Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің бір жылдық оқу тобында оқитын оқушыларды қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімиятының 2003 жылғы 21 қазандағы № 396 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 7 қарашада № 2576 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімиятының 2011 жылғы 25 наурыздағы № 200 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімиятының 25.03.2011 № 200 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес Қостанай ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай ауыл шаруашылық колледжінде бір жылдық оқу тобында жұмысшы мамандығында оқитын 25 жасөспірімдермен ойлау жүйесінің дамуында кемшіліктері бар жастарға, мектептен Қостанай ауданы әкіміндегі кәмелетке толмағандар құқығын қорғайтын комиссияның қаулысымен шығарылған және кәмелетке толмағандардың "Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі" және "Қостанай ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемелерінде есепте тұрғандары аудандық бюджет есебінен ұсталсын.
      2. Қосымша бірінші айқындаушыға сәйкес Қостанай ауыл шаруашылық колледжінде бірінші жұмысшы мамандығын алу үшін ұйымдастырылған бюджеттік бір жылдық топта оқу ережесі бекітілсін.
      3. Бір жылдық бюджеттік оқуға талапкерлерді алу үшін олардың өтініштерін қарау және оқу ақысын төлеу Қостанай ауданы әкімиятының 2002 жылғы 26 наурыздағы № 129 қаулысымен бекітілген, халықты әлеуметтік қорғау комиссиясының құзырына берілсін.
      4. Сметамен қарастырылған есеп бойынша өкілетті орган "Қостанай ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қостанай ауыл шаруашылық колледжіне осы мақсатқа бөлінген қаражатты бөлсін.
      5. 2001 жылғы 29 тамыздағы № 133 Қостанай ауданы әкімиятының "Қостанай ауыл шаруашылық колледжінде бір жылдық бюджеттік топта оқытуға төлемақы қаражатын бөлу туралы" қаулысы өз күшін жойды деп есептелсін.

      Аудан әкімі

Қазақстан Республикасы     
Қостанай облысы            
Қостанай ауданы әкімиятының
2003 жылғы 21 қазандағы    
№ 396 қаулысына қосымша    

Бірінші жұмысшы мамандығын алу үшін Қостанай ауыл
шаруашылық колледжіндегі жылдық оқу тобы туралы
ЕРЕЖЕ

      Бұл ереже Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің жылдық оқу тобында жеткіншектер мен жастарға бірінші жұмысшы мамандығын үйрететін Қостанай ауданы әкімиятымен мақсатты қаржыландыру барысында туындайтын қатынастарды реттейді:
      1. Қостанай ауыл шаруашылық колледжіндегі жылдық оқу тобын аудандық бюджет қаражатына ұстау ол әлеуметтік қорғауды керек ететін жеткіншектер мен жастарды әлеуметтік қолдау түрлерінің бірі және ондай мамандарды дайындауға ынталандыру мақсаты болып саналады.
      2. Жылдық топты қаржыландыру ол оған тегін ақшалай қаражат бөлінгені.
      3. Бір жылдық топта оқытуды қаржыландыру мөлшері Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің шығыс сметасымен анықталады.
      4. Топты жылдық оқыту шығыстарына төлемақыны "Қостанай ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы мақсатқа бөлінген бюджеттік ассигнованияға сәйкес бөледі.
      5. Бюджеттік жылдық оқу тобына Қостанай ауданының аумағында тұратын "Қостанай ауданының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде, "Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі топтың есебінде тұратын және мектептердегі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғайтын комиссиялардың қаулысы бойынша оқудан шығарылған, ойлау жүйесі жетілмеген балалар қабылданады.
      6. Арыздарды және топқа қабылдауды Қостанай ауданының әкіміндегі кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясымен бірге аудандық халықты әлеуметтік қорғау комиссиясы жүргізеді.
      7. Арызбен бірге келесі құжаттар тапсырылады: білімі жөнінде, мекен жайы, дәрігерден анықтама, тұрғын үй, тұрмыс (жағдайларын) шарттарын зерттеу актісі, қорғаншылық жөніндегі қаулы, төменгі дәрежеде қамтылған отбасы мәртебесін растайтын анықтама, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша комиссияның қаулысы, жұмыспен қамту орталығының жолдамасы.
      8. Арыздарды қабылдау, қарау мерзімдері халықты әлеуметтік қорғау комиссиясымен анықталады.
      9. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясы Қостанай ауыл шаруашылық колледжінде балалардың оқуға қатысуына, олармен оқу орнының Жарғысын сақтауға бақылау жүргізеді, талаптарын бұзғаны үшін оқушыларды оқудан шығаруға құқылы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады