Екiбастұз қаласы қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Екібастұз қалалық әқімиятының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 272/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 30 мамырда N 1849 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 447/8 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 447/8 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына, 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджет жүйесi туралы" Заңына, Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 8 қаңтардағы "Облыстың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын пайдалану қағидаларын бекiту туралы" N 3/1 қаулысына сәйкес, қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң экономика мәселелерi жөнiндегi орынбасары Б.Қ.Құспековке жүктелсiн.

      Екiбастұз қаласының
      әкiмi

Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 29 сәуірдегі 
"Қаланың жергiлiктi атқарушы
органы резервiнiң қаражатын
пайдалану қағидалары туралы"
N 272/4 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын пайдалану Қағидалары

1.Жалпы ережелер

      Қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын пайдалану қағидаларында мынандай ұғымдар қолданылады:
      1) қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервi-қалалық бюджетте тиiстi қаржылық жылға көзделген және қала әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес бiр жолғы сипаттағы күтiлмеген шығындарды қаржыландыруға бөлiнетiн қаржы;
      2) көлденең шығындар-үстiмiздегi қаржылық жылы қалалық бюджеттi құрастыру кезiнде жоспарлауға мүмкiндiк болмаған және тосын жағдайда пайда болғандықтан, үстiмiздегi қаржы жылы кiдiрiссiз қаржыландыруды талап ететiн шығындар;
      3) қаланың жергiлiктi атқарушы органының мiндеттемелерiн өтеу үшiн қалалық жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң құрамындағы қаражат-қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң құрамында қарастырылған және жергiлiктi атқарушы органдардың сот шешiмдерi жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеуге жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiне бөлiнетiн қаражат;
      4) қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнiң қаражатын алушы-жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерi немесе қаланың әкiмi.
      2. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервтiк қаражатынан қаржыландырылатын күтiлмеген шығындарға келесi шаралар жатады:
      1) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою, оған енетiндер:
      төтенше жағдай туындау нәтижесiнде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      зардап шеккендер үшiн уақытша тамақтану және тұрақ пункттерiн құру және ұстау;
      апатты қалпына келтiру және апаттан құтқару шұғыл қимылдау бөлiмшелерiн қосымша құралдармен және жарақтармен, техникалық құтқару құралдарымен жабдықтау;
      төтенше жағдай аймағына күштер мен құралдарды тасымалдау;
      2) қаланың жергiлiктi атқарушы органдарының сот шешiмдерi жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеу;
      3) қала әкiмдiгiнiң қаулыларымен анықталған басқа да көлденең шығындар.

2. Қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатын бөлу мен пайдалану тәртiбi

      3. Қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнен қаражат бөлудi бұл мақсатқа сәйкес қаржылық жылға қалалық бюджеттiң шығыс құрамында бекiтiлген заңнамалармен белгiленген тәртiп пен көлемдерде жүргiзiлетiн қаржыландырылуды ашу арқылы қалалық қаржы басқармасы жүргiзедi.
      4. Қаржыландыру заңнамалармен белгiленген тәртiп бойынша қала әкiмдiгiнiң қаулысы негiзiнде жүргiзiледi, онда алушы ретiнде бөлiнетiн қаражаттың көлемi мен оларды пайдалану мақсаты, сонымен қатар қайтарылу негiзiнде бөлiнген қаражат болса, оларды беру шарты және қайтару мерзiмi көрсетiледi.
      5. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнiң қаражаты қатаң түрде мақсатты пайдаланылуға тиiстi және осы Ережелерде және қала әкiмдiгiнiң осы резервтен қаржы бөлу туралы қаулыларымен ескерiлмеген мұқтаждарға пайдаланылмайды.
      6. Қала әкiмдiгiнiң жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қаулыларын даярлағанда келесi шарттар ескерiлуi тиiстi:
      1) ағымдағы қаржылық жылы қалалық бюджетте қаржылардың бөлiнбеуi;
      2) ағымдағы қаржылық жылы қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатына қажеттiлiктiң туындауы, бiрақ оған қажеттiлiк қаланың жергiлiктi атқарушы органының сот шешiмдерi жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеу қаражаттарынан басқа жағдайда болмаса, алушының бұрынғы мiндеттемелерiмен байланысты болмауы керек.
      7. Қала әкiмдiгiнiң жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы қаулылары жыл аяқталғанға дейiн қала әкiмдiгiнiң сәйкес қаулысы негiзiнде өз күшiн жояды.

3.Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу

      8. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы өтiнiштердi қала бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма қарайды. Мұнда төтенше жағдай жергiлiктi көлемде болу керек.
      9. Беру тәртiбiн және негiздеме материалдардың тiзбесi мен есептеулердi қала бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма анықтайды.
      10. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажет болған жағдайда қала бойынша төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма заңнамамен белгiленген тәртiп бойынша қала әкiмдiгiнiң қарауына төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу туралы қаулының жобасын ұсынады.

4.Қаланың жергiлiктi атқарушы органының сот шешiмдерi жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеуге қаражат бөлу

      11. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының сот шешiмдерi жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеу соттық атқарушы құжаттар болса, қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервтiк қаражатынан қамтамасыз етiледi.
      Сот шешiмдерi бойынша төлем жасауға мiндеттi жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерi қолданылып жүрген заңнамалармен ескерiлген негiздер болған жағдайда аталған шешiмдерге барлық сот деңгейлерiне шағымдана алады.
      Жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерi заңсыз қабылданған актiлер, сонымен қатар өз лауазымды тұлғаларының әкiмшiлiк басқару саласындағы заңсыз әрекеттерi үшiн "әкiмшiлiк шығындар" бағдарламасы бойынша бөлiнген қаржы есебiнен материалды жауапкершiлiкке тартылады.
      12. Қала әкiмдiгiнiң қаланың жергiлiктi атқарушы органының сот шешiмдерi жөнiндегi мiндеттемелерiн өтеуге қаражат бөлу туралы қаулысының жобасын заңнамалармен белгiленген тәртiп бойынша жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерi даярлайды.

5.Басқа күтiлмеген шығындарды қаржыландыру

      13. Басқа күтiлмеген шығындар үшiн қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу үшiн жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерi қалалық қаржы басқармасына сәйкес негiздемелерi және есептерiмен қоса қаражат бөлу туралы өтiнiш тапсырады.
      14. Қалалық қаржы басқармасы тапсырылған өтiнiш негiзiнде қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу мүмкiндiгi немесе мүмкiн еместiгi жайлы қорытынды бередi.
      Өтiнiштi қарағанда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа да күтiлмеген шығындарды жоюға арналған қаржыларды үнемдi пайдалану мақсатында, қаржы жылы бойы қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен басқа күтiлмеген шығындарға бөлiнетiн қаражаттың сомасы әр ағымдағы тоқсанда қалалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа да күтiлмеген шығындарды жоюға ескерiлген жылдық соманың 25% аспауы керек. Мұнда қала әкiмдiгiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа да күтiлмеген шығындарды жоюға қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаражат бөлу туралы бұрын қабылданған қаулылары есепке алынады.
      15. Қорытынды қанағаттанарлық болған жағдайда жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiнiң өтiнiшiмен қала әкiмдiгiнiң табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және басқа да күтiлмеген шығындарды жою туралы қаулыны осы әкiмгер заңнамамен белгiленген тәртiп бойынша дайындайды.

6. Бақылау және есеп беру

      16. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен қаржы алушылар қаржы бөлiнгеннен кейiнгi бiр күнтiзбелiк ай iшiнде қалалық қаржы басқармасына олардың пайдалануы, көлемi және құны туралы есеп тапсыруға тиiстi.
      17. Қалалық қаржы басқармасы ай сайын қаланың жергiлiктi атқарушы органына сәйкес кезеңге қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатының пайдаланылуы және оның қалдығы туралы ақпарат тапсырады.
      18. Қаланың жергiлiктi атқарушы органының резервiнiң қаражатын мақсатсыз пайдаланғаны үшiн алушы қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiп бойынша жауапкершiлiкке тартылады.
      19. Қалалық қаржы басқармасы қаланың жергiлiктi атқарушы органы резервiнiң қаражатының мақсатты пайдалануына бақылау жасайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады