Аудандық бюджеттік комиссия туралы Ережені бекіту жөнінде

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы әкімдігінің 2003 жылғы 3 қарашадағы N 225 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 қарашада N 1058 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 15 мамырдағы N 154 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2012.05.15 N 154 Қаулысымен

      "Бюджет жүйесi туралы" (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 261 Заңымен енгiзiлген мынандай толықтырулары мен өзгерiстері) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi N 357-1 Заңының 6-4-бабына сәйкес аудан бюджетiн жыл сайын әзiрлеу, бекiтiлген аудандық бюджетке оның атқарылуы барысында және бюджеттiк бағдарламалар паспорттарына нақтылаулар енгiзу мақсаттарында аудан әкiмдiгi қаулы етедi:
      1. Аудандық бюджеттiк комиссия туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.

      Аудан әкiмi

Аудан әкiмдiгiнiң
2003 жылғы 3 қарашадағы
"Аудандық бюджеттік комиссия
туралы Ережені бекіту жөнінде"
N 225 қаулысымен
Бекiтiлген

Аудандық бюджеттiк комиссия туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже тұрақты негiзде әрекет ететiн аудандық бюджеттiк комиссияның (одан әрi - комиссия) қызметiн реттейдi.
      2. Комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Комиссияның мақсаты

      3. Комиссия қызметiнiң негiзгi мақсаты аудан бюджетiнiң жобасын және тиiстi қаржы жылына аудандық бюджеттiң өзiн әзiрлеудi және аудандық бюджеттi нақтылау мен орындау жөнiндегi сапалы ұсыныстарды пысықтауды уақытылы және сапалы қамтамасыз ету болып табылады.

3. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      аудандық бюджеттің негiзгi болжамдық көрсеткiштерiн және аудандық бюджеттiң ауданның үш жылдық кезеңiн әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi кезеңiне индикативтiк жоспары негiзiнде қарастыру және айқындау;
      тиiстi қаржы жылына аудан бюджетi жобасының көрсеткiштерiн қарастыру және айқындау;
      аудан бюджетiнiң негiзгi болжамдық көрсеткiштерiнiң аудандық бюджеттiң алдағы үш жылдық кезеңiне, аудандық бюджет жобасының тиiстi қаржы жылына, аумақтық экономикалық және әлеуметтiк даму бағдарламаларының, ауданда әлеуметтiк-экономикалық дамытудың индикативтiк жоспарының кезеңге сәйкестiгiн анықтау;
      алдағы үш жылдық кезеңде аудандық бюджеттiң негiзгi болжамдық көрсеткiштерiне аудандық бюджет лимиттерiн қосып, соның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылған жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобалар бойынша қарастыру және айқындау;
      тиiстi қаржы аудандық бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстарды пысықтау;
      аудандық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру барысында мониторингтер нәтижелерiн қарастыру және олар бойынша ұсыныстарды жасау болып табылады.
      5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi функцияларды жүзеге асырады:
      1) Комиссияның жұмысшы органымен дайындалған материалдарды қарастырады және:
      аудандық бюджеттiң алдағы үш жылдық кезеңiне болжамдық көрсеткiштерiн;
      аудандық бюджетке түсетiн түсiмдердi;
      аудандық бюджеттiң аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қимасындағы шығыстар лимитiн, соның iшiнде ағымдағы жылы iске асырылған жобаларды ескере отырып, инвестициялық жобаларды;
      жоспарланған қаржы жылындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылған мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттi бағдарламалары (шағын бағдарламасы) бойынша кредиторлық төленбеген қарыздарының  үстiмiздегi қаржы жылының басындағы жағдайына сәйкес өтеу көлемiн айқындайды;
      2) Комиссия жұмысшы органының аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк тапсырыстары бойынша тұжырымдарын қарастырады және олар бойынша шешiм шығарады;
      3) алдағы қаржы жылына арналған бюджет жобасын қарастырады және айқындайды;
      4) тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттi нақтылайды;
      бюджеттiк бағдарламалар паспорттарын және бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру қорытындылары туралы қаржы басқармасы ақпаратының негiзiнде бюджеттiк бағдарламаларды одан әрi iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды қарастырады және шығарады;
      5) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

4. Комиссияның құқығы

      6. Комиссия өз мiндеттерiне сәйкес:
      1) ауданның атқарушы және мемлекеттiк органдар және ұйымдарымен өзара әрекет жасау, сондай-ақ Комиссия мiндеттерiн iске асыру үшiн жұмысқа мамандар мен сарапшыларды жұмылдыруға;
      2) өз құзырына жататын мәселелер бойынша шешiм қабылдау және ұсыныстар енгiзуге;
      3) белгiленген заңды тәртiппен Комиссия мiндеттерiн iске асыруға қажеттi материалдарды мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардан сұратуға және алуға;
      4) комиссия мәжiлiсiне бiрiншi басшыларды шақыруға және олар қатыспаған жағдайда Комиссия мiндеттерiн iске асырумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк орган мен ұйымның бiрiншi басшыларының мiндетiн атқарушы тұлғаларды тыңдауға құқылы.

5. Комиссия қызметiнiң тәртiбi

      7. Комиссия органдары:
      1) комиссияның жұмысшы органы;
      2) комиссия төрағасы;
      3) комиссия төрағасының орынбасары;
      4) комиссияның хатшысы.
      8. Комиссияның мәжiлiстерiнiң арасындағы кезеңде оның қызметiн ұйымдастыру мәселелерiн Комиссияның жұмысшы органы шешедi.
      9. Комиссия төрағасы оның қызметiн басқарады, Комиссия мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, шешiмдерiнiң орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссияның атқаратын қызметтерiне жауапты болады.
      Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметiн комиссия төрағасының орынбасары атқарады.
      10. Комиссия хатшысы Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды қажеттi құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткiзiлген соң хаттамаларды ресiмдейдi.
      11. Жұмыстың жоспар-кестесiн Комиссия бекiтедi. Аудан бюджетiнiң жобасын әзiрлеу кезеңiнде Комиссия жұмысының жоспар- кестесi аудан әкiмдiгi бекiткен жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу Ережесiмен айқындалған мерзiмге сәйкес анықталады.
      12. Комиссия мүшелерi мәжiлiске қатысу негiзiнде өз өкiлеттiктерiн басқа тұлғаларға беруге құқы жоқ.
      13. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерiнен сұрақ-жауап алу жолымен қабылданады, егер оларға Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе оң қабылданды деп есептеледi. Комиссия мүшелерi шешiмдер қабылдауда тең дауыстарға ие болады. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.
      14. Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi мәселелерiн қарастыру қорытындылары әр мәселе бойынша дауыс беру нәтижелерi көрсетiлген тиiстi хаттамаларға енгiзiледi және төраға айқындалған жағдайда мәжiлiске қатысушы Комиссия мүшелерi бұрыштама соғады. Комиссия қабылдаған шешiм төраға мен хатшы қол қойған хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшелерi шешiммен келiспеген жағдайда мәжiлiс хаттамасына қоса өзiндiк ерекше пiкiрiн жазбаша түрде баяндауға құқы бар.
      15. Өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында қабылданған шешiмдi барлық мемлекеттiк органдар мiндеттi түрде қарауға және көрсетiлген мерзiмде орындауға жатады.
      16. Комиссияның жұмысшы органының функциялары ауданның қаржы басқармасына жүктеледi.
      17. Жұмысшы органының функциялары Комиссия айқындаған мәжiлiстiң мерзiмдерi мен күн тәртiбiне сәйкес материалдарды дайындау, оларды Комиссия мүшелерiне тарату сондай-ақ  нормативтiк құқықтық актiлер мен осы Ережеден туындайтын өзге де функциялар болып табылады.

6. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы

      18. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы туралы аудан әкiмдiгi қаулысының қабылдануы Комиссия қызметiнiң тоқтатылуына негiз болып табылады.
      19. Осы ереженiң 18-тармағында көрсетiлген Комиссия қызметiнiң тоқтатылуына қатысты жағдайлар туындаса, әкiмге жасалған жұмыстар туралы есеп-хат жолдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады