"Аз қамтамасыз етілген отбасыларға және оралмандар отбасыларына әлеуметтік қолдау беру Ережесін бекіту туралы" (2003 жылғы 12 мамырдағы тіркеу N 917) облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 133 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 шілдеде N 964 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 30 шілдедегі N 213 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008.07.30 N 213 Қаулысымен

      Жергілікті бюджет қаржысынан аз қамтамасыз етілген отбасылар мен оралмандар отбасыларына әлеуметтік қолдау беру процесін тәртіпке келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргізу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегі қаржылық рәсімдердің Ережесіне сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға және оралмандар отбасыларына әлеуметтік қолдау беру Ережесін бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 сәуірдегі (2003 жылғы 12 мамырдағы тіркеу N 917, 2003 жылғы 19 мамырдағы N 59 "Северный Казахстан", 2003 жылғы 21 мамырдағы N 60 "Солтүстік Қазақстан") N 101 қаулысына мына өзгеріс енгізілсін:
      - 4 - тармақ алынып тасталсын.
 
        Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады