына сәйкес келмейді, оның себебі қаржыны үнемдейміз деп "мамандар емес" дайындайды. Басымдық қызмет түрлері бойынша 2003 жылы 500 мың сомасына 50-бизнес жоспар әзірленеді. 2004 жылы осы мақсатқа 700 мың теңге бөлу жоспарланады, 2005 жылы - 1 млн. теңге.
      Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу
      Кәсіпкерлікті насихаттау және ынталандыру мақсатында мынадай конкурстар өткізу болжанады: "Қостанай облысының ең үздік кәсіпкерлері", "Қостанай облысының ең жақсы тауарлары", Қостанай облысының ең үздік рыногы.
      ШКС қозғалмайтын мүлік объектілерін сатып алу, қайта жабдықтау және оларды беру шараларын ұйымдастыру және өткізу.
      Қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлікті дамытуға, олардың құжаттарын әзірлеуге, ұлықсат беруге және келісуге мемлекеттік шенеуліктер кері әсерін тигізуде. Бұл жаңа өндіріс орындарын ашуға немесе қызмет көрсетуге кедергі жасайды. Осы проблеманы шешу үшін азаматтарға қолайлы жағдайлар жасау қажет, әсіресе, қолынан іс келетін, өз бизнесін ашатын жас кәсіпкерлерге. Осы іс-шаралар деңгейінде "Росток"»мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының көмегімен қозғалмайтын мүлік объектілерін әртүрлі бизнес бағытына қайта жабдықтап беру көзделеді. Осыған орай мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталын облыстық бюджет есебінен толтыру қажет.

      Шағын бизнесті қолдау орталықтарын құру.
      Қазіргі уақытта кәсіпкерлерге өз өнімдерін сатуға рынок іздеуге және де бизнесті дамытуға ізденіс жасау жолын табу үшін көлемді ақпарат керек. 2003 жылдан 2005 жылға дейін "Шағын бизнес орталығы»" ААҚ базасында Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара қалаларында және де Қостанай ауданында орталықтар құру жоспарланады.
      Орталықтар кәсіпкерлерге ақпараттық қолдау жүргізіп отырады және бизнестің әртүрлі аспектілері бойынша керекті консалтингтік қызметтер көрсетеді. Оның сыртында орталықтар заңды сұрақтарға және бухгалтерия есебінің қызметтерін атқаруды көздейді, осыған байланысты бухгалтерлер мен заңгерлерді ұстамау кәсіпкерлердің жұмсайтын қаражаты кемітеді. Осы шараның керектігі несие алу проблемасымен байланысты, неге десе ШБС қаржы-есеп құжаттары жарамсыз жағдайда болады, ол кәсіпкерлердің мамандалынған мамандарды ұстап тұруға қаржысының жоқтығы.

      Ақпараттық қамтамасыз ету.
      Осы бағытта шағын кәсіпкерлікті комплекстік ақпараттың қамтамасыз ету әдістемелік құралдар шығаруы көзделеді:
      "Ет және сүттті қайта өңдеу өндірісін қалай ашу керек"»- осы жол көрсеткіш кәсіпкерге ет және сүтті қайта өңдеу өндірісін ашуды ойланғандарға көмегін тигізеді. Жол көрсеткіште шұжық және сүт өнімдерінің толық талдауы көрсетілген, ол кәсіпкерлерге ?өзінің өнімдерін қалай сатуға болатыны айқындалған;
     «"Несиені қалай алуға болады" - осы жол көрсеткіште несие беруші ұйымдардан кәсіпкерлер қалай несие алатыны туралы толық мағлұмат айтылған;
     «"Инвестор  оқы"» - осы брошюра кәсіпкерлерге арналған, онда өндірістің жаңа түрлерін игеруге шешім қабылдағандарға арналған және оның ерекшілігі, қандай жеңілдік оны күтіп тұр;
     «"Стандарттау, метрологиялау және сертификаттау сұрақтары"»- брошюрада осы салада барлық кәсіпкерлер не білу керек сұрақтары айқындалған;
      "ШНҰ қалай құру керек"»- бүгінгі күні шағын несиені заңды түрде алудың процедурасы игерілмеген. Ұсынылып отырған брошюрада осындай ұйымдарды қалай құру туралы ұсыныстар берілген және оның артықшылығы жазылған;
      "Бизнес - жоспарларды қалай әзірлеу керек" - банкілердің талаптарына сай бизнес - жоспарды дербес жасаудың процедурасы жазылған;
      "Тексерушілер не үшін жазалайды" - брошюрада кәсіпкерлер әкімшілік жазадан қалай құтылуы туралы ұсыныстар көзделген;
      "Шағын бизнестерге мемлекеттік сатып алу"»- бұл құрал бизнесмендерге мемлекеттік сатып алуға қатысуға арналған, ол үшін қандай құжаттар керек, оларды қалай дұрыс ресімдеу және басқа сұрақтарға жауап табылады;
      "Жабдықтарды қалай табу" - әртүрлі бизнес түрлеріне керекті жабдықтарды тауып алу әдістемесі мен тәсілі анықталған.
      Осы шығарылған брошюралардан басқа да ақпараттық қолдау нешетүрлі анықтамалармен, қазіргі анықтамалық жүйелермен комплекстік ақпаратпен шағын бизнесті қамтамасыз етеді. Осыдан басқа да деректер жинақтамасы құрылады және істеп тұрғандарына қолдау жасалады ол кәсіпкерлерге керекті ақпаратты тауып алуға көмектеседі, олар мыналар:
      "Бизнес-жоспарлар" - тиімді бизнес-жоспарларды табуға және де оны әзірлеуге жұмсайтын қаражаттың төмендігі;
      "Әкімшілік құқық-бұзу"»- тексеруші органдардың әрекетіне және тексерушілердің әкімшілік жазаларды беруіне арыздануға бағдарлар береді;
      "Пайдаланылмай тұрған алаңдар және жабдықтар" - бизнесті ашу үшін керекті ғимараттарды және жабдықтарды тез та-буға бағытталған;
      "Еңбек рыногі" - кәсіпкерлер өз бизнесіне керекті кадрларды табуға көмегін тигізеді;
      "Коммуналдық тапсырыстар" - бұл кәсіпкерлердің рынокта сату нәтижесінің қалай екендігін тауып алуға  әзірленген;
      "Инновациялар" - осы деректер бизнесті жүргізуге керекті жаңа технологияны іздеуге құрылған.
      Электрондық тұсау кесу материалдарын дайындау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
      Бұл іс-шара өзіне электрондық тұсау кесу материалдарын (қаланың электрондық қартасы, CD-визиткасы және басқалар) дайындауды және  "Аймақтың профилі" электрондық анықтамалық ақпарат көкейтестілігін қосады". Осы іс-шара жаңа әзірлемеге сәйкес әдістер және тәсілдерімен экономиканың әр саласына инвестиция тарту мақсатын көздейді.
      Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінде тұсау кесу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу
      Бұл іс-шара ғимараттар мен жабдықтарды жалға беру, дипломдар дайындау, фуршеттер өткізу, жүлделер мен сыйлықтар сатып алуды көздейді.
      Импорттық өнімдердің сапасын анықтау жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
      Отандық өнімдерді шығарушы  шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдау мақсатында импорттық сапасыз өнімдерді анықтау жөнінде іс-шараларды өткізу қажет, оларды халыққа ақпарат құралдары арқылы жария ету. Бұл шара жаман сапалы импорттық өнімдер туралы ақпарат жинауға (тұрғындардың арызы, БАҚ басымдары және т.б.) арналған, мұндай өнімдерді сатып алып, аккредиттік лабораторияларда экспертизадан өткізіп БАҚ-да оның нәтижесі туралы жариялау.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері <*>

      Ескерту. 6-бөлімге өзгерістер енгізілді - Қостанай облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 11 ақпандағы N 34 шешімімен.

      Шағын бизнесті аймақтық қаржылай қолдау қаражат деңгейінде жергілікті бюджет есебінен жылсайын осы мақсатқа айқындалған және де бюджеттен тысқары мақсаттағы қаржы, қаржы ұйымдарының гранттары, кәсіпкерлердің және олардың қоғамдық ұйымдарының өз қаражаттары, банк және т.б. несиелері, заңмен тиым салынбайтын көздерден.
      Бағдарламаны іске асыру үшін жергелекті бюджеттен мына көлемде қаржыландыру көзделеді: 2003 жылы - 7 млн. теңге; 2004 жылы - 57,028 млн. теңге; 2005 жылы - 78,8 млн. теңге. Облыстық бюджеттен бағдарламаның шараларын қаржыландыруға қаржыны жыл сайын бөлу мына таблицада көрсетілген:



Бағдарламалық шаралардың тарауы

Облыстық бюджеттің қаржысы (млн. теңге)

2003ж

2004ж.

2005ж

Барлығы

Бұқаралық ақпарат құралдарға ШКС-не жарнамалық орын бөлу

0,8

0

0

0,8

Автокөліктерде жүктерді сақтау және олармен бірге жүру қызметін ұйымдастыруды сатып алу және өткізу

4

0

0

4

Нарықты саралауды зерттеу жөніндегі қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

0

0,7

0,7

1,4

ШКС үшін бизнес-жоспарларды әзірлеу

0,5

0,75

1

2,25

Жергілікті БАҚ-да шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ақпараттық хабарларды жариялау

0,5

0,92

0,92

2,34

Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу

0

0,9

1,5

2,4

ШКС қозғалмайтын мүлік объектілерін сатып алу, қайта жабдықтау және беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ("Росток"»МКК жарғылық капиталын өсіру)

0

50

70

120

Кәсіпкерлерге көмек ретінде әдістемелік оқулық шығару

1,2

1,7

1,7

4,6

Тұсау кесу электрондық материалдарды дайындау және "Аймақтың профилі" анықтамалығының көкейтестілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу

0

0,8

1,09

1,89

Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі тұсау кесу шараларын ұйымдастыру және өткізу

0

1,138

1,77

2,908

Импорттық өнімдердің сапасын анықтау жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

0

0,12

0,12

0,24

Барлығы:

7

57,028

78,8

142,828

      Қаржы көлемі қаржы жылына сәйкес тиісті заңға байланысты бюджеттік комиссиямен облыстық бюджеттің жобасына қарай нақтыланып отырылады.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны іске асырудан күтілетін негізгі нәтижелер:
      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндірудің (жұмыс, қызмет) жалпы көлемі 44559,1 млн. теңге, немесе 14,5% ұлғайды;
      шағын бизнес саласында жұмыс істейтіндердің саны 91506 адамды құрап, немесе 14,7% көбейеді;
      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6,2% өседі;
      шағын кәсіпкерлік саласының (өндірістік сектор) басымдық бағытын дамыту;
      кәсіпкерлердің мәртебесін көтеру, олардың қауыпсіздігін қамтамасыз ету және әлеументтік қорғау.

8. Бағдарламаны іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары <*>

      Ескерту. 8-бөлімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - Қостанай облыстық Мәслихатының 2004 жылғы 11 ақпандағы N 34 шешімімен.

N

Шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты атқарушы (іске асыруға)

1

2

3

4

Шағын кәсіпкерліктің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру, онтайлы іскер жағдай туғызу

1

ҚР Үкіметіне, орталық органдарға нормативтік -  құқықтық актілерге ұсыныстар әзірлеп жіберу:
іскерлік райды жақсарту;
әкімшілік барьерлерді жою

Жіберген ұсыныстар бойынша мемлекеттік органдардың рейтенгі

СК, ТЖЖБ, СБ, БМАҚИ, ЖРБК, КББ, ҚОҚАБ, МӨҚҚББ, ҚМО, АШМАБ, МСЭББ, АММжЖК, ИСжШБҚД, КеБ, КМжМСД,   "ҰСжСО" ААҚ
(келісім бойынша)

2

ШБ дамуын бағалау үшін облыстың, қалалар, аудандар әкімінің қызметіне мониторинг жүргізу

әкімдер рейтингі

ЭжСД

Шағын кәсіпкерлікті қаржы - несие қолдау
жүйесін дамыту

3

Банк емес несие институттарынның санын көбейту: ШНҰ-10, АНС-5, қорларды-5

Бағдарлама

ЭжСД

4

Донор ұйымдарының жаңа несиелік бағыттарын тарту

ЭжСД
Ақпарат

ЭжСД

5

Екінші деңгейдегі банкілердің несие беруіне мониторинг өткізу және шаралар дайындау

ЭжСД
Ақпарат

ҚР Ұлттық банкісінің филиалы (келісім бойынша) ЭжСД бірігіп

6

Нарықты саралауды зерттеу қызметтерін сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Деректер базасы

ЭжСД

7

<*>



8

ЩБС несие істеп тұрған кепілдік қорларды құру және жандандыру

Әкімияттардың
қаулылары

Қалалар мен аудандар әкімияттары

9

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін шығару және жеткізуге (жұмыс, қызмет) сатып алуға 10 пайызын мемлекет керегіне ұстау

Тендерлік комиссия отырысының хаттамасы

КМжМСД

10

Бұқаралық ақпарат құралдарда ШБС-ке жарнамалық орын беру

"Кеңістік және уақыт» бағдарламасы"

ЭжСД

11

ШКС өнімдерін, жұмыстарын, қызметтерін сертификаттағанда төлемнің 20% кеміту

Сәйкес сертификаттар

"ҰСжСО"» ААҚ (келісім бойынша)

12

Автокөліктерде жүктерді сақтау және олармен бірге жүру қызметін ұйымдастыруды сатып алу

ЭжСД
Ақпарат

КМжМСД, қаласының әкімияты

Инфрақұрылымның дамуы және шағын кәсіпкерлікті насиххаттау

13

ШБС бизнес- жоспарларды әзірлеу (жылсайын 100-ден кем емес)

Бизнес-  жоспарлар

ЭжСД

14

Шағын бизнесті қолдайтын орталықтарды Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларында, Қостанай ауданында құру

ЭжСД
Ақпарат

ЭжСД, "Шағын бизнес орталығы"» ААҚ

15

Жергілікті БАҚ-да шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ақпараттық хабарларды жариялау (баспа, теле/радио)

Ақпарат-
тық хабарлар

ЭжСД

16

ШБС қауымдастықтарға, одақтарға бірігуге жұмыстар жүргізу

ЭжСД
Ақпарат

ЭжСД

16-1

Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу (оның ішінде ғимараттар мен жабдықтарды жалға алу, дипломдар дайындау, фуршеттер өткізу, жүлделер және сыйлықтар алу):«"Қостанай облысының ең үздік кәсіпкерлері", "Қостанай облысының ең жақсы тауарлары", "Қостанай облысының ең үздік рыногы"

Конкурстың комиссиясының хаттамасы

ЭжСД

16-2

ШКС қозғалмайтын мүлік объектілерін сатып алу, қайта жабдықтау және беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу ("Росток" МКК жарғылық капиталын өсіру)

Әкімиятқа ақпарат

ЭжСД

Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету

17

Шағын кәсіпкерлерге көмек ретінде әдістемелік құралдар шығару:
"Ет және сүт өнімдерін өңдеуге өндірісті ашу";
"Несиені қалай алу керек";
"Инвестор оқы";
"Стандартизация, метрология және сертификация сұрақтары";
"ШНҰ қалай құру";
"Бизнес-жоспарды қалай әзірлеу";
"Тексерушілер не үшін жазалайды";
"Шағын бизнеске мемлекеттік  сатып алу";
"Жабдықтарды қалай іздеу"»

Әдістемелік құралдар

ЭжСД

18

Кәсіпкерлердің жұмысына қажетті заңдар туралы консультациялар жүргізу

Консультациялар БАҚ - та  жазу

ЭжСД

19

Істеп тұрған деректер қорын қолдау және жаңаларын құру:
"Бизнес жоспарлар"; "Әкімшілік құқық бұзулар";
"Пайдаланылмай тұрған жабдықтар және алаңдар";
"Еңбек рыногі";
"Коммуналдық тапсырыстар";
"Инновациялар"»

Қор деректері

ЭжСД

20

Республикалық ақпараттық көрме орталығынның деректер жинағына шығуды қамтамасыз ету

Ақпарат ЭжСД

"РАКО" ЖАҚ (келісім бойынша)

21

Инвестиция тарту үшін тұсау кесу электрондық материалдарды дайындау және "Аймақтың профилі" анықтамалығы-
ның көкейтестілі-
гін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ("Аймақтың профилі" электрондық анықтамалығы-
ның көкей-
тістілігін арттыру, қаланың электрондық картасын, электрондық тұсау кесу материалдарын шығару)

Электрондық тұсау кесер материалдары

ЭжСД

22

Шағын кәсіпкерлікті қолдау жөнінде тұсау кесу шараларын ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде ғимараттар мен жабдықтарды жалға беру, дипломдар дайындау, фуршеттер өткізу, жүлделер мен сыйлықтар алу

Тұсау кесерлер, көрмелер, жәрмеңкелер

ЭжСД

23

Импорттық өнімдердің сапасын анықтау жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Ақпарат

ЭжСД


БАРЛЫҒЫ:



        таблицаның жалғасы

N

Орындау уақыты (іске асыру)

Болжамды шығыс (млн. теңге)

Қаржыландыру көзі

2003ж.

2004ж.

2005ж.

1

5

6

7

Шағын кәсіпкерліктің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру, онтайлы іскер жағдай туғызу

1

Тоқсан сайын

Қаржы қаражаты қажет емес

2

Тоқсан сайын

Қаржы қаражаты қажет емес

Шағын кәсіпкерлікті қаржы - несие қолдау
жүйесін дамыту

3

Тұрақты

Қаржы қаражаты қажет емес

4

Тұрақты

Қаржы қаражаты қажет емес

5

Тоқсан сайын

Қаржы қаражаты қажет емес

6

Тұрақты

0      

0,7

0,7

Жергілікті бюджет

7

<*>


8

Тұрақты

Қаржы қаражаты қажет емес

9

Тұрақты

Қаржы қаражаты қажет емес

10

Тұрақты

0,8

0

0

Жергілікті бюджет

11

Тоқсан сайын

Қаржы қаражаты қажет емес

12

Тоқсан сайын

4

0

0

Жергілікті бюджет

Инфрақұрылымның дамуы және шағын кәсіпкерлікті насиххаттау

13

Тұрақты

0,5

0,75

1

Жергілікті бюджет

14

2003-2005 жылдар

Республикалық бюджеттің қаражаты

15

Тұрақты

0,5

0,92

0,92

Жергілікті бюджет

16

Тұрақты

Қаржы қаражаты қажет емес

16-1

Тұрақты

0

0,9

1,5

Жергілікті бюджет

16-2

Жыл сайын

0

50

70

Жергілікті бюджет

Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету

17

Тұрақты

1,2

1,7

1,7

Жергілікті бюджет

18

Тұрақты

Қаржы қаражаты қажет емес

19

2003-2005 жылдар

Қаржы қаражаты қажет емес

20

Тоқсан сайын

Қаржы қаражаты қажет емес

21

Тұрақты

0

0,8

1,09

Жергілікті бюджет

22

Тұрақты

0

1,138

1,77

Жергілікті бюджет

23

Тұрақты

0

0,12

0,12

Жергілікті бюджет



7 57,028 78,8

Жергілікті бюджет

      Бағдарламадағы келтірілген қысқартулар:
БМАҚИ - Қостанай облысы бойынша "Бас мемлекеттік архитектура-құрылыс инспекциясы"»ММ;
МӨҚҚББ - "Қостанай облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бас басқармасы" ММ;
ИСжШБҚД - "Қостанай облысының индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті"»ММ;
КМ ж МСД - Қостанай облысы бойынша коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу департаменті;
Э ж СД  - Қостанай облысы экономика және сауда департаменті;
ЕЖжДБ - Еуропалық жаңгырту және дамыту банкі;
ҰсжСО "ҰСжСО" ААҚ - "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының"»ААҚ;
"РАКО" ЖАҚ - "Республикалық ақпараттық көрме орталығы"» ЖАҚ;
М.а. - міндетін уақытша атқарушы;
ЖРБК - "Қостанай облысы жер ресурстарын басқару комитеті"»ММ;
ШБ - шағын бизнес;
ШК - шағын кәсіпкерлік;
ШНҰ - шағын несие ұйымы;
СК - "Қостанай облысы бойынша салық комитеті"»ММ;
Қоғамдық ұйымдар - кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары;
Бағдарлама - Қостанай облысында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы;
ШКС - шағын кәсіпкерлік субъектілері;
БАҚ - бұқаралық ақпарат құрал;
КеБ - "Қостанай облысы бойынша кеден басқармасы"»ММ;
Т.б. - тағы басқалары;
АММжЖК - "Қостанай облысы аймақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті"»ММ;
ТХЖ  - техникалық жағдай;
АШМАБ - "Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облыстық аймақтық басқармасы"»ММ;
ҚОҚАБ - "Қостанай облысы қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасы"»ММ;                                           МСЭББ - "Қостанай облыстық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы"»ММ;
СБ - "Қостанай облысы статистика басқармасы";
КББ - "Қостанай облысы бойынша көлікті бақылау басқармасы" ММ;
ТЖЖБ - "Қостанай облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма"»ММ;         

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады