Әкімшілік органның құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2717. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 17-03/513 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.10.11 № 17-03/513 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Келісілді:          
Қазақстан Республикасының   
Қоршаған ортаны қорғау министрі
 
  2004 жылғы 8 қаңтар    

      Келісілді:         
Қазақстан Республикасының  
Білім және ғылым министрі  

      2004 жылғы 21 қаңтар   

      Келісілді:        
Қазақстан Республикасының 
Кедендік бақылау     
агенттігінің төрағасы   
 
  2004 жылғы 15 қаңтар  

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 қарашадағы 1239  қаулысының 1 тармағының 4 тармақшасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1994  қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес және Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенциядан туындайтын міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен, Білім және ғылым министрлігімен және Кедендік бақылау агенттігімен келісілген Әкімшілік органның құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      2. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне жүктелсін.
      3. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары -
           Министр

Қазақстан Республикасы         
Ауыл шаруашылығы министрлігінің      
"Әкімшілік органның құрып кету      
қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер
түрлерін, олардың бөліктерін немесе  
туындыларын Қазақстан Республикасына 
әкелуге және одан тысқары жерлерге  
әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы  
ережені бекіту туралы"       
2004 жылғы 27 қаңтардағы N 31     
бұйрығымен бекітілген         

  Әкімшілік органның құрып кету қауіпі
төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін,
олардың бөліктерін немесе туындыларын 
Қазақстан Республикасына әкелуге және
одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат
беру тәртібі туралы
Ереже

      Әкімшілік органның құрып кету қауіпі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беру тәртібі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына және "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна және  флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенциядан туындайтын міндеттерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы 1994  қаулысына сәйкес жасалды.

  1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның Конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) Қосымшаларына І; ІІ; ІІІ енгізілген жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе туындыларын Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге әкету үшін қажет рұқсаттама құжаттарды беруінің бірыңғай тәртібін белгілейді.

      2. Ереже барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауына міндетті.

      3. Ережеде мынадай анықтамалар көзделген:
      1) "Түр" - жабайы жануарлар мен өсімдіктердің кез-келген түрі, түрасты немесе оның жағрафиялық дараланған таралымы;
      2) "Үлгі" - Конвенция  Қосымшасына І, ІІ, ІІІ енгізілген кез-келген тірі немесе өлі жануар немесе өсімдік, немесе олардың  оңай танылатын кез-келген бөлігі (тұлыпы, терісі, бас сүйегі, мүйізі, жұмыртқасы, тамыры, тұқымы және т.б.) немесе туындылары (осы жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған өнім);
      3) "Сауда" - тауарлар экспортын кеден режиміне сәйкес шетке шығару, еркін айналым үшін тауарлар шығарылымын кеден режиміне сәйкес шеттен әкелу, реэкспорт және теңізден әкелу;
      4) "Теңізден әкелу" - әлдеқандай бір мемлекеттің юрисдикциясына жатпайтын теңіз ортасынан алынған кез-келген түр үлгілерін мемлекетке әкелу;
      5) "Әкімшілік орган" - Конвенция бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындаған мемлекеттік әкімшілік орган;
      6) "Ғылыми орган" - Әкімшілік орган айқындаған ғылыми сараптама беретін орган;
      7) "Тарап" - Конвенция күшіне енген мемлекет;
      8) "Өтініш жасаушы" - Әкімшілік органға үлгілерді шетке шығаруға, шеттен әкелуге өтінім ұсынған жеке немесе заңды тұлға;
      9) "Рұқсаттама" және "Сертификат" - Әкімшілік органның үлгілерді шетке шығаруға, шеттен әкелуге, олардың реэкспортына, теңізден әкелуге беретін ресми рұқсаттама құжаттары.

  2. Құжаттарды қарау тәртібі

      4. Үлгілерді шетке шығару, шеттен әкелу олардың реэкспорты, теңізден әкелу өтінімін заңды және жеке тұлғалар Әкімшілік органға, ал көшірмесін Ғылыми органға жібереді.

      5. Өтінімде көрсетілуі тиісті:
      1) шетке шығару, шеттен әкелу, реэкспорт және теңізден әкелу мақсаты (коммерциялық операциялар, ғылыми зерттеулер, цирк қойылымдары немесе жылжымалы көрмелер, хайуанаттар парктері, ботаникалық бақтар мен мұражайлар арасындағы алыс-беріс, сондай-ақ жекелей тапсыру, аңшылық олжалар және т.б.);
      2) жануардың немесе өсімдіктің толық орысша және ғылыми атауы көрсетілген түрі;
      3) үлгінің сипаттамасы (тірі жануарлар немесе өсімдіктер, терілер, тұлыптар, ұшалар, бас сүйектері, мүйіздері, азулары, қаны, уылдырығы, тұқымы, тамыры, түйіні, тамыр сабақтары, сондай-ақ бұйымдары және т.б.; тірі жануарлар үшін - жынысы мен жасы, ұқсас белгілерінің болуы);
      4) үлгілердің саны немесе салмағы;
      5) үлгінің шығу тегі (табиғаттан алынған, жасанды жағдайларда шығарылған немесе өсірілген, немесе қандай құжаттардың негізінде басқа елден әкелінген, тәркіленген, сатып алынған, сыйға алынған немесе мұраға қалдырылған және т.б.);
      6) үлгілерді шетке шығарудың, шеттен әкелудің болжамды мерзімі мен  кедендік ресімдеу орны, көлік құралдары және маршрут кестесі;
      7) тірі жануарлар мен өсімдіктер үшін - бүліну тәуекеліне, денсаулығына төнетін қатерге немесе қатыгездікпен қарау қатеріне барынша аз ұшырайтындай жағдайда тасымалдауға әзірленіп, жөнелтілетіні жөнінде растама;
      8) экспорттаушының (реэкспорттаушының) және импорттаушының орыс және ағылшын тілдеріндегі заңды мекен-жайлары, олардың телефондары немесе факстері (жеке тұлғалар үшін - үйлерінің мекен-жайлары, төлқұжат деректері) көрсетілуі тиіс.

      6. Өтінімге өтініш жасаушы қол қояды.

      7. Өтінімге үлгілердің, олардың бөлшектерінің немесе туындыларының жасанды жағдайда өсірілгенін, оларды олжалаудың, сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттардың нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері бірге тапсырылады:
      1) заңды тұлғаның құрылтай құжаты және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      2) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлға үшін жеке кәсіпкер ретінде есепке алынғаны туралы аумақтық салық органының анықтамасы;
      3) осы қызмет түрі лицензиялауға жататын жағдайда сол қызмет түріне берілген лицензия;
      4) табиғи ресурстарды пайдалануға немесе кешенді табиғат пайдалануға жасалған шарт;
      5) аңшылық шаруашылығының иегерімен немесе су қоймаларын пайдаланушымен сату-сатып алуға жасалған шарт;
      6) бүліну тәуекелін, денсаулығына төнетін қатерді немесе қатыгездікпен қарау қатерін барынша азайту үшін үлгілерге ойдағыдай күтім жасауға жағдайы бар ұйыммен жасалған шарт;
      7) осы шетке шығаруды немесе шеттен әкелуді жүзеге асыру ниетін растайтын экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы келісім-шарт немесе өзге шарттық құжат;
      8) үлгі Конвенцияның I-Қосымшасына енгізілген жағдайда импорттаушы - елдің рұқсаты;
      9) үлгіге иелік ету немесе пайдалану құқығына берілетін сенімхат;
      10) жануарлар дүниесінің нысаналарын, биологиялық су ресурстарын олжалауға және өсімдіктер дүниесінің нысаналарын жинауға (дайындауға) арнайы уәкілеттік алған мемлекеттік орган берген рұқсаттамасы, сондай-ақ балық шаруашылығын басқарудың уәкілетті мемлекеттік органының рұқсаттама (аң аулау хаттамасы, олжалау парағы);
      11) егер жануарлар түрінің үлгісі басыбайлы жағдайда туса немесе өсімдік түрінің үлгісі жасанды жолмен өсірілсе, басыбайлы жағдайда өсірілгені туралы және жасанды жағдайларда алынғаны туралы Әкімшілік органның уәкілетті өкілі куәландырған анықтама;
      12) егер өсімдік түрінің үлгісі дақыл ретінде жасанды жолмен өсірілсе, өсімдіктің дақыл ретінде өсірілгенін растайтын құжат;
      13) тауар чегі (егер үлгі сауда жүйесінде сатып алынған болса);
      14) меншік құқығын растайтын заңдық құжаттар (сатып алу-сату шарты, өсиетнама, сыйға тарту шарты және т.б.);
      15) егер үлгі тәркіленген болса, құзыретті органдардың үлгілерді тәркілеу туралы акт;
      16) мұражайлардың және коллекция жинаумен айналысатын басқа да ұйымдардың түгелдеу кітаптарынан үзінді;
      17) шеттен әкелінетін және шеттен әкелінетін үлгінің Қазақстан Республикасының ветеринарлық, фитосанитарлық заңдарының талаптарына сәйкес келетінін растайтын құжат қоса тіркеледі;
      18) үлгілер салынатын орындар Конвенцияның тасымалдауға қойылған талаптарға лайықты туралы анықтама.

      8. Мемлекеттер үлгілерді шеттен әкелуге қосымша шектеулер енгізген жағдайда экспорттық рұқсат алу үшін сондай-ақ осы мемлекеттерден әкелуге рұқсаттама қажет.

      9. Әкімшілік орган жануарлар мен өсімдіктердің сақталуын қамтамасыз ету және Конвенция талаптарын сақтау қажеттігін басшылыққа ала отырып, өтініш жасаушыдан үлгілерді әкетуге/әкелуге қатысты қосымша ақпарат сұратуы мүмкін.

  3. Рұқсаттама құжаттарын беру

      10. Әкімшілік орган Ғылыми органның қорытындысы болған жағдайда ғана 30 күн ішінде өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды қарайды рұқсатты немесе сертификатты ресімдейді не дәлелді бас тарту құжатын жібереді.

      11. Ғылыми орган өтінімді 15 күн ішінде қарап, қорытындысын береді.

      12. Рұқсаттама немесе сертификат қорғаныш маркасы бар белгіленген үлгідегі бланкінің бірінші данасында ресімделеді, оған уәкілетті лауазымды тұлға қолы қойып, Әкімшілік органның мөрі басылады. Үлгілердің әрбір топтамасы үшін жеке рұқсат немесе сертификат ресімделеді.

      13. Рұқсаттамалар немесе сертификаттар (түпнұсқасы және екі көшірмесі) өтініш жасаушының сенімхаты бойынша рұқсаттама журналына қолын қойғызып беріледі.

      14. Рұқсаттаманың немесе сертификаттың түпнұсқасы үлгімен бірге жүреді, рұқсаттаманың екінші данасын өтініш жасаушы Қазақстан Республикасының кедендік ресімдеу органына тапсырады, рұқсаттаманың үшінші данасы өтініш жасаушыда қалады.

      15. Берілген рұқсаттама немесе сертификат ол берілген сәттен бастап алты ай бойы жарамды, пайдаланылмағаны - қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде Әкімшілік органға қайтарылуы тиіс.

      16. Өтінім жасаушы рұқсаттама немесе сертификат алып, белгіленген мерзімде өтінімде көрсетілген кедендік ресімдеу орны арқылы шеттен әкелуді, шетке шығаруды, олардың реэкспортын, теңізден әкелуді жүзеге асырып, рұқсаттаманың немесе сертификаттың көшірмесін кедендік ресімдеуден кейін 10 күн ішінде Әкімшілік органға қайтарады.

      17. Кейіннен жаңа иеленушіге берілмей қайта әкетілетін үлгілерді мәдени-көңіл көтеру іс-шараларын, аң аулау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу Әкімшілік органның рұқсаттамасымен жалпылама негізде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады