Атырау облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы

Жаңа

Атырау облыстық Мәслихатының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 32-III шешiмi Атырау облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 20 қаңтарда N 1765 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығымен  бекітілген "Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу Стратегиясын" іске асыру мақсатында 3 сессиясында шешім етті:

      1. Облыстық әкімияттың 2003 жылғы 24 қарашадағы N 252 қаулысымен ұсынылған "Атырау облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы" қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Дүйсенғалиев) тапсырылсын.

      Облыстық мәслихат
      ІІІ сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы

                        Атырау облыстық әкімиятының қаулысы
                            2002 жылғы 24 қараша N 252

Атырау облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен
күрестің 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығымен  бекітілген "Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресу Стратегиясын" іске асыру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді :

      1. Қоса берілген Атырау облысында 2004-2005 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі Бағдарлама (ілгері қарай - Бағдарлама) мақұлданып, облыстық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.

      2. Атырау қаласы мен аудан әкімдері, барлық мүдделі мемлекеттік органдар бағдарламада қарастырылған іс-шаралардың тиісті және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасары Т.Қ.Мүрсәлиеваға жүктелсін.

      Облыс әкімі                          

Облыс әкімиятының
2003 жылғы 24 қарашадағы N№252
қаулысына қосымша

Атырау облысында 2004-2005 жылдарға арналған нашақорлықпен
және есірткі бизнесімен күрес Бағдарламасы

1. Бағдарлама Паспорты

Атауы   Атырау облысында 2004-2005 жылдарға арналған нашақорлықпен
        және есірткі бизнесімен күрес Бағдарламасы.

Әзірлеудің   Атырау облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен
негіздемесі: күрес Бағдарламасы  Қазақстан Республикасы
             Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N№394 Жарлығымен
             бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және
             есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға
             арналған Стратегиясына сәйкес әзірленді.

Негізгі       Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және
әзірлеушілер: күрес Бағдарламасы бөлімі, барлық мүдделі құқық
              қорғау және мемлекеттік органдар және Атырау
              облысының мекемелері

Бағдарлама    Атырау облысында нашақорлық пен есірткі бизнесін
мақсаты:      күрес Бағдарламасы қарсы тиімді мемлекеттік және
              қоғамдық іс-қимылдың толық ауқымды жүйесін
              қалыптастыру

Бағдарламаның Нашақорлықтың алдын алу, емдеу және емдеу жүйесін
міндеттері:   жетілдіру және есірткіге тәуелді адамдарды сауықтыру
              жүйесін құру: есірткі құралдарының, психотроптық
              заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналысына қарсы
              тұру тетігін жетілдіру; есірткінің заңсыз айналасын
              және оларды теріс пайдалануды бақылау саласында
              халықаралық ынтымақтасуды, есірткіге қарсы насихатты
              жетілдіру; жаңа тұжырымдар мен емдеу әдістерін
              тәжірибеге кеңінен енгізу,
              нашақорлықпен сырқаттанатындарды сауықтыру және
              әлеуметтік ортаға қайта бейімдеу;
Қаржыландыру  Бағдарламаны жүзеге асыру жергілікті бюджет
көздері:      қаражатынан қаржыландыруды, халықаралық ұйымдар мен
              донор елдердің қайтарымсыз техникалық жәрдемін
              талап етеді. Жергілікті бюджеттен бөлінетін қажетті
              қаржылық қаражаттар:
              2004 жылы - 36584 мың теңге;
              2005 жылы - 36584 мың теңге.

Күтілетін     Бағдарламаны жүзеге асыру мыналарға қол жеткізуге
нәтижелер:    мүмкіндік береді: Есірткіні теріс пайдаланатын
              адамдардың анықталуын ұлғайту, олардың санын
              қысқартуға, есірткінің заңсыз енуіне қарсы облыстық
              кедендік және мемлекеттік шекарасын бақылауды
              күшейтуге; есірткі құралдарының,
              психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналасын
              бақылаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіруге;
              есірткінің заңсыз айналысымен байланысты
              сот істерін жүргізуді жетілдіру; халықаралық ұйымдар
              мен донор елдердің назарын олардың есірткіге деген
              сұранысын қысқарту, емдеу және есірткіге
              тәуелді адамдарды сауықтыру, есірткінің жасырын
              айналыс жолын кесудің болашақтағы бағдарламасын
              дайындау және енгізуге техникалық жәрдеМ көрсету
              үшін олар назарын аудару жолымен бақылау саласында;
              халықаралық ынтымақтасуды нашақорлықпен
              сырқаттанушылардың алдын алу, емдеу және
              сауықтыру шығындарын оңтайландыру, сондай-ақ құқық
              қорғау органдардың қылмыстылықпен күрес жөніндегі
              қызметін оңтайландыру; нашақорлық пен
              сырқаттанушыларды емдеу және сауықтыру әдістерін
              жетілдіру; жастар арасында дене шынықтыру-алдын алу
              жұмыстарының ұйымдық-басқару үлгілерін құру және
              қамтамасыз ету, сондай-ақ, есірткіні теріс пайдаланушы
              балалар мен жасөспірімдер үшін сауықтыру
              орталықтарының бөлімшелерін құру және қамту:

Жүзеге асыру
мерзімі:      2004-2005 жылдар

2. Кіріспе

      Атырау облысында 2004-2005 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес Бағдарламасы ҚР Президентінің Қазақстан халықтарына "Қазақстан-2030 "Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы" Жолдауына,
Қазақстан Республикасының "Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналысы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Заңына  сәйкес, ҚР Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығымен  бекітілген "Қазақстан
Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес Стратегиясы" негізінде (ілгері қарай - Стратегия), ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 736 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасында 2002-2003 жылдарға арналған
нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес Бағдарламасын жүзеге асыру көрсеткіштерін есепке ала отырып әзірленген.

3. Проблеманың бүгінгі таңдағы ахуалының талдауы

      Қазіргі кезде Стратегияның 2-кезеңі жүзеге асырылды. 1-кезеңі - 2000-2001 жылдарды қамтиды, оның қорытындысы - елімізде нашақорлықпен күрестің 2000-2001 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру жолымен нашақорлықпен күрестің негізгі жүйесі звеноларын құру болып табылады (ілгері қарай - Бағдарлама).
      Басқа облыстардағыдай сияқты Атырау облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі комитетке есеп беретін өңірлік комиссия облыс әкімінің орынбасарларының басшылығымен жұмыс істей бастады, мұның өзі жергілікті жерлердегі есірткіге қарсы жұмысты жолға қоюға мүмкіндік берді.
      Стратегияның 2-кезеңі құрылған звеноларды нығайтуға бағытталды. Осы кезеңді жүзеге асыру мақсатында Атырау облысында 2002-2003 жылдарға арналған нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес бағдарламасы әзірленді және ол жүзеге асырылу сатысында тұр. Бұл бағдарлама облыс әкімиятының 2002 жылғы 3 желтоқсандағы N 295 қаулысымен мақұлданып, облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілді.
      Бағдарламаға сәйкес облыстық бюджеттен ішкі істер басқармасы жанындағы қызметтік іздестіру иттерінің питомнигіне облыстық бюджеттен 1419 мың теңге материалдық-техникалық нығайтуға бөлінді.
      Нашақорлықтың алдын алу және емдеуге мамандандырылған мемлекеттік емес мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас нығайып келеді.
      Облыс наркологиялық қызметтерінің жұмыстары жетілдірілуде, кәмелетке толмағандарды емдеу үшін стационарлық бөлімшелер құрылды. Кемтар балалар мектеп-интернаты базасында облыстық наркологиялық диспансердің филиалы ретінде 20 керуеттік күндізгі стационар ашылды.
      Сонымен бірге есірткіге қарсы бағытталған роликтерді дайындау үшін және оларды облыстық теледидарда көрсету үшін 276 мың теңге бөлінді. Балалар мен жасөспірімдер үшін бұқаралық спорт шаралары және жарыстар, көптеп өткізіле бастады, сондай-ақ, компьютерлік
клубтар, мүдделер бойынша үйірмелер құрыла бастады. Қолданылған шараларға қарамастан, облыстағы есірткі жағдайы әлі де болса күрделі қалпында қалып отыр және тұрақты жағымсыз серпінмен сипатталып отыр.
      Есірткінің оңай табылуы, арзандығы, есірткіні теріс пайдалану және облыста нашақорлық пен есірткі бизнесі дамуының басты себептерінің бірін құрайды. Облыста есірткіні таратуға
және теріс пайдалануға байланысты тіркелген құқық бұзушылық санының өзгеру серпіні оның үнемі өсу үстінде екендігін көрсетеді. Облыс ІІБ мәліметтері бойынша өткен жылдың осы мерзіміндегі есірткінің заңсыз айналысқа түсуімен байланысты 248 тәртіп бұзушылықтың орнына
2003 жылғы 10 айда 270 қылмыстылық анықталды. Өткен жылғы 3 притон ұстаудың орнына 5 притон ұстау дерегі анықталды. Өткен жылғы 6 деректің орнына үстіміздегі жылы 8 контрабандалық есірткі алып жүру дерегі анықталды, өсім 33,3% құрады.
      Облыстық наркологиялық диспансерде 2002 жылғы 1 қаңтарда алдын ала емдеу есебінде 626 адам тұрды, олардың 23-і - әйел, 2-еуі - кәмелетке толмағандар. 2003 жылдың 1 қаңтарында есепте 752 адам тұрды, олардың 29-ы - әйел, 3-і - кәмелетке толмағандар. 2003 жылдың 9 айында есепте 814 адам тұрды, оның 34-і - әйел, 3-і - кәмелетке толмаған балалар. Жастар арасындағы нашақорлықтың таралуы ерекше алаңдатушылықты туғызады, әйелдер арасындағы осындай жағдай үнемі өсу үстінде.
      Жоғарыда көрсетілген статистика және басқа мәліметтер есірткінің заңсыз таралуына және олардың медициналық емес жолмен қолдануына байланысты қылмыстылық пен басқа құқық бұзушылықтың орнықты үрдістерінің сақталуы туралы жәйттер осындай талдауға негіз болып отыр. Жағдайдың нашарлауының себептерінің бірі ҚР аумағы арқылы ауыр»есірткіні алып жүру болып табылады. Бұл жағдай ел ішінде есірткіге тәуелділер санының өсуіне тікелей әсер етеді. Есірткі нарығының қайта құру құрылымының әсері дәстүрлі жоғарғы белсенді топтағы, қымбат тұратын героин, опий сияқты адам денсаулығына неғұрлым қауіпті есірткілердің нарықтан ығыстырылып шығарылуы болып табылады.
      Қазіргі кезде облыстағы есірткі ахуалы былай сипатталады:
      Есірткіге тәуелділікпен ауыратын адамдарға алдын алу, емдеу және сауықтыру жүрдемінің дамуының жеткіліксіздігімен;
      Есірткінің заңсыз айналысымен байланысты қылмыстылық санының өсуімен;
      Облыс аумағын "көліктік" коридор ретінде пайдалануын жалғастырумен байланысты, соның негізінде контрабанданың ұлғаюы және неғұрлым есірткінің қауіпті түрлерінің тасымалдануы (героин, опий және синтетикалық есірткілер). Есірткі пайдаланушылардың жасаруымен. Облыста есірткімен қамтудың алдын алу тек қана барлық қоғамдық және мемлекеттік институттардың нақты күш біріктіру кезінде мүмкін болады.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты толық ауқымды тиімді мемлекеттік және қоғамдық ілгері қарайғы нашақорлықтың тарауына және Атырау облысында есірткі бизнесімен күрестің тиімді іс-қимылдар жүйесін қалыптастыру болып табылады.
      Бағдарламаның маңызды міндеттері арасынан мыналарды бөліп көрсеткен жөн:
      нашақорлықтың алдын алу, емдеу және есірткіге тәуелді адамдарды сауықтыру жүйесін құру және жетілдіру;
      есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналысына қарсы іс-қимыл жасау тетігін жетілдіру;
      есірткілердің заңсыз айналысын, олардың теріс пайдаланылуын бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру;
      есірткіге қарсы насихатты жетілдіру;
      нашақорлықпен науқастанатындарды емдеу, сауықтыру және әлеуметтік ортаға бейімдеудің жаңа тұжырымдамасы мен әдістері тәжірибесін кеңінен енгізу.

5. Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі
бағыттары және тетіктері

      Осы бағдарламаны жүзеге асыру мыналарға бағытталған:
      мемлекеттік органдармен бірлесіп есірткі құралдары айналысы, психотроптық заттар және прекурсорлар саласындағы мемлекеттік саясат пен стратегияны әзірлеу және жүзеге асыру, олардың заңсыз айналысына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл көрсету. Жергілікті деңгейде және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы есірткіге қарсы іс-шараларды өткізу жолымен қоғамдық иммунитетті қалыптастыру. Осы саладағы заңнаманың қолданылуын қадағалауды
күшейтумен байланысты қызметті лицензиялау жүйесін жетілдіретін, мемлекеттік бақылауды қатаңсытатын жолды жүзеге асыратын есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын бақылаудың тиімділігін арттыру.
      Есірткінің заңсыз айналымымен және нашақорлықпен күресті тиімді ұйымдастыру үшін қажетті техника мен жабдықты сатып алу жолымен нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресуге қатысушы мемлекеттік органдарды материалдық, техникалық және ұйымдық-кадрлық
жағынан нығайту;
      Нашақорлықпен және уытқұмарлықпен сырқаттанушы адамдарға медициналық-әлеуметтік жәрдем беруді ұйымдастыруды күшейту, сауықтыру бағдарламасын әзірлеу және ендіру жолымен, азаматтардың құқығы мен бостандығы кепілдігін қамтамасыз ету, облыста, қалаларда және басқа жерлерде сенім телефондарын ұйымдастыру, алдын алу пункттерін құру арқылы алдын алу бағдарламасын әзірлеу.
      Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың саласында тиімді халықаралық ынтымақтасуын орнату, олардың заңсыз айналымына және теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл жасау. Есірткі бизнесі күресінің тәжірибесі және әдістерімен ақпарат алмасу үшін кездесулер, ғылыми-практикалық конференциялар өткізу.
      Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласында қызметін жүзеге асырушы мамандарды оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, сондай-ақ алдын алу, емдеу, адамдарды әлеуметтік сауықтыру саласындағы мамандарды есірткі құралдарын және психотроптық заттарды пайдаланылатын және пайдалануға бейім адамдарды оқыту және біліктілігін арттыру.
      Облыста есірткі ахуалының жағдайы мен дамуы үрдісін талдау, нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес саласындағы стратегия мен бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау.

6. Қажетті қорлар және оларды қаржыландыру көздері

      Осы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жергілікті бюджетте және заңнамамен тыйым салынбаған басқа көздерде ескерілген қаражаттар есебінен және солардың шегінде жүзеге асырылады.
      Бағдарламаны жүзеге асыру жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыруды талап етеді:
      2004 жылы - 33 184 500 теңге
      2005 жылы - 15 884 500 теңге

7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны жүзеге асыру мыналарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:
      Есірткіні теріс пайдаланушы адамдардың анықталуын ұлғайтады және ҚР кедендік және мемлекеттік шекараларын бақылауды күшейтеді және нашақорлардың санын азайтады, олардың заңсыз елге кіруіне қарсы шара болып есептеледі. Есірткі құралдары, психотроптық заттар
және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауға алу жүйесін жетілдіреді.
      Есірткілердің заңсыз айналымымен байланысты істер жөніндегі сот жүргізу істерін жетілдіреді.
      Халықаралық ұйымдар мен донор елдердің қаржылық және техникалық жәрдем көрсету үшін олардың назарын аудару жолымен халықаралық ынтымақтастықты нығайтады, сондай-ақ есірткіге
деген сұранысты қысқарту, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және сауықтыру, есірткінің жасырын айналымының жолын кесу мақсатында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
      Нашақорлықпен сырқаттанудың алдын алу, емдеу және сауықтыру, сонымен бірге есірткі қылмыстылығымен күрес жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметіне жұмсалатын шығындарды оңтайландыру;
      нашақорлықпен сырқат адамдарды емдеу және сауықтыру әдістерін жетілдіру, нашақорлықтың алдын алу технологиясын әзірлеу және қолдану жөніндегі өңіраралық дене шынықтыру-спорт орталықтарын құру және қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ жастар арасындағы дене шынықтыру, алдын алу жұмыстарының ұйымдастыру-басқару үлгілерін, сондай-ақ сауықтыру орталықтарының есірткілерді теріс пайдаланушы балалары мен жасөспірімдер үшін бөлімшелер ашу және қызметін қамтамасыз ету.

8. Атырау облысында нашақорлықпен және есірткі бизнесімен
  күрестің 2004-2005 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге
   асыру іс-шараларының жоспары

р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Атқаруға (жүзеге
асыруға)

Атқару
мерзімі

Болжалды шығындар

Қаржыландыру
көзі

     

Жауаптылар

(жүзеге
асыру)

2004 ж.

2005 ж.

2004 ж.

2005ж.

1

2

3

4

5

6

7

1. Мемлекеттік органдармен бірлесіп есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар (ілгері қарай - ПЗП) айналымы саласындағы мемлекеттік саясат пен стратегиясын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу

1.

Қоғамдық есірткі иммунитетін қалыптастыру мақсатында ақпараттық, насихатшылық және консультациялық жұмыс жүргізу:

- Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне (26 маусым) арналған толық ауқымды акциялар жүргізу;

- азаматтарды есірткіге қарсы заң-наманы сақтау қажеттілігі туралы; нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күресте мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар туралы хабардар ету.

- спорттық-бұқаралық және туристік шаралар;

- есірткіге тәуелділіктегі балалар мен жастарды шынықтыру және сауықтыру жөніндегі үкіметтік емес мамандандырылған дар  мекемелер арасында конкурс өткізу;

жастардың мазмұнды демалысын ұйымдастыру
жөніндегі семинар-
тренингтер өткізу

Мемлекеттікоргандар басшылары-
ның
бұйрықтары БАҚ жариялау,
үгіттің
көрнекілік түрлерін
пайдалану, әдістемелік ұсыныстарды
әзірлеу және шығару.
Дөңгелек столдар,
семинарлар, спорттық-
бұқаралық іс-шаралар, шығармашылық конкурстар
өткізу

Атырау қ. және аудан
дар
әкімдері,
БББ,ДСБ, АқКБ (келісім бойынша),  ҚБ(келі-
сім бойынша), ІІБ (келісім бойынша), МБ, ҰҚКД (келісім бойынша), ТжСБ,жалпы білім
беретін мектептер, орта арнаулы
оқу орындары,
жоғары оқу
орындары.

2004және2005
жылдары
үнемі

842500

теңге

842500

теңге

842500

теңге

842500

теңге

 

2.

Балалардың, жасөспірімдер мен
жастардың бос уақытын ұйымдастыру (спорттық алаңшалар салу және жаңыр-ту), конкурстар өткізу, аула, спорттық- сауықтыру және мәдени-ағарту балалар мен
жасөспірімдер мекемелерінің
жұмысын ұйымдастыру

Атырау қ. мен аудандар әкімдерінің
шешімдері, басшыларының бұйрықтары

Атырау қ. мен аудандар әкімдері, ТжСБ,МБ
БББ, ДСБ

2004
және
2005
жылдар
ішінде

4928 мың
теңге

4928 мың
теңге

4928 мың
теңге

4928 мың
теңге

3.

Облыс аумағында "Допинг", "Канал", "Мак", "Арна", "Подросток" және т.б. арнаулы оперативтік алдын алу тәжірибесін өткізуді жалғастыру

 

Облыс ІІБ (келісім бойынша), Атырау қаласы мен аудандар әкімдері

2004 және 2005 жылдар ішінде

 

 

 

 

2. Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күреске қатыстырылған мемлекеттік   органдарды материалдық-техникалық және ұйымдастыру-кадр жағынан нығайту

4.

Есірткілерді контрабандалық жолмен әкелуге және әкетуге тыйым
салу мақсатында кинологиялық
қызметті материалдық-техникалық жағынан нығайтуды жалғастыру

Жабдықтар
сатып алу

Облыс әкімі,
Облыс ІІБ (келісім бойынша)

2004-
2005
жылдар
ішінде

5472 мың теңге

5472 мың теңге

5472 мың теңге

5472 мың теңге

5.

Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі іс-
шара- ларға арналып жергілікті бюджет тен бөлінген қаржы-қаражатты
мақсатты пайдалану жөнінде тексерулерді жүзеге асыру

Бірлескен тексерулер жоспары

Облыс әкімі, мүдделі органдар

2004-
2005 жылдар ішінде

       

6.

Ұйымдық және материалдық
жағынан наркологиялық диспансерлер нығайтылсын, қажетті қызметкер лер штатын ұстау арқылы кәмелетке толмағандар үшін 20 төсектік жасөспірімдер бөлімшесін ашсын

Басшылар бұйрықтары

Облыс әкімі,
ДСБ, БББ басшылары

2005 жыл
ішінде

 

3500

мың теңге

 

3500 мың

теңге

3. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен сырқаттанатын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек ұйымдастыруды күшейту, көмек көрсету кезінде азаматтар құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері қамтамасыз етілсін

7.

Аудандардағы наркологиялық кабинеттер медицина қызметкерлерінің қажетті санымен қосымша толықтырылсын

Денсаулық сақтау мекемелері басшыларының бұйрықтары

ДСБ, БББ

2004-2005 жылдар ішінде

1042 мың теңге

104
мың теңге

1042 мың теңге

1042 мың теңге

8.

Наркологиялық мекемелер үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте дәрілік құралдар мен қажетті жабдықтар сатып алынсын

Денсаулық сақтау мекемелері басшыларының бұйрықтары

ДСБ

2004 жыл ішінде

20800
мың теңге

 

20800
мың теңге

 

      БББ - Атырау облыстық білім беру басқармасы
      ДСБ - Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы
      АҚКБ - Атырау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы
      ӘБ - Атырау облыстық әділет басқармасы
      ІІБ - Атырау облыстық ішкі істер басқармасы
      МБ - Атырау облыстық мәдениет басқармасы
      ҰҚКД - Атырау облысы бойынша ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті
      ТСБ - Атырау облыстық туризм және спорт басқармасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады