Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2010.06.14 N 166 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқу туралы Ережелер", Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы N 624 қаулысымен бекітілген "Мемлекеттiк басқару органдарының және оларға қарасты кәсiпорындардың, мекемелердiң заң қызметi туралы Ережесi" негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құқықтық білімді насихаттау, заңды құрметтеуді қалыптастыру, тұрғындардың құқықтық мәдениетін және құқықтық хабарландырылуын көтеру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз ету тиімділігін күшейту мақсатында "Құқықтық жұмыс және заңды жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі" консультативтік-кеңесші органы құрылсын.
2. "Құқықтық жұмыс және заңды жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі туралы Ереже" бекітілсін (қосымша).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ. Омаровқа жүктелсін.
Аудан әкімі
Қосымша
Аудан әкімдігінің "Құқықтық жұмыс
және заңды жалпы оқыту жөніндегі
үйлестіру-әдістемелік Кеңесі"
консультативтік-кеңесші органын құру
туралы 2003 жылғы 3 қазандағы N 384
қаулысымен бекітілген
"Құқықтық жұмыс және заңды жалпы оқыту жөніндегі
үйлестіру-әдістемелік Кеңесі" туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
Осы ереже үйлестіру-әдістемелік Кеңесі қызметінің құқықтық жұмыс және заңды жалпы оқыту бойынша міндеттерін, құзыры мен ережелерін белгілейді.
Құқықтық жұмыс және заңды жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі (әрі қарай - Кеңес) консультативтік-кеңесші органы болып табылады, құқықтық білімді насихаттау, азаматтардың құқықтық тәрбиесін көтеру, заңды құрметтеу дәстүрлерін қалыптастыру оны құрудың және қызметінің мақсаты болып табылады.
2. Негізгі міндеттері мен функциялары
1. Жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін Кеңеске төмендегі міндеттер жүктеледі:
құқықтық білім мектептерін ұйымдастырумен мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволы ұйымдардың басшылары мен мамандарының құқықтық білім алуын қамтамасыз ету;
бұқаралық құқықтық насихаттауды ұйымдастыру және азаматтарды құқықтық тәрбиелеу бойынша жұмысты кеңінен жандандыруға жан-жақты көмек көрсету жолымен заңды жалпы оқытуды ұйымдастыру;
құқықтық насихаттау, құқықтық тәрбиелеу және заңды азаматтарға жалпы оқыту бойынша мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
құқықтық насихаттауды, құқықтық тәрбиелеуді және заңды азаматтарға жалпы оқытуды іске асыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалануды ұйымдастыру;
ауданның жалпы білім беретін мектептерінде құқық негіздерін оқытуда әдістемелік, кеңестік және дәрістік көмек көрсету;
құқықтық білім мектептері жұмысын әдістемелік басқаруды іске асыру және әдістемелік, кеңестік және дәрістік көмек көрсету.
2. Құқықтық жұмыс және заңды жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік Кеңесі оған жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында мына функцияларды іске асырады:
заңды жалпы оқытуды жүргізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың және ведомстволы кәсіпорындардың, ұйымдардың біріккен іс-шаралар жоспарларын әзірлейді;
құқықтық білім мектептерімен басқаруды іске асырады және олардың жұмысын зерделейді, құқықтық білім мектептерінің жұмыс жоспарларын бекітеді;
аудан, қала, селолық округтер әкімдерінің аппараттарындағы және оларға ведомстволы ұйымдардағы, мекемелердегі және кәсіпорындардағы құқықтық жұмыс жағдайын және заңды жалпы оқыту жағдайын зерделейді. Басшыларының құқықтық білім мектептері жұмысы туралы хабарландыруларын тыңдайды;
құқықтық жұмысты және заңды жалпы оқытуды жақсарту жөнінде әдістемелік ұсыныстарды әзірлейді;
баспадағы құқықтық насихаттау жағдайын зерделейді және газет редакциясының келісімімен құқықтық тақырыптарға жазу жоспарларын әзірлейді;
тұрғындардың құқықтық тәрбиесін жақсартуға бағытталған ұйымдастыру іс-шараларын әзірлейді (декадалар, білімді насихаттау айлықтары, конкурстар және тағы басқалары), сонымен қатар олардың тікелей Кеңеспен немесе атқарушы мемлекеттік органдармен, құқықтық білім мектептерімен дайындалуын іске асырады;
қолданыстағы заңды насихаттау және түсіндіру бойынша іс-шараларды әзірлейді;
аудандағы құқықтық тәрбие жағдайын зерделейді, оқу орындарында құқық негіздерін оқытудың сапалық деңгейін зерделейді және осы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар береді;
құқықтық жұмыс және заңды жалпы оқыту бойынша ғылыми-техникалық конференциялар, кеңестер өткізудің жоспарларын әзірлеуге, тәжірибе алмасу және аттестациялауға қатысады;
ведомстволар жүйесімен құқықтық білімді тарату және құқықтық тәрбие бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар, жүргізілген түсіндіру жұмысы, Кеңестің ұсыныстарын және мәселелерін орындау туралы Кеңес мүшелерінің есебін тыңдайды;
кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде дәріс оқу жұмысын жүргізеді;
жүктелген міндеттерді орындауды Кеңес тікелей Кеңестің күшімен қажет іс-шараларды өткізу жолымен қалай жүзеге асырса, солай құқықтық білім мектептері арқылы жүзеге асырады.
3. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
3. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай тоқсанына бір реттен кем емес, құрамының жартысынан кем емес мүшелері қатысқанда өткізіледі. Өз отырыстарында Кеңес өз қызметінің негізгі мәселелерін қарастырады құқықтық білім мектептері басшыларының құқықтық жұмыс және заңды жалпы оқыту жағдайы туралы хабарландыруларын тыңдайды, Кеңестің және құқықтық білім мектептерінің жұмыс жоспарларын бекітеді, Кеңес мүшелері арасында міндеттерді бөледі.
4. Кеңесті басқару аудан әкімінің орынбасарына жүктеледі, ол осы кеңес органының төрағасы болып табылады. Кеңес төрағасы уақытша жоқ болған жағдайда, оның міндеттерін Кеңес төрағасының орынбасары атқарады.
5. Дербес құрамы мәслихат сессиясымен аудан әкімінің ұсынысы негізінде сайланады.
6. Кеңес төрағасы Кеңестің жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеге сәйкес Кеңес отырыстарын басқарады, отырыстарда қарастырылуға тиісті мәселелер шеңберін анықтайды, Кеңес мүшелері мен хатшыға тапсырмалар береді, Кеңестің ұсыныстарын әзірлеу және іске асыру тәртібін белгілейді, оларды жүзеге асыруға шаралар қолданады және Кеңесті оның ұсыныстары бойынша қабылданған шешімдер туралы хабарландырады.
7. Кеңес хатшысы үйлестіру-әдістемелік Кеңес отырыстарына құжаттаманы дайындауды қамтамасыз етеді, Кеңестің жұмыс жоспарларының орындалуына және Кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуына бақылау жүргізеді, отырыстар хаттамасын жүргізеді.
8. Кеңес мүшелері сәйкес ұсыныстарды әзірлеу мен талқылауға, іс-шараларды жүзеге асыруға қатысады, кейбір мәселелерді қарастыру үшін Кеңес мүшелерінің сәйкес мамандары санынан жұмыс топтары құрылуы мүмкін, Кеңес төрағасының тапсырмасы бойынша Кеңес мүшелері жеке мәселелер жөнінде жазбаша қорытынды береді.
9. Кеңес жұмысы Кеңес отырыстарында бекітілген жылдық жоспарларға сәйкес жүргізіледі. Жоспарда Кеңес отырыстарында қарастырылуға тиісті мәселелер, тұлғаны дайындауға жауаптылар, сонымен қатар әдістемелік және үйлестіру түріндегі іс-шаралар белгіленеді.
10. Кеңес отырыстарында хаттама жүргізіледі, онда талқыланатын мәселелер баяндалады. Хаттамаға Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
11. Кеңес отырыстарына қатысу үшін маман-құқықтанушылар мен Кеңес мүшелері болып есептелмейтін білімнің басқа салаларының мамандары шақырылуы мүмкін.