Рудный қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттерін ұстау және қорғау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2003 жылғы 19 шілдедегі № 262 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 29 шілдеде № 2390 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2005 жылғы 17 маусымдағы № 183 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 17.06.2005 № 183 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес және Рудный қаласында тазалықты, аумақтарды және көшелерді тазалауды үнемі қолдау, жасыл көшеттерді ұстау және қорғау мақсатында, сонымен қатар барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан мамандандырылған ұйымдардың басшыларына басшылық жасау ретінде Рудный қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Рудный қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттерін ұстау және қорғау ережелері бекітілсін (қосылып отыр).
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Кусаевқа және қалалық мәслихаттың өндіріс, сауда, көлік, қала шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды шығару, экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Қырық алтыншы кезектен тыс
      сессияның төрағасы,
      қалалық мәслихаттың хатшысы

      Рудный қалалық мәслихатының
2003 жылғы 19 шілдедегі    
№ 262 шешіміне қосымша     

Рудный қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық
тазалау, жасыл көшеттерін ұстау және қорғау
ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Рудный қаласының аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау, жасыл көшеттерін ұстау және қорғау ережелері (бұдан әрі мәтін бойынша - Ережелер) Рудный қаласының, оның ішінде жол қабаттарының, тротуарлардың, газондардың бұзылуымен байланысты жерге байланысты және басқа жұмыстарды жүргізу кезінде аумағын және көшелерін абаттандыру, ұстау және оның элементтерін қорғау және пайдалану, тазалау, жасыл көшеттерін ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.
      Ережелер өзіне қала аумағын абаттандыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу мәселелерін, сонымен қатар жеке және барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін және осы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілігін енгізетін нормативтік құжат болып табылады.
      Ережелер абаттандыру, көгалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізумен, санитарлық жағдайларды қамтамасыз етумен, жер жұмыстарын жүргізумен, аббатандыру элементтерін ұстаумен айналысатын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан мамандандырылған ұйымдардың басшыларына басшылық етуге арналған.
      Тазалық пен тәртіпті үнемі қолдау мақсатында кәсіпорындар, мекемелер, қоғамдық және кооперативтік ұйым ұжымдарының, тұрғындардың өз ұйымдарының және үй маңындағы аумақтарды жинауға, жасыл көшеттерді күтуге қатысуы міндетті болып табылады.

1. Негізгі ұғымдар және анықтамалар

      1. Аумақты абаттандыру қала аумағында адамның қолайлы тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстардың кешені.
      2. Бекітілген аумақ бөлінген аумаққа жетелейтін, немесе оған қызмет көрсетуге пайдаланатын, немесе қорғау зонасы болатын жер учаскесі.
      Қала ішіндегі бекітілген аумақтар мыналар болып табылады:
      1) беткі қабаты жақсартылған көшелер үшін көлік жүретін бөлік шетімен бекітілген қала көшелері жағындағы аумақ (бөлу сызығының ортасына дейін), немесе беткі қабаты жақсартылмаған көшелер үшін көлік жүретін бөліктің ортасына дейін;
      2) үй араларындағы аумақ (бір аулада бірнеше жерді пайдаланушы бар болғанда бекітілген аумақ шекаралары бөлінген аумақ шекараларына пропорционал, немесе тараптардың келісімдері бойынша белгіленеді, мұндай жағдайда үй арасында иесіз аумақтар болмау керек);
      3) заңды тұлғалар және кәсіпкерлер үшін бөлінген аумақтың периметрі бойынша 25 метр;
      4) уәкілетті органның рұқсаты бойынша тауар-материалдық құндылықтарды сақтау және қоймалау немесе басқа мақсаттар үшін уақытша пайдаланылатын аумақ.
      3. Бөлінген аумақ жергілікті атқарушы органның шешіміне (қаулысына) сәйкес меншікке немесе пайдалануға берген жерді пайдаланушыға қатысты объектілерді орналастыруға арналған жер учаскесі.
      4. Жасыл көшеттер санитарлық-гигиеналық жағдайды және абаттандыру және сәулет-ландшафттық безендіру деңгейін көтеруді қамтамасыз ететін қаланың жоспарлау құрылымының элементтің (ағаштар, бұталар, газондар, клумбалар, саябақтар, гүлбақтар және тағы басқалар).
      5. Жер жұмыстарың аумақты қазумен, беткі топырағын алумен, қайта себумен, жол қабаттарын, тротуарларды, газондарды және басқа да абаттандыру объектілерін бұзумен байланысты жұмыстар.
      6. Жерді пайдаланушы мақсатына және меншік нысанына қарамастан қала ішінде жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      7. Инженерлік жүйелер және имараттар қала халқы мен кәсіпорындардың қажеттілігіне кешенді қызмет көрсетуге, қала аумағынан су беттерін жинау және бөлуге арналған қаланы абаттандырудың маңызды элементтері.
      8. Шағын сәулет нысандарын декоративтік және пайдаға асыру сипатында көлемдері бойынша салыстырғандағы шағын объектілер:
      1) декоратитвік имараттар мүсіндер, фонтандар, декоративтік тоғандар, бедер тақталар, оймабедерлер, гүлге арналған құмыралар, жалаусаптар және басқалар;
      2) пайдаға асыру сипатындағы имараттар беседкалар, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс салғыштар, көше аттары, үй нөмірлері жазылған маңдайшалар, жарнама қалқандары, пошта жәшіктері және басқалар.
      9. Жамылғы мата (тент) тасымалданатын ұнтақ заттардың көлік жүретін бөлікке түсуін, ластауын, тозаңдатуын болдырмауға арналған арнайы құрал (палатка).
      10. Құрылыс жүргізілмеген аумақ жобалаудың негізгі нормаларын қолдануға шектеу болатын жерүсті және жерасты құрылыстарының барлық түрлерінің ешқайсысы жоқ аумақ.
      11. Қоғамдық орындар жалпы пайдаланудағы демалыс зоналары (саябақтар, гүлбақтар, жағажайлар), алаңдар, көлік аялдамалары.
      12. Көше көлік жүретін бөлік, тротуарлар, аялдамалар, жасыл көшеттер, жерүсті және жерасты инженерлік жүйелері орналасқан қала аумағы.

2. Жалпы ережелер

      13. Кәсіпорындар, мекемелер, меншік және ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар абаттандыру ережелерін сақтауға, қала аумағында тиісті тазалықты және тәртіпті қамтамасыз етуге, ғимараттар мен имараттарды бұзбай сақтауға тиісті.
      Аумақ учаскелері санитарлық жағдайы және сыртқы келбеті бойынша осы Ережелердің, әкімінің өкім беретін актілерінің негізінде заңды және жеке тұлғалардың атына бекітіледі. Бекітілген аумақтарды тазалау қала аумағын тазалау бойынша жалпы қалалық іс-шаралар күндерінде жүргізіледі.
      14. Көшелер мен көше қиылыстарын жинауды әр субъекті бекітілген барлық учаске, жеке сектордағы үйлер аумағы ұзына бойы, екі жақтан құрылыс болған жағдайда оның ортасына дейін ені бойы, құрылыс бір жақтан болғанда барлық ені бойы жүргізіледі.
      15. Автобус аялдамаларының аумағын жинауды аялдамалар тұрғын үй құрылысына қарсы орналасса, коммуналдық қызмет жүргізеді. Өнеркәсіп зонасында орналасқан аялдамаларды осы аумақты жинау бекітілген кәсіпорындар мен ұйымдар жинайды.
      16. Такси тұрақтарын жинауды, аялдама павильондарын жөндеу және қызмет көрсетуді, автотұрақтарды, көлік шаруашылықтарының диспетчерлік пункттерін, көлік тұратын орындарды жинауды көлікті пайдалануды жүзеге асыратын көлік кәсіпорындары жүргізеді.
      Қатты тұрмыс қалдықтарын мамандандырылған ұйымдар заңды және тұлғалармен жасалған шарттардың негізінде арнайы жабдықталған полигонға шығарады.
      Шарттың болмауы мамандандырылған ұйым қызметінен бас тартуға негіздеме болып табылмайды.
      17. Қоғамдық орындар мен құрылыс жүргізілмеген аумақтар қала әкімінің ерекше шешімдеріне сәйкес жиналады.
      18. Әкімшілік және өндірістік ғимараттарда, сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарда, көпшілік мекемелерде, тұрғын үй құрылысы аумағында автомобиль көлігін қою орындары жабдықталуы керек.
      Көлік құралдарын газондарға, гүлбақтарға және басқа да жасыл көшетті орындарға, тұрғын үйлерді жалпы пайдаланудағы орындарға, дүкендердің, дәріханалардың, базарлардың және қызметтік ғимараттардың жерлеріне кіргізуге және қоюға болмайды.
      Аулаларға көлікпен кіру арнайы бөлінген тұрақтарға көлікті қоя отырып, арнайы жайластырылған жолдар бойынша жүзеге асырылады.
      19. Кәсіпорындардың, базалардың, қоймалардың, салынып жатқан объектілердің басшылары көлік бұрылу үшін подъезд жолдарын, алаңқайларды дұрыс ұстауды қамтамасыз етеді. Көлік жүретін жолдарда беткі қабат болуы керек және аумақ ішінен шаң және ласты шығармау керек.
      20. Тұрғын махаллалар ішінде және жалпы пайдаланудағы жерлерде көлік құралдарын жууға және жөндеуге рұқсат етілмейді. Су бөлетін колонкаларда, өзен және тоған жағаларында, көпшілік демалатын орындарда және тұрғын үй подъездерінде көлік құралдарын жууға рұқсат етілмейді.

3. Шағын сәулет нысандарын орналастыру
және ұстау тәртібі

      21. Барлық ішкі абаттандыру элементтері, оның ішінде ғимарат қасбеттерін өңдеу аумақты салу тәртібін белгілейтін ережелерге сәйкес орындалуы керек. Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының қасбеттерінде жарық жүргізілуі керек.
      22. Қала аумағында шағын сәулет нысандарын салу және орналастыруға қала әкімі аппаратының қызметтерімен келісілгеннен кейін ғана рұқсат беріледі. Орналастырылған шағын сәулет нысандары дұрыс жаға ұсталуы тиіс.
      23. Заңды тұлғалар және жеке үй иелері, иелігінде ғимараттар мен имараттар бар немесе оларға қызмет көрсететін жеке пәтер иеленушілер кооперативі осы ғимараттар мен имараттардағы көше көрсеткіштері және нөмір белгілерін дұрыс ұстауы қажет.
      24. Барлық меншік нысанындағы заңды тұлғалардың кіре берісінде заңды тұлғаның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атауы бар маңдайшасы болуы және олардың тиісті жағдайын қамтамасыз ету керек.

4. Инженерлік жүйелерді, имараттар мен
коммуникациялардың ұстау, жер жұмыстарын
орындау тәртібі

      25. Иелігінде инженерлік коммуникациялар бар заңды және жеке тұлғалар инженерлік жүйелер мен имараттардың техникалық жағдайын үнемі бақылау керек, атап айтқанда: аумақты су басуын жібермеу, бөлінген және қорғалатын зоналардың санитарлық жағдайын бақылау, люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындары, нөсер канализацияларының торлары қатты жабылуын және дұрыс ұсталуын бақылау, жер асты жүйелерінің қатты немесе топырақпен жабылуын бақылау керек.
      26. Беткі қабаты қатты аумақтарды толық жөндеу және қалпына келтіру жүргізілген жағдайда инженерлік жүйе құдықтарының белгілерін, люктерін талап етілетін параметрге жеткізу жөндеуді тапсырушының есебінен жүргізіледі.
      27. Жер жұмыстарын орындаумен, жол қабаттарын, тротуарларды, көшелерді, алаңдарды, газондарды және жалпы пайдаланудағы басқа орындарды ашумен байланысты инженерлік коммуникациялар мен жүйелерді жөндеу қолданыстағы заңнамаға сәйкес және осы Ережелердің негізінде қаланың көркеюін, жолдарды, тротуарларды, жасыл көшеттерді сақтауға бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның болған жағдайда жүргізіледі.
      28. Инженерлік жүйелерде қалпына келтіру жұмыстарын кезексіз жүргізуді талап ететін апаттар болғанда жол қабаттарын ашу, көшелерді, алаңдарды, газондарды және жалпы пайдаланудағы басқа орындарды қазу рұқсат ресімделмей, бірақ оған уәкілетті органды хабардар ете отырып, сегіз сағат бойы және рұқсат ресімделініп жүргізілуіне болады. Тез арада жоюды талап етпейтін апаттарды жою үшін жұмыстарды жүргізуге рұқсат жалпы негіздерде алынады.
      29. Жер жұмыстары қажеттілігі негіздеме болатын ұсынылған құжаттар талданғаннан кейін жұмыстарды жүргізуге рұқсат орындаушыѓа беріледі. Ондай құжаттар мыналар болып табылады:
      рұқсат беруге өтінім;
      жұмыс жүргізілгеннен кейін учаскені қалпына келтіру жөніндегі кепілдік міндеттеме;
      жұмыс жүргізу кестесі;
      қажет болған жағдайда жасыл көшеттерді алып тастауға өтінім.
      Егер жер жұмыстары жылдың суық кезінде жүргізілген болса, рұқсат алушы бұзылған учаскені рұқсат берілген мерзімде қалпына келтіруге және оны толық қалпына келтіргенге дейін тиісті жағдайда ұстауға міндет алады. Мәселе бұзылған учаске толық қалпына келтірілгеннен кейін, мемлекеттік мекеменің тиісті қызметтері қол қойған акт болған жағдайда бақылаудан алынады.
      30. Жер жұмыстарына рұқсат алушы жұмыс басталғанға дейін келесі іс-шаралардың орындауға міндетті:
      қазылған шекараларға қоршаулар және белгіленген түрдегі ескерту белгілерін орналастыру;
      жаяу жүрушілер жүретін жерлерде өту жолдарын орналастыру және қазылған учаскеге түнгі уақытта жарық беруді қамтамасыз ету;
      нөсер канализациясы үздіксіз жұмыс істеуі үшін шаралар қолдану;
      егер жасыл көшеттер механизмдер жұмыс істейтін зонаға түссе, олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, жасыл көшеттерді қалқандармен қоршау;
      көлік жүретін жолдарды және жаяу жүрушілер жүретін жолдарды жауып тастаған кезде айналып өтетін жолдарды дайындау және оларды тиісті белгілермен белгілеу.
      31. Беті алынған асфальт және қайта себуге жарамайтын топырақ жұмыс орнынан шығарылады. Жасыл көшеттерді жермен немесе құрылыс материалдарымен, жер асты имараттары құдықтарының қақпақтарын, суағар торларын, бітелген жерлерді және басқа да абаттандыру элементтерін жабуға тыйым салынады.
      32. Жер асты жүйелері мен имараттарын бұзғаны үшін, сонымен қатар жасыл көшеттерді және абаттандыру элементтерін зақымдағаны және жойғаны үшін жауапкершілікке рұқсатты алушы (орындаушы) тартылады.
      Әр жағдайда зақым келтіргені үшін мүдделі тұлғалардыњ өкілдері қатысуымен акт құрылады, онда зақымдау себебі, оған кінәлілер, зақымды жою бойынша шаралар және оны қалпына келтіру бойынша жұмысты орындау мерзімдері көрсетіледі, сонымен қатар кінәлінің есебінен жұмысты қаржыландыру көзі шешіледі.
      33. Көшелердің көлік жүретін бөлігіндегі қазу орындарының беткі қабатын қалпына келтіру көлік жүретін бөліктің барлық ені бойы жүргізіледі.
      Инженерлік жүйелерді тротуарлар бойы салу кезінде беткі қабатты Қалпына келтіру тротуардың барлық ені бойы жүзеге асырылады.
      Қалпына келтіру жұмыстары үшін рұқсат алушы жауапты, ол учаске бақылаудан алынған сәттен бастап үш жыл ішінде егер ол қажетті болса, қазу учаскесін қайтадан қалпына келтіруі тиіс.
      34. Жер асты коммуникацияларын төсейтін жерлерде шөкпелер, беткі қабаттық ескі қабаты бұзылғандығы пайда болғанда, осы коммуникацияларды пайдаланушы кәсіпорындар және азаматтар беткі қабаттарды, оның ішінде қатты беткі қабаттарды қалпына келтіруді жүргізуге міндетті.
      35. Қала шаруашылығының бұзылған және зақымданған объектілерін қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жүргізген жағдайда қалалық коммуналдық қызметтердің күшімен барлық шығыстар жер жұмыстарына рұқсат алушының есебінен қайтарылады.
      36. Көшелер мен жолдардан беткі және топырақ суларын бөлуге арналған каналдарды, құбырларды құрғатқыштарды тазалауды, нөсер канализациясының коллекторларын, жауын сіңіргіш құдықтарды тазалауды балансында осы имараттар бар қаланың коммуналдық қызметтері жүргізеді. Аулаларда осы жұмыстарды пәтер иеленушілер кооперативі, басқа жерлерде бекітілген кәсіпорындар орындайды.

5. Қысқы уақытта аумақты тазалау ерекшеліктері

      37. Қарды тазалау қар түсісімен басталуы және оны жойғанға дейін үздіксіз жалғасуы керек. Автобус аялдамалары аумағын, көлік жүретін жол бөлігін, тротуарларды қоспағанда, қарды үйіп жинауға рұқсат етіледі.
      Көлік жүретін жолдар мен өтетін жерлерді жауып тастауға, егілген газондарға қар мен мұз жинауға тыйым салынады.
      38. Шатырлардан қарды тазалау және өрнеулердегі шөптерді жұлу жүйелі түрде тұрғын үйлер мен жалдаушылардың, тұрғын үйлерге қызмет көрсететін жеке пәтер иеленушілер кооперативтерінің күшімен жүргізіледі. Мұндай жағдайда жаяу жүрушілермен бақытсыз оқиғаларды және әуе жүйелерін, шамдарды және жасыл көшеттерді зақымдауды болдырмау үшін сақтандыру шараларын міндетті түрде сақтау керек.
      Шатырдан түсірілген қар шығарылуы тиіс.
      39. Көшелердің көлік жүретін бөлігін, алаңдарды, көпірлерді, көше қиылыстарын, көтерілетін және түсетін жерлерді құммен себуді жоспарланған тәртіпте коммуналдық кәсіпорындардың мамандандырылған қызметтері жүргізеді.
      Аула ішіндегі жаяу жүрушілер жолдарын құммен себу жеке пәтер иеленушілер кооперативтерінің күшімен немесе мамандандырылған ұйымдармен шартқа отыру арқылы жүзеге асырылады.
      40. Жерді пайдаланушылар бөлінген немесе бекітілген аумақтарда көктайғаққа қарсы іс-шаралар қарастырулары керек (қар мен мұзды ою, тайғақ жерлерге инертті материалдар себу).
      41. 15 қарашадан 15 сәуірге дейінгі кезең қысқы кезең болып табылады және барлық тазалау жұмыстары көшелерде түнгі уақытта және қар түскен уақытта жүргізілуі керек. Қарды күнделікті тазалау таңғы сағат 9-ға дейін аяқталуы тиіс.

6. Жасыл көшеттерді ұстау тәртібі

      42. Жасыл көшеттер жалпы халық игілігі, сауықтырудың маңызды факторы және қала көркі болып табылады және оларды қорғау және ұстау - әр кәсіпорынның, мекемені, ұйымның, азаматтың міндеті.
      Мәдени-сауықтыру мақсатында орман-саябақ зоналарын және басқа жасыл көшеттерді пайдалануға барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, орман ортасын және табиғи ландшафттарды ескере отырып рұқсат етіледі.
      43. Гүлбақтарды, желекжолдарды, саябақтарды, газондарды және басқа да жасыл көшет объектілерін ағымдағы жөндеу мамандандырылған кәсіпорынға, сонымен қатар бекітілген аумақтардағы заңды және жеке тұлғаларға жүктеледі.
      Жерді пайдаланушылар бекітілген аумақтардағы жасыл көшеттерді қорғауды және қайта өңдеуді қамтамасыз етуге міндетті.
      44. Құрылысқа, жер асты коммуникациялары мен инженерлік жүйелердің төсемдеріне кедергі болатын жасыл көшеттерді алып тастау немесе отырғызу қала әкімінің аппаратында бекітілген жасыл көшеттерді алып тастауға арналған акт болған жағдайда жіберіледі.
      Жасыл көшеттердің отырғызуға және алып кетуге жарамдылығын құрамында әкім аппаратының, мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері және құрылысты және имаратты жөндеуді тапсырушысы бар комиссия белгілейді.
      45. Жасыл көшеттерді алып кету және отырғызу құрылысшының күшімен жүргізіледі. Алып кетілетін жасыл көшеттерді жаңа көшеттермен айырбастау құрылысты немесе ғимаратты, имаратты, коммуникацияны жөндеуді орындаушыға жүктеледі немесе оның құрылысшымен жасалған шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын жүзеге асырады.
      46. Жұмыс жүргізу кезінде заңды және жеке тұлғалар мыналарға міндетті:
      1) жасыл көшеттерді зақымданудан қоршауға;
      2) қала жолдарын, тротуарларды, көлік жүретін жолдарды асфальттауды күшейту кезінде әрі қарай газон шөптерін еге және темір тор орналастыра отырып, диаметрі кемінде бір метр қазық орнататын шұңқыр қалдыруға;
      3) жасыл көшеттер орналасқан зоналарда жолдарды, тротуарларды және тағы басқаларды қалпына келтіру және салу кезінде азайтқанда немесе көбейткенде вертикаль белгілердің 5 сантиметрден өзгеруін жібермеу. Тамыр жүйелерін себу немесе жалаңаштаудан басқа жағдай болмағанда жобаларда жасыл көшеттердің дұрыс су жағдайын сақтау үшін құрылғы қарастыру керек;
      4) подъезд жолдарын салынып жатқан объектілерге төсеу кезінде көшеттердің орналасуын міндетті түрде ескеріп, жасыл көшеттердегі қоршауларды бұзбау керек.
      47. Жасыл көшеттері бар аумақтарда төмендегілерге тыйым салынады:
      1) құрылыс материалдарын, жерді, ағаштарды, қатты тұрмыс қалдықтарын жинауға, газондарды, гүлзарларды, қазыққа арналған шұңқырларды ластауға;
      2) газондарда жүруге, ағаштарды, бұталарды сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақым келтіруге;
      3) ағаштарды, бұталарды өз бетімен кесуге;
      4) қала әкімі аппараты қызметінің келісімінсіз қоршау жасауға;
      5) гүлдерді жұлуға, жемістерді жұлуға, мал бағуға, жануарларды қыдыртуға, топырақ, құм алуға;
      6) құрал-саймандарды (орындықтарды, қоқыс салғыштарды, қоршауларды, газон торларын және тағы басқаларды) бүлдіруге жасыл көшеттері бар аумақтарда саудаға арналған дүңгіршектерді, палаткаларды, үстелдерді, арбаларды орналастыруға;
      7) от жағуға, ағаштарға, электр ұсымдарын, тікенек сымдарды, алтыбақандарды, киім жаюға арналған жіптерді бекітуге, қолтаңба қоюға, газондарға автокөлік қоюға;
      8) жасыл көшеттерге зиян әсер етуді болдырмайтын жабдықпен қамтамасыз етілмеген жаңа және қалпына келтірілген объектілерді пайдалануға енгізуге.
      48. Тіршілікке қауіп төндіретін және апат жағдайын туындататын ағаштар мен бұталарды алып кетуді мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорын белгіленген тәртіпте келісілген жоспар бойынша шұғыл тәртіпте жүргізеді.

7. Жерді пайдаланушылардың міндеттері

      49. Жерді пайдаланушылар мыналарға міндетті:
      1) бөлінген және бекітілген аумақты, инженер жүйелерін және олардың элементтерін (құдықтарды, люктерді, торларды, тіреуіштерді, насос, шағын стансаларды және тағы басқаларды) санитарлық нормалар белгілеген тиісті санитарлық жағдайда қолдауға;
      2) қалдықтарды жинау және сақтау үшін беткі қабаты қатты алаңқайлар ұстауға;
      3) сұйық қалдықтарды жинау үшін (канализация болмаған жағдайда) санитарлық нормаларға сәйкес келетін қазылған ойықтар ұстауға;
      4) қалдықтарды шығаруды арнайы полигонда (қала қоқысында) қамтамасыз етуге;
      5) қажет болғанда өз аумағында дезинфекция, дератизация жүргізуге.
      50. Жерді пайдаланушыларға төмендегілер тыйым салынады:
      1) бөлінбеген аумақта жабдықты, ыдысты, өнімді, құрылыс материалдарын және тағы басқаларды жинауға;
      2) қала аумағында от жағуға, қоқыс, түскен жапырақтарды, бұтақ өндірістік қалдықтарды жағуға;
      3) қоршаған ортаға зиян келтіретін тазалау үдістерін қолдануға.

8. Осы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік

      51. Осы ережелерді бұзғаны үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған санкциялар қолданылуы керек.
      52. Осы Ережелердің орындалуын бақылауды оған уәкілетті органдар әрқайсысы өз құзыры шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады