"Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережесі" туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімиятының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 669 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2003 жылғы 2 қыркүйекте № 2453 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы № 2610 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 10.12.2012 № 2610 қаулысымен.

      
      "Қостанай Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 16-тармағына және қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 13 маусымдағы шешімімен, тіркеу нөмірі 2344, бекітілген "Қостанай қаласындағы аумақты көріктендіру, санитарлық тазалау,жасыл желектерді күтіп ұстау, қорғау және шығарып тастау ережелеріне" сәйкес Қостанай қаласы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы Ережесі" бекітілсін (№ 1 қосымша).
      2. Қостанай қаласында жасыл желектерді шығарып тастауға, басқа жерге отырғызуға, кесуге рұқсат беру жөніндегі уәкілетті органы болып "Қостанай қаласының коммуналдық шаруашылық және техникалық қадағалау басқармасы" Мемлекеттік мекемесі (Л.П. Мальцева) болып анықталсын.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.

      Әкім

      Әкімият мүшелері

Қостанай қаласы әкімиятының
2003 жылғы 11 тамыздағы    
№ 669 қаулысына № 1 қосымша

Қостанай қаласын көріктендіру
мәселелері жөніндегі комиссия туралы
Ережесі

      Осы Ереже Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелерін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) Қостанай қаласы әкімиятының қаулысы негізінде Қостанай қаласын көріктендіру мәселелері жөнінде меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың іс-әрекеттерін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру және реттеу мақсатында құрылған.
      2. Комиссияның құрамы қалалық Мәслихатының сессиясында бекітіледі. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санында болу керек.
      3. Комиссия жұмысын төраға басқарады, төраға болмағанда оның міндеттерін орынбасары орындайды.
      4. Комиссия өз қызметінде қолданылып жүрген заңдарын басшылыққа алады және өз қызметін осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Негізгі мақсаттар мен міндеттер

      5. Комиссияның мақсаты қала аумағында адамның ыңғайлы, комфорттық және қауіпсіз ететін элементтер мен жұмыстардың кешенін қамтамасыз етуі болып табылады. Осы жұмыстардың кешені көріктендіру объектілері мен элементтерінің ұйымдастыруын, күтіп ұстауын, пайдалануын, жөндеуін және қорғауын мына негізгі бағыттар бойынша қарастырады:
      1) инженерлік көріктендіру.
      2) сыртқы-эстетикалық көріктендіру.
      3) санитарлық көріктендіру.
      4) көгалдандыру.
      6. Комиссия міндеттеріне мыналар жатады:
      1) қаланың инженерлік желілері мен ғимараттарын күтіп ұстау және техникалық жағдайы бойынша даулы мәселелерді қарау.
      2) сыртқы-эстетикалық көріктендіру объектілерін орнату, күтіп ұстау және өзгерту жөніндегі даулы мәселелерді қарау.
      3) тұрғын үй қорының үй жанындағы аумақтарды және тұрғын емес мақсаттағы ғимараттары жанындағы аумақтарды сыртқы-эстетикалық ресімдеу және олардың жағдайы жөніндегі даулы мәселелерді қарау.
      4) қаланы санитарлық тазалау айлықтарын өткізу кезінде аумақтарды бекіту жөніндегі даулы мәселелерді қарау.
      5) қаланың санитарлық жағдайын жақсарту жөнінде жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын қарау.
      6) Қостанай қаласының жасыл желектерін шығарып тастау, басқа жерге отырғызу, кесу қажеттілігі туралы өтініштерді қарау және қорытындылар беру.

3. Қызметті қамтамасыз ету және жауапкершілік

      7. Комиссия отырыстары қажеттілікке орай, өтініштер болса өткізіледі және хаттамамен ресімделеді.
      8. Комиссияның өз қызметінде консультацияларды алу мақсатында белгіленген салада арнайы білімі бар мамандарды тартуға құқығы бар.
      9. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған комиссия мүшелерінің қатысқандар санынан дауыс көпшілігі берілген болса қабылданған болып табылады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі қорытынды түрде ресімделеді.
      10. Комиссия қабылданған шешімдері үшін, оның құрамын бекіткен органы алдында алқалы жауапкершілік атқарады және комиссияның әр мүшесі комиссияның өкілеттіктері бойынша жоғары тұрған лауазымды тұлғаларға есептілі емес.
      11. Комиссия қорытындысын заң белгілеген тәртіппен шағымдануға болады.
      12. Комиссия төрағасы комиссия жұмысының нәтижелері туралы Мәслихаттың кезекті сессияларында есеп береді.
      13. Комиссия хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстар тәртібін қалыптастырады, комиссия мүшелерінің өзара іс-әрекетін ұйымдастырады және іс жүргізу үшін жауапты болады. Комиссия хатшысының дауыс беруге құқығы жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады