Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті төрағасының 2004 жылғы 17 ақпандағы N 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2734. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы N 551 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.10.21 N 551 бұйрығымен.

      "Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын мемлекеттік тіркеу кезінде айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Фармацевтикалық бақылау және дәрілік саясат басқармасы:
      1) дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататыны туралы мәліметтер "Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мемлекеттік тізімінің" базасына енгізіп отырсын;
      2) дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататыны туралы ақпаратты арнайы баспасөз беттерінде ай сайын жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Л.Ю.Пакке жүктелсін.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрлігі 
Фармация, фармацевтика және 
медицина өнеркәсібі комитеті
төрағасының        
2004 жылғы 17 ақпандағы   
N 26 бұйрығымен бекітілген 

Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі
бойынша және рецептісіз босатуға жататынын
айқындау жөнінде нұсқаулық

      1. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі қарай - Нұсқаулық) халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыздандыруды жетілдіру және нормативтік құқықтық актілерді халықаралық заңнамалық кесімдермен үйлестіру, сондай-ақ дәрілік заттарды босату (сату) қатынасының бірыңғай бабын қабылдау мақсатында дайындалған.

      2. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын дәрілік заттарды сараптау және мемлекеттік тіркеу кезінде анықталады.

      3. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын:
      1) препараттардың фармакологиялық сыпаттамасын;
      2) адам ағзасына жанама әсерлерін;
      3) терапиялық және уытты дозаларының қатынас деңгейін ескере отырып анықтайды.

      4. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша босатуға оларды тағайындау және әрі қарай қолдану тұрақты түрде дәрігердің бақылауында жүргізілуі керек дәрілік заттар жатады. Оларға:
      1) "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын, құрамында есірткілік құралдар бар заттар, психотроптық заттар, улы заттар мен прекурсорлар;
      2) осы Нұсқаулыққа қосымшада келтірілген фармакологиялық топтардағы дәрілік заттар;
      3) дұрыс қолданса да, бірақ медициналық қадағалаусыз, тұтынушылардың денсаулығына тікелей немесе жанама қауіп келтіретін дәрілік заттар;
      4) құрамында әсерін және/немесе жанама әсерін әрі қарай зерттеуді талап ететін заттары бар дәрілік заттар;
      5) парентералды тәсілмен енгізуге арналған дәрілік препараттар;
      6) тек қана ауруханаларда қолдануға рұқсат берілген, немесе қолдануды қажет ететін дәрілік заттар, оның ішінде диагностикалық заттар жатады.

      5. Дәрігердің рецептісіз босатылатын дәрілік заттарға:
      1) өзінің қасиеттері бойынша осы Нұсқаулықтың 4 тармағымен белгіленген өлшемдерге кірмейтін;
      2) репродуктивті уыттылығы, тұқым қуалайтын уыттылығы және канцерогендігі жоқ;
      3) фармакологиялық сипаттамасында қанға, бауырға, бүйрекке, жүрек жұмысына теріс әсері жөнінде мәліметтері жоқ;
      4) өндіруші-елінде немесе Еуропа Одағы елдерінде дәрігердің рецептісіз босатуға рұқсат берілген дәрілік заттар тізіміне кіретіндер жатады.

      6. Дәрілік заттар айналымындағы мемлекеттік орган осы Нұсқаулықтағы 4 тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген фармакологиялық топтардағы дәрілік заттарды, егер олар өзінің сипаттамасы бойынша осы Нұсқаулықтағы 5 тармақтың 2), 3) және 4) тармақшасындағы өлшемдерге жауап берсе, рецепсіз босатуға жатқыза алады.

Дәрілік заттардың дәрігердің  
рецептісі бойынша және рецептісіз
босатуға жататынын айқындау  
Нұсқаулыққа қосымша     
Қазақстан Республикасының    
Денсаулық сақтау министрлігі 
Фармация, фармацевтика және  
медицина өнеркәсібі комитеті 
төрағасының         
2004 жылғы 17 ақпандағы   
N 26 бұйрығымен бекітілген  

Рецептімен босатуға жатқызылған дәрілік
заттардың фармакологиялық тобы

      Рецептімен босатуға келесі фармакологиялық топтарға кіретін:
      1) сыртынан және қынаптық қолдануға арналған бактерияларға қарсы дәрілік заттарды қоспағанда, шығарылу нысанына қарамастан, антибиотиктер;
      2) сульфаниламидтік;
      3) сыртынан және қынаптық қолдануға арналған тазға қарсы дәрі-дәрмек құралдарын қоспағанда, тазға қарсы;
      4) энтералды қолданылатын гормональды ұрықтануға қарсы дәрілерді қоса алғанда, гормональды;
      5) альфаға, бетаға, гистаминоға, холино-рецепторға, дофаминдік жүйеге, сондай-ақ клеткалардың мембраналық потенциалына әсер ету арқылы тиімді әсер ететіндер;
      6) гемо-и гомеостаз жүйесіне тікелей әсер ететіндер;
      7) баяу тизидті препараттардан, сондай-ақ өсімдік тектес заттардан басқа, диуретикалық;
      8) антиаритмикалық;
      9) жүрек гликозидтері ("Лантозид", «"Целанид" препараттарын қоспағанда);
      10) коронароактивті ("Нитроглицерин", "Сустак-мите" препараттарын қоспағанда);
      11) тыныс жолдары демікпесін шұғыл және базалық емдеу үшін пайдаланылатындар;
      12) ісікке қарсы және цитостатиктер;
      13) рефлекторлы және тікелей әсер ететін препараттарды қоспағанда, қақырық түсіретін және муколитикалық;
      14) паркинсонизмді емдеуге арналған;
      15) кальций антогонистері;
      16) сыртынан қолдануға арналған дәрілік нысандарды қоспағанда, энтеральды және парентеральды қолданылатын стероидты емес қабынуға қарсы, сондай-ақ салицилаттар, парацетамол, анальгин;
      17) иммунды модуляторлар және иммунды депрессанттар;
      18) сыртынан қолдануға арналған және мұрын ішіне енгізетін интерферонды қоспағанда, вирусқа қарсы;
      19) антилипидемиялық;
      20) ангиотензинге айналатын ферменттің ингибиторы (ААФИ);
      21) құрамында амилаз, липаз, панкреатин бар препараттарды қоспағанда, парентеральды, энтеральды және ингаляциялық қолдануға арналған (протеолиз ингибиторы), ферментті;
      22) папаверин, дибазол, папазол, дротаверин, андипалды қоспағанда тамыр және спазмолитикті;
      23) зәрқышқылы диатезін емдеу үшін қолданылатын өсімдік тектес дәрілік препараттарды қоспағанда, подаграны емдеуге арналған;
      24) туберкулезді емдеуге арналған;
      25) эрекцияны көтеретін;
      26) парентеральды паразитке қарсы;
      27) эпилептикаға қарсы дәрілер;
      28) парентеральды енгізуге арналған диагностикалық;
      29) миорелексанттары және холинэстераздың ингибиторлары;
      30) жатыр мускулатурасын қысқартатын және баяулататын;
      31) диабетке қарсы;
      32) контрацептер және тазға қарсы әсерімен қатар, жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алатын дәрілерден басқа қынаптың ішіне қолданылатын;
      33) сыртына қолданылатын заттарды қоспағанда, қанның дериваттары мен гидролизаттары, ағза және тін сығындылары, қанның дәрілік заттары жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады