Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 28.02.2012 N 63/2 қаулысымен.
Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк басқару органдардың ұстау шығындарын белгiлеу мақсатында және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi "Бюджеттiк жүйе туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 17 тармақшасына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ауданның бюджет жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссия құрылып, заңнамаға сәйкес құрамы аудандық мәслихатқа бекiтуiне ұсынылсын.
2. Ауданның бюджет жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссиясының тұрақты ережесi бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Закирьяновқа жүктеледi.
Аудан әкiмi Т. Мүбәраков
Аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы "9" желтоқсандағы
"Ауданның бюджет жобасын
қалыптастыру жөнiндегi
бюджеттiк комиссиясының
тұрақты ережесiн бекiту туралы"
N 189/15 қаулысымен бекiтiлдi
Ауданның бюджет жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссиясының тұрақты ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер
1. Аудан бюджет жобасын қалыптастыру жөнiндегi бюджеттiк комиссия (бұдан әрi - бюджеттi комиссия) консультативтiк-кеңестiк орган болып табылады.
2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, тағы да басқадай заңды, нормативтiк құқықтық актiлер және осы Ереже құрайды.
2. Комиссияның негiзгi мақсаты
3. Комиссияның қызметiнiң негiзгi мақсаты жергiлiктi бюджет жобасының тиiстi қаржылық жылға уақытты және сапалы әзiрлеуiн қамтамасыз ету және жергiлiктi бюджеттiң бекiтулi мен орындалуы жөнiндегi ұсыныстар жасау болып табылады.
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен қызметтерi
4. Негiзгi мiндеттерi:
1) жергiлiктi бюджет жобасының көрсеткiштерiн тиiстi қаржылық жылға қарау және анықтау;
2) аудан бюджетiнiң орындалу анализін жасау;
3)жергiлiктi бюджеттiң тиiстi қаржылық жылға бекiтiлуi жөнiнде ұсыныс жасау;
5.Мынадай қызметтердi iске асырады:
1) алдағы үш жылдық мерзiмге жергiлiктi бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi;
2) жергiлiктi бюджет түсiмдерi;
3) жергiлiктi бюджет тапшылығы;
4) ағымдағы қаржылық жылдың басындағы жағдай бойынша жергiлiктi бюджет бағдарламалары жөнiндегi жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң жоспарлы қаржылық жылдағы кредиторлық қарызын жою көлемi;
5) аудандық бюджет бағдарламаларының әкiмгерлерiнiң бюджеттiк тапсырысы жөнiндегi комиссияның жұмысшы органының қорытындыларын шығарады;
4. Бюджеттiк комиссияның өкiлеттiгi
6. Бюджеттiк комиссия өкiлетi:
1) өзiне қажетi ақпаратты бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiнен, басқару органдарынан өз құзырына енетiн сұрақтар бойынша басқадай органдардан сұрауға;
2) комиссияның мiндетiн iске асыру жөнiнде жергiлiктi атқарушы және мемлекеттiк органдармен жұмыс жасауға;
3) комиссияның жұмысын iске асыру жөнiнде, жергiлiктi атқарушы және мемлекеттiк органдардың басшыларын, комиссия мәжiлiсiне шақыру және оларды тыңдау;
4) заңнамаларда белгiленген тәртiптерге сәйкес өз өкiлеттiгiне қарай 7 басқадай iс шараларды өткiзуге.
5. Комиссияның құрамын және қызметiн ұйымдастыру
7. Комиссияның құрамы:
1) комиссия төрағасы;
2) комиссия төрағасының орынбасары;
3) комиссияның жұмысшы органы аудандық қаржы бөлiмi болып табылады;
8. Жоспар-кiрiспе жұмысын комиссия белгiлейдi.
9. Комиссия мүшелерiнiң көпшiлiгi қатысса, шешiм қабылданған болып саналады.Комиссия мүшелерi шешiм қабылдаған кезде бiр дауысқа ие болады.
10. Комиссия шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады.Шешiм хаттамамен рәсiмделедi.