Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2012.07.05 № 3/596 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау Агенттiгi Төрағасының мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 30 шiлдедегi N 185-ОД Бұйрығымен бекiтiлген Табиғи монополияларды субъектiлерiнде қызметтер көрсетерде (тауарлар, жұмыстар) тарифтердi бекiту кезiнде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың айрықша тәртiбi туралы Ережесiн, сондай-ақ 4.01-02-2001 "Сумен жабдықтау. Сыртқы желiлер және ғимарат" (ҚР СМжЕ) мемлекеттiк құрылыс нормаларын және ережелерiн басшылыққа алып, Алматы қаласының суды есептеу құралдары жоқ суды тұтынушылардың суық су шығындарын ретке келтiру мақсатында, Алматы қаласының әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап шаруашылық-ауыз су қажеттiлiгiне тәулiгiне бiр тұтынушыға қосымшаға сәйкес суық судың шығын нормасын жүзеге асыру енгiзiлсiн және бекiтiлсiн.
2. Алматы қаласы әкiмiнiң 1998 жылғы 23 маусымдағы "Алматы қаласы тұрғындары суық су шығындарының уақытша нормасын бекiту туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И.Заяцқа жүктелсiн.
Алматы қаласының әкiмi В.Храпунов
Әкiмшiлiк хатшысы К.Тажиева
Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң
2003 жылғы "22" желтоқсандағы
N 5/755 қаулысына
қосымша
Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су
қажеттiлiгiне суық су шығындарының
МӨЛШЕРI
Ретi | Тұтынушыларды аталуы |
өлшегiш | Суық су шығ. мөлшерi, тәулiгiне литр |
---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Көшедегi су колонкаларынан суды бөлу |
1 тұрғынға тәулiгiне |
25 |
2. |
Су құбыры және канализациясы бар тұрғын үйлер, ваннасыз |
" |
100 |
3. |
Су құбыры және канализациясы, газы бар |
" |
125 |
4. |
Су құбыры және канализациясы, су жылытатын ванналары бар, қатты отынмен жұмыс iстейтiн тұрғын үйлер |
" |
150 |
5. |
Су құбыры және канализациясы, орталықтандырылған ыстық суы бар, қолжуғыштармен, ыдыс жуғыштармен, душтармен жабдықталған тұрғын үйлер |
" |
160 |
6. |
Су құбыры және канализациясы, ванналары, газ арқылы су жылытқыштары бар тұрғын үйлер |
" |
200 |
7. |
Су құбыры және |
" |
195 |
8. |
Су құбыры және канализациясы, орталықтандырылған ыстық суы бар, ванналармен жабдықталған тұрғын үйлер |
" |
280 |
9. |
Жылы жайларды суғару |
ш.м. |
6 |
10. |
Бақшаларды суғару |
Жылына |
60 |
11. |
Бақтарды суғару |
Жылына |
36 |
1. Есептеу приборының көрсетулерi бойынша ақы төлеу ол орнатылған күннен бастап жүзеге асырылады.
2. Жеке сектор тұрғындарының пайдаланылуындағы суық су шығындарының мөлшерлерi II-31-74 СМжЕ бойынша қабылдансын.
Әкiмшiлiк хатшысы К.Тажиева