Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1011 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасы Төрағасының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 18 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2757. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 203 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Өткізілетін төлемдер жөніндегі мәліметтерді жүйелеуді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1011 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 1999 жылғы 20-31 желтоқсанда жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2000 жылғы 16 мамырдағы N 195 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1149 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда жарияланған), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 30 қазандағы N 405 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1319 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 4-17 желтоқсанда жарияланған), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 16 ақпандағы N 49 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1809 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 25 наурыз - 7 сәуірде жарияланған), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 15 қарашадағы N 388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 125 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2332 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 2-15 маусымда жарияланған) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесінде:
      3-тармақтың 7) тармақшасының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      4-тармақтағы:
      "қатынастар" деген сөз "шоттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      14-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай мазмұнда жазылсын:
      "14. Ақша жіберуші төлем құжатының "Төлемді белгілеу" бағанында орындалатын міндеттеменің нақты операциясының мазмұнын көрсете отырып, сондай-ақ солардың негізінде ақша және/немесе төлем жүзеге асырылатын құжаттардың деректемелерін, яғни нөмірін, күнін, аты-жөнін және басқа мәліметтерді көрсетуге тиіс.";
      15-тармақ алынып тасталсын;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Төлем құжатына ақша жіберушінің коды қате қойылған жағдайда, ақша жіберуші банк төлем құжатын акцептеуден бас тартуға құқылы.
      Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем бастамашысынан нұсқау қабылдаған кезде төлем белгілеудің цифрлық белгіленуі оның мәтіндік бөлігімен сәйкес келмеген жағдайда, төлем құжатын акцептеуден бас тартуға міндетті. Банк және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым акцептен бас тарту туралы міндеттемесін орындамаған жағдайда осы талапты бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілік атқарады.
      Ақша жіберушінің банкі салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша нұсқауларды орындаған кезде салық төлеуші көрсеткен салық режимінің түрі және бюджетке төлем түрі шеңберіндегі төлем белгілеу кодтарының сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.";
      18-2-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамы" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Бенефициар банк төлем бойынша мәліметтерге бенефициардың кодының және шет елдерге жіберілетін төлемдер бойынша төлем белгілеу кодының дұрыстығын тексереді.
      Екінші деңгейдегі банктер және "Қазпочта" ашық акционерлік қоғамы мәліметтердегі деректердің дұрыстығын растау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне оның сұратуы бойынша жүргізілетін төлемдер жөніндегі ақпаратты, сонымен бірге төлем құжаттарының көшірмелерін береді.";
      N 1 қосымшада:
      экономика секторлары кодтарының кестесіндегі "А Халықаралық ұйымдар" деген бірінші жол алынып тасталсын;
      ескертудегі:
      жиырма үшінші абзацта:
      мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "ұйымдардың" деген сөзден кейін ", банктердің және басқалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қаржылық қызметпен айналысатын халықаралық ұйымдар "Орталық (ұлттық) банктер" экономика секторына есепке алынуға тиіс. Барлық басқа халықаралық ұйымдар "Орталық Үкімет" деген экономика секторына есепке алынуға тиіс.";
      жиырма төртінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы топқа сондай-ақ банктік шоттарды ашумен және жүргізумен айналысатын кредиттік серіктестіктер жатады.";
      жиырма бесінші абзацтағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы топқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, ломбардтар, айырбастау пункттері, ипотекалық компаниялар, брокерлік және дилерлік компаниялар, арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдар, инвестициялық қорлар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар жатады.";
      отыз бесінші абзац алынып тасталсын;
      N 2 қосымшада:
      төлем белгілеу кодының кестесінде:
      "0 - Зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар" бөлімінде:
      001 кодының атауындағы "басқару жөніндегі компанияның" деген сөздер "инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен және "зейнетақы жарнасы" деген сөз "зейнетақы активтері" деген сөзбен ауыстырылсын;
      002 кодының атауындағы "зейнетақы жарнасы" деген сөздер "зейнетақы активтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын және "(1%)" деген көрсеткіш алынып тасталсын;
      006 кодының атауындағы "басқару жөніндегі компанияның" деген сөздер "инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын және "(10%)" деген көрсеткіш алынып тасталсын;
      007 кодының атауындағы "(10%)" деген көрсеткіш алынып тасталсын;
      008 кодының атауындағы "басқару жөніндегі компанияның" деген сөздер "инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      009 коды атауының мемлекеттік тілдегі мәтіні мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның уақтылы инвестиция жасамағаны үшін өсімпұлы";
      "Жеңілдікпен (жедел) берілген зейнетақы" 012 коды және "Мемлекеттік қызметкерлер-зейнеткерлерге бюджеттен өтеу" 017 коды алынып тасталсын;
      014 кодынан кейін "Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары" деген 015 кодымен толықтырылсын;
      021 кодынан кейін "Сәбидің тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы" деген 022 және "Сәбидің тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақыны қайтару" деген 023 кодтарымен толықтырылсын;
      042 және 043 кодтарының атауындағы "жәрдемақы" деген сөзден кейін "жер асты және ашық тау-кен жұмысында, аса зиянды жұмыста және аса ауыр жұмыс жағдайларында жұмыс істегендерге мемлекеттік арнайы жәрдемақы" деген сөздермен толықтырылсын;
      050 және 060 кодтарының атауында мемлекеттік тілдегі мәтінде "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және ІІБ қызметкерлеріне" деген сөздер алынып тасталсын;
      076 және 086 кодтарының атауындағы "Ерекше қызметі үшін зейнетақы алатын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының алдындағы ерекше қызметі үшін зейнетақы тағайындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Депозиттер" деген 3-бөлімдегі:
      "Орташа мерзімдік (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)" деген 313 және 323 кодтар алынып тасталсын;
      314 және 324 кодтарының атауындағы "3 жылдан" деген сөздер "1 жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Заемдар" деген 4-бөлімде:
      "Орташа мерзімдік (1 жылдан астам және 3 жылдан астам емес)" деген 412 және 422 кодтары алынып тасталсын;
      413 және 423 кодтарының атауындағы "3 жылдан" деген сөздер "1 жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының резидент еместері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар және шетел капиталына инвестициялар" деген 5-бөлімде:
      510 кодының атауындағы "және басқа бағалы қағаздарды" деген сөздер ", басқа бағалы қағаздарды және жарналарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      540 және 550 кодтарының атауындағы "Корпоративті борыштық" деген сөздер "Мемлекеттік емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      563 кодының атауындағы "Корпоративтік борыштық" деген сөздер "Мемлекеттік емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдер және Қазақстан капиталына инвестициялар" деген 6-бөлімде:
      610 кодының атауындағы "және басқа бағалы қағаздарды" деген сөздер ", басқа бағалы қағаздарды және жарналарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "1 жылдан астам өтеу мерзімімен және 3 жылға дейін" деген 622 және 632 кодтар алынып тасталсын;
      623 және 633 кодтарының атауындағы "3 жылдан" деген сөздер "1 жылдан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      640 және 650 кодтарының атауындағы "Корпоративті борыштық" деген сөздер "Мемлекеттік емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      663 кодының атауындағы "Корпоративтік борыштық" деген сөздер "Мемлекеттік емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      672 және 682 кодтарының атауындағы "Корпоративтік борыштық" деген сөздер "Мемлекеттік емес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Тауарлар және материалдық емес активтер" деген 7-бөлімде:
      710 кодының атауындағы "Инвестициялық" деген сөз алынып тасталсын;
      "Басқа да тауарлар үшін төлемдер" деген 720 коды алынып тасталсын;
      төлемдер белгілеу кодтары кестесінің ескертуінде:
      "Депозиттер" деген 3-бөлімде:
      атауындағы "(Қазақстанның резиденттері шығарған депозиттік сертификаттарды қоса алғанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Депозиттен алуға сондай-ақ клиенттердің бір банктегі өзінің ағымдағы шотынан екінші банктегі өзінің ағымдағы шотына аудару, банктердің бір банктегі өзінің корреспонденттік шотынан екінші банктегі өзінің корреспонденттік шотына аудару, есептелген сыйақымен бірге депозиттің негізгі сомасы бойынша негізгі борыш төлемдері, есептелген сыйақы, оған қоса алдын ала төлем және депозиттің негізгі сомасы бойынша және сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдер кіреді. Бөлімге тауарлар, қызмет көрсету және тағы басқалар үшін өзге тұлғаларға төлемдер кірмейді.";
      "Бағалы қағаздар" деген 5, 6-бөлім мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға капиталға қатысуды қамтамасыз ететін акциялар және басқа да бағалы қағаздар кірмейді.";
      "Тауарлар және материалдық емес активтер" деген 7-бөлімдегі үшінші және төртінші абзацтар алынып тасталсын;
      "Қызметтер" деген 8-бөлімде:
      сегізінші абзацтағы "сақтандыру агенттеріне төленетін комиссиялық төлемдерді қоса алғанда" деген сөздер алынып тасталсын;
      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Коммуналдық қызмет көрсету - коммуналдық қызмет көрсетілгені үшін жеке тұлғалардың, оның ішінде тұратын жері бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұтынушылардың төлемдері. Коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеген кезде жеке тұлғалар, оның ішінде тұратын жері бойынша жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұтынушылар коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеу түбіртегіне төлем белгілеу кодын қоймайды. Заңды тұлғалар пайдаланылған электр энергиясына, газға және суға ақы төлеген кезде 710 "Тауарлар үшін төлемдер" төлем белгілеу кодын қояды.";
      жиырма үшінші абзацта "қоғамдық тамақтандыру және" деген сөздер алынып тасталсын;
      жиырма бесінші абзацта мемлекеттік тілдегі мәтіндегі "осы санатта" деген сөздерден кейін "қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызмет көрсетуі," деген сөздермен толықтырылсын;
      N 3 қосымшада:
      "20 __ жылдың _____________ айы үшін ҚБЕО арқылы өткен банкаралық төлемдер бойынша мәлімет" деген кестедегі "мың" деген сөз "теңге" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Мәліметтерді толтыру тәртібінде:
      1-тармақтың он төртінші абзацындағы "мың теңгемен", "бір белгі" деген сөздер тиісінше "теңге", "екі белгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Халықаралық төлемдер жүзеге асырылған кезде, резидент емес банктерде ашылған шот арқылы оның пайдасына төлем жүргізілген/ одан алынған резидент емес банктің ББК-ы, сондай-ақ резидент банктің ББК-ы (2-баған немесе 3-баған) толтырылмайды;";
      он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "01 - есеп беретін банктің резидент-банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банкке жіберген төлемі;
      02 - есеп беретін банктің резидент емес банкте/ резидент емес банкке ашылған корреспонденттік шоты бойынша шетелге жіберген төлемі;
      03 - есеп беретін банктің резидент емес банкте/ резидент емес банкке ашылған корреспонденттік шоты бойынша шетелден алған төлемі;
      09 - есеп беретін банктің резидент банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банктен алған төлемі;";
      мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "10 - есеп беретін банктің қазақстандық корреспондент банк арқылы шетелге жіберген төлемі;
      11 - есеп беретін банктің қазақстандық корреспондент банк арқылы шетелден алған төлемі;
      12 - есеп беретін банктің резидент емес банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банкке жіберген төлемі;
      13 - есеп беретін банктің резидент емес банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша резидент банктен алған төлемі;
      14 - есеп беретін банктің резидент банктегі өзінің корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
      15 - есеп беретін банктің резидент банктегі өзінің корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі;
      16 - есеп беретін банктің резидент емес банктегі өзінің корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы;
      17 - есеп беретін банктің резидент емес банктегі өзінің корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі.";
      отыз екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "11-баған - төлем сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгі. Шетел валютасымен операциялар теңгемен қайта есептеледі;";
      отыз төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "13-баған - қатысушы елдің - резидент еместің елі. ҚР МЖ 06 ИСО 3166. 1-2001 "Елдердің атауы мен олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар" деп аталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне сәйкес толтырылады. 1-бөлім. Елдер кодтары. "Резидент-Халықаралық қаржы ұйымы" үлгісіндегі төлемдерді көрсеткен кезде "Халықаралық қаржы ұйымдары" - ZZ коды қойылады. "Резидент-резидент" және "резидент емес-резидент емес" үлгісіндегі төлемдерді көрсеткен кезде елдер коды қойылмайды.";
      отыз бесінші абзац алынып тасталсын;
      3-тармақтағы:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ұлттық Банктің мәліметтері Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттар бойынша ұлттық валютамен жүргізілетін төлемдер мен аударымдарды көрсетуге арналған;";
      бесінші, он бірінші, он үшінші, он төртінші, жиырма бірінші абзацтар алынып тасталсын;
      жиырма үшінші абзацтағы "төлем валютасы мың бірлік", "бір белгі" деген тиісінше "теңгедегі", "екі белгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма бесінші абзацтағы екінші сөйлем алынып тасталсын;
      4-тармақта:
      оныншы және он бірінші абзацтар алынып тасталсын;
      он сегізінші абзацтағы "мың теңгедегі", "бір белгі" деген сөздер тиісінше "теңгедегі", "екі белгі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап отыз күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігімен
      _____________/_______________/
      2004 жылғы 27 ақпан

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрлігінің
      Стандарттау, метрология және
      сертификаттау жөніндегі комитетімен
      _____________/_______________/
      2004 жылғы 25 ақпан

      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу
      жөніндегі мемлекеттік орталықпен
      _____________/_______________/
      2004 жылғы 25 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады