Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 “Халыққа мемлекеттік нақты әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы” қаулысының N№2 қосымшасына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 26 мамырдағы N 2/319 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 18 маусымда N 534 тіркелді

      Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 5/870  қаулысымен .
_______________________________________

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 2001 жылғы 17 шілдедегі " Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына сәйкес Алматы қалалық Әкімшілігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
        1.   Алматы қаласы Әкімшілігінің   2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы"  қаулысының N 2 қосымшасына (Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда тіркелген, "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде 2002 жылдың ақпан айында жарыққа шыққан Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылы 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) Алмалы аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Александр Иванович Братенков - аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы;
      Зауре Бақтыбайқызы Ақмұрзина - аудандық білім бөлімінің бас маманы;
      осы құрамнан шығарылсын:
      Ж.Б. Бозжігітова, С.Б. Бегасылов.
      2) Әуезов аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Талғат Ибрагимұлы Абдуллаев - Дружба қалалық үлгідегі кенттің жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы;
      Қонысбай Құралбайұлы Дүйсенов - Шаңырақ 1,2,3 ықшам аудандарының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы;
      Сағатолла Үсенбайұлы Таубалды - Шаңырақ 3,4 ықшам аудандарының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы;
      осы құрамнан шығарылсын:
      Ж.Т.Баймұханов, М.К. Бұзаубеков, Е.К. Балтабаева,  И.М. Халықов, Б. Шайхина.
      3) Медеу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
      Қайрат Рүстемұлы Садыбеков - аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары;
      Майгүл Сатылғанқызы - аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығының тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы;
      осы құрамнан шығарылсын:
      Ж.Х. Ыбыраев, Б.М. Джексембаев.

       Алматы қаласының
      Әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады