Қала әкімдігінің Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы 2001 жылы 15 тамыздағы 21 қаулысын ішінара өзгерту туралы тіркеу нөмірі 425 2001 жылғы 17 тамыз

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 22 мамырдағы N 176 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 13 маусымда N 949 тіркелді. Күщі жойылды - Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 маусымдағы N 783 Қаулысымен

      Ескерту. Күщі жойылды - Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы әкімдігінің 2007.06.25 N 783 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, облыс прокурорының 2003 жылғы 29 сәуірдегі N 7-5-03 наразылығы негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" (тіркеу нөмірі N 425 2001 жылғы 17 тамыз), 2001 жылғы 30 тамыздағы N 35 (745) "Трибуна" газетінде жарияланған 2001 жылғы 15 тамыздағы N 21 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы N 21 қаулысының 2 тармағымен бекітілген Петропавл қаласы маршруттарында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру ережесінің күші жойылсын;
      2) Қала әкімдігінің "Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру құқығына ашық тендер туралы" 2001 жылғы 15 тамыздағы N 21 қаулысының 4 тармағымен бекітілген Петропавл қаласы маршруттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге келісім-шарттағы:
      2.2.5.тармақ алынып тасталсын;
      3.2.1.тармақтағы "келесі санкциялар: келісім-шартты толық немесе ішінара тоқтата тұру немесе күшін жою" сөздері "заңнамамен көзделген шаралар" сөзімен ауыстырылсын;
      4.1.тармақтағы ", маршрут желісі үшін уақытылы төлемеу" сөзі алынып тасталсын.
      2. Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімі "Петропавл қаласы әкімдігінің жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесіп тасымалдаушылармен жасалған келісім-шарттарға өзгерістер енгізу туралы келісімнің жобасын әзірлесін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.К. Көтербековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында міндетті түрде тіркеуге жатады және оны ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

       Қала әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады