Алматы қаласының 2003 жылға арналған "Алматы қаласында қалың бұқара топтары үшiн тұрғын үй салудың" жергiлiктi инвестициялық жобасын қаржыландыруға муниципиалдық облигация шығару жолымен шеттен қаражат алып пайдалану туралы

Күшін жойған

ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХVIIІ сессиясының 2003 жылғы 29 қыркүйектегі шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 29 қазанда N 561 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХ сессиясының 2009 жылғы 29 шілдедегі шешімімен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХ сессиясының 2009.07.29 шешімімен.

       Қазақстан Республикасы Конституциясының 86 бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi " Бюджеттiк жүйе туралы" N 357-I, 1999 жылғы 2 тамыздағы " Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдендiрген шеттен алу мен қарыз алу туралы" N 464-I, 2003 жылғы 2 шiлдедегi " Бағалы қағаздар рыногы туралы" N 461-2, 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148-II Заңдарына және Алматы қаласы әкiмiнiң ұсынысына сәйкес, сондай-ақ Алматы қаласының қалың бұқара топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында, II-шi шақырылған Алматы қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI :
      1. Алматы қаласының 2003 жылға арналған "Алматы қаласында қалың бұқара топтары үшiн тұрғын үй салу" жөнiндегi жергiлiктi инвестициялық жобасы бекiтiлсiн (N 1 Қосымша).
      2. Алматы қаласының 2003 жылға арналған жергiлiктi инвестициялық жобасын қаржыландыруға шеттен қаражат алып пайдалану шеттен алу мен қарыз лимитiнiң белгiленген шегiнде 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерiнде Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк эмиссиялық қағаздарын Қазақстанның қор рыногiне шығару және орналастыру арқылы жүзеге асырылсын.
      3. Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк эмиссиялық қағаздарын шығаруға және орналастыруға байланысты Алматы қаласының 2003-2004 жылдарға арналған бюджетiнде 21 000 000 (жиырма бiр миллион) теңге мөлшерiнде шығыс сомасы белгiленсiн.
      4. Алматы қаласы жергiлiктi атқарушы органының мемлекеттiк эмиссиялық қағаздарының сыйақысы мен өтемiн төлеуге байланысты Алматы қаласының 2004-2008 жылдарға арналған бюджетiнде секвестрлеуге жатпайтын шығыстар бабы белгiленсiн.
      5. Кепiлдiк қорының құрамы мақұлдансын (N 2 Қосымша).
      6. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау экономика және өндiрiстi дамыту мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия (А.И. Шелипанов) мен Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсiн.
 

        II сайланған Алматы қалалық
      мәслихаты кезектен тыс
      ХХVIII сессиясының төрағасы
 
            II сайланған Алматы қалалық
      мәслихатының хатшысы

Кезектен тыс шақырылған
Алматы қалалық мәслихаты
ХХVIII сессиясының
2003 жылғы 29 қыркүйектегi
шешiмiне N 1 Қосымша

Муниципиалдық облигация шығару жолымен
шеттен қарыз алу есебiнен қаржыландырылатын
Алматы қаласының 2003 жылға арналған
ЖЕРГIЛIКТI ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ

"Алматы қаласының қалың бұқара
топтары үшiн тұрғын үй салу" Алматы, 2003 жыл

КIРIСПЕ

      Алматы қаласының 2003 жылға арналған жергiлiктi инвестициялық жобалары 2006 жылға дейiнгi кезеңге арналған Алматы қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 10 ақпандағы N 1019 Жарлығымен бекiтiлген Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi мен бағыттарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 14 сәуiрдегi "Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған Шаралар жоспарын бекiту туралы" N 356 Қаулысына , 2004-2006 жылдарға арналған Алматы қаласын әлеуметтiк-экономикалық дамытудың Индикативтiк жоспарына негiзделген. Бұл құжаттарда қаланы дамытудың мынадай басымдықтары айқындалды:
      - қолда бар өндiрiстiк басымдылықтарды тиiмдi пайдалану негiзiнде барлық салалар бойынша нарықтық бәсекелестiкке қабiлеттi өнеркәсiп өнiмдерiнiң тұрақты дамуының қамтамасыз етiлуi.
      - инновациялық қызметтi дамыту.
      - қаланы аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту үшiн қажеттi жағдайлардың жасалуы.
      - сауданы, көлiктi, байланысты, туризм индустриясын және халыққа көрсетiлетiн басқа да қызметтердi дамытудың өскелең қарқынының қамтамасыз етiлуi.
      - адамдар әл-ауқаты деңгейiнiң артуы.
      Алматы қаласының жергiлiктi инвестициялық жобасы жергiлiктi атқарушы органдар шеттен алатын қаржыларды экономиканың маңызды салаларын инвестициялауға тиiмдi пайдалану талаптарына сәйкестендiрiлiп жасалды.
      Жергiлiктi инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөнiндегi маңызды мiндеттердiң бiрi Алматы қаласының орташа топтағы азаматтарының қажеттiлiгiн өтей алатын орташа топтағы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру болып табылады. Жүргiзiлген зерттеулер баспананың нақ осы түрiне сұраныстың көп екендiгiн көрсеттi.
      Бұл құжатты жасаудағы мақсат жоғарыда аталған жобаны қаржыландыруды Алматы қаласы атқарушы органдарының муниципиалдық облигацияларын шығару жолымен қамтамасыз ету болып табылады.

1. Алматы қаласындағы жалпы экономикалық
жағдайға талдау

      Алматы қаласы Республикалық маңыздылығы бар қала мәртебесiне ие. Оның қызметiн реттеу республиканың ғылыми, мәдени, тарихи, қаржы орталығы ретiндегi ерекшелiктерi ескерiле отырып, оның тиiмдi дамуына кепiлдiк беру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Заңы негiзiнде жүзеге асырылады.
      Алматы қаласына инвестициялық қызығушылық басым, оның орталық-азия аймағындағы озық бағытын баянды ету үшiн экономикалық және ресурстық әлуетi қомақты, соңғы бiрнеше жылдар бойы қала тұрақты экономикалық өрлеу сатысында келедi. Осыған орай, континенттiк мәнi бар мегаполис ретiндегi Алматының ролiн арттыру бүкiл инфрақұрылым мен тiршiлiктi қамтамасыз ету жүйелерiн дамыту мен модернизациялау бұдан да өскелең қарқынмен жүргiзiлуге тиiс.
      Қаланың экономикалық жағынан ойдағыдай дамып келе жатқандығын Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының төмендегi негiзгi көрсеткiштерiнен және 2003-2006 жылдарға арналған болжамдардан пайымдауға болады:

Көрсеткiштер

2002ж

2003ж

     Болжам 

2004ж

2006ж

есеп

баға

2004ж

2005ж

2006ж

2003ж %

2003ж %

өнеркәсiп өнiмдерiнiң көлемi -  барлығы,млрд.теңге
(қол-ы бағамен) Оның iшiнде:
-өңдеу өнеркәсiбi

-электр энергиясы, газ және су өндiрiсi және тарату


 
 
 

      112,2
 
 
 
 

        103,2
 
 

    8,9


 
 
 

      122,6
 
 
 
 

        112,6
 
 

    9,9


 
 
 

      138,5
 
 
 
 

        127,8
 
 

    10,7


 
 
 

      155,6
 
 
 
 

        144,4
 
 

    11,1


 
 
 

      174,2
 
 
 
 

        162,5
 
 

    11,6


 
 
 

      107,0
 
 
 
 

        107,4
 
 

    102,1


 
 
 

      123,3
 
 
 
 

        125,0
 
 

    103,2

Қаржыландыру-
дың барлық көздерi есебiнен негiзгi қорға
құйылатын инвестиция млрд. теңге
Оның iшiнде мынадай қаражаттар есебiнен:
-жергiлiктi бюджеттен     -республика
лық бюджеттен
кәсiпорындар
дан, ұйымдардан және халықтан
-шет ел инвесторлары
нан


 
 
 
 
 
 

            137,2
 
 
 
 

        7,2
 

  2,1
 
 
 

      126,3
 

  1,6


 
 
 
 
 
 

            162,5
 
 
 
 

        3,9
 

  4,7
 
 
 

      152,1
 

  1,8


 
 
 
 
 
 

            179,6
 
 
 
 

        7,1
 

  10,0
 
 
 

      160,7
 

  1,8


 
 
 
 
 
 

            184,8
 
 
 
 

        8,8
 

  10,5
 
 
 

      163,6
 

  1,9


 
 
 
 
 
 

            189,0
 
 
 
 

        8,8
 

  11,0
 
 
 

      167,2
 

  2,0


 
 
 
 
 
 

            110,6
 
 
 
 

        181
 

  2,1е
 
 
 

      105,7
 

  102,8


 
 
 
 
 
 

            116,3
 
 
 
 

        2,2е
 

  2,3е
 
 
 

      109,9
 

  116,5

Қаржыландыру
дың барлық көздерi есебiнен тұрғын үйлердi пайдалануға беру, мың ш.м.

266,1

300,0

330,0

363,0

392,0

110,0

130,7

Экономикамен айналысатын
дар саны
мың адам

509,3

519,0

529,4

539,2

544,0

102,0

104,8

Экономикалық жағынан белсендi халық
мың адам_____

563,3

569,0

578,6

586,1

590,7

101,7

103,8

Жұмыссыздар саны,
мың адам

54,0

50,0

49,2

46,9

46,7

98,4

93,4

Экономикалық белсендi халыққа шаққандағы жұмыссыздық  деңгейi, % __

9,6

8,9

8,5

8,0

7,9

-

-

Орташа айлық кесiмдi жалақы мөлшерi
мың теңге

25971

29861

34043

37509

41184

114,0

137,9

Өткен жылғымен салыстырғандағы нақты жалақының индексi,  %_________

106,8

108,0

108,1

104,9

104,7

-

-

Кедейшiлiк шегiнiң өлшемi, теңге

2041

2218

2381

2455

2565

105,4

115,6

Кедейшiлiк шегiнен төмен деңгейде өмiр сүретiндер саны
мың адам

18,8

15,0

12,0

9,6

7,3

80,0

48,7

Әлеуметтiк және атаулы көмектерге жұмсалған жергiлiктi бюджет шығындары, млн. теңге

405,6

516,9

661,1

754,1

887,1

127,9

171,6

Бюджетке түсетiн түсiмдер, млдр.теңге___

148,8

164,5

155,3

163,0

169,7

94,4

103,2

Алматы қаласы өнеркәсiп саласының жағдайы

      Өнеркәсiп секторында өндiрiстi дамытудың тұрақты жағдайы қалыптасқан, бұған кәсiпорындарды мемлекеттiк және аймақтық қолдау шаралары себеп болды. Бұл шаралар негiзiне салыққа (2003 жылы қосымша құн салығы 16% төмендетiлдi, жер салығы инвестициялық жеңiлдiкке ие), кеденге жеңiлдiк беру, импорттарды алмастыру, өндiрiстердi жаңарту, әлемдiк деңгейде сапа жүйесiн енгiзу алынған.
      Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2002 жыл бойы өнеркәсiп саласында алға басушылық байқалады, ал қала бойынша физикалық көлем индексiнiң деңгейi республика бойынша тұтас алғандағы көрсеткiштен асып түстi.
      2002 жылы қала кәсiпорындары 112,2 млрд. теңгенiң өнеркәсiп өнiмдерiн өндiрдi, бұл өткен жылғы деңгейден 10,6% артық.
      Кәсiпорындардың қаржылық жағдайларының жақсаруы олардың техника мен технологияларды реконструкциялау және енгiзу iсiмен айналысуына, өнiмнiң жаңа түрлерiн игерулерiне ықпал еттi. Импорт алмастырудың республикалық бағдарламасының енгiзiлуi өндiрiстiк қызметтi жандандыруға жаңа леп бердi. Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесiнде қаланың өнеркәсiп кәсiпорындары 2003 жылғы 6 айдың iшiнде 3759,7 млн. теңгеге келiсiм шартқа отырды, жалпы сомасы 2796,5 млн. теңгенiң өнiмдерi сатылды.
      2003 жылдың қаңтар - мамыр айларында қалада 47 млрд. 263 млн. теңгенiң өнеркәсiп өнiмдерi (шағын, қосалқы кәсiпорындарды, үй шаруашылықтарын қоса есептегенде) өндiрiлдi, мұның өзi өткен жылдың осы кезеңiндегi деңгеймен салыстырғанда 9,7%  артық. Iрi және орташа кәсiпорындар бойынша өнеркәсiп өндiрiсiнiң физикалық индексi 2003 жылдың 6 айы iшiнде 2002 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 109,7% құрады.
      2003 жылдың бiрiншi жартысындағы кiрiс көздерiнiң түсiмi жоспардағы 27769,4 млн. теңгенiң орнына 29440,4 млн. теңгенi немесе 106% құрады. Жоспардан тыс 1671 млн. теңге алынды. Алты айдың iшiндегi нақты түсiм жыл бойы жоспар бойынша түсуге тиiс 51,8% орнына 54,9% болды. Кiрiс көздерiнiң жиналмалығы өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 6061,8 млн. теңгеге өстi.
      Бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң асыра орындалуына бiрiншi кезекте қаланың өнеркәсiп өндiрiсiндегi өнiм өндiрудiң тұрақтануы әсер еттi деген ойдамыз.
      Шығыс бойынша бюджеттiң орындалуы 2003 жылдың бiрiншi жартысында 30509,4 млн. теңгенi (бюджеттiк алымды қоса есептегенде) немесе айқындалған жоспардың 94,6% құрады, оның iшiнде:
      - басқару органдарына - 508,1 млн. теңге немесе 69,6%;
      - төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма мен құтқару қызметiне - 34,4 млн. теңге немесе 65,2%;
      - мемлекеттiк өртке қарсы қызмет басқармасына - 177,5 млн. теңге немесе 96,9%;
      - iшкi iстер бас басқармасына - 764,5 млн. теңге немесе 92,6%;
      - бiлiм беруге - 4058,5 млн. теңге немесе 90,6%;
      - денсаулық сақтауға - 2619,4 млн. теңге немесе 94,6%;
      - әлеуметтiк қамсыздандыруға және әлеуметтiк көмекке - 1014,9 млн. теңге немесе 84,3%;
      - мәдениетке, спорт пен ақпараттық кеңiстiкке - 808,8 млн. теңге немесе 92,5%;
      халық шаруашылығына - 6464,7 млн. теңге немесе 91,4%.
      Бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң сапалы орындалуы 2003 жылдың бiрiншi тоқсанында еңбек ақы мен жұмыс берушiлердiң жарналарын, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдердi толық қамтамасыз етуге мүмкiншiлiк жасады, коммуналдық қызмет, тамақтану және дәрi-дәрмектер жөнiндегi шығындар толық қаржыландырылды.

Қала инфрақұрылымының жағдайы

      Алматы-автомобиль, темiр жол және әуе қатынастарының iрi тораптары шоғырланған жер, мұнда 2 темiр жол бекетi, әуежай, 2 iрi автобекет орналасқан. Республиканың көлiк саласында автомобиль тасымалына түсетiн салмақтың бестен бiр бөлiгiн, әуе тасымалының үштен бiр бөлiгiн қала қамтамасыз етедi.
      Қаланың iшкi көлiктiк инфрақұрылымы ұзындығы 1462 шақырымдық 525 автокөлiктiк көшелерден тұрады. Автожолдар желiсiнде 93 автожолдарының, 73 жаяу жүргiншiлер көпiрлерi, 5 жол өткелдерi мен 20 жер асты өткелдерi бар. Қалада жолдар салу мен жөндеу жөнiндегi жұмыстар ойдағыдай жүргiзiлуде.
      Қалада мамандандырылған 45 автокөлiк кәсiпорны (заңды тұлғалар) жұмыс iстейдi. Сегiз автопарк көпшiлiк пайдаланатын автокөлiк бередi, олардың алтауы - жеке меншiкте, екеуi - сенiмдiк басқаруда. Қалған 37 тасымалдаушылар - меншiктiң жеке түрiндегiлер.
      Сонымен қатар халық тасымалымен үш троллейбус паркi және трамвай депосы айналысады, олардың қарамағында мемлекеттiк муниципиалдық көлiк түрлерiне жататын 222 троллейбус пен 57 трамвай бар.
      2002 жылы тасымалды жүзеге асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар 5749,6 тонна жүк тасымалдады, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 16,7% артық. Жүк тасымалдау көлемiнiң құрылымына көз жiбере отырып, көлiктiң барлық түрлерi бойынша көрсеткiштiң өскендiгiн көремiз: әуе көлiгiнде - 73,5%, автокөлiкте - 34,8%, темiр жолда - 5,0%.

Тұрғын үй кешенiнiң жағдайы

      Халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту мен құрылысы аяқталмаған нысандар санын азайту бағытында белгiлi жұмыстар атқарылды. Жыл сайын әкiм аппараты құрылыс жөнiнен шаралар жоспарын жасап, кейiннен конкурстық негiзде басқа құрылыс салушыларға беру үшiн бiтпеген нысандарды коммуналдық меншiкке өткiзу тәжiрибесi қолданылуда.
      Осындай жұмыстардың нәтижесiнде қаладағы құрылысы аяқталмаған тұрғын үйлер көлемi 1996 жылғы 626 мың шаршы метрден 2002 жылы 93 мың шаршы метрге дейiн кемiдi.
      Жалпы тұрғын үй құрылысына қаржыландырудың барлық көздерiнен 2002 жылы 8482,3 млн. теңге (2001 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 171,8%) берiлдi. Пайдалануға 26661 мың шаршы метр тұрғын үй (1921 пәтер) берiлдi, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 110,5% құрайды. Жеке құрылысшылардың қаржысы есебiнен 145,8 мың шаршы метр баспана пайдалануға берiлдi, ол жалпы тұрғын үй көлемiнiң 54,8%  құрайды. Ал жалпы республикалық көлемнiң Алматы қаласы 17,1% қамтиды.
      Осындай жағдай 2003 жылы да сақталуда. Алдын ала болжам бойынша, жыл аяғына дейiн 300 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлуi керек, бұл 2002 жылға қарағанда 12,7% артық.
      Құрылысты дамыту iсiндегi негiзгi проблема сейсмикалық талаптарға сай келмейтiн және ескi үйлердiң әлi де көп болуына байланысты туындап отыр. Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 41,4 мың адам зәру, оның 5,8 мыңы жеңiлдiктi пайдалану құқығы барлар.

Инвестиция

      Алматы қаласы инвестициялық қызығушылық туғызатын аймақ ретiндегi абыройын нығайта түсуде. Халықаралық Fitch (London) рейтингтiк агенттiгi 2003 жылғы 25 маусымда шет елдiк және жергiлiктi валютадағы ұзақ мерзiмдi рейтингтi "ВВ" деңгейiне дейiн көтерiп, жағымды болжам жасады. Шет елдiк валютадағы қаланың қысқа мерзiмдi рейтингi "В" деңгейiнде қалды. Қала рейтингi өскелең экономиканы, бюджеттiк баланстардың оңды көрсеткiштерiн, қарыздың аздығын, Бюджеттiк кодексте көрiнiс тапқан жергiлiктi билiк органдарының бюджеттiк кiрiстерiне тұрақтылық беруге деген республикалық орталықтың ниетiн сипаттайды.
      2002 жылы негiзгi капиталға шаққандағы инвестиция көлемi 137,2 млрд. теңгенi немесе 2001 жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 110,2% құрады. Республикалық көлемдегi аумақ үлесi 11,5% құрайды.
      Iрi және орташа шаруашылық субъектiлерi 87,5 млрд. теңгенi (қарқын - 129,7%) игердi. Қаржыландырудың негiзгi көзi кәсiпорындар мен ұйымдардың өз қаражаттары болып табылады - ол 76,6 млрд. теңгеге тең (жалпы көлемнiң 87,6%), шет ел инвестициясы 1,6 млрд. (жалпы көлемнiң 1,8%), республикалық және жергiлiктi бюджеттерден түскен қаржы 9,3 млрд. (10,6%) теңгенi құрады.
      Негiзгi капиталдағы инвестицияның салалық құрылымдарындағы шығындардың жоғары деңгейi көлiк пен байланыс, қозғалмайтын мүлiкпен операция жасау және сауда салаларында қалыптасты. Негiзгi капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемi 2003 жылдың 6 айы iшiнде 40 млрд. 537,8 млн. теңгенi құрады, бұл салыстырмалы бағамен есептегенде 2002 жылдың осы кезеңiне қарағанда 8,4% артық. Қаланың кәсiпорындары мен ұйымдары игерген негiзгi капиталдағы инвестиция үлесi республикалық көлемнiң 12,9% құрайды. Бұл орайда, инвестицияның технологиялық құрылымындағы шығындар үлес салмағының басым бөлiгiн машиналар, құрал-жабдықтар, саймандар мен мүлiктер сатып алуға (66,1%), үйлер мен ғимараттар салу және жөндеу жөнiндегi жұмыстарға (32,6%) жұмсалған қаражаттар құрайды.
      Соңғы жылдары әлеуметтiк сала нысандарын салуға қаржылардың көптеп түсуiне қарамастан, республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыруды қажет ететiн тағы да бiрқатар нысандар бар. Олардың қатарына үйлер мен ғимараттарға, мәдени-тарихи ескерткiштерге сейсмикалық жағынан төзiмдiлiк жұмыстарын жүргiзу; жаппай жеке құрылыс жүрiп жатқан аудандарда инженерлiк коммуникациялар салу; қаланың мөлтек аудандарындағы тұрғын үй секторын реконструкциялау; энергетикалық кешен нысандарын салу жатады.
      Ойдағыдай игеру үшiн Алматы қаласының атқарушы органдарына шеттен қаржы алып берiлген, қатарында "Қала көлiгiн дамыту (МАН автобустары)", "Виртген АГ" жол жөндеу техникасын сатып алу", "Бошунг Мекатроникс Гмб" жол техникасын сатып алу" сияқты және басқа да жобалар бар Алматы қаласының борыш салынған портфелiнiң құрылымындағы инвестициялық жобалардың барлығы әлеуметтiк мәнi зор және тiршiлiктi жақсартуға бағытталған шара болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау

      Алматы қаласы елiмiздiң халық көп шоғырланған iрi орталығы болып табылады. Алайда қаланы физикалық-географиялық ерекшелiктер мен экологиялық талаптарды ескермей дамыту оның аймағындағы экологиялық тепе-теңдiкке нұқсан келтiруi ықтимал.
      Жыл сайын әуе бассейнiне 160 мың тоннадан астам ластағыш заттар шығарылады, оның 80% ұшпалы заттар. Соңғы 10 жылдың iшiнде автомобильдер саны екi есе өсiп, 210 мың бiрлiкке жеттi. 2002 жылы қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттардың мөлшерi 151,8 мың тоннаға, жылжымайтын көздерден шығатыны 11,2 мың тоннаға жеттi.
      Қаланы сумен қамтамасыз ету жер асты және Үлкен Алматы (30,6%) мен Кiшi Алматы (3,2%) өзендерiнiң сулары есебiнен жүзеге асырылады. Табиғи нысандардан таза су тарту 2002 жылы 266,4 млн. текше метрдi құрады, бұл 2001 жылғы деңгеймен бiрдей.
      Қалада ластанған сулардың су құбырларына құйылуына жол берiлмейдi.
      Экологиялық проблемаларды шешу мақсатында 2015 жылға дейiн қабылданған "Таза ауа - жанға дауа" қалалық бағдарламасы жүзеге асырылып, мынадай шаралар атқарылуда;
      - қаланың iрi магистралдарында ауаны ластауға мониторинг жүргiзiлуде;
      - автокөлiк улылығының нормасына бақылау жасалады;
      - жылу көздерiн электрмен жылытуға көшiру қолға алынуда;
      - қауiптi өнеркәсiп нысандарын декларациялау жөнiнен жұмыстар жүргiзiлуде;
      - қала полигонына қоқыстарды шығару кестесiнiң сақталуына бақылау жасалуда;
      - қала кәсiпорындарында айналымдағы сумен қамту орталықтары жасалуда;
      - жасыл көшеттер отырғызу жөнiндегi жұмыс жандандырылуда.
      Алматы қаласының ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын дамыту жөнiндегi жұмыстар одан әрi жалғастырылуда. Қаланың оңтүстiк бөлiгiнде алаңы 69,9 гектар саябақ жасалды. "Медеу" қойнауының аймағында "Медеу" табиғат қорығы (829,9 га.) ашылды.

2. Алдыңғы жылдардағы жергiлiктi инвестициялық жобалардың
жүзеге асырылуына талдау

      Тұтас алғанда елiмiздегi экономикалық жағдайдың тұрақтануы жергiлiктi атқарушы органдардың бағалы қағаздар рыногынан қарыз алу есебiнен аймаққа қосымша қаражат тартуына мүмкiншiлiк жасады. Алматы қаласының шеттен қаражат алу орайында бұрыннан тәжiрибесi бар. 1999 жылы қала маңызды инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясын алған болатын. Шығарылымның инвесторлары зейнетақы қорлары, екiншi деңгейдегi банктер және бағалы қағаздар рыногiнiң кәсiпқой қатысушылары болды.

Бағалы қағаздың түрi

АҚШ долларына шаққанда теңге бағамының өзгеруi бойынша индексацияланған
дисконттiк облигация

Ұлттық идентифика-
циялық номер

КZ71К2512АОО

Номинал

АҚШ-тың 100 доллары.

Эмиссия мерзiмi

1999 жылғы 24 желтоқсан

Жұмыс мерзiмi

364 кен

Тартым көлемi

399 990 261,63 теңге

Орташа кiрiс мөлшерi

жылына 13,00%

      Мiндеттеме бойынша алынған қарыз толық өтелдi.
 
            Алматы қаласы 1999 және 2000 жылдары аймақтық инвестициялық бағдарламалар шеңберiнде "Виртген" жол жөндеу және "Боушунг" жол тазалау техникаларын сатып алу жөнiнен екi жобаны жүзеге асырды. Осы жобалардың жүзеге асырылуы Алматы қаласының автомобиль жолдарын жөндеу сапасын арттырып, көшелерiнiң жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бердi.

2002 жылы жергiлiктi инвестициялық
жобалардың жүзеге асырылуы
 

        2002 жылы негiзгi капиталға келетiн инвестицияның көлемi 10,2% өсiп, 137,2 млрд. теңгенi құрады. 2002 жылы Алматы қаласының жергiлiктi атқарушы органдары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн шеттен қарыз алған жоқ.
      Жергiлiктi бюджеттiң қаражаттары есебiнен "Думан" ықшам ауданында 1000 орындық мектеп пайдалануға берiлдi, "Алмагүл" ықшам ауданында қимыл-қозғалыс жүйелерi зақымданған балалар үшiн мектеп-интернат құрылысының екiншi кезегi аяқталды. Сондай-ақ 7 бiлiм беру және 3 денсаулық сақтау нысандарын сейсмикалық төзiмдiлiкке бейiмдеу жұмысы атқарылды.
      Тұрғын үй салудың жылдық бағдарламасы асыра орындалды, 266,1 мың шаршы метр тұрғын алаңы пайдалануға берiлiп, меже 2001 жылға қарағанда 10,5% асыра орындалды.
      Жыл басынан берi әлеуметтiк қолдауға зәру адамдарға, кәсiпорындар мен ұйымдарда кезекте тұрғандарға 560 пәтер берiлдi, оның 210-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне тидi.
      Метрополитен құрылысына 2002 жылы Алматы қаласының бюджетiнен 450 млн. теңге игерiлсе, оның 43,6 миллионы кредиттiк борышты өтеуге жұмсалды, қалған қаражат нысан құрылысына бағытталды.
      Кәсiпорындардың өз қаражаттары мен шет ел инвестициялары есебiнен сыра зауыты ("Ақ нар" ЖШС), шұжық цехы (АФК "Ардагер" ЖШС), жүзу бассейнi ("Атакент" ААҚ) салынып, пайдалануға берiлдi, сүт өнiмдерiнiң цехы ("Фудмастер Айс Крим компаниясы" ЖШС), көкөнiс тұздау цехы ("Цинкас" ЖШС) реконструкциядан өткiзiлдi.
      Өткен жылы "Әл-Фараби" ЖШС, "Медикус-Орталық" ЖШС, "ADEN" ЖАҚ, "Галерея" ЖШС кәсiпорындары мен ұйымдары халықаралық стандартқа сай келетiн бiрқатар сауда орталықтарын салды.
      2003 жылы 300 мың шаршы метр тұрғын алаңын пайдалануға берiп, әлеуметтiк қолдауға зәру адамдарды баспанамен қамтамасыз ету үшiн 330 пәтердi коммуналдық меншiкке беру, "Өжет" ықшам ауданындағы мектеп үйiн және "Алмагүл" ықшам ауданындағы 114 орындық қимыл-қозғалыс жүйелерi зақымданған балаларға арналған мектеп-интернатты iске қосу көзделуде. Бiлiм беру мен денсаулық сақтаудың 54 нысанына күрделi жөндеулер жүргiзiледi. Әлеуметтiк нысандарды сейсмикалық шегендеуге 254,5 млн. теңге бюджеттiк қаражатты, метрополитен құрылысына 600 млн. теңге игеру жоспарлануда.

3. 2003 жылға арналған аймақтық инвестициялық саясаттың басымдықтары

      Алматы қаласын дамытудағы басымдықтар жүйесi мынадай негiзгi бағыттарды қамтиды:
      - қолда бар өндiрiстiк басымдылықтарды тиiмдi пайдалану негiзiнде барлық салалар бойынша нарықтық бәсекелестiкке қабiлеттi, экспортқа бейiмделген өнеркәсiп өнiмдерiнiң тұрақты дамуының қамтамасыз етiлуi.
      - инновациялық қызметтi дамыту.
      - қаланы аймақтық қаржы орталығы ретiнде дамыту үшiн қажеттi жағдайлардың жасалуы.
      - сауданы, көлiктi, байланысты, туризм индустриясын және халыққа көрсетiлетiн басқа да қызметтердi дамытудың өскелең қарқынының қамтамасыз етiлуi.
      - адамдар әл-ауқаты деңгейiнiң артуы.     
      Алматы қаласын дамытудың басымдықтарына сәйкес 2003 жылғы инвестициялаудың басты бағыттарының бiрi "эконом-класс" үйлерiн салу болып табылады.
      Аталмыш жобадағы үйлер элиталық немесе коммерциялық жүйеге жатпайды, олар орташа ауқатты халық топтарына арналған әлеуметтiк үйлер болады.

Құрылысы жоспарланған нысандар:

Нысандар Салынатын орны ( ауданы)

Коттедждер қалашығы (200 үй) Жалпы алаңы 11500 ш.м.

Думан-1

Төрт көпқабатты үй
Жалпы алаңы 11736 ш.м.

Гагарин - Тимирязев көш. қиылысы

Қаланың батысындағы ықш. аудан
Жалпы алаңы 40 000 ш.м

Саин-Момышұлы-Шаляпин- Абай көшелерi қиылысатын аудан

      Орташа кiрiсi бар сатып алушыларға "эконом-класс" үйлерi екiншi рынокте ғана ұсынылады. Риэлтер компаниясы сарапшылары сауалнамаларының мәлiметiне қарағанда, соңғы 2 жылдың iшiнде Алматы қаласындағы екiншi рыноктегi баспаналардың ұсыныстан гөрi сұранысқа көбiрек ие екендiгiн көрсетедi. Барлық болжамдар бойынша, мұндай тенденция әлi де үш жылдай мерзiмге сақталады. Өйткенi банктер азаматтарға берiлетiн ипотекалық несиенiң пайыздық төлемдерi мен алдын ала төлем мөлшерiн төмендетiп отыр да, халықтың кiрiсi өсiп келедi. Екiншi рыноктегi ұсыныспен, ал бiрiншiдегi бағамен келiспейтiн жаңа тұтынушылар топтары пайда болуда. Мұндай топтар үшiн бiр шаршы метрге 350-530 доллар көлемiндегi баға қалыпты саналады.
      Қозғалмайтын мүлiк рыногi дамып келедi. Алматының рыногi ең динамикалық орта болып саналады. Қозғалмайтын мүлiктер жөнiндегi орталық жыл сайын 110 миллион долларға жуық сомаға 28 мыңнан астам ұсыныстарды тiркейдi. Жаңа үйлер үлесi недәуiр өстi, сондай-ақ ақысын бiртiндеп төлеу шартымен сатылатын үйлердiң үлесi де көбейiп келедi. Алайда Қазақстанда берiлетiн ипотекалық несиенiң мөлшерi АҚШ пен Батыс Еуропаға қарағанда жүздеген есе кем. Мiне, сондықтан да, қазақстандықтар төлейтiн пайыздық төлемдер орта есеппен дүние жүзiндегiге қарағанда 23 есеге көп болып отыр. Батыста қозғалмайтын мүлiктер бойынша операциялардың 80% жасалатын ипотекалық несиелер Қазақстанда өте аз.
      Жалпы алғанда, рынокте көпқабатты үйлерден 51,7 мың шаршы метр пәтер мен 200 коттедж ұсынылады.
      Бәсеке баға мен тұтыну қабiлетiне қарай пәтерлер мен коттедждер бағасының мөлшерi де әртүрлi болып келедi. Мәселен, коттедждер үшiн бiр шаршы метрдiң бағасы 420 американ долларын, ал пәтерлер үшiн пайдалы алаңының көлемiне қарай 450 долларды құрайды. Бұл қазiргi Алматыдағы бағаға қарағанда шамамен 50-80% төмен.
      Баспананы тағайындалған баға деңгейiнен тысқары, ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша берудiң артықшылығы көп.
      Бұлардан басқа пәтерлерiнiң орналасуы жақсы жоспарланған ықшам аудан тұрғызу көзделуде. Бұл әлеуметтiк жағдайлары орташа қала тұрғындарын қымбатқа түспейтiн пәтерлермен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Бұл ретте бiр бөлмелi пәтер алаңы - 41 ш.м., екi бөлмелiктiкi - 51 ш.м., үш бөлмелiктiкi - 70 ш.м. болады.
      Пәтерлердiң жалпы саны - 1080, салыну мерзiмi - 36 ай.

Қарыз алудың негiзгi шарттары:

Қарыз сомасы

20 000 000 АҚШ доллары

Бағалы қағаз түрi

атаулы купондық облигация

Айналым мерзiмi

5 жыл

Номинал

100 теңгеге бөлiнген, номинал облигация құнының теңгенiң девальвациялану қарқынының коэффициентiне аударылуы бойынша есептеледi

Ынталандыру төлемi

"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ мамандандырылған сауда өткiзу қорытындылары бойынша айқындалады.

      Орташа мерзiмдi индекстелген облигацияларды өтеу  тиiстi эмиссияларды қайтару үшiн тағайындалған мерзiмдегi индекстелген номиналдық баға бойынша жүргiзiледi.
      2004 жыл - қарыз бойынша бiрiншi және екiншi жартыжылдықтардың төлемiн (ынталандыру) өтеу;
      2005 жыл - қарыз бойынша үшiншi және төртiншi жартыжылдықтардың төлемiн (ынталандыру) өтеу;
      2006 жыл - қарыз бойынша бесiншi және алтыншы жартыжылдықтардың төлемiн (ынталандыру) өтеу;
      2007 жыл - қарыз бойынша жетiншi және сегiзiншi жартыжылдықтардың төлемiн (ынталандыру) өтеу;
      2008 жыл - қарыз бойынша тоғызыншы және оныншы жартыжылдықтардың төлемiн (ынталандыру) өтеу.

      Кезектен тыс II шақырылған
      Алматы қалалық мәслихаты
      ХХVII сессиясының төрағасы
 
            Алматы қалалық
      мәслихатының хатшысы

Кезектен тыс II шақырылған
Алматы қалалық мәслихаты
ХХVIII сессиясының
2003 жылғы 29 қыркүйектегi
шешiмiне N 2 Қосымша <*>

      Ескерту: 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ІІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ІV сессиясының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы N 20 шешімімен .

Алматы қаласының ипотекалық несиелеу жүйесiн
дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы Кепiл
қорына енгiзiлген кәсiпорындар мен коммуналдық
меншiк ғимараттары мемлекеттiк акциялар
пакетiнiң тiзбесi

1. Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң тiзбесi

N

Заңды тұлғаның атауы

Жарғылық
капитал
(мың теңге)

Мемлекеттiк қатысу

%-бен

Ақшалай түрде

мың теңге

1.

"Казнедра" ашық акционерлiк қоғамы

21493,0

100,0

21493,0

2.

"Алматы құрылыс және менеджмент" жабық акционерлiк қоғамы

20748,5

100,0

20748,5

3.

"Қазкинокомплект" ашық акционерлiк қоғамы

844 ,0

90,0

759,6

4.

"Жайлау" Компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы

2300,0

70,0

10610,0

5.

"ҚАУ" жабық акционерлiк қоғамы

130935,0

49,0

64158,2

6.

"Iскер" ашық акционерлiк қоғамы

51689,0

25,0 

12922,3

7.

"Өнiм сапасын сынау орталығы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

1000,0

25,0

250,0

8

"Жетiсу" ашық акционерлiк қоғамы

13900,0

16,3

2265,7

9

"Көктөбе" ашық акционерлiк қоғамы

17047,0

13,0

2216,1

10

"Алматы ликер-арақ зауыты" ашық акционерлiк қоғамы

60089,0

12,88

7739,5

11

"Рахат" Қазақстан-Австрия бiрлескен кәсiпорны" жабық акционерлiк қоғамы

6395000,0

11,4

729030,0

12

"Бахус" ашық акционерлiк қоғамы

210164,0

11,28

23706,5

13

"Монтажмаманқұрылыс"жабық акционерлiк қоғамы

6000,0

7,26

453,6

     ЖИЫНТЫҒЫ

6800274,5


823176,8

2. Коммуналдық меншiк нысандарының тiзбесi

N

Аталуы Мекен-жайы Ескерту

1.

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бұрынғы ғимараты

Қабанбай батыр
көшесi, 126


2.

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң бұрынғы ғимараты

Қабанбай батыр
көшесi, 95


3.

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрлiгiнiң бұрынғы ғимараты

Төле би көшесi, 67

ерекше есепте

4.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бұрынғы ғимараты

Желтоқсан көшесi, 89


5.

Алматы қаласы бойынша Жылжымайтын мүлiк орталығының бұрынғы ғимараты

Төле би көшесi, 155


6.

"Алматы" қонақ үйiнiң ғимараты

Қабанбай батыр
көшесi, 85

ерекше есепте


        II сайланған Алматы қалалық
      мәслихаты кезектен тыс
      ХХVIII сессиясының төрағасы
 
            ІI сайланған Алматы қалалық
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады