Қала әкімиятының резервінен қаражатты пайдалану Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімиятының 2003 жылғы 11 тамыздағы N 373 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 4 қыркүйекте N 957 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 407 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау  қаласы әкімдігінің 2007.12.21 N 407 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының N 207 29 мамыр 2002 жылғы қаулысын (Оңтүстік Қазақстан газеті N 91 2002 жыл 20 шілде) басшылыққа алып, қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Қала әкімияты резервінен қаражатты пайдаланудың Ережесі бекітілсін (қосымша).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауын қала әкімінің орынбасары Б.Қ. Қанатовқа жүктелсін.

      Қала әкімі

Кентау қала әкімиятының
2003 жыл 11 тамыз N 373
Қала әкімиятының резервінен
қаражатты пайдалану Ережесін
бекіту туралы қаулысына қосымша

Қала әкімиятының резервінен қаражатын пайдалану
ЕРЕЖЕСІ

      1. Осы Ереже қала әкімияты резервінің қаражатын қалалық мәслихаттың шешімімен тиісті қаржы жылына бекітілген сома шегінде бөлудің және пайдаланудың тәртібін белгілейді.
      2. Резерв қаражаты Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңының 13 бабына сәйкес қалалық бюджеттің құрамында ағымдағы жыл бюджетін жасау кезінде жоспарланбаған және кейінге қалдыруға болмайтын шығыстарды қаржыландыру үшін құрылады. Қала әкімияты резервінің құрамында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға, басқа да көлденең шығыстарға арналған қаражат, сот шешімдері бойынша қалалық бюджет бағдарламаларының әкімшілері міндеттемелерін өтеуге арналған арнайы резерв қаражаттары қарастырылған.
      3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаса, қала әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы ұсынысты төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқарма қарайды.
      4. Қала әкімияты резервінен қаражат бөлуді қала әкімиятының қаулысы негізінде, белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы, тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджеттің шығыстарының құрамында бекітілген мөлшерлер шегінде қалалық қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтару мерзімдері көрсетіледі.
      5. Қала әкімияты резерві қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және қала әкімиятының резервтен қаражат бөлу туралы қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
      6. Заңды тұлғалардың резервтен қаражат бөлу туралы өтініштерін қала әкімінің тапсыруымен қалалық қаржы бөлімі оларға алушымен келісілген негіздемелі есептері болған жағдайда ғана және мынадай шарттарды ескере отырып қарайды:
      1) резерв қаражаты бағытталатын мақсатқа қалалық бюджетте ағымдағы жылға қаржының болмауы;
      2) резерв қаражатына қажеттілік ағымдағы қаржы жылында пайда болды және сот шешімі бойынша міндеттемелерін өтеу жағдайын қоспағанда оларға деген қажеттілік алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты емес;
      3) резервтен қаражат бөлу туралы мәселені қараудың қорытындысы бойынша қала әкімиятының қаулысы қабылданады.
      7. Сот шешімдері бойынша қалалық бюджет бағдарламалары әкімшіліктерінің міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда қала әкімияты резервінің қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      Сот шешімдері бойынша төлем жасауға міндетті болған қалалық бюджет бағдарламаларының әкімшілері, егер қолданылып жүрген заңдарда қарастырылған негіздемелері болса, барлық сот инстанцияларына аталған шешімге міндетті тәртіппен шағым жасауына болады.
      Қалалық бюджет бағдарламаларының әкімшілері өздерінің қабылдаған заңсыз актілері үшін, сондай-ақ өздерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз әрекеттері үшін, оларға әкімшілік шығыстары»бағдарламасы бойынша бөлінген ақшамен жауапты болады.
      8. Қала әкімиятының резервтен қаражат бөлу жөніндегі қаулысы қаржы жылы аяқталған соң күшін жояды.
      9. Резерв қаржысының мөлшері қалалық бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан асып кетпеуі тиіс.
      10. Республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға, қоғамдық және шығармашылық бірлестіктер мен ұйымдарға резервтен қаражат бөлуге жол берілмейді.
       11. Резервтен бөлінген қаражатты алушылар қалалық қаржы бөлімі белгіленген тәртіппен және мерзімінде олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
      12. Қалалық қаржы бөлімі ай сайын қала әкімиятына резерв қаражатының нақты бары және оның пайдаланылуы тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
      13. Алушы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіппен қала әкімиятының резервінен бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуына жауап береді.
      14. Резерв қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды қалалық қаржы бөлімі жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады