Май ауданы өкiлеттi органдарының шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген категорияларына берiлетiн әлеуметтiк көмектi тағайындау туралы

Күшін жойған

Май аудандық әкімиятының 2003 жылғы 4 қыркүйектегі N 71 шешімі. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 10 қазанда N 2072 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 04 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33, 37 бабына сәйкес, әлеуметтiк төлемдердiң дұрыс тағайындауын қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
      1. Осы шешiмнiң 1 қосымшасына сәйкес қоса берiлiп отырған азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтiк төлемдер беру үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау қағидасы (бұдан әрi - Қағида);
      Осы шешiмiнiң 2- қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген категорияларына берiлетiн әлеуметтiк төлемдердi беру жөнiндегi аудандық комиссиясының құрамы (бұдан әрi - Комиссия) бекiтiлсiн.
      2. Комиссия құрамы Заңнамаға сәйкес аудандық мәслихатқа бекiтуге ұсынылсын.
      3. Аудан әкiмiнiң 2003 жылғы 30 маусымдағы "Май ауданы өкiлеттi органдарының шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген категорияларына берiлетiн әлеуметтiк төлемдер жөнiнде комиссия құру туралы" N 56 шешiмiнiң күшi жойылсын.
      4. Осы шешiм қол қойылған күннен бастап, күшiне енедi.
      5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Ш.Закирьяновқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi

Аудан әкiмiнiң 2003 жылғы
4 қыркүйектегi   
"Май ауданы өкiлеттi 
органдарының шешiмi бойынша
азаматтардың жекелеген 
категорияларына берiлетiн
әлеуметтiк көмектi
тағайындау туралы"
N 71 шешiмiмен бекiтiлдi

Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша 51 бағдарламасы бойынша азаматтардың жекелеген категорияларына берiлетiн әлеуметтiк төлемдер туралы қағида

1. Жалпы ережелер

      Осы қағида облыс әкiмiнiң 2001 жылдың 14 қаңтардағы "Май ауданының кешендi дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы" және оны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына азық-түлiк өнiмдерi түрiнде бiр реттiк көмек ұйымдастыру және кейбiр әлеуметтiк сұрақтарын шешетiн жағдайларға ақшадай қаржы бөлудi қарастырады.

2. Жекелеген әлеуметтiк төлемдерге құқығы бар азаматтардың санаттары

      1. Жекелеген әлеуметтiк төлемдер алуға мыналардың құқықтары бар:
      1) аудан аумағындағы тұрмысы төмен отбасыларына трансферттер түрiнде қаржы бөлiнедi, яғни бұл қаржыға аталған отбасылары өздерiнiң әл-ауқатын жақсарту үшiн отбасының басқа мүшелерiнiң келiсiмiмен қара мал, қой, ешкi, шошқа төлiн, балапан, сол сияқты егiн егу үшiн тұқымдық картоп сатып алатындар;
      2) Ақсай санаториясында емдеуден өту үшiн Көктөбе-Павлодар-Алматы және Алматы-Павлодар-Көктөбе бағытындағы жол шығындарын алатын балалар;
      3) зейнеткерлер - ауданындағы халықты әлеуметтiк қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлерi - қарттар күнi қарсаңында;
      4) ең төменгi мөлшердегi зейнетақы алатын жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге 2 тонна көмiр сатып алу үшiн;
      5) көлiк шығындарын қайтару үшiн жыл iшiнде екi рет тұрғын орнынан аудан орталығы Көктөбе селосына дейiн аудан iшiнде қоғамдық көлiк; құнының 50 процентiн туберкулезбен ауыратындар көлiк шығындарын қайтару үшiн алады;
      6) ауданға арнайы шақыру бойынша келетiн медициналық қызметкерлерге, олардың ауданда жұмыс iстеуге қызығушылықтарын туғызып, әлеуметтiк жағдайларын жақсарту үшiн аудандық бюджеттен қаралған қаражат көлемiнде көмек көрсету;
      7) аз қамтамасыз етiлген зейнеткерлерге аудандық бюджеттен қаралған қаражат көлемiнде бiр мезгiлдiк жәрдемақы ретiнде трансферттер бөлiнедi;
      8) аз қамтамасыз етiлген тұрмысы төмен азаматтарға қайтыс болған жағдайда жерлеу үшiн төленедi;
      9) аудандық жұмыспен қамту бөлiмiнде тiркеуде тұрған азаматтар кенеттен қайтыс болып кеткен жағдайда, немесе төтенше жағдайларда, апат болған кезде, су тасқыны, жер сiлкiнiсi болған кездерде жылына бiр рет отбасылары жәрдемақы алуға құқығы бар.

3. Тағайындау тәртiбi

      3. Аудан аумағында тұратын тұрмысы төмен отбасылар өздерiнiң тұрғылықты жерлерiндегi аудан әкiмдерiне өтiнiш бередi. Ауыл әкiмi жергiлiктi жердегi учаскелiк комиссиямен бiрiгiп, өтiнiш берушiнiң материалдық жағдайын тексередi. Тұрмысы нашар отбасыларының тұрмыс тiршiлiгiн тексерiп, тексерiс актiсiнде толық баяндап, әлеуметтiк көмек қажет ететiн азаматтардың тiзiмiн тексерiс актiсiне және жеке салық төлеушiнiң нөмiрiн қосып, аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне тапсырады. Бөлiм комиссиясымен барлық құжаттарды қарастырып барып, әлеуметтiк төлемдердi тағайындайтын болады. Жергiлiктi жерлердегi ауыл әкiмдерi мен учаскелiк комиссия азаматтардың жеке шоттарына трансферттер түрiнде бөлiнген қаржыны дұрыс бағытта жұмсалуын қадағалайды және арнайы комиссияға толық ақпарат бередi.
      4. Аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң тапсырысы бойынша демалысқа баратын балалардың жол шығындарының төленуi тiзiм арқылы және жол билеттерiнiң сомасы негiзiнде жасалады.
      5. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан бойынша халықты әлеуметтiк қорғау органдарының бұрыңғы қызметкерлерiне - қарттар күнi қарсаңында бiр жолғы өтем-сыйақылар берiлетiн болады.         6. Аудандағы туберкулезбен ауыратын адамдарға жылына екi рет тұрғылықты жерлерiнен аудан орталығына барып қайту үшiн еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне жол шығындарын растайтын және аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң тiзiмi бойынша науқастығына байланысты құжатты табыс ету арқылы жасалады.
      7. Дәрiгер мамандарының тiзiмдерi комиссияға аудандық денсаулық сақтау бөлiмiнiң ұсынысы арқылы берiледi. Комиссия ұсынылған мамандардың ауданға қаншалықты қажетi бар екенiн талқылап қорытындысын шығарады. Комиссияның қорытындысы негiзiнде аудандық денсаулық сақтау бөлiмi құқықтық актi даярлап, аудан әкiмiне қол қоюға жiбередi. Актi қабылданған соң денсаулық сақтау бөлiмi мен дәрiгер маманның арасында жеке еңбек шарты жасалады. Дәрiгер мамандарға берiлетiн әлеуметтiк көмек, аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмi арқылы берiледi.
      8. Аз қамтамасыз етiлген зейнеткерлерге әрқайсысына берiлетiн көмек, жергiлiктi жердегi учаскелiк комиссиясына берiлген тексерiс актiсi негiзiнде берiледi.
      9. Аудан аумағында тұратын тұрмысы нашар отбасылары, егер олардың отбасыларының кiрiсi кедейшiлiк сызығынан аспаса, Қазақстан Республикасының азаматтары және белгiлi бiр кезеңге дейiн Қазақстан Республикасының азаматтығын алмағандардың да азаматтық алу процедурасынан өтеушiлер көмек алуға құқығы бар. Осындай көмек алуға 18 жасқа дейiнгi балалармен тұратын, төмен зейнетақы алатын жалғыз басты азаматтардың да құқығы бар. Әлеуметтiк жәрдемақы алуға тiлек бiлдiрушiлер учаскелiк комиссия төрағасы болып табылатын ауыл әкiмiнiң атына өтiнiш бередi. Ауыл әкiмi учаскелiк комиссиямен жәрдемақы алуға мұқтаж адамдардың материалдық жағдайын анықтап, аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне ұсыныс жасайды. Сонымен қатар өтiнiш берушiлер мен учаскелiк комиссия құжаттарының дұрыстығына және жалған ақпарат болмауына қР Заңнамасына сәйкес толық жауап бередi.

4. Әлеуметтiк төлемдер нормативi

      10. Әлеуметтiк көмектi қажет етушiлерге, аз қамтамасыз етiлген отбасыларының мүшелерiне ауыл әкiмiмен келiсiм бойынша жеке тұлғаларға трансферттер түрiнде қаржы қаралады.

5. Тұрмысы нашар өте мұқтаж отбасыларына төлемi тәртiбi

      11. Трансферттер түрiнде жеке тұлғаларға бөлiнген қаржы қазпочта аудандық бөлiмi арқылы шоттарға аударылады.

6. Есеп және есеп беру

      12. Тұрмысы нашар отбасыларына әлеуметтiк бiр мезгiлдiк төлемдердi,атап айтқанда, осы ереженiң пункттерiнде көрсетiлген тағайындау, есеп және есеп берудi жүргiзудi аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмi жүргiзедi. Жағдайды анықтау, алғашқы құжаттарды жинау және тiркеу, құжаттардың дұрыстығын тексеру жұмыстарын селолық округтер жанындағы мемлекеттiк әлеуметтiк көмектiң берiлуiн қарайтын және тағайындайтын учаскелiк комиссия жүзеге асырады.
      13. Селолық округ жанындағы учаскелiк комиссия тұжырымына сәйкес барлық бiрiншi құжаттар аудандық еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау бөлiмiне берiледi, есеп және есеп беру бөлiмi аудандық бюджеттен бөлiнген қаржы туралы есептi жүргiзедi және бағдарламаның орындалғаны туралы жоғары органдар алдында есеп бередi. Сондай-ақ қаржының толық игерiлгенi және дұрыс жұмсалғаны туралы жауап бередi.

Аудан әкiмiнiң 2003 жылғы
" 4 " қыркүйектегi
"Май ауданы өкiлеттi
органдарының шешiмi бойынша
азаматтардың жекелеген
категорияларына берiлетiн
әлеуметтiк көмектi
тағайындау туралы"
N 71 шешiмiне 2 қосымша

Аудандық өкiлеттi органдардың шешiмi бойынша азаматтардың жекелеген категорияларына берiлетiн әлеуметтiк төлемдер ретiнде көмек көрсету жұмысы комиссияның құрамы

Закирьянов Амангелдi Шаймарданұлы

- аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы

Комиссия мүшелерi:

Рахметова
Салтанат

- аудандық мәслихаттың депутаты (келiсiм бойынша)

Мұсапов
Ерлан Қозы-Көрпешұлы

- аудандық әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң бастығы

Қоңыржанов
Әсет Бөркенұлы

- экономика бөлiмiнiң бастығы

Жанғазинов
Қадылбек Сембайұлы

- аудандық қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi

Солтанбаев
Қанат Қисымұлы

- аудандық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары

Сағынтаева
Рымгүл Қалелқызы

- аудандық денсаулық сақтау бөлiмi бастығының мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады