Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау жөнiндегi комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Май аудандық әкімиятының 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 190/15 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 23 желтоқсанда N 2170 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 151/6 қаулысымен.

      Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау, есебiн жүргiзу, қалпына келтiру, пайдалану және күтiмiн қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы  жергiлiктi  мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 15, 17 тармақшаларына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарих және мәдениет ескерткiштердi қорғау жөнiндегi комиссиясы құрылып, заңнамаға сәйкес құрамы аудандық мәслихатқа бекiтуiне ұсынылсын.
      2. Комиссияның ережесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А.Закирьяновқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi Т.Мүбәраков

Аудан әкiмдiгiнiң   
2003 жылғы "9" желтоқсандағы
"Тарихи және мәдени ескерткiштердi
қорғау жөнiндегi комиссиясын
құру туралы" N 190/15    
қаулысымен бекiтiлдi   

Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау жөнiндегi комиссиясының ЕРЕЖЕСI

1. Жалпы ережелер

      1. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жанындағы комиссия (бұдан қарай - комиссия) аудан әкiмдiгi жанындағы тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң қорғауы мен күтiмiн қамтамасыз ету үшiн, iс-әрекетiн жүзеге асырушы кеңесшi консультативтiк - орган болып табылды.
      2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi N 241-II "Қазақстан Республикасындағы, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы", Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 56-1 "Мәдениет туралы", Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шiлдедегi N 1488-ХII (1995 жылғы 5 қазанында өзгерiстер, толықтырулар енгiзiлдi) "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына, өкiлеттi және атқарушы органдардың нормативтiк-құқықтық актiлерiне, сол сияқты осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

2. Комиссияның мiндеттерi мен өкiлеттiгi

      3. Комиссия жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың қарауына мынадай ұсыныстар енгiзедi:
      1) тарихи-мәдени мұралар объектiлерiн анықтау, есебiн жүргiзу,қорғау, қалпына келтiру және пайдалану;
      2) тарихи-мәдени құндылықтарға және жергiлiктi маңызы бар тарихи-мәдени ескерткiш статусын белгiлеу;
      3) тарих және мәдениет ескерткiштерiн бұзу, көшiру немесе қалпына келтiру мәселелерi;
      4) барлық дәрежедегi ескерткiштерге қауіп төндiретiн iс-әрекеттерге тиым салу;
      5) жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiнен объектiлердi шығарып тастау;
      6) ауданның экономикалық, әлеуметтiк даму жоспарларына жергiлiктi маңызы бар ескерткiштерге есеп жүргiзу, қорғау және қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу бойынша шаралар әзiрлеу;
      7) тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын мемлекет меншiгiндегi ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру;
      8) тарих және мәдениет ескерткiштерi бойынша әр-түрлi зерттеулер, жобалау және қалпына келтiру жұмыстарын өткiзу;
      9) архитектуралық, және құрылыс қызметтерiне тиым салынатын немесе шектелетiн аумақтарға ерекше реттеу шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      4. Комиссия Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте және оның құзырына кiретiн мәселелер бойынша құқылы:
      1) аудандағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға байланысты мәселелер жөнiнде сәйкес органдарға ұсыныс енгiзуге;
      2) қалпына келтiру және тарихи, археологиялық-архитектуралық құрылыстарды және ескерткiштердi пайдалану процессiнде ұйымдармен кеңес беру жұмыстарын өткiзуге;
      3) комиссияның құзырына жататын мәселелер жанында заңды және жеке тұлғаларға қажеттi мәлiметтер беруге;
      4) тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану мәселелерi бойынша жергiлiктi органдар мен ұйымдардың жауапты өкiлдерiн, ауданның сарапшы және жұмысшы топтарының басшыларын комиссия мәжiлiсiнде тыңдауға құқылы.

5. Комиссия қызметiн ұйымдастыру

      5. Комиссия мәжiлiсi қажеттiлiк шамасына қарай өткiзiледi және егер барлық мүшелерiнiң үштен екiсi қатысса, құқылы болып саналады.
      6. Комиссия шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады, егер көпшiлiк дауыс соған берiлсе, қабылданған болып есептеледi.
      7. Дауыстар тең түскенде, комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiрге құқұғы бар, оны бiлдiретiн жағдайда жазбаша түрде беруге тиiс.Өткiзiлген комиссия мәжiлiсiнiң қорытындысы бойынша мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерiнiң қолдары қойылған хаттама жазылады. Оған қосымша, мәжiлiсте қаралған құжаттар немесе материалдар тiгiледi.
      8. Аудандық мәдениет бөлiмi комиссияның жұмысшы органы болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады