Атырау облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

Жаңа

ХХІІI сессиясында қабылданған ІI сайланған Атырау облыстық Мәслихатының 2003 жылғы 7 наурыздағы N№286-ІІ шешiмi. Атырау облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 20 наурызда N 1357 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430 Қазақстан Республикасындағы 2003-2004 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы қаулысын  орындау мақсатында Атырау облыстық Мәслихаты шешім етті:
      1. Облыстық әкімияттың 2003 жылғы 4 наурыздағы ғү қаулысымен ұсынылған Атырау облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың заңдылықты және құқық тәртібін сақтау, депутаттық этика туралы тұрақты комиссиясына тапсырылсын.(A.Oмарова)

      Облыстық Мәслихаттың
      төрағасы

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430 "Қазақстан Республикасындағы 2003-2004 жылдарға арналған құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қаулысын  орындау мақсатында облыс аумағындағы құқық қорғау және тиісті мемлекеттік органдардың құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестегі жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асыру, жұмысты күшейту мақсатында облыстық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы мақұлдасын (бұдан әрі - Бағдарлама) және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге ұсынылсын.
      2. Атырау қаласы және аудан әкімдері, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Бағдарламаны орындауды қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестіру облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөліміне жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.Супрунға жүктелсін.

      Облыс әкімі

Атырау облыстық
мәслихатының 2003 жылғы
7 наурыздағы N 286-2
шешіміне қосымша

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МЕН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ
КҮРЕСТІҢ 2003-2004 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

Бағдарлама атауы   Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу
                     және қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004
                     жылдарға бағдарламасы.

Әзірлеу үшін
негіздеме          Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
                     24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                     2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламаны іске
                     асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын бекіту
                     туралы" қаулысы ;
                     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
                     29 желтоқсандағы N 1430 "Қазақстан
                     Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу
                     мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға
                     арналған бағдарламасы туралы" Қаулысы .

Бағдарламаның
негізгі            Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық
әзірлеушісі          және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлімі.

Бағдарламаны
әзірлеушілер мен
орындаушылар      Облыстық прокуратура, ұлттық қауіпсіздік
                    комитетінің департаменті, облыстық ішкі істер
                    басқармасы, әділет басқармасы, қаржы полиция
                    департаменті, салық комитеті, кеден
                    басқармасы,Атырау көлік прокуратурасы, Атырау
                    табиғат қорғау прокуратурасы, Атырау
                    стансасындағы желілік ішкі істер бөлімі, 2016
                    әскери бөлімі(шекара отряды), Солтүстік Каспий
                    аймақтық биоресурстар қорғау басқармасы,
                    облыстық қаржы басқармасы, ішкі саясат
                    департаменті, еңбек, жұмыспен қамту және
                    халықты әлеуметтік қорғау басқармасы, білім
                    беру басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы,
                    облыстық туризм және спорт басқармасы, көші-қон
                    және демография басқармасы, "Атырау-Ақпарат"
                    коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, облыстық
                    телерадиокомпания, Атырау қаласы және аудандар
                    әкімдері.

Негізгі мақсаты   Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін
                    қалыптастыру,қоғамдық тәртіпті және қоғамдық
                    қауіпсіздікті нығайту, бұл жұмысқа облыстағы
                    барлық мемлекеттік органдарды, қоғамдық
                    құрылымдар мен халықты тарту, құқық
                    бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы
                    күресте жергілікті атқарушы органдардың рөлі
                    мен жауапкершілігін арттыру.

Негізгі
міндеттері        Құқық бұзушылықтың мақсаты әлеуметтік-құқықтық
                    алдын алуды жүзеге асыру;
                    Қылмысқа қарсы күресте азаматтардың мүдделілігін
                    арттыру, халықтың құқықтық мәдениетінің
                    деңгейін көтеру;
                    Ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне,
                    терроризмге және экстремизнің өзге де
                    көріністеріне, заңсыз көшіп келуге,
                    экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа
                    қарсы іс-қимыл жасаудың сенімді жүйесін құру.

Қаржыландыру
көздері           Республикалық және жергілікті бюджеттердің
                    қаражаты.

Негізгі күтілетін
нәтижелер         Бағдарламаны жүзеге асыру құқық бұзушылықтардың
                    әлеуметтік алдын алудың тиісті жүйесін құру үшін
                    негіз қалауға мүмкін береді; қылмысқа қарсы
                    күрес күшейе түседі; халықтың құқықтық
                    сана-сезімінің деңгейі, олардың мемлекет пен
                    құқық қорғау органдарына сенімі жоғарылайды.

Бағдарламаның іске
асыру мерзімдері  2003-2004 жылдары.

2. КІРІСПЕ

      Атырау облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмыс бөлімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі N 470 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1430 "Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қаулысын  орындау үшін осы мәселе бойынша құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен ұсыныстар есебімен және облыс аумағында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды жандандыру мен үйлестіру мақсатында әзірледі.
      Осы бағдарламаны қабылдау қылмысқа қарсы күрестің бұрынғы бағдарламаларының орындалуынан,сондай-ақ құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру мен үйлестіруден туындап отыр.
      Қазіргі қоғамның жағдайында қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмаудың тиімділігін көтеру, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардан қылмысқа қарсы күресте күш-жігерді арттыруды ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықты болдырмауға жүйелі және кешенді көзқарасты қамтамасыз етуді, қылмысқа ықпал етудің жаңа, дәстүрлі емес нысандары мен әдістерді іздеуді талап етеді.
      Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2002-2005 жылдарға арналған аймақтық  бағдарламасымен және осы кезеңде жүзеге асырылатын басқа да бағдарламалармен қатар жүзеге асырылатын болады.

3. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ПЕН ЗАҢДЫЛЫҚ АХУАЛЫН ТАЛДАУ

      Қазіргі уақытта қылмысқа қарсы күрес проблемасы қылмыстардың алдын алуға және жазасыз қалдырмау қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі шараларды қабылдауды талап етеді.
      Қылмыстылыққа жүргізілген талдау жағдайы мен облыстық құқық қорғау органдарының жұмыс нәтижесі және осы салада пайда болған проблемалар соңғы 5 жылда қылмыстылықтың 10 мың халыққа шаққандағы деңгейі жоғары(1998ж - 60, 1999ж - 65, 2000ж - 63, 2001ж - 76, 2002ж - 54.6) екенін көрсетті.
      Осы уақыттағы қылмыстар нақты көрсетілген зорлық-зомбылық бағытпен сипатталады. Ұрлықтар, қарақшылықтар және тонаулар жасалатын қылмыстардың негізгі бөлігін құрайды.
      Кісі өлтіру және басқа да аса қатыгездікпен жасалған ауыр қылмыстардың саны өсуде.
      2002 жылы өткен жылдың салыстырмалы кезеңінде қылмыстылықтың 13,8% төмендеуіне қарамастан, қасақана кісі өлтіру 7,5%, кісі өліміне әкеліп соқтырған қасақана ауыр дене жарақаттарын салу 9,4%, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың 17,6% өскені байқалады.
      Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар бірдей емес. Қылмыстық топтар билік және басқару органдарындағы сыбайлас жемқорлық байланыстарын жиі пайдаланады. Құқық қорғау органдарының қызметі әлі күнге дейін бытыраңқы және жүйесіз сипатта болып отыр.
      Көбіне сыбайлас жемқорлық көріністерімен байланысатын экономикалық қылмыстар кеңінен таралған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті біршама жандандыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес негізінен ұсақ пара алушылар мен талан-таражға салушыларды анықтаумен шектелген.
      Есірткілердің заңсыз айналымы мен нашақорлықтың таралу проблемасы облысымызда шиелінісе түсуде. Есірткілерге сұраныс едәуір артып, ауыр»есірткілердің үлесі ұлғайып отыр. Есірткілерді пайдалануға көбіне кәмелетке толмағандар мен жастар үйір болуда.
      Заңсыз көшіп келу қауіпсіздігінің мүдделерін қозғайтын үлкен проблеманың бірі болып отыр.
      Құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алуды қамтамасыз етуде мемлекеттік билік органдарының, қоғамдық ұйымдардың рөлі әлі күнге дейін төмен.
      Жастарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері шешілмеген, қадағалаусыз қалған балалар көбеюде. Қылмыстың жазаланатын іс-әрекеттерді жауапкершілік туындайтын жасқа жеткенге дейін жасайтын балалар мен жасөспірімдер саны кемімей отыр.
      Маскүнемдік пен нашақорлық маңызды әлеуметтік проблема болып отыр. Көптеген қылмыстар алкогольден немесе есірткіден мас болу күйінде жасалады.
      Сонымен бірге, алдын алу жұмыстардың деңгейі өте төмен, алкоголизм мен нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдейтін емдеу алдын алу мекемелері жеткіліксіз, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мақсатты жұмыс жоқ.
      Құқық қорғау органдарын ақпараттық қолдауды, сондай-ақ халық арасында жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі белсенді қызметтің жеткіліксіздігі азаматтарды заң күшіне және өкіметтің әділдігіне сенбеушілікке әкеліп соқтырады.
      Қылмысқа қарсы күресті тиімді жалғастыру үшін барлық мемлекеттік және жергілікті билік органдары мен басқарудың күш салуын үйлестіруге негізделген және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің сенімді жүйесін құруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырған жөн.

4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаттары

      - Құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, бұл қызметке барлық мемлекеттік органдарды, қоғамдық құрылымдар мен халықты тарту, құқық бұзушылықтардың алдын алуды және қылмысқа қарсы күресті
қамтамасыз етуде жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
      - қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, оның ұйымдасқан нысандарына, есірткі бизнесіне, терроризмге, экстремизмге, заңсыз көшіп келуге, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту;
      - заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

      Бағдарламаның міндеттері:
      - құқық бұзушылықтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен жастардың арасында мақсатты әлеуметтік-құқықтық алдын алуды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдарды әлеуметтік оңалтуды, бөтен біреудің мүлкіне қылмыстық қол сұғудың алдын алуды жүзеге асыру;
      - қоғамдық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық бұзушылықтардың алдын алуда және қылмысқа қарсы күресте жергілікті атқарушы органдардың рөлі мен жауапкершілігін арттыру;
      - қылмысқа қарсы күресте азаматтардың мүдделілігін арттыру, қоғамдық сана-сезімнің криминализациялануын болдырмау, халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
      - ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, терроризмге және экстремизмнің өзге де көріністеріне, заңсыз көшіп келуге, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасаудың сенімді жүйесін құру;
      - құқық қорғау және арнайы органдардың қызметін техникалық қайта жарақтандыру мен ақпараттың қамтамасыз етуді жүзеге асыру, қылмысқа қарсы күрестің құқықтық базасын одан әрі дамыту.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен
тетіктері Құқық бұзушылықтың алдын алу,
құқықтық тәртіпті нығайту

5.1. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз ету

      Қазіргі жағдайда қылмыстың алдын алу қылмысқа қарсы күрестің мемлекеттік саясатының маңызды құрамдас бөлігі болуы керек. Алдын алу жұмыстары мынадай байланыстардың өзін ақтап шыққан бұрынғы, дәстүрлі нысандарын қалпына келтіруді, сондай-ақ еліміздің өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық ахуалына сәйкес келетін өзара іс-қимыл жасаудың жаңа нысандарын іздестіру мен практикаға енгізуді талап етеді.
      Көшелер мен қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар деңгейін қысқарту міндеті қызмет атқарудың нысандарын және әдістерін жетілдіруді, техникалық қадағалау мен байланыс жүйелерін дамытуды, патрульдеу кезінде едәуір икемді көлік құралдарын және қызметтік
жануарларды белсенді пайдалануды, елді мекендердегі қоғамдық тәртіпті сақтауды, оның ішінде қоғамдық құрылымдар мен халықты белсенді түрде тарту есебінен күнделікті жүзеге асыратын
күштер санын көбейтуді, моральдық және материалдық ынталандырудың пәрменді жүйесін әзірлеуді, құқықтық тәртіпті қалыптастыруға қатысушы адамдарды құқықтық және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуді көздейді.
      Жұмыстың басты қағидаттары халықпен тығыз байланыс жасау, азаматтармен ашық-жарқын сөйлесу, олар құқық қорғау органдарына өтініш жасаған жағдайда оларға дереу қажетті көмек көрсету, адамдарға ізеттілік пен ұқыптылық таныту болуы тиіс.
      Ішкі істер органдарының алдын алу қызметінің басым бағыттары ең алдымен, учаскелік полиция инспекторларының қызметі - әсер етудің әкімшілік-құқықтық шараларының үйлесімінде, алдын алудың жалпы және жеке тәсілдермен қылмыстық алдын алу, құқық бұзушылық пен қылмыс жасауды күтуге болады деген адамдарды анықтау, олардың әлеуметтік тәртіпке қарсы пиғылдарын түзету болып табылады. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қалалар мен елді-мекендердің көшелеріндегі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ экстремистік пиғылдағы азаматтар мен топтардың тарапынан қоғамға қарсы іс-қимылдардың алдын алу жөніндегі қызметін жетілдіру.
      Халықтың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуы. Көшелер мен тұрғын үй массивтерін патрульдеуді жүзеге асыру үшін қоғамдық күштерді ерікті негізде құру, бұл қызметті моральдық және материалдық ынталандыруды қамтамасыз ету. Қоғамдық тәртіпті сақтау мен ішкі істер органдарының патрульдік нарядтарын басқаруды ұйымдастыру кезінде жаңа нысандар мен кешенді көзқарастарды іздестіру және енгізу.
      Меншіктік мемлекеттік емес нысандарының объектілерінде олардың иелерінің күшімен қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету.
      Жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту, апаттың деңгейін төмендету жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асыру.

5.2. Кәмелетке толмағандардың арасындағы қадағалаусыз
қалуы мен құқық бұзушылықтардың алдын алу

      Кәмелетке толмағандар қылмысының алдын алу өскелең ұрпақ өмірінің тиісті деңгейін қамтамасыз етуге, жастарды тәрбиелеу мен оларға білім беруге, отбасы мен балаларға қажетті көмек көрсетуге, жасөспірімдердің қадағалаусыз қалуының алдын алуға бағытталған жалпы
әлеуметтік сипаттағы шаралар кешенін жүзеге асырумен тығыз үйлесімді болуы тиіс.
      Дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттауды белсенді түрде жүргізу, тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жасөспірімдердің дене шынықтыру спорт клубтарын және балалар мен
жасөспірімдер спорт мектептерінің жүйесін дамыту, бұқаралық дене шынықтыру спорт іс-шараларын өткізуді қайта жаңғырту қажет.
      Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жұмыстарын жандандыру керек. Комиссияның жұмысы құқық қорғау функцияларын арттыруға, кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының және қадағалаусыз қалуының алдын алудағы ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етуге, кәмелетке толмағандарды оқыту, тәрбиелеу, ұстау және орналастыруға жауапты мекемелер мен ұйымдардың жұмыстарына бақылауға бағытталуы
тиіс.
      Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алумен байланысты іс-шараларды іске асыру көбіне кешенді мақсатты бағдарламаларды жүзеге асырудың тиімділігіне, сондай-ақ қалыптасуы оқу-тәрбие процесінің негізі болуға тиіс өскелең
ұрпақтың құқықтық сана-сезімі деңгейін арттыруға байланысты болады.

5.3. Маскүнемдіктің, алкоголизм мен
нашақорлықтың алдын алу

      Маскүнемдіктің, алкоголизм мен нашақорлықтың қоғамдық қаупі азаймай отыр. Тұрмыстық маскүнемдік отбасына, халықтың денсаулығына және мемлекеттің экономикасына орны толмас зиян келтіруде. Маскүнемдік, әсіресе жасөспірім жасындағы, көбінесе есірткі құралдарын теріс пайдалануға ұласады. Жеке адамның алкогольдік азғындауы оның әлеуметтік байланыстарын, мүлкі мен тұрғын үйін жоғалтуына әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі болып табылады.
      Балалар мен жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алуда мектеп пен басқа да білім беру мекемелеріндегі оқу және тәрбие мәселесін дұрыс ұйымдастырудың
едәуір маңызы бар.
      Оқу орындарында медициналық алдын алу кабинеттерінің болмауына асыру мерзімдерін спирт ішімдіктері мен есірткі заттарын пайдаланатын балалар мен жасөспірімдерді анықтау үшін оқушыларға ұдайы тексерулер жүргізу жүзеге асырылмайды. Нашақорлық ауытқуларға душар болған балалар ересек нашақорлармен және алкоголиктермен бірге қарапайым медициналық наркологиялық мекемелерде емделеді, олардың мынадай адамдармен қарым-қатынаста болуы кері әсерін тигізеді.
      Маскүнемдікке және нашақорлыққа қарсы тиімді күрес жүргізу қоғамның барлық салауатты күштері біріккен кезінде, орталық және жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді қызметі нәтижесінде мүмкін болады.
      Салауатты өмір салтын насихаттау, алкогольге қарсы және нашақорлыққа қарсы, ең алдымен өскелең ұрпақтың тұрақты иммунитетін қалыптастыру маскүнемдіктің, алкоголизмнің нашақорлықтың алдын алудағы басым бағыттар болуы тиіс.
      Есірткіге мойын±ұсынған адамдарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды медициналық-әлеуметтік сауықтырудың мамандандырылған орталықтарының санын көбейту, жалпы білім беретін мектептер мен басқа да оқу орындарында психобелсенді заттарды пайдалануын
анықтау тұрысында оқушыларды ұдайы тексеріп отыратын медициналық кабинеттерді ашу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру керек. Сондай-ақ, мұндай мектептерге аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың бару мүмкіндігін атаулы қаржыландыру тетігін құру қажет.
      Жергілікті органдардың маскүнемдіктің,, алкоголизм мен нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысының жай-күйіне жауапкершілікті арттыру керек.

5.4. Рецидивті қылмыстардың алдын алу

      Қылмыстың атқару жүйесін ізгілік жолына бұру және кейінгі уақытта жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шаралар қайта қылмыс жасағаны үшін бақылау мен жауапкершілікті күшейтуге ұласып, бұрын сотталғандар арасындағы криминогендік ахуалдың тұрақтандыруына әкелді.
      Сонымен қатар, қайта-қайта жасалатын қылмыстардың алдын алу жөніндегі құқық қорғау және өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырып жатқан шаралар жеткіліксіз. Мұндай санаттағы азаматтарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелері
тиісті түрде шешілмей отыр.
      Тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік оңалту орталықтарын құру және жұмыс істеп тұрған орталықтарда орындар санын көбейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
      Қайта жасалатын қылмыстар ахуалын бақылауды қамтамасыз ету мәселелерінде бұрын сотталмағандармен жеке алдын алу жұмысын ұйымдастыруға маңызды мән берілуі тиіс.

Қылмысқа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі шаралар

5.5. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес. Қылмыстарды ашу және тергеу

      Құқық қорғау, фискалдық және арнайы органдардың өзара іс-қимыл жасау деңгейін арттырусыз, олардың қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырусыз ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің табысты толуы мүмкін емес.
      Ұйымдасқан қылмыстық топтардың экономикалық негізін, оларды қаржыландырудың көздерін және қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастыру арналарын анықтау мен жою жөніндегі кешенді шараларды іске асыру, сондай-ақ кәсіпкерлерді криминалдық құрылымдар
тарапынан қылмыстық қол сұғушылықтардан тиімді қорғау құқық қорғау және арнайы органдардың үйлесімді, келісілген және кәсіби іс-қимылдардың нәтижесінде ғана мүмкін болады.

5.6. Есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрес

      Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту мақсатында болып жатқан процестердің тереңдігін, ауқымы мен үрдістерін тиісінше бағалау маңызды. Мемлекет пен қоғамның осы саладағы мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеретін аса тиімді және мейілінше шығынсыз теңгерімді шаралар кешенін Атырау облысында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2002-2003 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асыру қажет.
      Құқық қорғау және арнайы органдар "Мак", "Допинг", "Канал", "Арна" кешенді жедел алдын алу операцияларын және құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіруді анықтауға, өздігінен өсетін сораны, эфедраны жоюға, есірткілердің заңды айналымы жүйесіндегі құқық бұзушылықтарды анықтауға, оларды өткізу арналарын жабуға, жасырын есірткі зертханаларын анықтау мен жоюға, сондай-ақ шекара арқылы есірткілерді заңсыз өткізудің жолын кесуге бағытталған өзге де іс-шараларды жүргізу практикасын жалғастырады.
      Құрманғазы ауданында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы өзара әрекеттесу ведомствоаралық орталығын мәселесі қаралатын болады.
      Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына бақылау орнату, есірткілерге қол жеткізуді шектеу және олардың заңсыз айналымын болдырмау қажет.
Құқық қолдану қызметін есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өткізушілерді, жеткізушілерді, сондай-ақ есірткі бизнесін ұйымдастырушылар мен олардың белсенді қатысушыларын анықтауға және жауапқа тартуға бағдарлау қажет.

5.7. Терроризмге, экстремизмнің өзге де көріністеріне және
заңсыз көшіп келуге қарсы күрес

      Алдын алу сипатындағы шаралар, елімізде терроризмге қарсы іс-қимыл жасаудың бірыңғай жүйесін жетілдіру, қылмыстардың осындай түрлерінің алдын алу мен жолын кесу жөніндегі құқық
қорғау және басқа да мемлекеттік органдар дайындығының қажетті дәрежесі мен олардың қызметін мемлекеттік деңгейде үйлестіруді қамтамасыз ету терроризм мен экстремизм көріністеріне қарсы күрестің негізін қарайды.
      Қазақстан Республикасының ТМД-ға кіретін мемлекеттермен жалғасатын мемлекеттік шекарасының "ашықтығы" Қазақстанға жақын және алыс шетелдерден заңсыз көшіп келудің өсуіне әкеліп соғатын реттелмеген көші-қон процестері, сондай-ақ шетелдерден криминогенді
элементтің, қарудың, есірткілердің енуі үшін қолайлы жағдай туғызады.
      Елімізге кіруді бақылауды қатайту және ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру қажет.    

5.8. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес

     Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының едәуір бөлігі, әсіресе сыртқы экономикалық қызмет саласында латентті болып табылады.
     Жекелеген қылмыстық топтардың іс-қимылы көбіне ұйымдасқан сипатқа ие бола отырып, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастардың барлық жүйесі үшін едәуір қауіп төндіреді.
     Осыған орай, теріс пайдаланушылықты болдырмау мақсатында қаржы-шаруашылық қызмет саласында мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру, құқық қорғау органдары жұмысының нәтижелілігін, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау
нысандарын және әдістерін арттыру, оның ішінде құқық қорғау, фискалдық, қаржы және басқа да мемлекеттік құрылымдардың күш-жігерін біріктіру жолымен арттыру негізгі міндеттер болып
табылады.
     Олардың қызметтерінің басым бағыттары:
    - Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында, экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің 2001-2003 жылдарға арналған тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің
2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жазылған ережелерді іске асыру;
    - құқық қорғау органдарының сыбайлас жемқорлық және экономикалық қызмет саласындағы өзге де қылмыстардың жолын кесу мен оларға тергеу жүргізудегі жұмыстарының нәтижелілігін арттыру;
    - экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғам азаматтары институттарын, кәсіпкерлер ортасын, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын тарту болып табылады.

5.9. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты нығайту, қылмыстарға қарсы күресті ақпараттың-насихаттық қолдау     

     Құқық қорғау органдарының қызметінде заң нормаларын сақтаудан ауытқу құқық қорғаудың оң әдістерін ғана емес, сонымен қатар қоғамды демократияландыру, жаңа Қазақстандық мемлекеттіктің қалыптасуы, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау кепілдіктерін күшейту процестерін тұрақсыздандыру факторы болып табылады.
     Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басым тұжырымды міндеті ретінде заңға құқылықты азаматтарды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды айқындап берді. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының тарапынан туындайды.
     Қаза болғандар, зардап шеккендер, медициналық мекемелерге жеткізілгендер туралы азаматтардың уақытылы хабардар етілуі және «қайғылы оқиғалар бюросының» жұмысын жақсарту алдын алу шараларына жатады, сондай-ақ азаматтардың құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелерге мақсатсыз жүгінуін болдырмайды.
     Заңдылықты нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау туралы талаптар құқық қорғау органдары ұжымдарындағы жоғары ұйымдастырушылық және адамгершілік-тәрбие жұмыстарымен нығайтылуы тиіс.
     Мемлекеттің құқықтық саясаты мен құқық қорғау органдарының қызметі туралы қоғамдық пікірді зерттеу, елдің және оның құқық қорғау құрылымдарының жағымды келбетін қалыптастыру көтеру қажет. Азаматтардың заңға және мемлекеттік билікке деген құрметі мен сенімін тәрбиелеуде мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының күшін біріктіру қажет.

5.10. Бағдарламаны іске асырудың тетігі

     Бағдарлама қылмысқа қарсы күрестің қолданыстағы нысандары мен әдістерінің тиімділігін арттыруға, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған.
     Бағдарламаны орындау үшін ұйғарылған іс-шараларды кезең-кезеңмен орындауды көздейтін, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Іс-шаралардың кешенділігі мемлекеттік және жергілікті билік және басқару органдарының қызметін барынша үйлестіру мен мүмкіндіктерін шоғырландыруға жағдай жасайды. Бағдарламаны іске асыру тетігінің тиімділігі қылмысқа қарсы күрестің барлық бағыттары бойынша мақсатқа сай және келісілген
іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.
     Іс-шаралардың бірінші көрсетілген орындаушылары ведомствоаралық топтар құра алады, олардың жұмысын белгіленген мерзімде берілген есептері арқылы ұйымдастырады және бақылайды. Олар орындаушылармен бірлесіп іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуына жауапты болады.
     Жауапты орындаушылар бірлесе отырып орындаушылармен бірге іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы орындалуына, Бағдарламаны және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзету жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
     Бағдарламаның іс-шараларын орындау барысы мен нәтижелері облыстық әкімият жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Комиссияның отырысында, сонымен қатар облыстық әкімияттың отырысында және облыстық мәслихаттың сессиясында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау арқылы қаралуы мүмкін.

6. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету

      Бағдарламаны қаржы шығындары талап ететін іс-шараларын іске асыру:
      - әрбір мемлекеттік органға тиісті жылға бөлінген сомалар шегіндегі республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен көзделеді.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны іске асыруда нәтижесінде мыналар күтіледі:
      - құқық бұзушылықтардың әлеуметтік алдын алудың тиісті жүйесін құрудың негізі қаланады, құқыққа қарсы әрекет жасауға бейім азаматтарды бақылау күшейеді;
      - тұтастай алғанда, облысымыздағы криминогендік ахуал жақсарады, қылмысқа қарсы күрес күшейе түседі, ауыр қылмыстардың азаю үрдісі байқалады, қылмыстарды ашу жоғарылайды;
      - қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндірулерге оңтайлы түрде қимыл көрсету қамтамасыз етілетін болады;
      - көшелердегі және жасқа да қоғамдық орындардағы ахуал жақсарады;
      - экономиканың криминализациялану деңгейі төмендейді, салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер артады;
      - халықтың құқықтық сана-сезімінің, олардың мемлекет пен құқық қорғау органдарына сенімінің деңгейі жоғарылайды, азаматтардың құқық қорғау органдарымен өзара қарым-қатынасы жақсарады.

8. Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және
қылмысқа қарсы күрестің 2003-2004 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

р/с

            Іс-шара

Аяқтау
нысаны

Орындалуына
(іске
асырылуына) жауаптылар

Орын-далу (іске асырылу) мерзімі

Болжанып отырған шығындар (млн. теңге)

Қаржы-ланды-ру көзі

2003 жыл

2004
жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

1. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық
тәртіпті нығайту

1

Құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдарды дамыту жөніндегі жұмыстарды
жалғастыру.
Махамбет және Құрманғазы аудандарының
"Сарбаздар" полицияға жәрдемдесу отрядтарын
құру жөніндегі оң тәжірибесін тарату.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыруда
олардың қызметтерін материалдық ынталандыру мақсатында азаматтарды,
қоғамдық
тәртіпті сақтауға қатысушыларды көтермелеу
үшін қаражатты қарастыру.

Облыстық
әкімиятқа
есеп беру

Атырау қаласы және аудан әкімде-рі,
ІІБ, ОҚБ,
облыс әкімі аппара-ты

2003-
2004жж
2003
жыл-
дық
2 жартыжылдығы

0,251

0,251

Жер-
гілік
ті
Бюджет

2

Көшедегі таксофондар желісін кеңейту,көшелерді,аулалар мен кіре-
берістерді жарықтандыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.

Атырау
қаласы
және аудан
әкімдерінің шешімдері

Атырау қаласы және аудан әкімдері

жыл сайын

     

3

Полиция учаскелік инспекторларының штат санын қолда
бар тиесілік нормаларына дейін кезең- кезеңмен жеткізу шараларын қабылдау

Облыстық әкімият қаулысы

Облыстық әкімият, ІІБ,
ОҚБ, Атырау қаласы және аудан әкімдері

жыл сайын

0,809

0,808

Жергілікті бюджет

4

Ауылды жерлер мен саяжай алқаптарында
мүліктік қылмыс түрлерінің алдын алу және оларды ашу мақсатында атты полиция бөлімшелерін
құру және жергілікті бюджет есебінен оларды
қаржыландыру туралы мәселені шешу

Облыстық
әкімият
қаулысы

Облыстық әкімият, ІІБ,
ОҚБ,Атырау қаласы
және аудан әкімдері

жыл сайын

     

5

Мал ұрлығының алдын алу және ашу мақсатында
малды белгілеу және енсалу шараларын қабылдау

Облыстық әкімиятқа ақпарат

Атырау қаласы және аудан әкімдері,селолық (посел-келік) округ әкімде-рі

2003-

2004жж .

     

6

Пәтер ұрлықтарының алдын алу мен жолын кесу
мақсатында ақылы қоғамдық жұмыстарға бөлінген
қаражат есебінен көп қабатты тұрғын үйлердің
кіреберісте-
рін күзету жөніндегі Павлодар және
Қызылорда қалаларының оң тәжірибесін тарату

Атырау қаласының шешімі

Атырау қаласының әкімі,ІІБ, ЕЖӘҚБ

2003 жылдың 2 тоқсаны

     

7

Темір жол вокзалдарында, жолаушылар поездарында және Атырау қаласының әуе жайында қауіпсіздік деңгейін жоғарылату жөніндегі шаралар қабылдау

Облыстық әкімиятқа есеп беру

          ЖІІБ

2003-
2004жж

     

8

Полиция учаскелік пункттері (бөлімшелері) қызметінің тиімділігін арттыру және полиция учаскелік
инспекторларының қызметін,
олардың:
а) қызметтік
автокөлікке
(ВАЗ модификациясы);
б) телефон байланысы құралдарына;
в) қызметтік жихазға;
г) қызметтік пәтерге қажеттілігін кезең-кезеңмен қамтамасыз ету арқылы нығайту шараларын   қабылдау

Облыстық
әкімиятқа
есеп беру

Атырау қаласы және
аудандар әкімдері,
ІІБ, ОҚБ

2003-
2004жж

     

9

Білім беру мектептерінде балалардың жол-көлік
оқиғаларынан жарақат-
тануының алдын алу мен
ескертуге бағытталған жарыстар,
конкурстар,
сауалнамалар және басқа да іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету

Облыстық әкімиятқа ақпарат

ІІБ, ББ

2003-
2004жж.

     

10

Квота бойынша және квотадан тыс келген оралмандар тарапынан қылмысты болдыртпауға жол бермеу мақсатында мемлекеттің құқықтық саясаты туралы түсіндіру бағытында сабақтар өткізу

Облыстық әкімиятқа ақпарат

КжДБ (келісім бойынша); ҒБ (келісім бойынша), Атырау қаласы және аудан әкімдері

Тоқсан сайын 2003-
2004жж.

     

2. Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз
қалу мен құқық бұзушылықтардың алдын алу

1

«Жасөспірім», «Сабақ» және т.б. кешенді жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу практикасын жалғастыру

Арнайы жоспарлар

ІІБ,ББ,Атырау қаласы және аудан әкімдері

Жарты жылда
1 рет

     

2

Тұрмысы нашар және аз қамтылған отбасыларынан шыққан кәмелетке толмағандарды спортпен
айналысуға тарту және мәдени ойын-сауық іс-
шараларымен қамту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру

Облыстық әкімиятқа есеп беру

Атырау қаласы және аудан әкімдері, ТСБ,ББ,ІСД,ІІБ

Жарты жылда
1 рет

     

3

Жергілікті атқарушы органдар жанындағы қамқоршылық және қорғаншылық органдарының осы саладағы қызметіне ерекше көңіл бөле отырып, ажырасу,ата-ана құқығынан айыру кезінде және кәмелетке толмағандарға қатысты басқа да жағдайларда олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
жөніндегі
комиссиялардың шешімдері

Облыс әкімі аппараты,
Атырау қаласы және аудан әкімдері, ІІБ, ЖІІБ, ББ

2003-2004жж.

     

4

Атырау қаласында мінез-құлқының ауытқуы бар қыз балалар үшін арнайы жалпы білім беретін оқу орнын ашудың орындылығы туралы мәселені зерделеп және ұсыныс енгізу

Облыстық әкімиятқа ұсыныс

ББ, Атырау қаласы және аудан әкімдері

сәуір 2003ж.

     

5

Жалпы білім беретін мекемелерде спирттік ішімдіктер,есірткі және өзге де психоактивті заттарды ерте пайдаланған балалар мен жасөспірімдерді медициналық тексеруден өткізуді толық қамтуды
қамтамасыз ету

Облыстық

әкімиятқа есеп беру

Атырау қаласы және аудан әкімдері, ББ, ДБ

2003-2004жж.

     

6

Тәрбие колонияларынан оралған және туыстық байланыстарын жоғалтқан кәмелетке толмағандарды немесе ата-аналарының қамқорынсыз қалған өзге де жасөспірімдерді:
а) тұрмыстық орналастыруда;
б) ақылы қоғамдық жұмыстарға бағыттауға;
в) кәсіби оқытуға және қайта оқытуға бағыттауға;
г) көмек көрсетуді көздейтін шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыру

Облыстық әкімиятқа есеп беру

Атырау қаласы және аудан әкімдері, ЕЖӘҚБ, ББ, ІІБ

2003-2004жж.

     

7

Бас бостандығына айыру орындарынан босатылған және мәжбүрлі емдеуден шыққан адамдарға мына мәселелер бойынша: келу; құжаттау;
тұрмыстық жайғастыру; жұмысқа орналастыру; ақылы қоғамдық жұмыстарға бағыттау;  кәсіби оқытуға және қайта оқытуға бағыттауға жәрдемдесу жөніндегі шаралар қабылдау

Облыстық әкімиятқа есеп беру

Атырау қаласы және аудан әкімдері, ЕЖӘҚБ, ІІБ, ДБ

2003-2004жж.

0,160

 

Жергілікті

бюджет

8

Арнайы білім беру ұйымдары мен кәмелетке
толмағандарды уақытша оқшаулау,бейімдеу және сауықтыру орталықтарын ойын, спорт жабдық- тарымен және құралдармен қамтамасыз ету

Облыстық әкімиятқа есеп беру

ББ, ІІБ, ОҚБ

2003-2004жж.

 

0,160

Жергілікті бюджет

9

Облыстық прокуратурамен,кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен біріге отырып кәмелетке толмағандардың қылмыстық топтарының қалыптасуына мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларға, сондай-ақ оларды тарату жөніндегі ішкі істер органдарының тәжірибесіне кешенді талдау жүргізу

Облыстық әкімиятқа ақпарат

ІІБ,ОП (келісім бойынша), Атырау қаласы және аудан әкімдері,АКП (келісім бойынша), ЖІІБ

Жарты жыл 1 рет

     

10

Мектеп каникулдары кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру мақсатында спорттық және сауықтыру лагерлерін құру шараларын қабылдау

Атырау қаласы және аудан әкімдерінің шешімдері

Атырау қаласы және аудан әкімдері

2003-2004жж.

     

11

Күрделі криминогендік ахуалы бар аймақтарда
кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі «мектептік» полиция инспекторларын енгізу практикасын жалғастыру

Облыстық әкімият қаулысы

ББ,ІІБ,Атырау қаласы және аудан әкімдері

2003-2004жж.

     

12

Мінез-құлқының ауытқуы бар балаларды жазғы кезеңде сауықтыру және демалыстарын ұйымдастыру

Облыс әкімінің шешімі

              ББ

2003-2004жж.

     

3. Маскүнемдіктің, алкоголизм мен
нашақорлықтың алдын алу

1

Білім беру,денсаулық сақтау басқармалары
мен біріге отырып
спирттік ішімдіктер,
есірткі заттарын
және өзге де
психотроптық заттарды пайдаланатын
балаларды анықтауға
үнемі
тексеруді
қарастыру

Облыстық әкімиятқа ақпарат

ІІБ,ДБ,ББ, Атырау қаласы және аудан әкімдері

2003-200
4жж.

 

 

 

2

"Денсаулық" фестивалде-
рін» ұйымдастыру және өткізу

Облыстық әкімиятқа есеп беру

ТСБ,Атырау қаласы және аудан әкімдері

2003-2004жж.

 

 

 

3

Алкоголизмге,нашақорлық пен уытқұмарлыққа
душар болған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге арналған жұмыс істеп тұрған мамандандырылған
емдеу  алдын алу мекемесінің төсек-орындар санын кеңейту шараларын қабылдау

Облыстық әкімият қаулысы

ДБ,облыс әкімі аппараты

Жарты жылда

1 рет

 

 

 

4

Жергілікті жерлерде маскүнемдік,
алкоголизм және нашақорлықтың алдын алу жөнінде іс-шаралар жоспарын қабылдау және жүзеге асыру

әкімдер шешімдері

Атырау қаласы және аудан әкімдері

2003 жылдық
тоқсаны

 

 

 

4. Рецидивті қылмыстардың алдын алу

1

Құқық қорғау, өзге де мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тарапынан бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдардың келуіне, құжаттауға, тұрмыстық
және еңбекке орналастыруға бақылауды күшейту

Облыстық
әкімиятқа
есеп беру

ІІБ, ӘБ
(келісім бойынша), ЕЖӘҚБ, Атырау қаласы және аудан әкімдері

2003-2004
жж.

     

2

Белгілі бір тұрақты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығының тиімді жұмыс істеуін,орындар санын қажетті деңгейге дейін көбейтуді, әлеуметтік байланыстарды жоғалтқан азаматтарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөніндегі шаралар қабылдауды қамтамасыз ету

Облыстық әкімиятқа есеп беру

ЕЖӘҚБ, ДБ, ІІБ

2003-2004
жж.

     

3

Белгілі тұрақты жері жоқ адамдарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды (жалғызілікті,тұрғын үйі жоқ) әлеуметтік бейімдеу орталығында орындармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау

Облыстық
әкімиятқа
есеп беру

ІІБ, ДБ, ЕЖӘҚБ,
Атырау
қаласы және аудан
әкімдері

2003-2004
жж.

     

4

Облыстық қарттар мен мүгедектер интернатында
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды (жалғызілікті қарттарды және мүгедектерді) орындармен қамтамасыз ету жөніндегі
шараларды қабылдау

Облыстық әкімиятқа есеп беру

ЕЖӘҚБ, ІІБ

       

5. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес.
Қылмыстарды ашу және тергеу

1

Ұйымдасқан қылмыстық топтарды, оларды қаржыландыру көздерін, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын заңдастыру арналарын
анықтау және жою жөніндегі бірлескен мақсатты жедел іс-шаралар жүргізу

Арнайы жоспарлар

ІІБ,ҚПД (келісім бойынша), КБ (келісім бойынша),ОП (келісім бойынша)

2003-
2004жж.

     

6. Есірткілердің заңсыз айналымына қарсы күрес

1

"Мак", "Допинг",
"Канал", "Арна"»
жедел алдын алу
іс-шараларын жүргізу практикасын жалғастыру

Облыстық әкімиятқа ақпарат

ІІБ,КБ (келісім бойынша), ДБ, ҰҚКД (келісім бойынша, Атырау қаласы және аудан әкімдері,
ЖІІБ

2003-
2004  жж .

     

2

Қазақстанға есірткілерді контрабанда-
лау арналарын жабу мақсатында Құрманғазы ауданында есірткі Құралдарының,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына
қарсы күрес саласында өзара іс-қимыл жасасу жөніндегі ведомствоаралық
орталық құру туралы мәселені зерделеу

Облыстық әкімиятқа ұсыныс

ІІБ,.КБ (келісім бойынша), шекара отряды (келісім бойынша), Құрманғазы ауданының әкімі, ЖІІБ

2003 жылдың
3 тоқсаны

     

7. Терроризмге, экстремизмнің өзге де көріністеріне
және заңсыз көшіп келуге қарсы күрес

1

Жыл сайын «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу

Облыстық
әкімиятқаесеп беру

ІІБ, Атырау қаласы және аудан әкімдері,ЖІІБ, ҚжДБ (келісім бойынша)

2003-2004
жж.

     

2

Шетел азаматтарымен жасалатын, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстардың жолын кесу және ескерту мақсатында олардың келуіне және Қазақстан Республикасына уақытша келушілердің темір жол бекеттерінде, вокзалдарда тіркелуіне бақылауды күшейту

Облыстық
әкімиятқаесеп беру

ІІБ, ЖІІБ

2003-2004
жж.

     

3

Терроризм мен діни экстремизмді уақытында анықтау мақсатында атыс қаруларының, жарылғыш заттардың, радиоактивті және улы заттардың айналымына, заңсыз көші-қон арналарына бақылауды күшейту

Облыстық
әкімиятқаақпарат

ҰҚКД (келісім бойынша),ІІБ,КБ келісім бойынша),ҚПД (келісім бойынша), ЖІІБ

2003-2004
жж.

     

4

Шетелдік азаматтардың заңсыз көшіп келуінің жолын кесу мақсатында жергілікті бюджеттерде оларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарып жіберу үшін қаражаттар көздеу

Облыстық
әкімият қаулысы

ОҚБ, Атырау қаласы және аудан әкімдері

2003-2004
жж.

     

5

Террористік әрекеттерді жасауға мүмкіндік беретін себептер мен жағдайларды жою үшін қарулардың, оқ- дәрілердің, жарылғыш, радиоактивті және улы заттардың арналарының жолын кесу мен анықтау жөніндегі шараларды қабылдау. Соның ішінде олардың әскери бөлімдер- ден, қоймалар мен қару қоймаларынан, рұқсат беру жүйесі объектілерінен таратылу мүмкіндігіне ерекше назар аудару

Облыстық әкімиятқа есеп беру

ҰҚКД келісім бойынша), ІІБ, ЖІІБ

2003-2004
жж.

     

8. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес

1

Аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

Облыстық
әкімият-
қа есеп беру

Атырау қаласы және аудан әкімдері,
ІІБ, ҚПД (келісім бойынша),КБ (келісім бойынша),ОП келісім бойынша),
АКП (келісім
бойынша), ЖІІБ

2003-
2004
жж.

     

2

Стратегиялық ресурстардың экономикалық контрабанда-
сын, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, түсті және қара металдық заңсыз айналымы фактілерін анықтау жөніндегі жедел іздестіру және алдын алу бағытында өзара үйлестірілген іс-шаралар өткізу

Облыстық
әкімият-
қа ақпарат

ІІБ, КБ (келісім бойынша, ҚПД келісім бойынша), ЖІІБ

2003-
2004
жж.

     

3

Атырау облысының аумағына тауарлардың, көлік құралдарының контрабандалық жолмен әкелінуін болдырмау мақсатында "Құрманғазы" , "Жыланды" кеден бекеттері қызметінің аймағына және Құрманғазы ауданының айналма жолдарына үнемі жұмыс жасайтын бірлескен топтарды ұйымдастыру

Облыстық
әкімият-
қа ақпарат

КБ келісім бойынша), ІІБ,ҚПД (келісім бойынша)

2003-
2004
жж.

     

4

Ресей Федерациясының Астрахань облыстық құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып қылмысқа қарсы күрес және есірткілерді, қарулар мен оқ-дәрілерді заңсыз айналымына бақылауды күшейтудегі, жедел ақпараттармен алмасу мәселелеріндегі өзара ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар дайындау

Облыстық
әкімият-
қа ақпарат

ІІБ, КБ (келісім бойынша), ҚПД (келісім бойынша), ЖІІБ

2003 жылдық
тоқсаны

     

5

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін көлік құралдары мен тауарларды контрабандалық әкелуі және әкетуі мүмкін айналма жолдардың схемасын құру, кеден басқармасы және ҚР ҰҚК шекара қызметінің шекара отрядының қызметкерлері санынан құралатын мобилді топтар күшімен шекара периметрлері бойынша жедел-бөгеу іс-шараларын өткізу

Облыстық әкімиятқа ақпарат

КБ (келісім
бойынша), шекара отряды (келісім бойынша)

2003-
2004
жж.

     

6

Акцизделетін тауарлар, энергоресурстар контрабандасын анықтау жөніндегі бірлескен іс-шаралар дайындау

Бірлескен жоспар, облыстық әкімиятқа есеп беру

КБ (келісім
бойынша), СК
(келісім бойынша), ҚПД (келісім бойынша)

2002-
2003жж.

     

7

Атырау қаласының халықаралық әуежайында, автоөткелдерден және шекаралық Ганюшкино темір жол стансасында валюталардың заңсыз республикадан шеткері әкетуін анықтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру

Облыстық
әкімият-
қа есеп беру

КБ (келісім бой
ынша),шекара отряды (келісім бой
ынша),ЖІІБ, ҚПД (келісім бой
ынша)

Жарты жылда
1 рет

     

8

Салық төлеуден,оның ішінде ірі көлемде, жалтаруды анықтау, жол бермеу және тергеуге бағытталған жұмыстарды жетілдіру

Облыстық әкімиятқа ақпарат

ҚПД (келісім бойынша, СК (келісім бойынша)

2003- 2004
жж.

     

9

Күзгі және көктемгі тартым кезеңінде облыстық құқық қорғау және табиғат қорғау органдарының бірлескен балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа жол бермеуге бағытталған Тартым жедел  алдын алу іс-шараларын өткізу

Облыстық әкімиятқа ақпарат

ІІБ,КБ (келісім бойынша), СКАБҚБ (келісім
бойынша), АТП (келісім
бойынша) ҚПД
(келісім бойынша), ЖІІБ

жыл сайын

     

9. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықты
нығайту, қылмысқа қарсы күресті ақпараттық-насихаттық
қолдау

1

Қылмыстар және болған оқиғалар туралы хабарламалар мен арыздарды қабылдау, тіркеу және шешуде заңдылықтың сақталуына бақылауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар қабылдау. Жергілікті жерлерде осы жұмыстардың жайына үнемі тексерулер жүргізу.

Облыстық әкімиятқа ақпарат

ОП (келісім бойынша), АКП (келісім
бойынша)

тоқсан сайын

     

2

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің құқықтық саясатын насихаттауды және түсіндіруді ұйымдастыру,қылмысқа қарсы күресті ақпараттық- насихаттық қолдауды қамтамасыз ету

Облыстық әкімиятқа ақпарат

Атырау-Ақпарат, КМК, ТРК (келісім бойынша), ІІБ,ҰҚКД (келісім бойынша, ҚПД (келісім бойынша),КБ (келісім бойынша, ЖІІБ, Атырау қаласы және аудан әкімдері

2003-2004
жж.

     

3

Қызметтік міндеттерін атқару, азаматтардың заңды мүдделерін қылмыстың қол сұғушылықтан қорғау кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көрсеткен ерлігі мен батылдығы фактілері жөнінде теледидар хабарларында,
мерзімді басылымдарда халықты хабардар етіп отыру

Облыстық әкімиятқа хабарлама

Атырау-Ақпарат,КМК, ТРК (келісім бойынша),ІІБ,ҰҚКД (келісім бойынша), ҚПД (келісім бойынша), КБ (келісім бойынша),ЖІІБ, Атырау қаласы және аудан әкімдері

2003-2004
жж.

     

4

Бұқаралық ақпарат құралдарында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған теле-радиохабарлар мен басылымдар топтамасын құру және іске асыру

Облыстық әкімиятқа ақпарат

Атырау-Ақпарат, КМК, ТРК (келісім бойынша), ІІБ, ҰҚКД (келісім бойынша), КБ (келісім бойынша), ЖІІБ,
Атырау қаласы және аудан әкімдері, ОП (келісім бойынша)

2003-2004
жж

     

5

Халық арасында жол қозғалысы Ережесін сақтау, жол полициясы қызметіне байланысты жұмыстардың жариялылығы және беделін арттыру жөніндегі насихатты және түсіндіру жұмыстарын күшейту

Облыстық әкімиятқа ақпарат

        

            ІІБ, ББ

2003-2004
жж

     

      Барлығы: Жергілікті бюджет бойынша

1,220

1,219

 

      Осы іс-шараларда болжанған шығындарға бөлінетін қаржы облыстық мәслихаттың сессиясында 2003-2004 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде қаралатын болады.

      Ескерту: Қысқарған атаулардың толық жазылуы:
      ОП - Атырау облыстық прокуратурасы
      АКП - Атырау көлік прокуратурасы
      АТП - Атырау табиғат қорғау прокуратурасы
      ҰҚКД - Атырау облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті
      ІІБ - Атырау облыстық ішкі істер басқармасы
      ҚПД - Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаменті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады