Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлықтары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының әкімиятының 2003 жылғы 17 шілдедегі N 128 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 29 шілдеде N 1337. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 маусымдағы N 91 қаулысымен тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009.06.08 N 91 қаулысымен.

      Елбасының Қазақстан халқына жолдаған "2003 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі" Жолдауын орындауда және мәдениет пен өнердің аймақтағы деңгейін көтеру, халықтың мәдени мұрасын әрі қарай дамыту және сақтау мақсатында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы , 1-тармағының 18)-тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығы туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).

      2. Конкурстың ұйымдастырушысы - облыстық мәдениет басқармасы мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығына кандидатураларды қарау және іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның құрамын бекітсін.

      3. Облыстық мәдениет басқармасы (Т.Т.Түсіпбеков) жыл сайынғы сыйлыққа төлемді 43.00 "Жергілікті деңгейде ойын-сауық іс-шараларын өткізу" бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттан жүргізсін.
      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 01-сәуірдегі N 32 қаулысының және облыс әкімінің 2000 жылғы 02-қарашадағы N 1-1019 өкімінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.С.Омаровқа жүктелсін.

      Облыс әкімі

       Шығыс Қазақстан
облысы әкімиятының
2003 жылғы 17 шілдедегі
N 128 қаулысына
N 1 қосымша

Мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесі үшін
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығы туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы (әрі қарай Әкімнің сыйлығы) мәдениет пен өнер қайраткерлеріне мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлестері үшін беріледі:
      1) Республика мен облыстың мәдениеті мен өнерін дамытудағы зор жетістіктері үшін;
      2) Шығармашылықтың барлық жанрлары мен бағыттарында жоғары көркем шығармалары үшін;
      3) Қазақстан Республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының мәдени өміріне белсенді қатысқаны үшін;
      4) Көркем шығарманың көмегімен жоғары рухани қағидалар мен халықтар арасындағы достықты насихаттағаны үшін;
      5) Қазақстан Республикасы халықтарының және басқа да ұлттардың мәдениетін жаңғыртқаны, сақтағаны және дамытқаны үшін;

      2. Әкімнің сыйлығы жыл сайын сегіз номинациялар бойынша тапсырылады: театр өнері, музыка өнері, бишілік өнері, бейнелеу өнері, мұражай ісі, клуб ісі, кітапхана ісі, әдебиет.
      Әкімнің сыйлығының қаржылай мөлшері сыйлық тапсырылатын жылы облыстық бюджеттің 43.00 бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат шеңберінде белгіленеді.

      3. Әкімнің сыйлығына кандидаттар ұсынуды қалалық және аудандық мәдениет бөлімдері, облыстық мәдениет басқармасына қарасты мәдениет мекемелері, сондай-ақ, шығармашылық одақтар, қоғамдық ұйымдар мен қорлар жүргізеді.
      Әкімнің сыйлығына кандидатураны ұсыну туралы шешімді жергілікті жерде құрылған кәсіби комиссия қабылдайды.
      Ізденуші бір ғана номинация бойынша ұсынылады.
      Әкімнің сыйлығы шығармашылық ұжымға тапсырылған жағдайда қаржы мүшелері арасында тең бөлінеді.

      4. Кандидатуралар әкімнің сыйлығы жөніндегі облыстық комиссияға келесі жылдың 20-қаңтарына дейін қарауға тапсырылады. Комиссияның қарауына: ұсынып отырған мекеме бекіткен марапаттау қағазы, мінездеме, сондай-ақ, авторлардың шығармалары немесе көшірмесі, видео және аудио таспалары, марапаттау дипломдарының және қағаздарының көшірмелері, фотосуреті мен басқа да құжаттар тапсырылады.

      5. Әкімнің сыйлығына ұсынылған кандидатураларды қарауды комиссия екі кезеңде жүргізеді. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша кандидатуралар облыс әкіміне бекітуге ұсынылады. Әкімнің сыйлығы ұсынушыға бір рет беріледі, комиссия мүшелері конкурсқа қатыстырылмайды.
      6. Әкімнің сыйлығы тапсырылған тұлғаларға "Шығыс Қазақстан облысының әкімі сыйлығының лауреаты" құрмет дипломы табыс етіледі.
      Әкімнің сыйлығын тапсыру рәсімі салтанатты жағдайда өтеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Шығыс Қазақстан облысының
      мәдениет басқармасының бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады