2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне берiлетiн атаулы материалдық көмектiң мөлшерiн белгiлеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімиятының 2003 жылғы 31 наурыздағы № 71 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 14 сәуірде № 2150 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заң күшi бар Жарлығының 20 бабына сәйкес, Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек көрсету түрiнде 2003 жылға арналған қосымша әлеуметтiк қорғау шаралары ай сайын 230 теңге мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек көрсету жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн (қосымша).
      3. Қоса берiлiп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмектi тағайындау мен төлеудiң Ережесi бекiтiлсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Ж. Зейнеловке жүктелсiн.

      Аудан әкiмiнiң мiндетiн
      атқарушы

      КЕЛІСІЛДІ

      "Науырзым аудандық еңбек, жұмыспен
      қамту және халықты әлеуметтiк
      қорғау басқармасы" Мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы

      "Қостанай облысы қаржы Департаментiнiң
      Науырзым аудандық қаржы басқармасы"
      Мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы

      "Қазақстан Республикасы ардагерлер
      ұйымы қоғамдық бiрлестiгiнiң Науырзым
      аудандық ардагерлер ұйымы" филиалының
      төрағасы

      "Науырзым ауданы бойынша салық комитетi"
      Мемлекеттiк мекемесiнiң төрағасы

Қазақстан Республикасы   
Қостанай облысы Науырзым 
ауданы әкiмиятының       
2003 жылғы 31 наурыздағы 
№ 71 қаулысына қосымша   

Атаулы материалдық көмек
көрсету жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ

Зейнелов Қойшыбай Жұрмағанбетұлы

-

Аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы

Шаяхметова Жұлдызай Мұхатайқызы

-

"Науырзым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" Мемлекеттiк мекемесiнiң халыққа атаулы әлеуметтiк көмек бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы

Комиссия мүшелерi:

Искакова Светлана Серкешқызы

-

"Науырзым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" Мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы

Тасқымбаева Гүлнар Дәрiбайқызы

-

"Қостанай облысы қаржы Департаментiнiң Науырзым аудандық қаржы басқармасы" Мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы (келiсiм бойынша)

Тасқынбаев Есiмсейiт Ыбырайұлы

-

"Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бiрлестiгiнiң "Науырзым аудандықардагерлер ұйымы" филиалының төрағасы (келiсiм бойынша)

Ташмағамбетов Төлеген Жұмабекұлы

-

"Науырзым ауданы бойынша салық комитетi" Мемлекеттiк мекемесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)

Жиенбаева Зейнегүл Базылтайқызы

-

"Науырзым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" Мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыспен қамту мәселелерi бойынша бас маманы

Қазақстан Республикасы   
Қостанай облысы Науырзым 
ауданы әкiмиятының       
2003 жылғы 31 наурыздағы 
71 қаулысына қосымша   
қаулысымен бекiтiлген    

Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектерiне атаулы материалдық
көмектi тағайындау мен төлеудiң
ЕРЕЖЕСI

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 14 тармақшасына сәйкес әзiрлендi.

1. Жалпы ережелер

      Осы Ереже Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек көрсетудi реттейдi.

2. Атаулы материалдық көмектi
тағайындаудың Ережесi

      1. Атаулы материалдық көмек арыз негiзiнде көрсетiледi.
      2. Атаулы материалдық көмек тағайындау туралы өтiнiштi, оны алуға құқығы бар адам тұратын жерi бойынша аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасына бередi.
      3. Атаулы материалдық көмек сұраушы белгiленген үлгi бойынша атаулы материалдық көмектi тағайындау туралы арыз бередi.
      4. Атаулы материалдық көмек тағайындау туралы арызды қарауды атаулы материалдық көмек тағайындау жөнiндегi комиссия он күндiк мерзiмде жүзеге асырады.
      5. Дәлелдi себептермен атаулы материалдық көмек тағайындалмайтын болған жағдайда бұл туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабарланады.
      6. Атаулы материалдық көмек арыз берген айдан бастап есептеледi.
      7. Берiлген ақпаратты растағаны үшiн арызды қабылдаған адам толық жауап бередi. Ақша төлегеннен кейiн ақпараттың рас еместiгi, не басқа заң бұзушылық анықталса, заңсыз төленген сома, заңмен белгiленген тәртiп бойынша, кiнәлi тұлғадан өндiрiлiп алынады.

3. Атаулы материалдық көмектi төлеу

      8. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек төлеу аудандық бюджеттiң шығыстары есебiнен жүзеге асырылады.
      9. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы, комиссияның шешiмi негiзiнде, атаулы материалдық көмек тағайындалған азаматтардың тiзiмiн жасап, ай сайын қаржыландыруға аудандық қаржы бөлiмiне өтiнiм ұсынады.
      10. Атаулы материалдық көмектi төлеу, заңда белгiленген тәртiппен конкурста жеңiп шыққан, тиiстi банкiлiк операцияларды жүргiзуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң тиiстi лицензиясы бар ұжымдар арқылы жүргiзiледi.
      11. Атаулы материалдық көмектi төлеу аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының ұсынған тiзiмдерiне сәйкес жүргiзiледi.
      12. Атаулы материалдық көмек өткен ай үшiн төленедi.
      13. Атаулы материалдық көмек алушының қайтыс болған уақытынан тоқтатылады.
      14. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарынан атаулы материалдық көмек алушылардың қайтыс болу жағдайлары тiркелгенi туралы мәлiмет сұратып отырады.
      15. Аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы ай сайын зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың аудандық бөлiмiнен Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi туралы мәлiмет сұратып отырады.
      16. Төленген сомаларға бақылау ай сайын атаулы әлеуметтiк көмектi төлеудi жүргiзiп отырған конкурста жеңiп алушы мен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы арасындағы салыстыру актiлерi негiзiнде жүргiзiледi.
      17. Аудандық қаржы басқармасы атаулы материалдық көмектiң төленуiне бюджет қаражатының дұрыс бөлiнгендiгiн дәйектi тексерулердi жүзеге асырады.
      18. Құжаттардың дұрыс ресiмделмеуiне байланысты атаулы материалдық көмек заңсыз төленген жағдайда, кiнәлi лауазымдық тұлғалар заңда белгiленген тәртiппен жауап бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады