"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Қазақстан Республикасының заңын iске асыру шаралары туралы

Күшін жойған

Бесқарағай ауданының әкімінің 2003 жылғы 2 шілдедегі N 13-1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 31 шілдеде N 1342 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі N 569 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2007.04.18 N 569 хатымен.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-11 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"заңының 33 бабы 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес үмiткерлердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға iрiктеу және ұсыну жөнiндегi жұмысты одан әрi жетiлдiру, оны талқылаудың, алқалығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында,ШЕШЕМIН:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөнiндегi комиссия құрылсын.
      2. Ұйымдастыру және кадр жұмысы бөліміне комиссияның дербес құрамы анықталып, бекiтуге аудандық Мәслихат сессиясына енгізілсін
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (қосымша).
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.К.Иманғазинаға жүктелсін.
      5. Осы мәселе жөніндегі Бесқарағай ауданы әкімінің 2002 жылғы 2 шiлдедегi N 23-1 шешiмi күшін жойсын.
      
      
      Аудан әкiмi

            
      Бесқарағай ауданы әкімінің
2003 жылғы 2 шілдедегі
N 13-1 шешіміне қосымша

      
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен
наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

      
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдардың құжаттарын қарау жөніндегі комиссия наградтау мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды алдын-ала қарау және әзірлеу, наградалық заңнаманың өмірге енгiзiлуiне ықпал жасау үшін мемлекеттiк органдар мен ұйымдар өкілдерінің және депутаттардың қатарынан құрылады.
      2. Комиссия төрайымнан, төрайым орынбасарынан, хатшысы мен комиссияның 4 мүшелерінен тұрады.
      Комиссия төрайымы: комиссия қызметін ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады, комиссия отырыстарының күн тәртібін қалыптастырады, комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етедi, комиссияның құзыры шеңберінде өзге де өкілеттіктерді орындайды.
      Комиссия хатшысы: комиссия отырысын өткізуді қамтамасыз етеді, комиссия мүшелерін комиссия отырысының күн тәртібі, өткізілетін орны мен уақыты туралы хабардар етедi, түскен құжаттарды комиссия мүшелеріне ұсынады, комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды.
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерi комиссия қызметінің құқықтық негiзiн құрайды.
      3. Комиссияның функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдарға құжаттар қабылдау;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы ұсынымдарды қарау;
      3) наградаларға құқықтықтарын қалпына келтiру туралы өтінімдерді қарау;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы заңдылықтың сақталуына бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтауға ұсынылатын адамдарды кеңінен және ашық талқылауға ықпал жасау.
      4. Комиссияның мынандай құқығы бар:
      1) наградтауға ұсынылатын адамдардың қызметімен танысуға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен наградтау туралы аудан әкіміне ұсыныстар енгiзуге;
      3) наградаларға құқықтарын қалпына келтiру туралы өтінімдер бойынша қорытындылар беруге;
      4) мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен лауазымдық тұлғалардан өзінің жұмысы үшін қажетті мәліметтер, құжаттар, материалдар мен өзгеде ақпараттар сұрауға;
      5) наградтау заңнамасын қолдану мәселелерi бойынша қажет болған жағдайда мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың өкiлдерiн және лауазымды адамдарды шақыруға және тыңдауға.
      5. Комиссияның отырыстары қажеттігiне қарай өткiзiледi және оған комиссия мүшелерi жалпы санының жартысынан астамы қатысқан жағдайда оның құқықтық күшi бар болып, есептеледi.
      6. Наградалық материалдардың түсуiн реттеу үшін комиссия мыналарды басшылыққа алады:
      1) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттiк наградалармен, Шығыс Қазақстан облысының Грамотасымен, Бесқарағай ауданының Грамотасымен наградтау туралы, аудан әкімінің алғысын жариялау туралы аудан әкімінің атына тек өз қызметкерлерiне ғана ұсыным енгiзедi;
      2) басқа барлық жағдайларда наградтауға ұсынымдарды мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер меншiк түрлерiне қарамастан аудан әкiмi арқылы енгiзедi.
      7. Комиссия шешiмдердi отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылдайды. Комиссия шешiмдердi, сонымен бiрге сұрау салу тәртібімен де қабылдай алады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi болып табылады. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және оған комиссия төрағасы қол қояды.
      8. Комиссия қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету аудан әкiмi аппаратының ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлiмi жүзеге асырады.
      Аудан әкiмi аппаратының ұйымдастыру - кадр жұмысы бөлiмi наградалық материалдарды комиссияның қарауына тек аудан әкімінің, ол болмаған кезде оның мiндетiн атқаратын тұлғаның бұрыштамасымен енгiзедi.
      Комиссия хатшысының мiндеттерiн ұйымдастыру - кадр жұмысы бөлiмiнiң бас маманы атқарады.
      
      
      Аппарат басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады