Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 39 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2714. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 622 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы Министрінің 2008.12.29 N 622 Бұйрығымен.

      --------------------- Бұйрықтан үзінді ---------------------

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. Келесі қосымша бойынша көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      3. ...
      4. Осы бұйрық ресми жариялғанының бірінші күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардаң шығатын қатынастарға жаратылады.

      Министр                                         Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрінің    
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 622 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасының күшін жоғалтқан кейбір нормативтік
құқықтық актілердің тізімі

      1. ...
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2714 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 27 қаңтар N 39 бұйрығы.
      3. ...
      4. ...
      5. ...
      6. ...
      7. ...

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес бұйырамын:

      1. "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер тізілімінде N 2672 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізу ережелерінде:

      1) 121-тармақ алынып тасталсын;

      2) 18-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "18-тарау. Қосылған құн салығын қайтару
      203. Осы тараудың күші салық тексеруі актісімен расталған, нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасы бар қосылған құн салығын төлеушілерге, жеткізушілер грант қаражаттары есебінен сатып алған тауарлар (қызмет көрсетулер) бойынша төлеген, салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығының сомасы бар грант алушыларға немесе грант алушы тағайындаған орындаушыларға (бұдан әрі - грант алушы), Салық кодексінің 534-бабы  2-тармағының 4) және/немесе 6) тармақшасына сәйкес жүргізілген, сондай-ақ шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің ресми пайдалануларына, сондай-ақ олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналының жеке пайдалануына арналған (бұдан әрі - өкілдіктердің пайдалануы) тауарлар (қызмет көрсетулер) бойынша жеткізушілер төлеген, салық тексеруі актісімен расталған Салық кодексінің 534-бабы  2-тармағының 4) және/немесе 6) тармақшасына сәйкес жүргізілген, қосылған құн салығы сомасы бар Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге (бұдан әрі - өкілдіктер) таралады.

      204. Қосылған құн салығын төлеушілерге және грант алушыларға қосылған құн салығын қайтару Салық кодексінің 252-бабының  2 және 3 тармақтарына және 253-бабының  2-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      205. Салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығының сомасын қайтаруды (есепке жатқызуды) салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органы жүргізеді.

      206. Салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық берешегі жоқ болған ретте салықтардың түрлері бойынша бар берешегін өтеу есебіне қайтару (есепке жатқызу) былайша жүргізіледі:
      салық салынатын объектілердің және салық салумен байланысты объектілердің орналасқан жері және/немесе объектілердің тіркелген жері бойынша;
      салық төлеуші қызметін жүзеге асыратын жер бойынша;
      олар бойынша салық берешегін өтеу есебіне қайтару (есепке жатқызу) жүргізілетін салық төлеушінің салықтарды дербес төлеушілер болып табылмайтын құрылымдық бөлімшелерінің орналасқан жері бойынша.

      207. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының сомасы басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне қайтаруға (есепке жатқызуға) жатпайды.

      208. Қосылған құн салығын төлеуші немесе грант алушы қосылған құн салығын қайтару (есепке жатқызу) үшін салық тексеруі жүргізілгеннен кейін салық органына Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілер тізілімінде болып тіркелген N 2628, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 493 бұйрығымен  бекітілген, Салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығын қайтару туралы өтінішті жасау туралы Ережелерге сәйкес 332.00 нысан бойынша Салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығын қайтару туралы өтінішті (бұдан әрі - 332.00 нысан бойынша Өтініш) береді.

      209. Салық органы қосылған құн салығын қайтаруды (есепке жатқызуды) 332.00 нысан бойынша Өтініштің немесе салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығы сомаларының шегінде салық тексеруі актісінің негізінде жүзеге асырады.

      210. 332.00 нысан бойынша Өтініш берген ретте, 332.00 нысан бойынша Өтінішті беру күніне осы Ережелердің N 10 қосымшасына сәйкес жасалған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары бойынша салыстырып тексеру актісі (бұдан әрі - салыстырып тексеру актісі) қоса беріледі.

      211. Салық төлеушінің басқа салық органдарындағы тіркеу есебі бойынша қосылған құн салығын есепке жатқызуды жүргізген ретте салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органы салықтардың басқа түрлері бойынша салық берешегінің бар екендігі туралы жазбаша растау үшін 332.00 нысан бойынша Өтініште көрсетілген салық органдарына сұрату жасайды.

      212. Қосылған құн салығын есепке жатқызуды тауарлардың импорты кезінде төленуге тиісті қосылған құн салығын төлеу есебіне жүргізген кезде 332.00 нысан бойынша Өтінішке тауарлардың импорты кезінде төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетілген кеден органының растауы қоса беріледі.

      213. Салық органының жауапты бөлімі 332.00 нысан бойынша Өтінішті алған күннен немесе өкілдіктердің салық тексерулері актісіне қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей екі данада қосылған құн салығын қайтаруға өкімді:
      нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару (есепке жатқызу) кезінде - осы Ережелердің N 14 қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
      грант қаражаттары есебінен сатып алған тауарлар (қызмет көрсетулер) бойынша жеткізушілер төлеген қосылған құн салығын қайтару (есепке жатқызу) кезінде - осы Ережелердің N 15 қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
      өкілдіктердің пайдалануына арнап сатып алынған тауарлар (қызмет көрсетулер) бойынша жеткізушілер төлеген қосылған құн салығын қайтару (есепке жатқызу) кезінде - осы Ережелердің N 16 қосымшасына сәйкес нысан бойынша дайындайды.

      214. 332.00 нысан бойынша әрбір Өтініштің және өкілдіктердің әрбір салық тексеруі актісіне жеке өкім жасалады.

      215. Өкімді салық органының басшысы немесе оны алмастырушы тұлға оны жауапты бөлім берген күні бекітеді және қосылған құн салығын нақты қайтару (есепке жатқызу) үшін есеп бөліміне беріледі.

      215-1. Өкімнің негізінде Өкімді алғаннан кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей есепке алу бөлімі кірістердің бюджет жіктемесінің әрбір кодына осы Ережелердің N 18 қосымшасына сәйкес үш данада қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) және екі данада төлем тапсырмасын жасайды.

      215-2. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын қайтару кезінде бюджеттен қайтарылуға тиісті қосылған құн салығының сомасы қорытынды жасалған күнге өтініш берушінің дербес шоты бойынша қосылған құн салығының оң сальдосынан аспауы тиіс.

      215-3. Қосылған құн салығын қосылған құн салығын төлеушілердің банк шотына және грант алушыларға қайтаруға қорытынды толтыру кезінде салық төлеушінің орналасқан жеріндегі салық органы салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша басқа салық органдарына салықтар бойынша мемлекеттік бюджетке салық берешегінің жоқ екендігі туралы сұрату жасайды.

      215-4. Қорытындыны салық органының басшысы немесе оны алмастырушы тұлға оны есепке алу бөлімі берген күні бекітеді.

      215-5. Есепке алу бөлімі ресімдеген қорытынды мен төлем тапсырмасы бір жұмыс күнінен кешіктірмей төлем мақсатын көрсете отырып өкімдер деректемелерін қосылған құн салығын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүргізу үшін аумақтық қазынашылық органдарына жібереді.

      215-6. Қосылған құн салығын қайтаруды (есепке жатқызуды) жүргізгеннен кейін салық органының есепке алу бөлімінің қызметкері өкімнің екінші данасын орындалғаны туралы белгі соғып жауапты бөлімге қайтарады. Өкімнің бірінші данасы есепке алу бөлімінде қалады.";

      3) Ережелердің N 14, N 15 және N 16 қосымшалары осы бұйрыққа қоса беріліп отырған 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. <*>
      Ескерту: 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 8 желтоқсандағы N 625 бұйрығымен .

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Әдістеме басқармасы (Ж.С. Есмағамбетова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының орынбасары Н.Д.Үсеноваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының     
Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының бұйрығына       
 "Қазақстан Республикасының     
 Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының кейбір бұйрықтарына 
өзгерістер мен толықтырулар    
енгізу туралы" 2004 жылғы      
27 қаңтардағы N 39 бұйрығына    
1-қосымша             
______________________________     Қазақстан Республикасының       
(салық органының атауы)           Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының 2003 жылғы       
23 желтоқсандағы N 530 бұйрығымен 
бекітілген Дербес шоттарды жүргізу
ережелеріне N 14 қосымша     
"Бекітемін"            
Салық органының басшысы      

Нөлдік ставка бойынша салынатын айналым бойынша
қосылған құн салығының сомасын қайтаруға
ӨКІМ
200__ж._____________ N _____

СТН
ҚҚС төлеушінің атауы
ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің нөмірі мен сериясы
302.00 нысан өтініші бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы
Салық тексеруі актісіне сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС сомасы
Өкімді толтыру күніне дербес шоттың үзінді көшірмесі бойынша ҚҚС сальдосы
332.00 нысаны бойынша өтініштің кіріс нөмірі
__________________________________________________________________
р/с|Салық |Бюджет|      оның ішінде есепке жатқызуға
 N |орга. |кіріс.|         (қайтарылуға) тиісті*
   |нының |тері  |------------------------------------------------
   | коды |жікте.|қосылған құн салығы жә.|тауарлар|тіркел. |ҚҚС
   |      |месі. |не салықтардың басқа да|импорты |меген   |төлеу.
   |      |нің   | түрлері бойынша салық |кезінде | рези.  |шінің
   |      |кодына| берешегін өтеу есебіне|төленуге| дент   |банк
   |      |      |-----------------------|жататын | емес   |шотына
   |      |      |өсімпұл|айыппұл| салық |   ҚҚС  | үшін   |ауда.
   |      |      |сомасы |сомасы | сомасы|есебіне |төленуге|рымдар
   |      |      |       |       |       |        |жататын |түрінде
   |      |      |       |       |       |        |   ҚҚС  |
   |      |      |       |       |       |        |есебіне |
__________________________________________________________________
 1    2       3      4       5       6        7       8       9
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
________________________________________
ҚҚС төлеушілердің банк шоттарына
аударуға арналған банк реквизиттері
----------------------------------------
бенефициар|   банктік    |    жеке
 банктің  |сәйкестендіру |сәйкестендіру
  атауы   |  коды (БСК)  |  коды (ЖСК)
________________________________________
    10           11            12
________________________________________
________________________________________

      Өкімді тапсырдым:
      Жауапты бөлімнің бастығы ____________  ____________________
                                  (қолы)           (аты-жөні)

      __________________________________   "___" __________200 __ж.
        (жауапты бөлім қызметкерінің
         аты-жөні, лауазымы және қолы)

      Өкімді қабылдадым:
      __________________________________   "___" __________200 __ж.
       (Есепке алу бөлімі қызметкерінің
        аты-жөні, лауазымы және қолы)

      * Ескерту . Қайтаруға (есепке жатқызылуға) тиісті ҚҚС сомасы әрбір БЖК үшін жол сайын көрсетіледі

Қазақстан Республикасының     
Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының бұйрығына       
  "Қазақстан Республикасының     
          Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының кейбір бұйрықтарына 
өзгерістер мен толықтырулар    
енгізу туралы" 2004 жылғы      
27 қаңтардағы N 39 бұйрығына    
2-қосымша             
Қазақстан Республикасының       
Қаржы министрлігі Салық комитеті 
______________________________      Төрағасының 2003 жылғы         
(салық органының атауы)        23 желтоқсандағы N 530 бұйрығымен 
бекітілген Дербес шоттарды жүргізу
ережелеріне N 15 қосымша     
"Бекітемін"            
Салық органының басшысы      

Грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар
(жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша, қосылған
құн салығының сомасын қайтаруға
ӨКІМ
200__ж._____________ N _____

СТН
грант алушы атауы
322.00 нысан өтініші бойынша қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы
Салық тексеруі актісіне сәйкес қайтарылуға жататын ҚҚС сомасы
332.00 нысаны бойынша өтініштің кіріс нөмірі

                                                           (теңге)
__________________________________________________________________
р/с|Салық |Бюджет|      оның ішінде есепке жатқызуға
 N |орга. |кіріс.|         (қайтарылуға) тиісті*
   |нының |тері  |------------------------------------------------
   | коды |жікте.|қосылған құн салығы жә.|тауарлар|тіркел. |ҚҚС
   |      |месі. |не салықтардың басқа да|импорты |меген   |төлеу.
   |      |нің   | түрлері бойынша салық |кезінде | рези.  |шінің
   |      |кодына| берешегін өтеу есебіне|төленуге| дент   |банк
   |      |(БЖК) |-----------------------|жататын | емес   |шотына
   |      |      | салық |өсімпұл|айыппұл|   ҚҚС  | үшін   |ауда.
   |      |      |сомасы |сомасы | сомасы|есебіне |төленуге|рымдар
   |      |      |       |       |       |        |жататын |түрінде
   |      |      |       |       |       |        |   ҚҚС  |
   |      |      |       |       |       |        |есебіне |
__________________________________________________________________
 1    2       3      4       5       6        7       8       9
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
________________________________________
  грант алушы банк шотына аударуға
     арналған банк реквизиттері
----------------------------------------
бенефициар|   банктік    |    жеке
 банктің  |сәйкестендіру |сәйкестендіру
  атауы   |  коды (БСК)  |  коды (ЖСК)
________________________________________
    10           11            12
________________________________________
________________________________________

      Өкімді тапсырдым:
      Жауапты бөлімнің бастығы ____________  ____________________
                                  (қолы)           (аты-жөні)

      __________________________________   "___" __________200 __ж.
        (жауапты бөлім қызметкерінің
         аты-жөні, лауазымы және қолы)

      Өкімді қабылдадым:
      __________________________________   "___" __________200 __ж.
       (Есепке алу бөлімі қызметкерінің
        аты-жөні, лауазымы және қолы)

      * Ескерту . Қайтаруға (есепке жатқызылуға) тиісті ҚҚС сомасы әрбір БЖК үшін жол сайын көрсетіледі

Қазақстан Республикасының     
Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының бұйрығына       
    "Қазақстан Республикасының     
 Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының кейбір бұйрықтарына 
өзгерістер мен толықтырулар    
енгізу туралы" 2004 жылғы      
27 қаңтардағы N 39 бұйрығына    
3-қосымша             
Қазақстан Республикасының       
Қаржы министрлігі Салық комитеті 
______________________________      Төрағасының 2003 жылғы         
(салық органының атауы)        23 желтоқсандағы N 530 бұйрығымен 
бекітілген Дербес шоттарды жүргізу
ережелеріне N 16 қосымша     
"Бекітемін"            
Салық органының басшысы      

Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық
және оларға теңестірілген өкілдіктерге қосылған
құн салығының сомасын қайтаруға
ӨКІМ
200__ж._____________ N _____

СТН
Өкілдіктің атауы
Жиынтық ведомостардың (тізілімдер) негізінде қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомасы
Салық тексеруі актісімен расталған және бюджеттен қайтарылуға жататын ҚҚС сомасы
337.00 нысан бойынша тізілімнің кіріс нөмірі
                                                           (теңге)
__________________________________________________________________
р/с|Өкілдіктің төлеушілердің банк шотына аударуға|Дербес шоттың
 N |         арналған банк реквизиттері          |нөмірі немесе
   |---------------------------------------------|қызметкердің
   | бенефициар |  банктік    |       жеке       |(жұмысшының)
   |   банктің  |сәйкестендіру|   сәйкестендіру  |    дебет
   |   атауы    |  коды (БСК) |    коды (ЖСК)    |карточкасының
   |            |             |                  |    нөмірі
__________________________________________________________________
 1        2             3               4               5
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Өкімді тапсырдым:
      Жауапты бөлімнің бастығы ____________  ____________________
                                  (қолы)           (аты-жөні)

      __________________________________   "___" __________200 __ж.
        (жауапты бөлім қызметкерінің
         аты-жөні, лауазымы және қолы)

      Өкімді қабылдадым:
      __________________________________   "___" __________200 __ж.
       (Есепке алу бөлімі қызметкерінің
        аты-жөні, лауазымы және қолы)

      * Ескерту:  Қайтаруға (есепке жатқызылуға) тиісті ҚҚС сомасы әрбір БЖК үшін жол сайын көрсетіледі

Қазақстан Республикасының     
Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының бұйрығына       
"Қазақстан Республикасының     
Қаржы министрлігі Салық комитеті 
Төрағасының кейбір бұйрықтарына 
өзгерістер мен толықтырулар    
енгізу туралы" 2004 жылғы      
27 қаңтардағы N 39 бұйрығына    
4-қосымша              

"Қазақстан Республикасының      
Қаржы министрлігі Салық комитеті  
Төрағасының кейбір бұйрықтарына  
өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы" Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі Салық комитеті  
Төрағасының 2004 жылғы       
27 қаңтардағы N 39 бұйрығына    
4-қосымша             
"Салық есептілігін жасау       
ережелерін бекіту туралы"      
Қазақстан Республикасының Қаржы  
министрлігі Салық комитеті     
Төрағасының             
2003 жылғы 3 желтоқсандағы     
N 493 бұйрығымен бекітілген     

Салық тексеруі актісімен расталған қосылған
құн салығын қайтару туралы өтінішті жасау
Ережелері (332.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша, сондай-ақ грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген, салық тексеруі актісімен расталған қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды.

      2. Өтініш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.

      3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.

      4. Көрсеткіштер болмаған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды.

      5. Өтінішке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

      6. Өтінішті қағаз тасығышта келу тәртібінде беріледі және екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.

2. Салық тексеруі актiсiмен расталған
қосылған құн салығын қайтару туралы
Өтiнiшті жасау (332.00-нысан)

      7. "Жалпы ақпарат" бөлімінде мынадай деректер көрсетіледі:
      1) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
      2) құрылтай құжаттарына сәйкес қосылған құн салығын төлеушінің немесе грант алушының аты-жөні немесе толық атауы;
      3) өзіне есепке қою сериясын, нөмірін және күнін қамтитын, қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің деректері. Егер 332.00-нысан бойынша Өтiнiш тапсыратын грант алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, бұл жол толтырылмайды;
      4) қосылған құн салығын қайтару себебі - тиісті торкөзде белгі жүргізіледі;
      5) өзіне банк-бенефициар атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірін, банктік сәйкестендіру коды (БСК) және жеке сәйкестендіру кодын (ЖСК) қамтитын банк деректемелері;
      6) өзіне салық органының кіріс нөмірі мен қабылдау күнін қамтитын, салық органы бұрын қабылдаған Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы 302.00-нысан бойынша өтініштің немесе Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы 332.00-нысан бойынша өтініштің деректері;
      7) 332.01 нысан қосымшаларының саны;
      8) 332.02 нысан қосымшаларының саны.

      8. "Қайтару нысаны" бөлімінде қандай нысанда және мөлшерде қосылған құн салығының сомасын қайтару жүргізілуі керектігі көрсетіледі:
      1) 332.00.001 жолында салықтың осы және басқа да түрлері бойынша бар салық берешегiн өтеу есебiне есепке жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі. Бұл жолға 332.01 және 332.02 нысандары Өтінішінің Е-бағанының жиынтық шамасы көшіріледі;
      2) 332.00.002 жолында тауарлар импорты кезінде төленуге жататын қосылған құн салығын төлеу есебіне есепке жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
      3) 332.00.003 жолында Салық кодексінің 221-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес үшін қосылған құн салығын төлеу есебіне есепке жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
      4) 332.00.004 жолында салық төлеушінің банк шотына қайтаруға жататын қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі;
      5) 332.00.005 жолында бюджеттен қайтарылуға тиісті қосылған құн салығының жиынтық сомасы көрсетіледі, оның шамасы 332.00.01-ден 332.00.04-ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалады. Бұл жолдың шамасы салық тексеру актiсiмен расталған қосылған құн салығының сомасынан артпауы тиіс.

3. Қосылған құн салығы және салықтардың басқа
түрлері бойынша берешек - 332.01-нысанын жасау

      9. 332.01-нысан қосылған құн салығы және салықтардың басқа түрлері бойынша салық берешегі бар салық төлеушінің есебіне есепке жатқызуға тиіс қосылған құн салығы сомасын көрсетуге арналған.
      Бұл ретте есепке жатқызу бастапқыда салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық берешегінің есебіне жүргізіледі.

      10. "Салық төлеуші туралы мәліметтер" бөлімінде:
      1) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
      2) есепке жатқызу жүргізілетін салық органының коды көрсетіледі.

      11. "Қосылған құн салығы және салықтардың басқа түрлері бойынша берешек" бөлімі өзіне "Бюджет жіктеуішінің коды" А бағанын, "Өсімпұлдар бойынша есепке алу сомасы" В бағанын, "Айыппұлдар бойынша есепке алу сомасы" С бағанын, "Салықтың осы түрі бойынша есепке жатқызу сомасы" D бағанын және "Есепке жатқызудың жалпы сомасы" Е бағанын қамтиды.
      А бағанында ол бойынша берешек бар салықтың (айыппұлдың) түріне сәйкес келетін кірістердің бюджет жіктемесінің коды көрсетіледі.
      В бағанында Өтінішті жасау күніндегі жағдай бойынша А бағанында көрсетілген бюджет жіктеуішінің тиісті кодына сәйкес келетін салықтың түрі бойынша бересіні өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      С бағанында Өтінішті жасау күніндегі жағдай бойынша А бағанында көрсетілген бюджет жіктеуішінің тиісті кодына сәйкес келетін салықтың түрі бойынша бересіні өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      D бағанында Өтiнiшті жасау күніндегі жағдай бойынша А бағанында көрсетілген кірістердің бюджет жіктеуішінің тиісті коды бойынша салықтың түрі бойынша бересіні өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      Е бағанында Өтiнiшті жасау күніндегі жағдай бойынша тиісті жолда көрсетілген салықтың тиісті түрі бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі.
      Е бағанының жиынтық шамасы Өтініштің 332.00.001 жолына көшіріледі.

4. Салықтардың түрлері бойынша құрылымдық
бөлімшелердің берешегі - 332.02 нысанын жасау

      12. 332.02 нысаны мұндай салықтарды дербес төлеуші болып табылмайтын құрылымдық бөлімшелер үшін салықтардың түрлері бойынша салық төлеушіде бар салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығының сомасын көрсетуге арналған.

      13. 332.02 нысаны әрбір құрылымдық бөлімше үшін жасалады, онда салықтардың түрлері бойынша құрылымдық бөлімшелердің салық берешегін өтеу есебіне бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығын есепке жатқызу жүргізіледі.

      14. "Салық төлеуші туралы мәліметтер" бөлімінде:
      1) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;
      2) салық төлеушінің құрылымдық бөлімшесінің тіркелу нөмірі;
      3) есепке жатқызу жүргізілетін салық органының коды көрсетіледі.
      15. "Қосылған құн салығы және салықтардың басқа түрлері бойынша берешек" бөлімі өзіне "Бюджет жіктемесінің коды" А бағанын, "Өсімпұлдар бойынша есепке жатқызу сомасы" В бағанын, "Айыппұлдар бойынша есепке жатқызу сомасы" С бағанын, "Салықтың осы түрі бойынша есепке жатқызу сомасы" D бағанын және "Есепке жатқызудың жалпы сомасы" Е бағанын қамтиды.
      А бағанында ол бойынша берешек бар салықтың (айыппұлдың) түріне сәйкес келетін кірістердің бюджет жіктемесінің коды көрсетіледі.
      В бағанында Өтінішті жасау күніндегі жағдай бойынша А бағанында көрсетілген бюджет жіктеуішінің тиісті кодына сәйкес келетін салықтың түрі бойынша бересіні өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      С бағанында Өтінішті жасау күніндегі жағдай бойынша А бағанында көрсетілген бюджет жіктеуішінің тиісті кодына сәйкес келетін айыппұлдарды өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      D бағанында Өтiнiшті жасау күніндегі жағдай бойынша А бағанында көрсетілген кірістердің бюджет жіктеуішінің тиісті коды бойынша салықтың түрі бойынша бересіні өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
      Е бағанында Өтiнiшті жасау күніндегі жағдай бойынша тиісті жолда көрсетілген салықтың тиісті түрі бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылуға тиісті қосылған құн салығының жалпы сомасы көрсетіледі.
      Е бағанының жиынтық шамасы Өтініштің 332.00.001 жолына көшіріледі.
_______________________________________________
      РҚАО-ның ескертуі: 332.00, 332.01, 332.02 графикалық нысандары Деректер базасында көрсетілмеген, қажет болған жағдайда оларды РҚАО-дан электронды жеткізілімде алуыңызға болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады