Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы 2010.04.16 N 432 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" N 148
Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы "2003 жылға арналған Республикалық бюджет туралы" N 362-II Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң N 3 бұйрығына N 6 өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қаңтарда N 2119 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 6 қаңтардағы N 52 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отыра, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 3 бұйрығының негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қала әкімдігінің 2002 жылғы 17 маусымдағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы" (Әділет басқармасында 2002 жылғы 27 маусымдағы мемлекеттік тіркеу N 683; Петропавл қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі N 169 қаулысымен өзгерістер енгізілген, 2002 жылғы 5 шілдедегі "Добрый вечер" газеті, 2002 жылғы 1 қазандағы мемлекеттiк тiркеу N 726) N 98 қаулысына келесі өзгерiстер енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекітілген "Аз қамтамасыз етілген зейнеткерлерге қала көлігінде саяжай маусымында, 1 мамырдан 30 қыркүйекке дейін жүруге әлеуметтік көмек көрсету Ережелерi" N 1 қосымшада:
2-тармақтағы "5100" саны "7 айлық есептік көрсеткіштері" санымен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "6-2-105-60-00-332" функционалдық сыныптамасының коды "6-2-258-51-00-332" функционалдық сыныптамасының кодымен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
Қала әкімі
Келісілдi:
Еңбек, жұмыспен қамту
және халықты әлеуметтік
қорғау басқармасының бастығы
2003 ж. 30 сәуір
Келісілдi:
Қалалық қаржы
басқармасының бастығы
2003 ж. 30 сәуір