Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.02 № 478 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) Бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қаңтардағы Заңына сәйкес Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 27 шiлдеде N 1589 тiркелген "Республикалық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы N 111 бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру ережесiнде:
49-1 тармақ алынып тасталсын.
2. Республикалық мемлекеттiк заңды тұлғалармен жұмыс iстеу жөнiндегi басқарма (Ә.Б. Ғалиақберова) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтiнен бастап күшiне енедi.
Төраға