Шағын бизнесті дамытуда мемлекеттік қолдау мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің, орындалуы және есеп берудің түрлерін (мерзімдік және жылдық) жүргізу бойынша қаржының тәртіптер жиынтығының Ережелерін бекіту туралы" қаулысын орындау жолында, Алматы қаласының Әкімшілігі, қаулы етеді:
1. Шағын кәсіпкерлік субъектісін қаржы-құқықтық қолдау жөніндегі Комиссияның Ережесі мен құрамы бекітілсін. (N 1, N 2 қосымшалар).
2. Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 21 маусымдағы N№3/410 "Шағын кәсіпкерлік субъектісін қаржы-құқықтық қолдау жөніндегі комиссия құру туралы", Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 20 ақпандағы N 1/92 "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржы-құқықтық қолдау жөніндегі Комиссия құру туралы", Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-08/4237 "Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржы-құқықтық қолдау жөніндегі комиссия құру туралы", қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Қ.Е.Жаңбыршинге жүктелсін.
Алматы қаласының
Әкімі
Әкімшілік хатшысы
Алматы қаласы Әкімшілігінің
2003 жылғы "22" мамырдағы
2/310 қаулысына N 1 қосымша
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржы-
құқықтық қолдау жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
1. Жаңбыршын Қозы-Көрпеш Комиссия төрағасы,
Есімұлы Алматы қаласы
Әкімінің орынбасары
2. Тұржанов Серік Комиссия хатшысы,
Әбдіқалиұлы Алматы қаласы
Әкімінің жанындағы
шағын бизнес
Департаментінің директоры
Комиссия мүшелері:
3. Васильева Лариса Алматы қалалық
Александрқызы Экономика жөніндегі
Комитеттің төрайымы
4. Нұрпейісов Қуаныш Алматы қалалық салық
Қалиұлы комитетінің төрағасы
5. Тохтасунов Әлімжан Алматы қалалық қаржы
Имтахунұлы басқармасы бастығының
бірінші орынбасары
6. Пірімбеков Марат Алмалы ауданы Әкімінің
Үсенұлы бірінші орынбасары
7. Жұмабеков Дәрмен Әуезов ауданы Әкімінің
Әмірұлы орынбасары
8. Сәпиев Бақытжан Бостандық ауданы
Шаймұхамбетұлы Әкімінің орынбасары
9. Гриненко Олег Жетісу ауданы Әкімінің
Петрұлы бірінші орынбасары
10. Салқымбаев Әкімжан Түрксіб ауданы Әкімінің
Әбдірахманұлы бірінші орынбасары
11. Сәтбаев Рыскелді Медеу ауданы Әкімінің
Ахметқалиұлы бірінші орынбасары
Әкімшілік хатшысы
Алматы қаласы Әкімшілігінің
2003 жылғы "22" мамырдағы
N 2/310 қаулысына N 2 қосымша
Қала бюджетінің қаражатынан және осы мақсаттарға көзделген басқа көздерден несиелеу үшін Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржы-құқықтық қолдау жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N№3398 "Шағын кәсіпкерлікті дамыту оның белсенділігін арттырудағы мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сай әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты қайта бөлудегі Комиссияның құқығын анықтайды.
2. Комиссияның мақсаты мен міндеттері
2.1. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мына қызметті жүзеге асырады:
1) жеңіл несиенің тәртібін, шартын, мерзімін бекітеді;
2) қалалық бюджеттің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектісіне берілетін жеңілдетілген несиенің пайызын анықтайды;
3) қалалық бюджеттің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін несиенің мөлшерін ұлғайту мәселесін қарастырады /Қазақстан Республикасы теңгесінің Америка Құрама Штаттар долларына бағамы бойынша/.
2.2. Берілетін несие бекіткен мөлшерден асатын жағдайда, Алматы қаласы Әкімшілігінің қаулысымен әр жоба бөлек қаралып несиелендіріледі.
3. Комиссия құқығы
3.1. Шағын бизнес Департаменті берген тапсырылған кәсіпкерлер жобасын қарап шығып шешім шығарады:
1)берілген несиені бақылау мәселесі бойынша;
2)шағын кәсіпкерлік субъектілерінің займ жобаларының сомасы белгіленген мөлшерден асқан жағдайда.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
4.1. Комиссияны оның қызметіне басшылық ететін төраға басқарады.
4.2. Комиссияның құрамы Алматы қаласы Әкімінің қаулысымен бекітіледі.
4.3. Комиссия шешімі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болады. Егер де комиссия мүшесі Комиссия қабылдаған шешіммен келіспесе онда өзінің ойын білдіреді.
4.4. Комиссия мәжілісін қажетіне қарай екі айда бір рет өткізеді.
4.5. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.
Әкімшілік хатшысы