Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2763. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 151 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы  N 151  (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
__________________________

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес және жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар адамдардың кәсіби медициналық, дәрігерлік немесе фармацевтикалық қызметке дайындығын айқындау мақсатында  бұйырамын :
      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 қаңтарда N 2120 тіркелген, "Официальная газета" газетінде 2003 жылғы 25 қаңтардағы N 4 (109) жарияланған "Медицина және фармацевтика қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 1071  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық шыққанға дейін берілген біліктілік санаттары берілгені туралы куәліктер маман сертификатына теңестірілген деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Айдархановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр 

"Денсаулық сақтау саласында    
біліктілік емтихандарын өткізу  
ережесін бекіту туралы"     
Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау министрінің    
2004 жылғы 25 ақпандағы     
N 190 бұйрығымен бекітілген   

  Денсаулық сақтау саласында біліктілік
емтихандарын өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес әзірленді және медициналық және фармацевтикалық білімді адамдарға санат беруге біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Біліктілік емтиханы жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар адамдардың кәсіптік медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында жүргізіледі.

      3. Санат бермейтін алғашқы біліктілік емтиханы интернатурада, ординатурада, аспирантурада оқуын аяқтағаннан кейін, ал орта буын медицина және фармацевтика қызметкерлеріне колледжде оқуын бітіргеннен кейін өткізіледі.
       Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      4. Біліктілік емтихандары әр бес жыл сайын өткізіледі. денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін тексеру нәтижелері бойынша бейіндік мемлекеттік органның ұсынысы негізінде маманды жедел біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуге болады.
      Тиісті маман сертификаты болмаса, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі өткен болса жеке тұлғаның медициналық қызметпен айналысуына тыйым салынады.
       Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  N 23 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрықтарымен .

      5. Кезекті біліктілік емтиханына медициналық немесе фармацевтикалық білім беру қызметіне лицензиясы бар медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда соңғы 5 жылда мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өткен адамдар жіберіледі.
      Бұл ретте өтініш берілген  мамандық бойынша біліктілікті арттыру сағаттарының саны жалпы көлемнің кемінде 85% құрауы тиіс. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша маманданудан өту бастапқы медициналық-санитарлық көмектің қызметкерлері үшін жалпы көлемнің 50% аспайтын сағат санымен саналуы мүмкін.
       Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      6. Біліктілік емтиханы өткізілгеннен кейін меншік нысанына қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін, емдік-диагностикалық, санитарлық-эпидемиологиялық және фармацевтикалық қызметпен, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметінде, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін және медициналық және фармацевтикалық білімді адамдарға, ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санатын бере отырып немесе біліктілік санатынсыз маман сертификаты беріледі.
       Ескерту: 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  N 23 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      7. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілік деңгейі үш біліктілік санаты бойынша айқындалады:
      1)  алынып тасталды ;
      2) екінші санат;
      3) бірінші санат;
      4) жоғары санат.
       Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      8. <*>
       Ескерту: 8-тармақ алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      9. Екінші біліктілік санаты мамандығы бойынша бес және одан да көп жұмыс өтілі бар жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
      1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
      2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 144 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
      3) тестілеу нәтижесі 60% және одан көп дұрыс жауап;
      4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.
       Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      10. Бірінші біліктілік санаты мамандығы бойынша бес жыл және одан көп жұмыс өтілі бар жоғары немесе орта буын медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
      1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
      2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 216 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
      3) тестілеу нәтижесі 70% және одан көп дұрыс жауап;
      4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.
       Ескерту: 10-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      11. Жоғары біліктілік санаты бірінші біліктілік санаты бар, мамандығы бойынша он жыл және одан көп жұмыс өтілі бар жоғары және орта буын медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
      1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
      2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 288 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
      3) тестілеу нәтижесі 80% және одан көп дұрыс жауап;
      4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір халықаралық және республикалық конференциялардың материалдарының жарияланымы болғанда беріледі.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  N 23 ,  2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      12. Біліктілік емтихандарын өткізу кезінде:
      1) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып табылатын "денсаулық сақтауды ұйымдастырушы" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалардың жұмыс өтіліне қолда бар жұмыс өтілі, сонымен бірге мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі  есептеледі. Медициналық қызметтің көрсету саласындағы бақылау мемлекеттік орган туралы ережеге сәйкес сарапшылық қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкерлер сарапшы медициналық қызмет бейіні бойынша біліктілік санатын алуға құқығы бар;
      2) осы ережемен бекітілген, ережелерге сәйкес, медицина, фармацевтика, биология ғылымдарының кандидаттары мен докторларына біріншісіз жоғары біліктілік санатын беруге болады;
      3) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында қызмет атқаратын "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалардың аталған ұйымдарда осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне қолда бар "дәрігер терапевт" немесе (және) "дәрігер педиатр" мамандықтары бойынша жұмыс өтілдері есептеледі;
      4) клиникалық дәрігерлік мамандықтар бойынша біліктілік санатын беруге осы Ереженің 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық ұйымдарда жұмыс істейтін тұлғалар, сондай-ақ өтініш берілген мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға үміткер бола алады;
      5) "медбике" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер, медбике болып жұмыс істейтін адамдардың жұмыс өтіліне фельдшер мамандығы бойынша өтілі, сондай-ақ көрсетілген мамандық бойынша бұрын берілген санаты саналады.
       Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  N 23 ,  2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      13. Денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін медициналық білімді мамандар осы Ереженің талаптарына сәйкес біліктілік емтиханын тапсырады.
       Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

  2. Мамандандырылған біліктілік комиссиялары

      14. <*>
       Ескерту: 14-тармақ алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      15. Мамандандырылған біліктілік комиссияларын (бұдан әрі - комиссиялар):
      біліктілік санатын алуға үміткер жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
      біліктілік санатын беруге үміткер санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган; 
      біліктілік санатын беруге үміткер жоғары және орта фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін дәрілік заттармен айналысатын саласындағы мемлекеттік орган біліктілік емтихандарын өткізу үшін құрады.
      Бейіні бойынша тиісті мемлекеттік органдардың біліктілік емтихандарын өткізуін үйлестіру және бақылау кезінде біліктілік комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мен өткізуге үкіметтік емес ұйымдар (бір бейіннің медицина қызметкерлерін біріктіретін кәсіптік қоғамдық ұйымдар (қауымдастықтар, одақтар) тартылуы мүмкін.
      Біліктілік емтихандары хатшылардың құжаттарды қабылдауы мен біліктілік емтиханының бірінші кезеңі (тестілеу) үміткердің тұрғылықты жерінде немесе жұмыс орнында жүргізіледі.
       Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      16. Медицина және фармацевтика қызметкерлері үшін біліктілік емтихандарын өткізу жөніндегі комиссияның құрамына:
      бейіні бойынша мемлекеттік органдардың;
      денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, медициналық және фармацевтикалық білім мен ғылымның, денсаулық сақтау ұйымдарының және денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.
       Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      17. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан кем болмауы керек. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.

      18. Дауыс берудің нәтижесі комиссия мүшелерінің басым даусымен айқындалады. Дауыстар тең болғанда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

  3. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін 
ұсынылатын құжаттар

      19. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін адамдар (мамандар), маман сертификаты мерзімінің аяқталуына 3 ай қалғанда, мамандандырылған комиссияға мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) ұйым басшысы бекіткен, маманның жұмысын сипаттайтын және азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесін көрсететін көрсеткіштер талдауымен соңғы үш жылдағы өндірістік жұмысы туралы есеп;
      3) бір бейіндегі медициналық қызметкерлерді біріктіретін кәсіби қоғамдық ұйымдардың (ассоциациялар, одақтар) мамандарымен немесе денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының мамандары жүргізген өндірістік жұмыстар туралы есепке рецензия;
      4) маман меңгерген практикалық дағдылар көрсетілген, басшы қол қойған және ұйымның мөрімен бекітілген жұмыс орнының мінездемесі;
      5) жоғары және орта кәсіптік білімі туралы құжаттардың нотариуспен куәландырылған көшірмелері;
      6) мамандандыру, біліктілік арттырудан өткендігі туралы құжаттар, сондай-ақ ұйымның кадрлық жұмыс басшысымен расталған біліктілік санатын беру туралы бұдан алдыңғы берілген құжаттардың көшірмелері;
      7) ұйымның кадр қызметінің басшысы растаған, мамандығы бойынша жұмыс стажын растайтын құжаттардың көшірмесі;
      8) клиникалық ординатураны, аспирантураны, докторантураны бітіргені туралы, ғылыми дәрежесі, атағы туралы құжаттардың (болса)  нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      9) жарияланған мақалалар, сондай-ақ титульді қағаз, жарияланым орналастырылған баспасөз басылымы мазмұнының оттискілері;
      10) Осы ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделген біліктілік қағазы (үміткер комиссия отырысына дейін біліктілік қағазымен танысып, қол қою керек).
       Ескерту: 19-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  N 23 ,  2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      20. Біліктілік санаты берілмей, медициналық қызметпен айналысу құқығындағы маман сертификатын алуға үміткер, адамдар комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) маман меңгерген практикалық дағдылар көрсетілген жұмыс орнынан мінездеме (жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымында, интернатурада, ординатурада және аспирантурада оқуды, жұмыстан орнынан біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау орнынан аяқтаған адамдар үшін);
      3)  алынып тасталды ;
      4) білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      5) біліктілікті арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі (бар болса) (жоғары медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымында, интернатурада, ординатурада және аспирантурада (бар болса) оқуды аяқтаған адамдардан басқа);
      6)  алынып тасталды ;
      7)  алынып тасталды ;
      8) ординатураны, аспирантураны, докторантураны бітіргені туралы, ғылыми дәрежесі, атағы (болса) туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері.
       Ескерту: 20-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  N 23 ,  2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрықтарымен .

      21. Құжаттардың қажетті тізбесін толық бермеген жағдайда адам біліктілік емтиханына жіберілмейді.
      Маман сертификатын алуға үміткердің жалған мәліметтер мен ақпараттар ұсыну фактілері анықталған жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
       Ескерту: 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

  4. Біліктілік емтиханын өткізу

      22. Біліктілік емтиханы мыналарды қамтиды:
      1) тестілеу;
      2) әңгімелесу.

      23. Мамандық бойынша тест бағдарламасы 50 сұрақтан тұрады. Тестілеу уақыты - 60 минут. Тест нәтижелері бір жыл бойы жарамды.
      Біліктілік санатын алуға үміткер емес адамдар кейіннен медициналық қызметпен айналысу құқығындағы маман сертификатын ала отырып, тестілеу түрінде біліктілік емтихандарын тапсырады.
      Бастапқы деңгейден өту санатты бермей-ақ, сертификат алу құқығын береді. Бұл ретте тестілеуден өту үшін бастапқы деңгей 40% дұрыс жауап беру болып табылады.
       Ескерту: 23-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  N 23 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      24. Тест тапсырмаған адамдар әңгімелесуге жіберілмейді, біліктілік емтиханын тапсырмаған болып есептеледі.

      25. Әңгімелесу процесінде маманның кәсіби деңгейі, оның кәсіби міндеттерді (диагностикалық, тактикалық, ұйымдастырушылық) шешудегі, қолда бар ақпаратты талдаудағы және ол жөнінде тиісті шешім қабылдаудағы іскерлігі бағаланады, сондай-ақ жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме беру негізінде маманның практикалық дағдысының деңгейі айқындалады.

      26. Біліктілік емтиханының нәтижесі осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес хаттамамен ресімделеді.

      27. Егер тұлғаға өтініш білдірілген біліктілік санаты берілмесе, онда оның келісімі болса комиссия тестілеу мен әңгімелесу нәтижелері бойынша біліктілік санатын бере отырып немесе біліктілік санатынсыз маман сертификатын беруге құқылы.
       Ескерту: 27-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      28. Біліктілік комиссиясы біліктілік емтихандарын өткізу мен ұйымдастыру кезінде сапалылықты, объективтілікті және пара алмаушылықты қамтамасыз етеді.
       Ескерту: 28-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      29. Комиссия хаттамасының негізінде мемлекеттік орган біліктілік санаты берілген немесе біліктілік санатынсыз сертификатты беру немесе оны  беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
       Ескерту: 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      30. Біліктілік санаты берілген немесе біліктілік санатынсыз маман сертификатын беру туралы тиісті мемлекеттік орган комиссия отырысы күнінен бір ай ішінде беру туралы шешім шығарғаннан кейін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес маман сертификаты беріледі.
       Ескерту: 30-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы  N 23 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен.

      31. Кемінде 144 сағаттың ішінде көрсетілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру немесе мамандандыру курстарын өткеннен және біліктілік комиссиясына құжаттарды қайта ұсынғаннан кейін адамдарға 6 айдан кешіктірмей бір рет біліктілік емтихандарын қайта тапсыра алады.
       Ескерту: 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      31-1. Біліктілік емтихандарын қайта тапсырмаған адамдардың медициналық немесе фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
      Үміткер 288 сағаттың ішінде қайта даярлықтан өткеннен кейін, маман сертификатын алуға өтініш беруге құқығы бар.
       Ескерту: 31-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

  4. Маман сертификаты

      32. Маман сертификаты - нақты мамандық бойынша кәсіптік практикалық медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға адамның дайындығын растайтын белгіленген үлгідегі құжат.
       Ескерту: 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      33. Медициналық және фармацевтикалық қызметті кәсіптік білімі туралы тиісті дипломы және сертификаты бар адамдар жүзеге асыра алады.
      Шетелде білім алған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Ереженің талаптарына сәйкес жалпы негізде біліктілік емтиханын тапсырады.
       Ескерту: 33-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      34. Өзінің мамандығы бойынша үш жылдан артық жұмыс жасамаған медицина және фармацевтика қызметкерлері біліктілігін тиісті арттырғаннан немесе (және) маманданғаннан және маман туралы сертификат алғаннан кейін кәсіби қызметін жүзеге асыра алады.
       Ескерту: 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      35. Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасының тізбесіне сәйкес беріледі.

      36. Адам (маман) негізгі және қоса атқаратын лауазымы ретінде маман туралы сертификат ала алады.
       Ескерту: 36-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      37. Біліктілік комиссиясының ұсынымы негізінде берілетін сертификат бес жылдың ішінде республика аумағында қолданылады, кәсіби қызметін одан әрі жүзеге асыру үшін маман қайтадан біліктілік емтиханын тапсырады.

      38. Сертификаттың қолданылуы маманның клиникалық ординатурада, аспирантурада, докторантурада, біліктілік арттыруда және қайта даярлауда оқуы, жүктілігі және босануы, баласын күтуі, сырқаты бойынша демалыста болған кезінде ұзартылады.

      39. Сертификаты жоғалған жағдайда тиісті мемлекеттік орган маманға телнұсқа береді.
       Ескерту: 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      40. Берілетін сертификаттарды тіркеу кезінде берілген сертификаттарды осы ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу кітабы жүргізіледі, оған бау өткізілуі, нөмірленуі тиіс.
       Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

      41. <*>
       Ескерту: 41-тармақ алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

      42. Біліктілік емтиханын өткізу кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

                               Денсаулық сақтау саласында
                                біліктілік емтихандарын 
                               өткізу ережесіне 1-қосымша 

      ___________________________________ мамандығы бойынша
        біліктілік емтиханының 2003 жылғы "___" ___________

                        N ______ХАТТАМАСЫ

1. Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты ___________
2. Мамандығы ________________________________________
3. Біліктілік емтиханы __________________ (тапсырды, тапсырмады)
4. Тестілеу ___________________(тапсырды, тапсырмады)
5. Әңгімелесу ___________________(тапсырды, тапсырмады)
6. ___________________________________ мамандығы бойынша
(номенклатура бойынша мамандығы) ____ санатын беру ұсынылсын.
7. ___________________________________ мамандығы бойынша
(номенклатура бойынша мамандығы) __________ (санатты)  беруден бас
тартылсын
8. Шешім қабылдау бойынша мамандандырылған біліктілік комиссиясы
мүшелерінің дауысқа салу нәтижесі: "Қолдаған"_______ адам,
"қарсы"_________адам.
9. Мамандандырылған біліктілік комиссиясының ескертулері,
ұсыныстары ________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Қойылған қолдар:
      Комиссия төрағасы ____________________________
      Комиссия хатшысы ____________________________
      Комиссия мүшелері ___________________________

                                       Денсаулық сақтау саласында
                                         біліктілік емтихандарын  
                                             өткізу ережесіне      
                                                 2-қосымша

       Ескерту: 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 14 тамыздағы  N 346   бұйрығымен .

                   Маман сертификаты

      
      Осы сертификат___________________________________
                        (тегі, аты-жөні)
________________________біліктілік санаты беріле отырып:
біліктілік санатынсыз берілді.
(керегінің астын сызу керек)

      Маман сертификатын беру туралы шешім шығарған тиісті орган
башысының 200__жылғы "__" N___бұйрығы

      Тіркеу N___

      Берілген күні 20__жылғы "__"_______

      Сертификат 20__ жылғы "__"_______дейін жарамды

      Маман сертификатын беру туралы шешім шығарған тиісті орган
башысының қолы _____
 
М.О.

                                     Денсаулық сақтау саласында
                                      біліктілік емтихандарын  
                                          өткізу ережесіне    
                                              3-қосымша        

                      Анықтама

Азамат (ша)______________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты)
_______________________________________________ мамандығы бойынша
________________________________________________________ жанында
                     (ұйымның атауы)
200__ жылы "___" ______________ біліктілік емтиханын тапсырды.
Біліктілік емтиханынан өтпеді.
Біліктілік комиссиясы мүшелерінің ұсыныстары
_________________________________________________________________
М.О.
Комиссия төрағасы ______________ (қолы)
Комиссия хатшысы ______________ (қолы)
200___ жылғы "___" _________________
Тіркеу N ________

                                            Санаттар беруге
                                       денсаулық сақтау саласында
                                        біліктілік емтихандарын
                                             өткізу ережесіне
                                                  4-қосымша

       Ескерту: 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

                                      Мамандандырылған біліктілік
                                      комиссиясының төрағасына

                                       __________________________ 
                                         (мемлекеттік орган)
                                       __________________________
                                       (аты, тегі, әкесінің аты)
                                       __________________________
                                       (аты, тегі, әкесінің аты)
                                       __________________________
                                      (мемлекеттік органның атауы)

      ______________________________________________________
                (мемлекеттік органның атауы)

Өтініш

            ______________ санатын алуға ________________мамандығы
бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуіңізді сұраймын.
Мамандығым_________________ Медициналық өтілі______________________
Берілген ұйымдағы__________________қызметінің жұмыс
өтілі______________________________________________________________
___________________________________________________________________
 
 
                                             ______________________
                                                (толтырылған күні)
                                             ______________________
                                                (үміткердің қолы)

                                             Санаттар беруге
                                       денсаулық сақтау саласында
                                        біліктілік емтихандарын
                                             өткізу ережесіне
                                                  5-қосымша

       Ескерту: 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .  

_____________________________________________________________
                   (мемлекеттік органның атауы) _____________________________________________________________
                 (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

                          БІЛІКТІЛІК ҚАҒАЗЫ

       _________________________________________________
     (аты, тегі, әкесінің аты, санаты көрсетілген қызметі)
Туылған жылы_________________    Жынысы____________________________
Мамандығы___________________     Медициналық өтілі_________________
Берілген ұйымдағы__________________қызметінің жұмыс
өтілі______________________________________________________________
___________________________________________________________________
Білімі туралы мағлұматтар (оқу орталығы, бітірген жылы, диплом
нөмірі, берілген күні, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша
білімі туралы мағлұмат)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Наградалары, құрметті атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қызметкер қай санатқа өтініш ұсынды
___________________________________________________________________
 (жазбаша)
Жарияланымдарының саны (болса)
___________________________________________________________________
Берілген есептер бойынша рецензенттің пікірі
___________________________________________________________________
Мамандырылған біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________
___________________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты)

Мамандырылған біліктілік комиссиясының хатшысы____________________
__________________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты)
Есеп туралы пікірлер және қорытындылармен таныстым
"___"»_________________________________________
                 (үміткер қолы)
__________________________________________________________________
Мамандырылған біліктілік комиссиясының шешімі
__________________________________________________________________
Мамандырылған біліктілік комиссиясының төрағасы __________________
__________________________________________________________________
                (аты, тегі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
Тең төраға
__________________________________________________________________
Төраға орынбасары
__________________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
хатшы_____________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
Комиссия мүшелері_________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)

                                             Санаттар беруге
                                       денсаулық сақтау саласында
                                        біліктілік емтихандарын
                                             өткізу ережесіне
                                                  6-қосымша

       Ескерту: 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 23   бұйрығымен .

              Біліктілік санаттарын беру туралы
          берілген сертификаттардың есеп кітабы
       ________________________________________________
                (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

N

Аты
тегі
Әкесінің
аты

Қызметінің
және
біліктілік
санатта-
рының
атауы

Мамандан-
дырылған
білікті-
лік
комиссия-
сы шеші-
мінің
күні

Білікті-
лік
санатын
беру туралы
бұйрықтың
нөмірі
және күні

Сертифи-
каттың
берілген
күні

Сертифи-
кат
алғандағы
туралы
қолы

  

  

  

  

  

  

  

       

            

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады