Ескерту. Күші жойылды - Ұлан ауданы әкімдігінің 2009.09.18 N 268 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 14 тармақшасы негізінде дайындалған қаулысына, Ұлан аудандық мәслихатының 2003 жылғы 14 қаңтардағы N 152 "2003 жылғы аудандық бюджеті туралы" шешіміне сәйкес Ұлан аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданның өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу туралы қағида бекітілсін (N 1 қосымша).
2. Ауданның өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бір жолғы материалдық көмек бөлу және төлеу бойынша комиссия құрылсын (N 2 қосымша).
3. Аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің меңгерушісі (Н.Р.Асылқанова) аудандық мәслихатқа бекітуге комиссияның жеке құрамының тізімін дайындасын.
4. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Ө. Сейсембинаға жүктелсін.
Ұлан ауданының әкімі
Аудан әкімдігінің
6 маусым 2003 жылғы
N 550 қаулысына
N 1 қосымша
Ұлан ауданының өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына біржолғы материалдық көмекті бөлу және төлеу тәртібі туралы
ҚАҒИДА
1. Жалпы қағидалар
1. Біржолғы материалдық көмек ауданның өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарына бір адамға жылына бір рет көрсетіледі.
2. Біржолғы материалдық көмекті алуға Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ Ұлан ауданында тұрақты тіркелген тұлғалардың құқығы бар.
3. Біржолғы материалдық көмек халықты әлеуметтік қорғау аудандық басқармасымен аудандық бюджет қаржысынан төленеді.
2. Біржолғы материалдық көмекті бөлу және төлеу тәртібі
4. Біржолғы материалдық көмек өте мұқтажды жалғыз тұратын аз қамсыздандырылған зейнеткерлер мен отбасыларға, кәмелеттік жасқа толмаған балалары барларға, мүгедектерге, жұмыссыздарға, сондай-ақ, апат салдарынан ауыр материалдық жағдайдағы, аурудың өте ауыр түріне шалдыққан, келеңсіз жағдайға душар болған және басқа себепті ауыр материалдық жағдайдағы жанұяларға беріледі.
5. Материалдық көмек ауданның аз қамсыздандырылған азаматтарына және зейнеткерлеріне қоғамдық ұйымдардың, еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың ұсынуымен берілуі мүмкін.
6. Біржолғы материалдық көмек төмендегі құжаттарды жинап ұсынған уақытта беріледі:
1) көмек көрсету туралы өтініш;
2) жеке басының куәлігі;
3) ТСН;
4) азаматтың материалдық көмекке мұқтаж болуын растайтын басқа да құжаттар.
7. Әр түскен өтініш бойынша жергілікті өзін-өзі басқаратын жергілікті органдардың қызметкерлерін қатыстыра отырып өтініш жасаған азаматтың тұратын жеріне барып жанұяның әлеуметтік картасы толтырылады.
8. Төленетін материалдық көмектің мөлшері әр нақты жағдайда аудандық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген комиссиямен анықталады. Комиссияның материалдық көмек төлеуден бас тартуға құқы бар.
9. Көмек сұрап өтініш жазған азамат өтініште көрсетілген мекен-жайдан (бір айдан астам) көп уақыт табылмаса комиссия ол азамат қайта өтініш жасаған кезде, өтініш қосымша қаралады деп шешім қабылдауға құқы бар.
10. Шұғыл жағдайларда, барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдардан және жеке тұлғалардан қайырымдылық көмек қайырымдылық ретінде түскен азық-түлік, киілген киімдермен жедел әлеуметтік жәрдем көрсету құқығы халықты әлеуметтік қорғау басқармасына беріледі.
11. Біржолғы материалдық көмек өтініш берушімен көрсетілген мекенжай бойынша халықты әлеуметтік қорғау басқармасымен қызмет беру туралы шарт бекітілген ұйыммен жүзеге асырылады.
3. Жауапкершілік және бақылау
12. Өте мұқтажды және аз қамсыздандырылған азаматтарға материалдық көмекті бөлу және төлеу жауапкершілігі толығымен комиссияға жүктеледі.
13. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы, аз қамсыздандырылған азаматтарға біржолғы көмек көрсетуге мақсатты жұмсалуын бақылауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.
Аудандық әкімияттың
аппарат басқарушысы
Аудан әкімдігінің
6 маусым 2003 жылғы
N 550 қаулысына
N 2 қосымша
Ұлан ауданының аз қамтылған және жағдайы нашар азаматтарға
бір жолғы материалдық көмек көрсету комиссиясының құрамы
Сейсембина Н.У. |
аудан әкімінің орынбасары, |
Асылқанова Н.Р. |
аудандық еңбек және халықты |
Аскерова Р.Б. |
аудандық еңбек және халықты |
Комиссия мүшелері: |
|
Машибаева С.К. |
аудандық мәслихаттың хатшысы |
Сағатов Т.С. |
аудандық денсаулық қорғау |
Түсіпжанова Н.Б. |
аудандық қаржы бөлімінің |
Ибраимова А.Д. |
аудандық еңбек пен қамту |
Аудандық әкімияттың
аппарат басқарушысы