Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.03.04 N 125 Бұйрығымен.
"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына,
"Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы N 248-р
өкіміне
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Апробаторларды аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі;
2) Тұқым сарапшыларын аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі;
3) апробатор куәлігі және тұқым сарапшысы куәлігі бланктерінің нысандары бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары - Министр
"Апробаторларды және тұқым
сарапшыларын аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережелерін
және апробатор куәлігі және тұқым
сарапшысы куәлігі бланктерінің
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 23 ақпандағы
N 90 бұйрығымен бекітілген
Апробаторларды аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі
1. Осы Апробаторларды аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі (бұдан әрі - Ереже) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттық егістіктерін сынақтан өткізуді жүргізу құқығына жеке тұлғаларды аттестаттау (қайта аттестаттау) тәртібін және шарттарын регламенттейді.
2. Апробаторларды аттестаттауды (қайта аттестаттауды) заңды тұлғаның өтініші негізінде аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады. Комиссия 5 адамнан кем емес сандық құрамда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (бұдан әрі - облыстық аумақтық басқарма) бастығының бұйрығымен құрылады. Комиссияның құрамына облыстық аумақтық басқарманың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының мамандары енгізіледі, сонымен қатар облыс әкімінің ауыл шаруашылығы департаментінің (басқармасының), ғылыми-зерттеу және оқу мекемелерінің өкілдері (келісім бойынша) енгізіле алады. Комиссия көпшілік дауыспен жеке тұлғаның апробатор мәртебесіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
3. Апробаторды қайта аттестаттау осы Ережеде апробаторды аттестаттауға белгіленген талаптарға сәйкес үш жылда бір рет жүргізіледі.
4. Аттестаттау (қайта аттестаттау) үшін жеке тұлға Комиссияға мына құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті (қосымша);
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) білімі және арнайы дайындығы (апробаторлар курстары) туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
4) жеке тұлғаның жұмыс орны мен жұмыс өтілі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін тапсырады.
5. Комиссия жеке тұлғадан аттестаттауға (қайта аттестаттауға) өтініш түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде тапсырылған құжаттарды зерттейді және осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттар бар болса құжаттарды тапсырған тұлғаға аттестаттау жүргізу күні мен орнын айқындайды.
6. Аттестаттау нәтижелері хаттама ретінде рәсімделеді. Оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
7. Комиссияның оң қорытындысын алған жеке тұлғаларға облыстық аумақтық басқарма бастығының бұйрығымен апробатор мәртебесі беріледі және белгіленген нысандағы куәлік тапсырылады.
Апробаторларды аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережесіне
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің
_________________ облыстық аумақтық басқармасына
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты)
ӨТІНІШ
Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және ______________
___________________________________________________________________
(егістіктерін сынақтан өткізу жоспарланып отырған ауыл шаруашылығы
өсімдігі)
апробаторы мәртебесін беруді сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
Мекен-жайы: _________________________________________________
___________________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің N, телефоны, факсы)
Қоса беріліп отырған құжаттар: ______________________________
___________________________________________________________________
(Апробаторларды аттестаттау ережесінің 6-тармағына сәйкес)
200__ жылғы "___" _________ ____________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы,
аты, әкесінің аты)
Өтініш қарастыруға 200__ жылғы "___" ___________ қабылданды.
___________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған жауапты тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты,
қолы)
"Апробаторларды және тұқым
сарапшыларын аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережелерін
және апробатор куәлігі және тұқым
сарапшысы куәлігі бланктерінің
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 23 ақпандағы
N 90 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
_______ облыстық аумақтық басқармасы
КУӘЛІК N ___
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
_________________ облыстық аумақтық басқармасы бастығының 200__
жылғы "____" _________________________ N ________ бұйрығы негізінде
ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік
қасиеттеріне сараптама жүргізу құқығына тұқым сарапшысы мәртебесі
берілген ___________________________________________ берілді.
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты)
Басшының Ф.А.Ә. __________________________ ____________
(қолы)
Лауазымы __________________________________________________
Берілген күні: 200__ жылғы "___" _____________
М.О.
200__ жылғы "___" _____________ дейін күші бар
"Апробаторларды және тұқым
сарапшыларын аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережелерін
және апробатор куәлігі және тұқым
сарапшысы куәлігі бланктерінің
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 23 ақпандағы
N 90 бұйрығымен бекітілген
Тұқым сарапшыларын аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі
1. Осы Тұқым сарапшыларын аттестаттау (қайта аттестаттау) ережесі (бұдан әрі - Ереже) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сорттық және егістік сапаларына сараптама жүргізу құқығына жеке тұлғаларды аттестаттау (қайта аттестаттау) тәртібін және шарттарын регламенттейді.
2. Тұқым сарапшыларын аттестаттауды (қайта аттестаттауды) жеке тұлғаның өтініші негізінде аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады. Комиссия 5 адамнан кем емес сандық құрамда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (бұдан әрі - облыстық аумақтық басқарма) бастығының бұйрығымен құрылады. Комиссияның құрамына облыстық аумақтық басқарманың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының мамандары енгізіледі, сонымен қатар облыс әкімінің ауыл шаруашылығы департаментінің (басқармасының), ғылыми-зерттеу және оқу мекемелерінің өкілдері (келісім бойынша) енгізіле алады. Комиссия көпшілік дауыспен жеке тұлғаның тұқым сарапшысы мәртебесіне сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
3. Тұқым сарапшыларын қайта аттестаттау осы Ережеде тұқым сарапшысын аттестаттауға белгіленген талаптарға сәйкес үш жылда бір рет жүргізіледі.
4. Аттестаттау (қайта аттестаттау) үшін жеке тұлға Комиссияға мына құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті (қосымша);
2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
3) білімі және арнайы дайындығы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
4) жеке тұлғаның жұмыс орны мен жұмыс өтілі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін тапсырады.
5. Комиссия жеке тұлғадан аттестаттауға (қайта аттестаттауға) өтініш түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылған құжаттарды зерттейді және осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттар бар болса құжаттарды тапсырған тұлғаға аттестаттау жүргізу күні мен орнын айқындайды.
6. Аттестаттау нәтижелері хаттама ретінде рәсімделеді. Оған Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
7. Комиссияның оң қорытындысын алған жеке тұлғаларға облыстық аумақтық басқарма бастығының бұйрығымен тұқым сарапшысы мәртебесі беріледі және белгіленген нысандағы куәлік тапсырылады.
Тұқым сарапшыларын аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережесіне
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің
_________________ облыстық аумақтық басқармасына
___________________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты)
ӨТІНІШ
Аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізуді және тұқым сарапшысы
мәртебесін беруді сұраймын.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
Мекен-жайы: _________________________________________________
___________________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің N, телефоны, факсы)
Қоса беріліп отырған құжаттар: ______________________________
___________________________________________________________________
(Апробаторларды аттестаттау ережесінің 6-тармағына сәйкес)
200_ жылғы "__" __________ ______________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты)
Өтініш қарастыруға 200__ жылғы "___" ____________ қабылданды.
___________________________________________________________________
(өтініш қабылдаған жауапты тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты,
қолы)
"Апробаторларды және тұқым
сарапшыларын аттестаттау
(қайта аттестаттау) ережелерін
және апробатор куәлігі және тұқым
сарапшысы куәлігі бланктерінің
нысандарын бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 23 ақпандағы
N 90 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
_______ облыстық аумақтық басқармасы
КУӘЛІК N ___
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
______________________ облыстық аумақтық басқармасы бастығының
200__ жылғы "___" ________ N _____ бұйрығы негізінде
___________________________________________________________________
(егістіктерін сынақтан өткізуге рұқсат етілген ауыл шаруашылығы
өсімдігі)
сорттық егістіктерін сынақтан өткізуді жүргізу құқығына апробатор
мәртебесі берілген ________________________________________ берілді.
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты)
Басшының Ф.А.Ә. __________________________ ____________
(қолы)
Лауазымы _______________________________________________________
Берілген күні: 200__ жылғы "___" _____________
М.О.
200__ жылғы "___" _____________ дейін күші бар