Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесiн дамыту Бағдарламасы мен Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы тұрғын үй құрылысы туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 1/186 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 7 сәуірде N 523 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі N 3/885 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 08.07.2006 N 3/885 қаулысымен (01.09.2006 бастап күшіне енеді).

                    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 шiлдедегi N 1014 "Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту туралы"  қаулысын , II сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 2002 жылғы 19 қыркүйектегi ХIХ сессиясының " Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесiн дамыту Бағдарламасы мен Тұжырымдамасын бекiту туралы" және 2001 жылғы 25 мамырдағы "Кепiл қоры туралы Ереженi бекiту туралы" шешiмдерiн және Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 14 қазандағы N 5/655 қаулысын орындау мақсатында Алматы қаласының Әкiмшiлiгi қаулы етедi:

      1. Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесiн дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi үйлестiру кеңесi құрылсын, осы кеңестiң құрамы мен оның қызметiнiң ережесi бекiтiлсiн (N 1, N 2 қосымшалар).

      2. Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жұмысын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн ( N 3 қосымша).

      3. Кепiл қорын құрастыру үшiн коммуналдық меншiк ғимараттарының тiзбесi бекiтiлсiн (N 4 қосымша) және оны Алматы қалалық Мәслихаты келесi сессиясында келiсуге ұсынсын.

      4. Алматы қаласында ипотекалық тұрғын үй құрылысының өкiлеттi органы болып Күрделi құрылыс департаментi (М.Ш.Серғазин) анықталсын.

      5. Күрделi құрылыс департаментi (М.Ш.Серғазин) үйлестiру кеңесiнiң бекiтуiне ипотекалық несиелеу жолдарын енгiзу үшiн Алматы қаласындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттардың тiзбесiн бекiтсiн.

      6. Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2003 жылғы 24 ақпандағы N 1/108 "Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесiн дамыту Бағдарламасы мен Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясындағы тұрғын үй құрылысы туралы қаулысы" күшiн жойды деп танылсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Қ.Е.Жаңбыршинге жүктелсiн.

       Алматы қаласының
      Әкiмi

      Әкiмшiлiк хатшысы

       Алматы қаласы әкімшілігінің
2003 жылғы 1 сәуірдегі
N 1/186 қаулысына
N 1 қосымша

Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесiн
дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi
үйлестiру Кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ

1.

Қозы-Көрпеш Есiмұлы
Жаңбыршин

-

Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы

Комиссия мүшелер i:

2.

Рамазан Маймақұлы
Маймақов

-

Алматы қалалық экономика жөнiндегi комитет

3.

(келiсiм бойынша)

-

Алматы қалалық Мәслихаты

4.

Леонид Иванович
Никоноров

-

Алматы қалалық коммуналдық меншiктi басқару департаментi

5.

Мазан Шайдахметұлы
Серғазин

-

Алматы қалалық күрделi құрылыс департаментi

6.

Римма Шәкiратқызы
Исабаева

-

Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң заң бөлiмi

7.

Сұлтан Қабиұлы
Баймағамбетов

-

Алматы қалалық сәулет және қала құрылысы департаментi (келiсiмi бойынша)

8.

Абай Есболұлы
Сапаров

-

Алматы қалалық жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет (келiсiмi бойынша)

Кеңестiң атқарушы органы

9.

Талғат Болатұлы
Жайсаңбаев

-

"Алматы жылжымайтын мүлiгi" жабық акционерлiк қоғамы

Алматы қаласы әкімшілігінің
2003 жылғы 1 сәуірдегі
N 1/186 қаулысына
N 2 қосымша

Алматы қаласында ипотекалық несиелеудiң дамыту
жүйесiнiң бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi
ҮЙЛЕСТIРУ КЕҢЕСI ТУРАЛЫ
ЕРЕЖЕ 1. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1. Осы Ереже үйлестiру Кеңесiнiң (бұдан әрi  Кеңес) Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесiн дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi оның қызметiн, құқықтарын және мiндеттерiн, сондай-ақ Кеңес мүшелерiнiң Кеңестiң Атқарушы органы арасындағы қызметтiк қарым-қатынасын жұмыс барысында реттейдi.
      1.2. Кеңес Алматы қаласы Әкiмшiлiгi жанындағы қадағалаушы және ақыл-кеңес берушi орган болып табылады, бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылған, сондай-ақ Алматы қаласында мүлiктiк пұлдардың бағдарламасын жүзеге асыруды құрастыру бөлiгiндегi Кепiл қорын иеленудегi ерекше құқықтарға ие болады.
      1.3. Кеңес бағдарламаны жүзеге асырудың барысында оны жүзеге асыру жолында ведомствоаралық және ведомствосалалық ынтымақтастықты үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
      1.4. Кеңес Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң департаменттерi мен комитеттерiнiң өкiлдерiнен тұрады және Кеңестiң атқарушы органы болады (бұдан әрi  Атқарушы орган).
      1.5. Кеңестiң құрамына экономика комитетi тұлғасында сараптау, талдама жасау органы кiредi.
      1.6. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңы актiлерiне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 шiлдедегi N 1014 "Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы ретiндегi дамуы туралы"  Қаулысына , Алматы қаласының 2003-2010 жылдарға арналған дамуының мемлекеттiк  бағдарламасына , II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 2002 жылғы 19 қыркүйектегi ХIХ-сессиясының "Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесiн дамыту Тұжырымдамасы мен Бағдарламасын бекiту туралы"  шешiмiне , сондай-ақ II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты 2001 жылғы 25 мамырдағы Х-сессиясының "Алматы қаласындағы кепiл қоры туралы Ереженi бекiту туралы"  шешiмiне, Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң 2002 жылғы 14 қазандағы N 5/655 қаулысына, сондай-ақ осы Ережеге сай жүзеге асырады.
      1.7. Кеңестiң құрамын Алматы қаласының Әкiмi анықтайды және бекiтедi.

   2. ҮЙЛЕСТIРУ КЕҢЕСIНIҢ МIНДЕТТЕРI

      2.1. Кеңеске мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) бағдарламаны жүзеге асыруға қажеттi басым мiндеттер мен шаралар жоспарын анықтау және бекiту;
      2) бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты сараптау бағалауды өткiзу және инвестициялық жобалар мен бизнес-жоспарларды бекiту;
      3) қаржы көздерi бағдарламасын жүзеге асыруға қажеттi және оны тарту мақсатында Алматы қаласының Кепiл қоры тұрғысында мүлiктiк пұлдарды құрастыру және пайдалану;
      4) Атқарушы органның қызметiндегi басым бағыттарды анықтау;
      5) бағдарламада көзделген ипотекалық институтты дамыту жоспарын даярлау және бекiту;
      6) ипотекалық несиелеу жүйесiн дамытудағы құқықтық және экономикалық жұмыс жүйесiн әзiрлеудi басшылыққа алу, Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң ақпараттық тасқындарымен танысуға мүмкiндiк алуға, сондай-ақ Атқарушы органның жұмысын қамтамасыз ету үшiн нормалық-техникалық құжаттармен танысуға;
      7) алдағы тұрған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру барысында салааралық және ведомствоаралық қол жеткiзген нәтижелердi қарау;
      8) Алматы қаласында ипотекалық несиелеудi дамыту жүйесiнiң бағдарламасы мен жобаларын жүзеге асырудағы шығындар сметасын бекiту;
      9) ипотекалық несиелеу жүйесiн дамыту саласындағы заң және нормалық-құқықтық актiлердi қажетiне қарай даярлау және оған ұсыныс енгiзу.
      2.2. Бағдарламаны жүзеге асыруға қажеттi қаржы ресурстарын тарту мақсатында Кеңес мүлiктiк пұлдарды құрастыру бөлiгiнде Алматы қаласындағы Кепiл қорын иелену мiндетiн атқарады.
      2.3. Кеңес Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң осы бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған қаулыларынан туындайтын басқа да мiндеттердi жүзеге асырады.

   3. КЕҢЕСТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ӨКIЛЕТТIГI

      3.1. Кеңес Алматы қалалық Мәслихаты бекiткен Алматы қаласының Кепiл қоры туралы Ережеде анықталған Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң құзыретi шегiнде Алматы қаласының Кепiл қоры ғимараттарының қатарынан құрастырылған мүлiктiк пұлдарды иеленуде ерекше құқықтарға ие.
      3.2. Кеңес Алматы қаласының Кепiл қорын пайдаланудағы қаржы ресурстарын тартудағы мақсатты қажеттiлiгiн анықтау жөнiндегi құқыққа ие болады.
      3.3. Кеңес акционерлiк және жауапкершiлiктегi қоғамдардағы мемлекеттiк үлестердi тарату бойынша олардың қатысушыларының келiсiмiмен белгiленген заң тәртiбiнде ұсыныс енгiзе алады.

   4. ҮЙЛЕСТIРУ КЕҢЕСIНIҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      4.1. Кеңестi төраға басқарады.
      4.2. Төраға Кеңестiң қызметiне басшылық етедi және оның мәжiлiсiне төрағалық етедi, жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiн жүзеге асыруға жалпы бақылауды атқарады.
      4.3. Кеңестiң мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай тоқсанына бiр рет өткiзiледi.
      4.4. Кеңестiң мәжiлiсi Кеңес төрағасының ұйғарымымен немесе Атқарушы органның ұйғарымымен шақырылады.
      4.5. Кеңес мүшелерi Кеңестiң мәжiлiсiн тағайындау туралы хабарламаны оны өткiзу алдында үш күн бұрын хабарлайды. Өте шұғыл жағдайларда Кеңес мәжiлiсi жедел шақырылуы мүмкiн.
      4.6. Кеңес мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн Атқарушы орган Кеңес мүшелерiне мәжiлiс алдында он бес күнтiзбелiк күн бұрын жариялайды. Мәжiлiс өтер алдында он күн бұрын төраға құжаттамаларды әзiрлеудiң мерзiмiн анықтайды.
      4.7. Кеңес төрағасы немесе оның тапсырысымен Кеңестiң бiр мүшесi Кеңестiң мәжiлiсiн шақырады, оның жұмысын ұйымдастырады, оның барысына төрағалық етедi, мәжiлiстiң хаттамасын жүргiзудi ұйымдастырады.
      4.8. Кеңес мәжiлiсi егер оған Кеңес мүшелерiнен сайланған тең жартысы қатысқанда ғана құқықты болып есептеледi.
      4.9. Кеңес сырттан дауыс беру жолымен (сұрастыру жолымен) шешiм қабылдай алады.
      4.10. Кеңес мәжiлiсi оған қатысушылардың көпшiлiк дауысымен шешiм қабылдайды. Мәселенi шешудi Кеңес мәжiлiсiнде Кеңестiң әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие болады. Кеңес мүшесiнiң бiр дауысы келесi Кеңес мүшесiнiң дауысына өтпейдi.
      4.11. Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тең болған жағдайда, Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
      4.12. Кеңес мәжiлiсiнде хаттама жүргiзiледi, ол он күн бұрын құрастырылады.
      4.13. Кеңес мәжiлiсiнiң хаттамасына мәжiлiске төрағалық етушi қол қояды, ол хаттаманың дұрыс жазылуына жауапкершiлiкте болады.
      4.14. Хаттамада мыналар көрсетiледi:
      1) Кеңес мәжiлiсiнiң өткiзiлетiн орны мен уақыты;
      2) мәжiлiсте талқыланатын мәселелер;
      3) мәжiлiске қатысушы Кеңес мүшелерiнiң жеке құрамы;
      4) мәжiлiске қатысушылардың сөздерiнiң негiзгi ережелерi;
      5) дауысқа түскен мәселелер мен оның қорытындылары;
      6) Кеңес қабылдаған шешiмдер.
      Хаттамада басқа да қажеттi мәлiметтер болуы мүмкiн.
      4.15. Кеңес хаттамасының мәжiлiсi он бес күн өткеннен кейiн Кеңес мүшелерiне, төраға бекiткен тiзiм бойынша өзге мүдделi ұйымдарға, Кеңес мәселелерiнiң шешiмiне құзыреттi мемлекеттiк органдарға жiберiледi.
      4.16. Кеңес оның қызметiне қатысты мәселелердi зерттеу үшiн жұмыс топтарын құра алады.
      4.17. Кеңестiң бағдарламалар мен жобаларды бекiту, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ оны жүзеге асырудағы жоспарлар ортақ шешiм негiзiнде қабылданады.
      4.18. Кеңестiң Кеңес жұмысын ұйымдық қамтамасыз ету, оның кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн құрастыру және хаттама жобаларын әзiрлеу төрағаның тапсырмасы бойынша Атқарушы орган жүзеге асырады.

   5. ҮЙЛЕСТIРУ КЕҢЕСI МҮШЕЛЕРIНIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
МЕН МIНДЕТТЕРI

      5.1. Кеңес мүшелерiнiң құқықтары:
      1) Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң мөрi басылған және Кеңес төрағасы қол қойған сенiмхат негiзiнде Кеңес мүшесi басқа ұйымдармен, кәсiпорындармен, мемлекеттiк органдармен, мекемелермен өзiн өкiлдейдi;
      2) Кеңес тапсырмасын жүзеге асырудағы Атқарушы органның қызметiне қатысты мәлiметтердi алады.
      5.2. Кеңес мүшелерi өз мiндеттерiне адамгершiлiкпен қарауға мiндеттi.

   6. КЕҢЕСТIҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫ

      6.1. Кеңестiң Атқарушы органы осы Ережеге сай қызметiн жүзеге асырады, Кеңестiң жұмыс органы болып табылады және Кеңес бекiткен бағдарламалар мен жоспарларды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.
      6.2. Атқарушы органның  құзыретiне Кеңестiң қарайтын мәселелерiн әзiрлеу және даярлау кiредi, оған қоса:
      1) бағдарламаны жүзеге асырудағы басым мiндеттердi құрастыру және дамыту;
      2) Кеңес бекiткен Ережеде анықталған инвестициялық жобаларды, бағдарламаларды және бизнес-жоспарларды оларды сараптауды бағалауды өткiзгеннен кейiн әзiрлеу;
      3) Алматы қаласының Кепiл қоры ғимараттарының мониторингiсi қатарынан мүлiктiк пұлдарды құрастыру және пайдалану;
      4) бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi өзiне қабылдаған мiндеттердi орындауды қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардың iс қимылдарын үйлестiрудегi ұсынымдамаларды әзiрлеу;
      5) Кеңес мәжiлiсiнiң материалдарын әзiрлеу, оларды Кеңес мүшелерiне тарату және Кеңес жұмысын қамтамасыз етуге қажеттi көлемде iс қағаздарын жүргiзу;
      6) бағдарламаны жүзеге асыруға қатысушылардан олардың ескертпелерi мен ұсыныстарын жинастыруды ұйымдастыру және Кеңес мәжiлiсiнде қаралатын шаралар мен жоспарлардың және бағдарламалардың орындалатын материалдары мен есептi құжаттарын жинау.
      6.3. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында талдамалар мен болжамдардың негiзiнде мәжiлiс алдында он күн бұрын Атқарушы орган мына жұмыстарды атқарады:
      1) инвестициялық жобалар жөнiндегi ұсыныстарды;
      2) техникалық-экономикалық есептердi;
      3) Кеңес бекiткен шараларды құжаттамалық ресiмдеудi.
      6.4. Кеңес берiлген ұсыныстар, техникалық-экономикалық есептер жобасы бойынша тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн Атқарушы орган инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты қажеттi шараларды орындайды.
      6.5. Негiзгi мiндеттердi жүзеге асыру барысында және өз қызметтерiн орындауда Атқарушы органның құқықтары:
      1) өзiнiң жеке қаражаты есебiнен қажеттi жағдайларда Кеңестiң құзыретiне қатысты материалдарды әзiрлеу үшiн ғалымдарды және жоғары бiлiктi мамандарды тартады;
      2) өзiнiң қызметiн жүзеге асыру барысында мемлекеттiк органдармен және өзге мүдделi ұйымдармен бiрлесiп қызмет атқарады;
      3) мемлекеттiк органдардан және өзге мүдделi ұйымдардан өз мiндеттерiн жүзеге асыруға қатысты қажеттi мәлiметтер алады;
      4) атқарушы органдардың ақпараттық көрсеткiштерiмен жұмыс атқарады;
      5) Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Ережеге сай басқа мiндеттердi жүзеге асырады.

        Алматы қаласы әкімшілігінің
2003 жылғы 1 сәуірдегі
N 1/186 қаулысына
N 3 қосымша

Алматы қаласында ипотекалық несиелеу жүйесiн
дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы
ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Ретт iк нөм iр i Шаралардың аталуы Орындалу мерз iм i Жауапты орындаушы
1.

Кеп iлд қорын   құрастыру



1.1
 
 
 
 
 
 
 
                  1.2
    1.3

Кепiл қорының құрамына енгiзiлген коммуналдық меншiк ғимараттарының қажеттi тiзбесiн даярлау және олардың нақты нарықтық бағасын бағалауды өткiзу үшiн қала бюджетiнен тиiстi қаражаттарды белгiлеу.

Алматы қалалық Мәслихатының "Кепiл қорының құрамына енгiзiлген коммуналдық меншiк ғимараттарының тiзбесiн бекiту туралы" шешiмiнiң жобасын даярлау.

Кепiл қорының құрамына енгiзiлген Алматы қалалық коммуналдық меншiк ғимараттарының қорлық есебiн жүргiзу.

2003 жылдың 

1 тоқсаны

үйлестiру Кеңесi; 

Алматы қалалық Коммуналдық меншiктi басқару департаментi; "Алматы Жылжымайтын мүлiгi" жабық акционерлiк қоғамы

2.

Бағдарламаның қалпына сай ипотека бойынша
  үлг шарттарды  даярлау



2.1. 2.2.
 
 
        2.3.

Үлгiлiк шарттарды даярлау және бекiту:
Несиелiк;
Кепiл (ипотекалық);
Қаржылық лизингтiк;
Қорлық есептiк;
Iскерлiк құрылыс жүргiзушiлермен өзара қарым-қатынастық;
Басқа да аялық құжаттамаларды.

Алматы қаласында ипотекалық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi үлестiру Кеңесiнiң Ережесiн;

Әдiлет органдарынан ұсынымдама алу.

2003 жылдың

1 тоқсаны

   Экономика жөнiндегi комитет; "Алматы Жылжымайтын мүлiгi" жабық акционерлiк қоғамы; Күрделi құрылыс департаментi

3.

Төлем i бар заемшыларды бағалау жұмыстарын қалыпқа келт iру



3.1.

Төлемi бар заемшыларды бағалау қалыптарын анықтау үлгiсiнде "Қазақстандық ипотекалық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамымен осыларды пайдалануда келiсiмдер жүргiзу.

2003 жылдың 

1 тоқсаны

Үйлестiру Кеңесi;

Экономика жөнiндегi комитет; "Алматы Жылжымайтын мүлiгi" жабық акционерлiк қоғамы

4.

Бағдарламаның шеңбер iнде ипотекалық н арықты тұрақты дамытуды реттей-
т нарықтық жолдар мен
  әд iстер жүйес әз iрлеу



4.1. 4.2.

Тұрмысы төмен тұрғындардың бөлiгiне ипотекалық несиелеудi қаржыландыру немесе/және құрылысты жүргiзудiң жүйесiн қосу және енгiзу мәселесiн даярлау.

Кепiл қорының нарықтық жолдарын әзiрлеу:

Тұрғын үйлердi жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды бiрiншi кезеңде ынталан-дыру жолында қаржыландыру лизингi арқылы (бұдан әрi сатып алу алдындағы жалға беру) және одан кейiн ипотекалық несиелеу;

Ипотекалық несиелеу бойынша пайыз-дық өсiмдердiң алғашқы жарналарының мөлшерiн оңтайландыру;

Тұрғын үй құрылысы мәселесiндегi мүдделi құрылымдық құрылыс компания-ларымен өзара қарым-қатынас жасау;

Тәуекел қаржыландыруды сақтандыру жұмыстарын жүзеге асыру.

2003 жылдың 

1-2 тоқсаны

Экономика жөнiндегi комитет; "Алматы Жылжымайтын мүлiгi" 

жабық акционерлiк қоғамы; "Қазақстан ипотекалық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы

5.

Жерг iкт i және республикалық органдармен б iрлес iп жұмыс атқару



5.1.
 
 
 
          5.2.
 
 
 
 
 
              5.3.

Кейбiр жекелеген банкiлiк жұмыстарды жүзеге асыруда рұқсат алуға Қазақстан Республикасының ұлттық банкiне өтiнiмдеме беру.

Бiрлескен бағдарламаларды жүзеге асырудағы өзара бiрлесiп тәжiрибе алмасуда "Қазақстандық ипотекалық компания" жабық акционерлiк қоғамымен ортақ келiсiмге келу.

Ипотекалық несиелеудi дамытуға қатысты заң актiлерiн ықшамдауда Алматы қалалық Әкiмшiлiгiнiң мүдделi құрылымдарын қатыстыру.

2003 жылдың

1 тоқсаны
 
 
 
 
 
 

            Тұрақты

Экономика жөнiндегi комитет; "Алматы Жылжымайтын мүлiгi" жабық акционерлiк қоғамы

6.

Ипотекалық несиелеу жүйес дамыту бағдарлама сын жүзеге асыру үш қаржыландыру көздер анықтау



6.1.
    6.2.
    6.3.

Құнды қағаздарды (ипотекалық облигацияларды) және эмиссияланбаған берешек мiндеттердi (жай вексельдердi) қолдану және пайдалану.

Iшкi облигациялық заемдардың қалалық бағдарламасын әзiрлеу және бекiту.

Қазақстан Республикасы ұлттық банкiнiң ұсынымдамаларын алу.

2003 жылдың
2-3 тоқсаны
 
 
 
 

        2003 жылдың
4 тоқсаны

Үйлестiру Кеңесi;
Экономика жөнiндегi комитет; "Алматы Жылжымайтын мүлiгi" жабық акционерлiк қоғамы

7.

Арнайы ипотекалық бағдарламалар



7.1.

Барлық мүдделi құрылымдармен бағдарламаны жүзеге асыру шеңберiнде ипотекалық жолдарды пайдаланудың бағдарламаларын және республикалық арнайы тұрғын үй бағдарламаларының шеңберiнде жұмыс атқару.

Тұрақты

Алматы қалалық Күрделi құрылыс департаментi; "Алматы Жылжымайтын мүлiгi" жабық акционерлiк қоғамы

8.

Ипотекалық несиелеудi 
енгiзу барысында тұрғын үйдi дамытуға құнды және сұранымды талаптарды болжау



8.1.

Мыналарды өткiзу:
Осы жұмыстарды атқарудағы Алматы тұрғын үй нарқындағы сұранымдарға талдама жасау;
Ипотекалық несиелеу кестелерiн және дайын тұрғын үйлердi жүзеге асырудағы тиiстi өзгерiстердi қолдана отырып болжау.


    Тұрақты


  Үйлестiру Кеңесi; Алматы қалалық Күрделi құрылыс департаментi; "Алматы Жылжымайтын мүлiгi" жабық акционерлiк қоғамы

Алматы қаласы әкімшілігінің
2003 жылғы 1 сәуірдегі
N 1/186 қаулысына
N 4 қосымша

Алматы қаласының ипотекалық несиелеу жүйесiн
дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы Кепiл
қорына енгiзiлген кәсiпорындар мен
коммуналдық меншiк ғимараттарының
тiзбесi 1. Мемлекеттiк үлесi заңды тұлғалардың тiзбесi

N Заңды тұлғаның аталуы Жарғы лық капитал
(мың 
теңге)
Мемлекеттiк қатысу

%- бен

ақшалай түрде
мың теңге АҚШ мың доллар
мен

1

"Қазнедра" ашық акционерлiк қоғамы

21 493,0

100,00

21 493,0

138,7

2

"Алматы құрылыс және менеджмент" жабық акционерлiк қоғамы

20 748,5

100,00

20 748,5

133,9

3

"Қазкинокомплект" ашық акционерлiк қоғамы

844,0

90,00

759,6

4,9

4

"Жайлау" Компаниясы"
жабық акционерлiк қоғамы

2 300,0

70,00

1 610,0

10,4

5

" N 8 автобус паркi" ашық акционерлiк қоғамы

578 055,0

49,00

283 247,0

1 827,4

6

"ҚАУ" жабық акционерлiк қоғамы

130 935,0

49,00

64 158,2

413,9

7

"Алматыжылукоммун-
энерго" ашық акционерлiк қоғамы

82 655,0

38,78

32 053,6

206,8

8

"Iскер" ашық акционерлiк қоғамы

51 689,0

25,00

12 922,3

83,4

9

"Өнiм сапасын сынау орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

1 000,0

25,00

250,0

1,6

10

"Жетiсу" ашық акционерлiк қоғамы

13 900,0

16,30

2 265,7

14,6

11

"Көктөбе" ашық акционерлiк қоғамы

17 047,0

13,00

2 216,1

14,3

12

"Алматы ликер-арақ зауыты" ашық акционерлiк қоғамы

15 177,0

12,88

1 954,8

12,6

13

"Рахат" Қазақстан-Австрия бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамы

6 395 000,0

11,40

729 030,0

4 703,4

14

"Бахус" ашық акционерлiк қоғамы

210 164,0

11,28

23 706,5

152,9

15

"Алматықалабезендiру" ашық акционерлiк қоғамы

20 909,9

9,64

2 015,7

13,0

16

"Монтажмаманқұрылыс" жабық акционерлiк қоғамы

6 000,0

7,26

435,6

2,8

ЖИЫНТЫҒЫ

7 567 917,4


1 198 866,5

7 734,6

  2. Коммуналдық меншiк нысандарының тiзбесi


Аталуы Мекен -жайы Ескерту

1

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бұрынғы ғимараты

Қабанбай батыр к., 126


2

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бұрынғы ғимараты

Қабанбай батыр к., 95


3

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң бұрынғы ғимараты

Төле би к., 67

ерекше есепте

4

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұрынғы ғимараты

Желтоқсан к., 89


5

Алматы қаласы бойынша Жылжымайтын мүлiк орталығының ғимараты

Төле би к., 155


6

"Алматы" қонақ үйiнiң ғимараты

Қабанбай батыр к., 85

ерекше есепте

7

Бұрынғы темекi фабрикасы

Мақатаев к., 117



          Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады