Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережесін, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жарақтандыру бойынша талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 16-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2708. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңының және "Қазақстан Республикасының 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келісіміне қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2272 Жарлығының ережелерін іске асыру мақсатында, сондай-ақ автомобиль тасымалдарын жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бақылау арқылы жүзеге асырған кезде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережесі, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жарақтандыру бойынша талаптар бекітілсін.
      2. Автомобиль көлігі басқармасы (Ш.Қ.Маханов) Ережені мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тахографтарды қолданудың ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 3 қарашадағы N 437-1 (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 308-1 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 2 желтоқсанда N 1317 тіркелді);
      2) "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тахографтарды қолданудың ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 3 қарашадағы N 437-1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 308-1 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2002 жылғы 10 қазанда N 2002 тіркелді, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланды, 2002 ж., N 45-46).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникациялар вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

     Министрдің
     міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникациялар 
министрінің міндетін атқарушының
2004 жылғы 19 қаңтардағы N 16-1
бұйрығымен бекітілген  

Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережесі, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жарақтандыру бойынша талаптар 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастыру ережесі, автокөлік құралдарын еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жарақтандыру бойынша талаптар (бұдан әрі - Ереже) "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келісіміне қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы N 2272Жарлығына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің еңбегі мен демалысын ұйымдастырудың жалпы тәртібін және еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларын, осы құрылғылармен жабдықталуға тиісті автокөлік құралдарына орнату және пайдалану бойынша талаптарды анықтайды.

      2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тахограф - автокөлік құралының жүрген жолы мен қозғалыс жылдамдығы, жүргізушінің еңбек және демалыс уақыты туралы мәліметтерді арнайы диаграммалық дискілерде (бұдан әрі - диаграммалық дискілер) немесе тіркеу парақтарында автоматты немесе жартылай автоматты режимде үздіксіз тіркеу мақсатында автокөлік құралдарына орнатылуға арналған бақылау құрылғысы;
      2) диаграммалық дискі - бақылау құрылғысына енгізілетін және тіркелуге жататын ақпаратты үздіксіз жазу мен сақтауға арналған дискі;
      3) тексеру - мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу;
      4) жүргізуші - жалдау бойынша немесе басқаша жұмыс істейтіндігіне қарамастан автокөлік құралын басқаратын немесе автокөлік құралында қажет болған кезде оны басқару үшін болатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiлiктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары бар тұлға;
      5) басқарудың күнделікті ұзақтығы - күнделікті демалыстың кез келген екі кезеңі немесе күнделікті және апталық демалыс кезеңдері арасындағы басқару ұзақтығы;
      6) апта - дүйсенбідегі сағат 00.00-ден бастап жексенбідегі сағат 24.00-ге дейінгі уақыт мерзімі;
      7) демалыс - жүргізуші өз уақытын еркін пайдалана алатын, ұзақтығы кемінде бір сағат, кез келген үздіксіз кезең;
      8) доңғалақтар шиналарының тиімді шеңбері - автокөлік құралының бірнеше жетекші доңғалақтарының, сынақтардың қалыпты жағдайы кезіндегі бір толық айналымда өткен қашықтықтарының орташа мәні.

      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді немесе почтаны тасымалдауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға таралады.

      4. Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

      5. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Ережеде белгіленгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

2. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі

      6. Автокөлік құралын басқарудың күнделікті ұзақтығы 9 сағаттан аспауы тиіс. Ол кез келген аптаның ішінде 10 сағатқа дейін екі рет көбейтілуі мүмкін (1-қосымша).

      7. Автокөлік құралын басқарудың жалпы ұзақтығы кез келген екі аптаның ішінде 90 сағаттан аспауы тиіс.

      8. Автокөлік құралын үздіксіз төрт жарым сағат басқарғаннан кейін, егер демалыс уақыты келмесе, кемінде 45 минут үзіліс жасауы тиіс.

      9. Бұл үзіліс қосындысы 45 минуттан кем болмайтындай етіп басқару кезеңі ішінде үлестірілетін, әрқайсысы ұзақтығы кемінде 15 минут үзілістермен ауыстырылуы мүмкін.

      10. Осы үзілістердің кезінде жүргізуші басқа ешқандай жұмыс орындамайды.

      11. Үзілістердің күнделікті демалыс кезеңдері ретінде қаралуы мүмкін емес.

      12. Әрбір 24 сағат ішінде жүргізушінің ұзақтығы кемінде 12 сағат күнделікті демалысы болады.

      13. Егер әрбір 30 сағат ішінде автокөлік құралын кем дегенде екі жүргізуші басқарса, онда әрбір жүргізушінің қатарынан ұзақтығы кемінде 8 сағат демалысы болады.

      14. Егер автокөлік құралында жататын орын болса және автокөлік құралы тұрақта тұрса, онда күнделікті демалыс кезеңі пайдаланылуы мүмкін.

      15. Жүргізуші бағыт учаскесінде паромда немесе темір жолмен тасымалданатын автокөлік құралын алып жүрген жағдайларда, оның жататын орны болуы тиіс және күнделікті демалысы бір реттен артық үзілуі мүмкін. Бұл үзіліс тиеуге дейін және түсіруден кейін 1 сағаттан аспауы тиіс. Бұл ретте кедендік ресімдеу жөніндегі операциялар тиеу және түсіру бойынша операцияларға кіреді, ал үзілетін демалыстың күнделікті кезеңі екі сағатқа ұлғайтылады.

      16. Әрбір жұмыс аптасының ішінде жүргізушінің ұзақтығы 45 жүйелі сағатты құрайтын апталық демалысы болуы тиіс. Егер демалыс автокөлік құралының не жүргізушінің тіркелген жерінде қолданылса, ол 36 сағатқа дейін қысқартылуы мүмкін, егер ол басқа жерде қолданылса, 24 сағатқа дейін қысқартылуы мүмкін. Демалыс ұзақтығының кез келген қысқартылуы үш аптаның ішінде тиісті демалыс уақытын беру арқылы өтелуі тиіс.

      17. Апталық демалыс, автокөлік құралын басқарудың алты күнделікті кезеңдерінен кейін, егер осы күндер ішінде басқарудың жалпы ұзақтығы басқарудың алты күнделікті кезеңдеріне сәйкес келетін ең ұзақ уақыттан аспайтын болса, алтыншы күннің соңына дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

      18. Жол жүру қауіпсіздігіне қауіп төндірмеу және қолайлы тұрақ орнына қол жеткізу үшін жүргізуші автокөлік құралында бар тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде осы Ереженің талаптарынан ауытқуы мүмкін. Жүргізуші ережелерден ауытқудың сипаты мен себептерін тіркеу парағы мен диаграммалық дискіде көрсетуі тиіс.

3. Жүргізушілердің еңбек және демалыс
режимін тіркеу бойынша талаптар

      19. Жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеудің бақылау құрылғыларымен (тахографтармен):
      1) қауіпті жүктердің автомобиль тасымалдарын;
      2) жолаушылардың, багаждың және жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын;
      3) жолаушылардың және багаждың қалааралық облысаралық тұрақты және тұрақты емес тасымалдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жүк, соның ішінде мамандандырылған автомобильдер жабдықталуы тиіс.
      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  55-бабына сәйкес осы тармақтың 3) тармақшасы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      20. ЕСТР-ге қатысушы болып табылатын мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асырған кезде, егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, тахографтармен жабдықталуы тиіс.

      21. ЕСТР-ге қатысушы болып табылмайтын мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асырған кезде осы автокөлік құралдары жүргізушілеріне еңбек және демалыс режимінің күнделікті тіркеу парақтарын жүргізуге рұқсат беріледі.

      22. Тахографтармен жабдықтау мынадай автокөлік құралдарымен тасымалдарды жүзеге асырған кезде талап етілмейді:
      1) жалпы жабдықталған салмағы тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің салмағын қоса алғанда, 3,5 тоннадан аспайтын, қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарын қоса алғанда, жүк, соның ішінде мамандандырылған (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) автомобильдермен;
      2) жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді ұзақтығы 50 км аспайтын тұрақты желілерде тасымалдау үшін қолданылатын автокөлік құралдарымен;
      3) рұқсат етілген ең жоғарғы жылдамдығы 30 км-ден аспайтын автокөлік құралдарымен;
      4) қарулы күштер, азаматтық қорғаныс органдары, өрт сөндіру қызметі мен қоғамдық тәртіпті қолдау күштерінің басқаруындағы автокөлік құралдарымен;
      5) төтенше жағдайларда немесе құтқару операциялары барысында пайдаланылатын автокөлік құралдарымен;
      6) медициналық мақсатта пайдаланылатын арнайы автокөлік құралдарымен;
      7) қауіпті жүктердің өндірісі, қайта өңделуі, сақталуы, қолданылуы немесе жойылуы жүзеге асырылатын ұйымдардың аумақтары ішінде олардың технологиялық қозғалысын жүзеге асыратын автокөлік құралдарымен, егер мұндай қозғалыстар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің көшелеріне, жалпы пайдаланымдағы автокөлік құралдарының қозғалысы рұқсат етілетін ведомстволық жолдарға шығусыз жүзеге асырылатын болса;
      8) қауіпті жүктерді, мұндай жүктер Қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау туралы еуропалық келісіммен (бұдан әрі - ҚЖХЖТ) реттелген көлемдерден аспайтын мөлшерде бөлшек саудада сату үшін буылып-түйілген және тікелей тұтынуға, тұрмыста пайдалануға, демалысқа немесе спортқа арналған жағдайда, олардың тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлік құралдарымен;
      9) ҚЖХЖТ-ға сәйкес анықталған қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін емес және қауіпті емес жүктердің тасымалы деп есептеуге болатын қауіпті заттардың шектеулі мөлшерін бір автокөлік құралында тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарымен тасымалдауды қауіпті жүкті тасымалдау емес деп есептеуге болады;
      10) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлік құралдары болып табылмайтын және ішкі немесе пайдалану жабдығында қауіпті жүктері бар машиналар мен тетіктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарымен.

      23. Қазақстан Республикасындағы автокөлік құралдарында қолданылатын тахографтар ЕСТР-дің талаптарына сәйкес болуы тиіс және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тахографтарды қолдануға рұқсат беретін өлшеу құралдары үлгісін бекіту туралы сертификат, сондай-ақ, олардың мемлекеттік метрологиялық бақылаудан (тексеруден) өткені туралы куәлігі немесе тексеру белгісі болуы тиіс.

4. Тахографтарды орнату мен пайдалануға
қойылатын талаптар

      24. Көлік құралдарында тахографтарды орнату осы бақылау құрылғыларын орнату жөніндегі талаптарды реттейтін нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

      25. Тахограф, автокөлік құралында жүргізуші өз орнынан спидометр, жүріс есептеуіш пен сағаттың көрсетулеріне бақылау жасай алатындай етіп орнатылуы тиіс. Тахограф, жетекші элементтерді қоса алғанда, кездейсоқ сынудан қорғалуы тиіс.

      26. Тахограф, орнату кезінде тексерілгеннен кейін, автокөлік құралында құрылғының жанында немесе құрылғының өзінде көрінетін жерде орнатылуы туралы мәліметтері бар тақтайша орнатылуы тиіс. Әрбір тексеруден кейін, құрылғының мәліметтерін өзгерту қажет болған жағдайда, бұрынғы тақтайшаның орнына жаңа тақтайша орнатылады.

      27. Мерзімді тексерулер екі жылдың ішінде кемінде бір рет жүргізіледі және көлік құралдарының техникалық байқауымен бір уақытта өткізілуі мүмкін және мынадай тексерулерді қамтуы тиіс:
      1) бақылау құрылғысы жұмысының дұрыстығы;
      2) бақылау құрылғысында үлгісінің ресми бекітілу белгісінің бар болуы;
      3) орнату немесе тексеру туралы тақтайшаның бар болуы;
      4) доңғалақтар шиналарының тиімді шеңберінің нақты мәні;
      5) бақылау құрылғысы мен басқа да бөліктердегі пломбалардың бүтіндігі.

      28. Пайдалану барысында тахографтармен өлшенетін нақты параметрлердің барынша рұқсат етілген параметрлерден ауытқуын тексеру стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген мерзімдерден сиретілмей өткізілуі тиіс. Бұл сынақтар барысында орнату мәліметтері бар тақтайшаларды ауыстыру жүргізілуі тиіс.

      29. Тахографты тексерудің оң нәтижесі оның тексеруден өткені туралы куәлікпен немесе тексеру белгісімен куәландырылады. Тахографты тексеру туралы куәлік белгіленген мерзім ішінде сақталып және бақылау органдарының талабы бойынша ұсынылады.

      30. Диаграммалық дискілер (2-қосымша) бақылау құрылғысының қалыпты қолданылуын қиындатпайтындай, ал онда бар жазбалар өшірілмейтін және жеңіл оқылатындай болуы тиіс.

      31. Диаграммалық дискілер өзінің көлемі мен оған түсірілген жазбаларды, дымқылдық пен температураның қалыпты жағдайларында, кемінде бір жыл бойы сақтауы тиіс.

      32. Жұмыс күнінің басында, тәуліктік жұмыс аяқталғаннан кейін, сондай-ақ автокөлік құралы ауыстырылған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде әрбір жүргізуші диаграммалық дискіге тиісті жазулар жазады (3-қосымша). Жалпы алғанда, дискі үш автокөлік құралына дейін ауыстыру туралы жазуды қамтамасыз етеді.

      33. Дискілердегі жазбалардың ең төменгі мүмкін ұзақтығы, олардың нысанына қарамастан, 24 сағатты құрауы тиіс.

5. Тахографтарды қолдану кезіндегі
жүргізушілердің іс-қимылы

      34. Автокөлік құралдарының жүргізушілері:
      1) тахографтардың дұрыс пайдаланылуын, оның уақтылы қосылуын және тахограф тұтқаларының жұмыстың тиісті режимдеріне ауыстырылуын қамтамасыз етеді;
      2) диаграммалық дискілердің уақтылы орнатылуын, ауыстырылуын және тиісті толтырылуын жүргізеді, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ластанған немесе зақымдалған диаграммалық дискілерді пайдалануға рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда диаграммалық дискілер сенімді сақталуы тиіс. Жазбалары бар диаграммалық дискі зақымдалған жағдайда, жүргізуші зақымдалған дискіні оны ауыстыру үшін пайдаланылатын қосымша дискіге қосады;
      3) диаграммалық дискіні, оны қабылдап алған күннен бастап жүргізуші автокөлік құралын басқарған әр күн сайын пайдаланады;
      4) тахограф істен шыққан кезде, еңбек және демалыс режимінің жазбасын диаграммалық дискінің сыртқы жағында оған түсірілген тиісті графикалық белгілерді пайдалана отырып жүргізеді және қысқа уақытта ақауларды жою шараларын қабылдайды. Жүргізушілер автокөлік құралынан тысқары болып, бақылау құрылғысын пайдалана алмаған жағдайда, олар өздерінің диаграммалық дискілеріне іс-әрекеттері мен демалысы туралы мәліметтерді қолмен енгізеді;
      5) көліктік бақылау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлеріне ағымдағы аптада және алдыңғы аптаның соңғы күнінде толтырылған диаграммалық дискілерін, өлшеу құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификатты, сондай-ақ тахографты тексеру жүргізілгені туралы куәлікті көрсетеді.

6. Тахографты пайдалана отырып, автомобиль көлігімен
тасымалдарды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың
іс-қимылы

      35. Тасымалдаушы:
      1) автокөлік құралдары жабдықталған тахографтарда пайдалану үшін жарамды, белгіленген үлгідегі диаграммалық дискілердің, олардың пайдалану ұзақтығын және бүліну немесе бақылау органдары алып қойған жағдайда ауыстыру мүмкіндігін ескере отырып, жеткілікті санын жүргізушілерге береді;
      2) әрбір жүргізушінің толтырылған диаграммалық дискілерін соңғы жазылған күнінен бастап кемінде 12 ай бойы және тахографтарды тексеру туралы куәліктерді, оларды берген сәттен бастап 3 жыл бойы сақтайды;
      3) қолдарында бар толтырылған диаграммалық дискілерді пайдалана отырып, жүргізушілердің автокөлік құралдарын басқарудың уақыт нормаларын, басқа жұмыс пен демалыс кезеңдерін сақтауын үнемі бақылайды, диаграммалық дискілердегі мәліметтерді талдайды және бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, оларды жою шараларын қабылдайды;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды көліктік бақылау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлеріне ұсынады.

7. Тахографтарды пайдалануды бақылау

      36. Бақылауға мыналар жатады:
      1) тахографтардың бар болуы, дұрыстығы және 23-тармақтың талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ жүргізушінің осы Ереженің 34-тармағында көрсетілген оны пайдалану шарттарын сақтауы;
      2) жүргізуші автокөлік құралын басқарған ағымдағы аптаға және алдыңғы аптаның соңғы күніне диаграммалық дискілердегі жазбалар (қозғалыстың жылдамдық режимдерін, еңбек және демалыс режимін сақтау);
      3) тахографтағы белгі бедерлемесінің жай-күйі, жөндеп күйге келтіру параметрлері бар тақтайшаның болуы.
 

      37. Тасымалдаушылардың ЕСТР-дің және осы Ереженің талаптарын бұзушылықтары анықталған жағдайда, көліктік бақылау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес шаралар қабылдайды.

Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын
ұйымдастыру ережесіне,   
автокөлік құралдарын еңбек және демалыс
режимін тіркеудің бақылау  
құрылғыларымен (тахографтармен) 
жарақтандыру бойынша талаптарға 
1-қосымша         

Жүргізушілердің еңбек және демалыс
режимдерінің кестесі
(кестеде көрсетілген таңбалы белгілерді
қағаз мәтіннен қараңыз)

___________________________________________________________________
Жүргі.|Режим  |Үздіксіз|Үзіліс.|Тәулік  | Апта      |Күнде.|Апталық
зуші. |       |басқа.  |тің ең |ішіндегі| ішіндегі  |лікті |демалыс.
лердің|       |рудың   |аз уа. |басқару.| басқарудың|дема. |тың ең
саны  |       |ең ұзақ |қыты   |дың ең  | ең ұзақ   |лыстың|аз уақы.
      |       |уақыты  |       |ұзақ    | уақыты    |ең аз |ты
      |       |        |       |уақыты  |           |уақыты|
______|_______|________|_______|________|___________|______|_______
1 жүр. нормасы 4,5 са.  45 ми.  9 сағат  Кез келген  12 са.  45
гізуші рұқсат  ғат      нут     аптасына апта ішінде ғат    сағат
       етіледі          15 ми.  екі күн, 90 сағат           - шоғыр.
                        нуттан  10 сағат.                   лану
                        қысқа   тан                         жерінде
                        емес                                36 са.
                        интер.                              ғат;
                        валдар.                             - кез
                        ға бөлу                             келген
                                                            басқа
                                                            жерде
                                                            24 сағат

2 жүр.         осындай  осындай осындай  90 сағат    30 са. осындай
гізуші                                               ғат
                                                     жұмыс
                                                     ішінде
                                                     әрбір
                                                     жүргі.
                                                     зуші.
                                                     нің
                                                     үздік.
                                                     сіз 8
                                                     сағат.
                                                     тан
                                                     кем
                                                     емес
                                                     дема.
                                                     лысы
                                                     болуы
                                                     тиіс
___________________________________________________________________

Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын
ұйымдастыру ережесіне,    
автокөлік құралдарын еңбек және демалыс
режимін тіркеудің бақылау   
құрылғыларымен (тахографтармен)
жарақтандыру бойынша талаптарға 
2-қосымша         

Диаграммалық дискі
(бет жағы)

      Қағаз мәтінді қараңыз

Диаграммалық дискі
(сыртқы жағы)

      Қағаз мәтінді қараңыз

Жүргізушілердің еңбегі мен демалысын
ұйымдастыру ережесіне,   
автокөлік құралдарын еңбек және демалыс
режимін тіркеудің бақылау  
құрылғыларымен (тахографтармен)
жарақтандыру бойынша талаптарға
3-қосымша         

Диаграммалық дискіні толтыру тәртібі
(Толтыру тәртібінде көрсетілген таңбалы белгілерді
қағаз мәтіннен қараңыз)

      1. Жұмыс күнінің басында әрбір жүргізуші алдын ала жаңа диаграммалық дискінің орта бөлігін, қолмен мыналарды жазып толтыруы тиіс:
      1) - тегі, аты және әкесінің аты;
      2) - жөнелту пункті;
      3) Dat. - дискіні орнату күні (сызықтың үстінде);
      4) NO - автокөлік құралының тіркеу нөмірі;
      5) - жүріс есептеуіштің бастапқы көрсеткіші;
      2. Тәуліктік жұмыс аяқталғаннан кейін диаграммалық дискіні бақылау құрылғысынан алу және мынадай жазбалармен толықтыру керек:
      6) - келу пункті;
      7) Dat. - дискіні алу күні (сызықтың астында);
      8) - жүріс есептеуіштің соңғы көрсеткіші;
      9) КМ - сапар бойындағы есептелген жүріс;
      3. Бір жұмыс күні ішінде автомобильді ауыстыру кезінде диаграммалық дискінің сыртқы жағының орта бөлігі қолмен толтырылады:
      1) - автокөлік құралын ауыстыру уақыты;
      2) NO - жаңа автокөлік құралының тіркеу нөмірі;
      3) - жүріс есептеуіштің бастапқы көрсеткіші;
      Осылай толтырылған диаграммалық дискі басқа автомобильдің бақылау құрылғысына көшіріледі. Сапар аяқталған соң дискіні мынадай жазумен толтыру керек:
      4) - жүріс есептеуіштің соңғы көрсеткіші;
      5) КМ - сапар бойындағы есептелген жүріс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады