Жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкiмияттың 2003 жылғы 17 ақпандағы N 52 қаулысы. Атырау облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 7 наурызда N 1338 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысымен

      Атырау облыстық әкiмияттың 2003 жылғы 17 ақпандағы N 52 қаулысы. Атырау облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 7 наурызда N 1338 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 27 наурыздағы N 62 қаулысымен
      Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2002 жылғы 25 қарашадағы N 183-ө "Жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзу туралы" өкiмiн орындауда, иесiз мүлiктi анықтап, оны кейiннен есепке қою мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабын басшылыққа ала отырып, облыс әкiмияты қаулы етеді:
      1. Жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзу бойынша Облыстық комиссия (әрi қарай - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
      Комиссияның жұмысшы органы болып Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасы белгіленсін.
      Комиссияның жұмысшы органы жоғарыда көрсетілген қаулының жүзеге асырылуына ай сайын мониторинг жүргізсін және қорытындыланған ақпаратты комиссияға есепті айдан кейінгі айдын 10-шы жұлдызынан кешіктірмей берсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 28.05.2003 N 122 қаулысымен.
      2. Атырау қаласы мен аудан әкiмдерi "Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Атырау облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен (келiсiм бойынша) (бұдан әрi - Жылжымайтын мүлiк орталығы), жер ресурстарын басқару жөнiндегi Атырау облыстық комитетiмен (келiсiм бойынша), жердi пайдалануға бақылау жасау және қорғау жөнiндегi инспекциясымен бiрiге отырып 2003 жылдың 1 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде:
      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң аумағында тұрған барлық жылжымайтын мүлiкке комиссиялық түгендеудi жүргiзсiн;
      2) түгендеу мәлiметтерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктiң тiзбесiн жасасын;
      3) Атырау облыстық коммуналдық меншiк басқармасымен бiрiге отырып, түгендеу кезiнде анықталған иесiз жылжымайтын мүлiктi Жылжымайтын мүлiк орталығына Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 242 бабына сәйкес есепке қойсын;
      4) Комиссияға ай сайын осы қаулының орындалу барысы туралы ақпаратты және иесiз мүлiктiң есепке алынғандығы туралы материалдарды, оларды әрi қарай пайдалану ұсынысымен қоса берсiн.
      3. Атырау облысының коммуналдық меншiк басқармасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жылжымайтын иесiз мүлiктi есепке қойған күннен бастап жыл өткеннен кейiн, оны коммуналдық меншiкке түскенiн тану туралы талабымен сотқа шағымдансын.
      4. Атырау қаласы мен аудан әкiмдерi, Атырау облысының әдiлет басқармасы (келiсiм бойынша) және Жылжымайтын мүлiк орталығы облыс халқы арасында жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу тәртiбi туралы түсiндiру жұмысын жүргiзсiн.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.К. Нокинге жүктелсiн.
 
 

      Облыс әкiмiнiң мiндетiн атқарушы


Облыс әкiмиятының 2003 жылғы 17 ақпандағы N 52 қаулысына қосымша

Жылжымайтын мүлiктi түгендеудi жүргiзу жөнiндегi облыстық комиссия

      1. Нокин Серiк Кеңесұлы - Облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы;
      2. Оспанов Валерий Мұқашұлы - Экономика және кәсiпкерлiктi қолдау бас басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
      Комиссия мүшелерi:
      3. Әкiмжанов Жандос Әбiлханұлы - Атырау облыстық коммуналдық меншiк басқармасының бастығы;
      4. Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы - Облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi;
      5. Жмыхов Анатолий Александрұлы - Жер ресурстарын басқару жөнiндегi Атырау облыстық комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша);
      6. Нұршаев Есенгелдi - Жердi пайдалануға бақылау жасау және қорғау жөнiндегi инспекцияның бастығы;
      7. Тұматов Сабырхан Идиқанбекұлы - Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгi Тiркеу қызметi комитетiнiң Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығының директоры;
      8. Райымқұлов Мирболат Төлеуұлы - Атырау облысы бойынша Салық комитетiнiң төрағасы (келiсiм бойынша).
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады