Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандар мен тұтынушыларға арналған нұсқаулықтардың мәтіндерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты (аннотация - қосымша бет) бекіту туралы және "Дәрілік затты қолдану жөнінде тұтынушыларға арналған тұтыну орамы мен нұсқаулықты (аннотация-қосымша) ресімдеу, таңбалау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 756 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1346 мемлекеттік тіркелген) өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 ақпандағы N 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2722. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 2 қарашадағы N 634 бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.02 N 634 бұйрығымен.

      "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қолдануға рұқсат етілген өткізілетін және тағайындалатын дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы туралы толық ақпаратты ұсыну мақсатында бұйырамын:

      1.  Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.26.  N 697 Бұйрығымен.

      2. "Дәрілік затты қолдану жөнінде тұтынушыларға арналған тұтыну орамы мен нұсқаулықты (аннотация-қосымша) ресімдеу, таңбалау Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 756  бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 30 желтоқсандағы N 1346 мемлекеттік тіркелген, "Фармация Казахстана" журналында 2001 жылғы 1 сәуірде N 1 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бас тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дәрілік заттың тұтынушылар орамаларын таңбалау ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қоса беріліп отырған Дәрілік заттың тұтынушылар орамаларын таңбалау ережесі бекітілсін.";

      2-тармақ алынып тасталсын;

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (Бердімұратова Г.Д.) дәрілік заттарды тіркеу жөніндегі сараптау жұмыстарын жүргізу кезінде осы бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттың тұтынушылар орамаларын таңбалау ережесін басшылыққа алсын";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың мәтіндерін әзірлеу ережесінде (аннотация - қосымша бет):
      бас тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Дәрілік заттың тұтынушылар орамаларын таңбалау ережесі";

      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы "және тұтынушыға арналған нұсқаулықтар (аннотация - қосымша бет)" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақша  алынып тасталсын;

      4-тарау алынып тасталсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Айдархановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау министрінің 
2004 жылғы 17 ақпандағы    
N 160 бұйрығымен бекітілген  

  Дәрілік затты қолдану жөніндегі мамандар
мен тұтынушыларға арналған нұсқаулықтардың
мәтіндерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулық
(аннотация-қосымша бет)

       Ескерту. Нұсқаулықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007.11.26.  N 697 Бұйрығымен.

Дәрілік затты қолдану     
жөніндегі мамандар мен    
тұтынушыларға арналған    
нұсқаулықтың (аннотация-  
қосымша бет) мәтінін    
әзірлеу жөніндегі      
нұсқаулыққа          
1-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау министрлігі  
Фармация, фармацевтика және   
медицина өнеркәсібі комитеті  
төрағасының          
200__ жылғы "__" _________  
N ____ бұйрығымен       
Бекітілген  

          Дәрілік затты қолдану жөніндегі тұтынушыларға
арналған нұсқаулық (аннотация-қосымша бет)

НҰСҚАУЛЫҚ МӘТІНІ

Дәрілік затты қолдану     
жөніндегі мамандар мен    
тұтынушыларға арналған    
нұсқаулықтың (аннотация-  
қосымша бет) мәтінін    
әзірлеу жөніндегі      
нұсқаулыққа          
2-қосымша          

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау министрлігі  
Фармация, фармацевтика және   
медицина өнеркәсібі комитеті  
төрағасының          
200 __ жылғы "__" _________  
N ____ бұйрығымен       
Бекітілген

            Дәрілік затты қолдану жөніндегі
мамандарға арналған нұсқаулық

НҰСҚАУЛЫҚ МӘТІНІ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады