Наурызым ауданы әкімиятының резерв қаражаттарын пайдалану Тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімиятының 2003 жылғы 10 қарашадағы № 2603 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 28 қарашада № 2603 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi № 357-1 "Бюджеттiк жүйе туралы", 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 261 "Бюджеттiк жүйе туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңдарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қаражаттарын пайдаланудың Тәртiбiн бекiту туралы" қаулысына, Қостанай облысы әкiмиятының 2001 жылғы № 27 қыркүйектегi № 137 "Қостанай облысы әкiмиятының резерв қаражаттарын пайдалану Тәртiбiн бекiту туралы", мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1065, 2002 жылғы 2 желтоқсандағы № 223 Қостанай облысы әкiмиятының 2001 жылғы 27 қыркүйектегi № 137 "Қостанай облысы әкiмиятының резерв қаражаттарын пайдалану Тәртiбiн бекiту туралы" қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы", мемлекеттiк тiркеу нөмiрi 1928, қаулыларына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 31 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес, Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Науырзым ауданы әкiмиятының резерв қаражаттарын пайдалану Тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.
      3. Науырзым ауданы әкiмiнiң 2000 жылғы 28 қарашадағы № 210 Науырзым ауданы әкiмiнiң резерв қоры қаражаттарын пайдалану тәртiбiн бекiту туралы шешiмiнiң күшi жойылсын.

      Аудан әкiмi

Қазақстан Республикасы     
Қостанай облысы            
Науырзым ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 10 қарашадағы   
№ 161 қаулысымен бекiтiлген

Науырзым ауданы әкiмиятының резерв
қаражаттарын пайдалану ТӘРТIБI

      Осы Тәртiп Науырзым ауданы әкiмиятының резерв қаражаттарын бөлу және пайдалану тәртiбiн анықтайды.
      1. Науырзым ауданы әкiмиятының резервi Қазақстан Республикасының "Бюджеттiк жүйе туралы" Заңының 13 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 261 Заңымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды есепке ала отырып, тиiстi қаржы жылында қаржыландыру үшiн бекiтiлген аудандық бюджет шығындарының құрамында, аудандық бюджеттi дайындау кезiнде жоспарланбаған және тиiстi қаржы жылында тоқтаусыз қаржыландыруды талап ететiн шығындар есепке алынып жасалады.
      2. Аудан әкiмиятының резервi құрамында Қазақстан Республикасының "Бюджеттiк жүйе туралы" Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, өзге күтiлмеген шығыстарды өтеу үшiн, аудан әкiмиятының қаулысымен анықталатын сот шешiмдерi бойынша Науырзым ауданы әкiмиятының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың бағынышты ведомстволық мекемелерiнiң мiндеттемелерiн өтеуге арналған қаражаттар, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға төмен тұрған бюджеттердi кредиттеу үшiн арнаулы резерв қарастырылады.
      3. Аудан әкiмиятының резерв қаражатының мөлшерi Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы" Заңының 13 бабының 3 тармағына сәйкес, аудандық бюджет түсiмi көлемiнiң екi пайызынан аспауы керек.
      4. Аудан әкiмиятының резервiнен қаражат бөлу тиiстi қаржы жылында аудандық бюджеттiң кредиттелуi мен шығыстары құрамында осы мақсатқа бекiтiлген шамалар шегiнде аудандық қаржы бөлiмi арқылы жүзеге асырылады.
      Қаржыландыру заңнамада белгiленген тәртiп бойынша аудан әкiмиятының қаулысы негiзiнде жүргiзiледi. Онда алушы, бөлiнген қаржы көлемi және оларды пайдалану мақсаттары, сондай-ақ қаржы қайтарып алу негiзiнде берiлгенде оның беру шарттары мен қайтару мерзiмi көрсетiледi.
      5. Аудан әкiмиятының резерв қаражаттары мақсатты түрде тағайындалған және осы тәртiпте қаралмаған қажеттiлiктер мен аудан әкiмиятының резервтен қаражаттар бөлу туралы қаулысынсыз жұмсалуға тиiстi емес.
      6. Науырзым ауданы әкiмиятының аудан әкiмиятының резервiнен қаражат бөлу туралы қаулылары ағымдағы қаржы жылының соңында күшiн жояды.
      Аудан әкiмиятының пайдаланылмаған резерв қаражаттарының қалдықтары аудандық бюджетке қайтарылады.
      7. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аудан әкiмиятының резервiнен қаражат бөлу туралы өтiнiштi төтенше жағдай жөнiндегi аудандық бөлiм қарайды.
      Жергiлiктi масштабтағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар жөнiндегi аудандық бөлiм, аудандық қаржы бөлiмiне тиiстi есептеулердiң қосымшасымен бiрге аудан әкiмияты қаулысының жобасын қарауға ұсынады.
      Аудан әкiмияты қаулысының қолдау тапқан жобасын төтенше жағдайлар жөнiндегi бөлiм, белгiленген заңнамалық тәртiп бойынша, Науырзым ауданының әкiмиятына бекiтуге ұсынады.
      8. Науырзым ауданы әкiмиятының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың бағынышты ведомстволық мекемелерiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттерiн өтеу аудан әкiмиятының резерв қаражаттарының есебiнен, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда, қамтамасыз етiледi.
      Сот шешiмдерi бойынша төлеуге мiндеттi болып табылған аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган мен оның бағынышты ведомстволық мекемелерi, қолданылып жүрген заңнамада қаралған негiздерi бар болған жағдайда, көрсетiлген шешiмдер бойынша, барлық сот сатыларына шағым беруге тиiстi.
      Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган мен оның бағынышты ведомстволық мекемелерi аудандық қаржы бөлiмiне шағым берiлген сот актiлерiнiң көшiрмесiн тапсыруға тиiстi.
      Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган мен оның бағынышты ведомстволық мекемелерi өздерiнiң заңсыз қабылдаған актiлерi үшiн, сондай-ақ әкiмшiлiк басқару саласында өз қызметкерлерiнiң заңсыз әрекеттерi үшiн "әкiмшiлiк шығындар" бағдарламасы бойынша бөлiнген қаражатпен жауап бередi.
      Науырзым ауданы әкiмиятының, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен оның бағынышты ведомстволық мекемелерiнiң мiндеттерiн өтеу үшiн аудан әкiмиятының резервiнен қаражат бөлу туралы аудан әкiмияты қаулысының жобасын, заңнамада белгiленген тәртiп бойынша, аудандық қаржы бөлiмi даярлайды.
      9. Жергiлiктi бюджеттi даярлау кезiнде жоспарланбаған, басқа да көзделмеген және ағымдағы қаржы жылында кiдiрiссiз қаржыландыруды талап ететiн шығындарға аудан әкiмиятының резервiнен қаражат бөлу үшiн аудандық бюджет бағдарламаларының әкiмшiлерi негiздерi мен есептерi көрсетiлген қаржы бөлу туралы өтiнiмiн аудандық қаржы бөлiмiне ұсынады.
      Аудандық қаржы бөлiмi ұсынылған өтiнiм негiзiнде аудан әкiмиятының резервiнен қаражат бөлудiң мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытынды жасайды.
      10. Аудандық бюджет бағдарламаларының әкiмшiсiнiң өтiнiмi бойынша оң қорытынды жасалған жағдайда, аудан әкiмиятының резервiнен көзделмеген шығындарға қаражат бөлу туралы Науырзым ауданы әкiмияты қаулысының жобасын, заңнамада белгiленген тәртiп бойынша, аталған аудандық бюджет бағдарламаларының әкiмшiсi даярлайды.
      11. Ағымдағы қаржы жылында шараларды кiдiрiссiз қаржыландыруды талап ететiн мiндеттер туындаған жағдайда резервтен қаражат бөлу, басымдық тәртiппен, осы Тәртiпке сәйкес аудандық бюджетте тиiстi қаржы жылында қаралған сомалар мөлшерiнде жүзеге асырылады.
      12. Егер бюджеттi орындау кезiнде кiрiстер шығындардан асып кетсе, немесе бюджетке түсетiн кiрiс өте төмендеп кетсе, Науырзым ауданының әкiмияты аудан әкiмияты резервiнiң шығындарын секвестiрлеуге құқылы.
      13. Резервтен бөлiнген қаражатты алушылар олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы аудандық қаржы бөлiмi белгiлеген тәртiппен мерзiмiнде есеп беруге тиiстi.
      14. Аудандық қаржы бөлiмi, келiсiм бойынша, аудан әкiмиятына ай сайын резерв қаражатының жұмсалуы және оның тиiстi кезеңдегi қалдықтары жөнiнде ақпарат тапсырып отырады.
      15. Резервтен бөлiнген қаражаттың мақсатсыз жұмсалғаны үшiн, Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған тәртiп бойынша, алушы жауап бередi.
      16. Аудан әкiмиятының резерв қаражатының мақсатты түрде жұмсалуына бақылау жасау аудандық қаржы бөлiмi арқылы жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады