"Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы N 23 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 27 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4055. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы N 151 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы  N 151  (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) бұйрығымен.
________________________________________

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы  Заңына  сәйкес және біліктілік санаттарын беруге денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу шараларын жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1.«"Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 190  бұйрығына  (Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 23 наурызда N 2763 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 30 наурыздағы N 157  бұйрығымен  өзгеріс пен толықтыру енгізілген, Қазақстан Республикасындағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 6 сәуірде N 3550 болып тіркелген, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 165-166 сандарында жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу ережесінде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Денсаулық сақтау субъектісінің қызметін мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы негізінде маманды жедел біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуге болады.";

      6-тармақта "фармацевтикалық қызмет," деген сөздерден кейін "сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметінде, мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін және" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Үшінші біліктілік санаты тестілеу нәтижесінде 50 % және одан көп дұрыс жауаптары болған мынадай:
      1) интернатурадан өткендігі қарастырылмайтын мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік білім алғандарға;
      2) интернатурада, ординатурада, аспирантурада оқуларын бітірген;
      3) мамандығы бойынша 5 жыл өтіліммен біліктілік санаты жоқ тұлғаларға беріледі";

      9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Екінші біліктілік санаты мамандығы бойынша бес және одан да көп жұмыс өтілі бар жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
      1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
      2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 144 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
      3) тестілеу нәтижесі 60% және одан көп дұрыс жауап;
      4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.

      10. Бірінші біліктілік санаты мамандығы бойынша бес жыл және одан көп жұмыс өтілі бар жоғары немесе орта буын медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
      1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
      2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 216 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
      3) тестілеу нәтижесі 70% және одан көп дұрыс жауап;
      4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.

      11. Жоғары біліктілік санаты бірінші біліктілік санаты бар, мамандығы бойынша он жыл және одан көп жұмыс өтілі бар жоғары және орта буын медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарға:
      1) мамандардың біліктілік сипатында көрсетілген қажетті білімдері мен мамандығы бойынша практикалық дағдылары;
      2) бекітілген үлгідегі құжатты алуын растайтын 288 сағаттан кем емес бейін бойынша соңғы 5 жылдың жалпы көлемінде біліктілік арттыру;
      3) тестілеу нәтижесі 80% және одан көп дұрыс жауап;
      4) жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандар үшін - соңғы 5 жылда бұқаралық ақпарат құралдарында мамандығы бойынша кем дегенде бір жарияланымы болғанда беріледі.

      12. Біліктілік санаттарын беруде:
      1) әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып табылатын "денсаулық сақтауды ұйымдастырушы" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалардың жұмыс өтіліне қолда бар жұмыс өтілі, сонымен бірге мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі  есептеледі. Медициналық қызметтің сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік орган туралы ережеге сәйкес сарапшылық қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкерлер сарапшы медициналық қызмет бейіні бойынша біліктілік санатын алуға құқығы бар;
      2) осы ережемен бекітілген, ережелерге сәйкес, медицина, фармацевтика, биология ғылымдарының кандидаттары мен докторларына біріншісіз жоғары біліктілік санатын беруге болады;
      3) бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында қызмет атқаратын "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалардың аталған ұйымдарда осы мамандық бойынша жұмыс өтіліне қолда бар "дәрігер терапевт" немесе (және) "дәрігер педиатр" мамандықтары бойынша жұмыс өтілдері есептеледі;
      4) аспирантурада, ординатурада оқуын бітірген тұлғалар тәжірибелік өтілсіз екінші біліктілік санатын алуға үміттенуге құқығы бар.";

      14-тармақ алынып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Біліктілік емтихандарын өткізу үшін мамандандырылған біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады және төмендегіше қызмет етеді:
      медициналық қызметтің сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті органда - жоғары және бірінші біліктілік санатына үміткер жоғары және орта медициналық білімді мамандар үшін;
      халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы уәкілетті органда - жоғары және бірінші біліктілік санатына үміткер санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары және орта медициналық білімді мамандар үшін;
      дәрілік заттарды пайдалану саласындағы мемлекеттік органда - жоғары және бірінші біліктілік санатына үміткер жоғары және орта фармацевтикалық білімді мамандар үшін;
      мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару жергілікті органдарында - екінші және үшінші біліктілік санатына үміткер жоғары және орта фармацевтикалық білімді мамандар үшін.";

      19-тармақта:
      бірінші абзацта "(мамандар)," деген сөзден кейін "маман сертификаты мерзімінің аяқталуына 3 ай қалғанда," сөздерімен толықтырылсын;
      1) тармақша: "осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;";
      3) тармақша "денсаулық сақтау басқармалары" деген сөздерден кейін "бір бейіндегі медициналық қызметкерлерді біріктіретін кәсіби қоғамдық ұйымдардың (ассоциациялар, одақтар) мамандарымен немесе" деген сөздермен толықтырылсын;";
      5), 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жоғары және орта кәсіптік білімі туралы құжаттардың нотариуспен куәландырылған көшірмелері;
      6) мамандандыру, біліктілік арттырудан өткендігі туралы құжаттар, сондай-ақ ұйымның кадрлық жұмыс басшысымен расталған біліктілік санатын беру туралы бұдан алдыңғы берілген құжаттардың көшірмелері;
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) жарияланған мақалалар, сондай-ақ титульді қағаз, жарияланым орналастырылған баспасөз басылымы мазмұнының оттискілері";
      10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) Осы ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рәсімделген біліктілік қағазы (үміткер комиссия отырысына дейін біліктілік қағазымен танысып, қол қою керек)."

      20-тармақтың 1) тармақшасы "осы ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;" деген сөздермен толықтырылсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Мамандық бойынша тест бағдарламасы 50 сұрақтан тұрады. Тестілеу уақыты - 60 минут. Тест нәтижелері бір жыл бойы жарамды.";

      27-тармақта "төменде баяндалған" деген сөздер "тестілеу нәтижелері бойынша." деген сөздермен ауыстырылсын.

      30-тармақта "санаттар," деген сөзден кейін "комиссия отырысы күнінен бір ай ішінде," деген сөздермен толықтырылсын;

      31-тармақта "3" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;

      40-тармақта "берілген сертификаттар," деген сөздерден кейін "осы ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      41. Біліктілік емтиханын тапсырмаған тұлғаларға осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес анықтама беріледі және біліктілік деңгейіне сәйкес негізгі қызметтік жалақысына қосымша төлем сертификат қызметінің мерзімі біткенде тоқтатылады.";

      осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес 4, 5, 6-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (У.И.Ахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

                                        Қазақстан Республикасы
                                     Денсаулық сақтау министрінің                                         2006 жылғы 25 қаңтардағы
                                             N 23 бұйрығына
                                                1-қосымша

                                             Санаттар беруге
                                       денсаулық сақтау саласында
                                        біліктілік емтихандарын
                                             өткізу ережесіне
                                                  4-қосымша

                                      Мамандандырылған біліктілік
                                      комиссиясының төрағасына

                                       __________________________ 
                                         (мемлекеттік орган)
                                       __________________________
                                       (аты, тегі, әкесінің аты)
                                       __________________________
                                       (аты, тегі, әкесінің аты)
                                       __________________________
                                      (мемлекеттік органның атауы)

      ______________________________________________________
                (мемлекеттік органның атауы)

                           Өтініш

            ______________ санатын алуға ________________мамандығы
бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға жіберуіңізді сұраймын.
Мамандығым_________________ Медициналық өтілі______________________
Берілген ұйымдағы__________________қызметінің жұмыс
өтілі______________________________________________________________
___________________________________________________________________
 
 
                                             ______________________
                                                (толтырылған күні)
                                             ______________________
                                                (үміткердің қолы)

                                        Қазақстан Республикасы
                                     Денсаулық сақтау министрінің
                                         міндетін атқарушының 
                                       2006 жылғы 25 қаңтардағы
                                             N 23 бұйрығына
                                                2-қосымша

                                             Санаттар беруге
                                       денсаулық сақтау саласында
                                        біліктілік емтихандарын
                                             өткізу ережесіне
                                                  5-қосымша _____________________________________________________________
                   (мемлекеттік органның атауы) _____________________________________________________________
                 (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

                          БІЛІКТІЛІК ҚАҒАЗЫ

       _________________________________________________
     (аты, тегі, әкесінің аты, санаты көрсетілген қызметі)
Туылған жылы_________________    Жынысы____________________________
Мамандығы___________________     Медициналық өтілі_________________
Берілген ұйымдағы__________________қызметінің жұмыс
өтілі______________________________________________________________
___________________________________________________________________
Білімі туралы мағлұматтар (оқу орталығы, бітірген жылы, диплом
нөмірі, берілген күні, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша
білімі туралы мағлұмат)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Наградалары, құрметті атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қызметкер қай санатқа өтініш ұсынды
___________________________________________________________________
 (жазбаша)
Жарияланымдарының саны (болса)
___________________________________________________________________
Берілген есептер бойынша рецензенттің пікірі
___________________________________________________________________
Мамандырылған біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________
___________________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты)

Мамандырылған біліктілік комиссиясының хатшысы____________________
__________________________________________________________________
(аты, тегі, әкесінің аты)
Есеп туралы пікірлер және қорытындылармен таныстым
"___"»_________________________________________
                 (үміткер қолы)
__________________________________________________________________
Мамандырылған біліктілік комиссиясының шешімі
__________________________________________________________________
Мамандырылған біліктілік комиссиясының төрағасы __________________
__________________________________________________________________
                (аты, тегі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
Тең төраға
__________________________________________________________________
Төраға орынбасары
__________________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
хатшы_____________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
Комиссия мүшелері_________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
                       (аты, тегі, әкесінің аты)

                                         Қазақстан Республикасы
                                     Денсаулық сақтау министрінің
                                         міндетін атқарушының 
                                       2006 жылғы 25 қаңтардағы
                                             N 23 бұйрығына
                                                3-қосымша

                                             Санаттар беруге
                                       денсаулық сақтау саласында
                                        біліктілік емтихандарын
                                             өткізу ережесіне
                                                  6-қосымша

              Біліктілік санаттарын беру туралы
          берілген сертификаттардың есеп кітабы
       ________________________________________________
                (денсаулық сақтау ұйымының атауы)

N

Аты
тегі
Әкесінің
аты

Қызметінің
және
біліктілік
санатта-
рының
атауы

Мамандан-
дырылған
білікті-
лік
комиссия-
сы шеші-
мінің
күні

Білікті-
лік
санатын
беру туралы
бұйрықтың
нөмірі
және күні

Сертифи-
каттың
берілген
күні

Сертифи-
кат
алғандағы
туралы
қолы

  

  

  

  

  

  

  

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады