"Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 2463 болып тіркелген N 236-І бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 14-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 24 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2766. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.02.26 № 93 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N 1756 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:

      1. "Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 2463 болып тіркелген N 236-І бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың атауы "ережесін" деген сөзден кейін "және Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі;
      2) Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі бекітілсін.";
      осы бұйрыққа қосымша ретінде Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесімен толықтырылсын.

      2. Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Көлік  
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 19 қаңтардағы    
N 14-I бұйрығымен бекітілген  
"Жүк және рефрижераторлық    
вагондардың қызмет ету мерзімін 
ұзарту ережесін бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Көлік   
және коммуникациялар министрінің
2003 жылғы 28 шілдедегі     
N 2463 болып тіркелген     
N 236-І бұйрығына толықтырулар 
мен өзгеріс енгізу туралы"  

Қазақстан Республикасы Көлік  
және коммуникациялар министрінің
2003 жылғы 28 шілдедегі      
N 236-I бұйрығымен бекітілген  

Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет
ету мерзімін ұзарту ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі (бұдан әрі - Ереже) тартымдық жылжымалы құрамның (бұдан әрі - ТЖҚ) жасаушы тағайындаған қызмет ету мерзімін ұзарту және техникалық жай-күйіне, жөндеуіне және қабылдау-тапсыру сынақтарының орындалуына зерттеу жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Ереже ТЖҚ-ны заңды негіздерде иеленуші жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - иеленуші) қолданылады.

      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
      1) күрделі жөндеу - негізгілерін қоса, бұйымдардың кез келген бөлшектерін алмастыру немесе қалпына келтіру арқылы ресурстарының жарамдылығын толық немесе толық қалпына келтіруге жақын (қалпына келтіру) үшін орындалатын жөндеу; негізгі бөлігі ретінде бұйымдарды бұйымның, оны құрастыруға және басқа бөліктерін орнатуға арналған негізгі бөлігін түсінеді;
      2) тиімді пайдалану мерзімін ұзарту жөніндегі күрделі жөндеу (бұдан әрі - ҰКЖ-1) - ол аяқталған соң ТЖҚ-ның жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі белгіленетін күрделі жөндеу;
      3) тиімді пайдалану мерзімін ұзарту және жаңғырту жөніндегі күрделі жөндеу (бұдан әрі - ҰКЖ-2) - ол аяқталған соң ТЖҚ-ның жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі белгіленетін күрделі жөндеу және ол ҰКЖ-1 болып орындалады, бірақ бұл ретте ТЖҚ-ның негізгі тораптары мен агрегаттарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіледі;
      4) консервация - мақсаты бойынша пайдаланылмаған бұйымды, берілген мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз ету арқылы оны орналастыру үшін бөлінген жерде берілген жай-күйде ұстау;
      5) мотор-вагондық поездар (электрпоездар, дизельпоездар), сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауға арналған автомотористер құрастырылатын моторлық және тіркемелік вагондар;
      6) тағайындалған қызмет ету мерзімі - оған қол жеткізген кезде объектіні пайдалану оның техникалық жай-күйіне тәуелсіз тоқтатылуы тиіс пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы;
      7) қалдық ресурс - объектінің техникалық жай-күйін бақылау сәтінен шекті жай-күйге өтуге дейінгі оның жиынтық жұмыс істеуі;
      8) жөндеу - бұйымдардың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және бұйымдардың ресурстарын немесе олардың құрамды бөліктерін қалпына келтіру жөніндегі кешенді операциялар;
      9) техникалық қызмет көрсету жүйесі - осы жүйеге кіретін бұйымдардың сапасын қалпына келтіру және қолдау үшін қажетті өзара байланысқан құралдардың, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу құжаттамасының және орындаушылардың жиынтығы;
      10) пайдаланудан алу - бұйымды мақсаты бойынша бұдан әрі пайдаланудың және жөндеудің мүмкін еместігін немесе мақсатқа сай еместігін бекітетін және белгіленген тәртіппен құжаттық ресімделген оқиға;
      11) қызмет ету мерзімі - объектіні пайдалана бастаудан немесе оны жөндеуден кейін қайта пайдалана бастаудан шекті жай-күйге өткенге дейінгі пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы;
      12) пайдалану - бұйымның сапасы іске асырылатын, қолдау табатын және қалпына келтірілетін оның өмірлік циклының сатысы;
      13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көліктік кешенінің қызметін үйлестіруді, реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

2. ТАЖҚ қызметінің мерзімін ұзарту
жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібі

      4. ТАЖҚ қызметінің тағайындалған мерзімі ТЖҚ-ны жасаушының нормативтік құжаттарымен немесе тиісті стандарттармен белгіленеді.

      5. Тағайындалған қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мақсаттылығы туралы шешімді ТЖҚ иесі қабылдайды, ол ТЖҚ-ны жасаушыға немесе жобасын әзірлеушіге өтініш жасайды және олармен:
      1) негізгі бөліктерінің тозу дәрежесін, тораптарындағы және агрегаттарындағы бар зақымданулар мен ақаулықтарды анықтау мақсатында қызмет ету мерзімі өтіп кеткен ТЖҚ-ның техникалық жай-күйін зерттеу;
      2) тағайындалған қызмет ету мерзімі өтіп кеткен соң, механикалық сынақтарды өткізуге арналған ресурстық сынақтарға арналған арнайы стендтерде үлгілерді кесіп, қалдық деформацияны анықтап және сынақтардың басқа да бұзатын және бұзбайтын әдістерімен ТЖҚ-ның негізгі бөліктерінің қалдық ресурсының болуын анықтау есептеулері мен ресурстық сынақтар жүргізуге шарт жасасады.

      6. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 1995 жылғы 12 қазандағы N 8-95 хаттамасымен қабылданған 2.602-95 МемСТ талаптарына сәйкес өткізілген ресурстық сынақтар мен есептеулердің нәтижелері бойынша ТЖҚ-ны жасаушы немесе жобасын әзірлеуші мынадай нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлейді:
      1) ТЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзартуға арналған техникалық шарттарды;
      2) негізгі бөліктерді бұзбай оларды зерттеу әдістемесін;
      3) жүргізілген диагностиканың нәтижелері бойынша қызмет ету мерзімін ұзартуға болатын ТЖҚ-ның агрегаттары, тораптары мен бөліктерінің тізбесін;
      4) алмастыруды талап ететін және қызмет ету мерзімін ұзартқан кезде пайдалануға жатпайтын ТЖҚ-тың агрегаттары, тораптары мен бөліктерінің тізбесін;
      5) жаңғырту жүргізілуі (нығайту, қажу кернеуін алу және т.с.с.) қажет ТЖҚ-ның агрегаттары, тораптары мен бөліктерінің тізбесін;
      6) қабылдау-тапсыру сынақтарын өткізудің тәртібін.

      7. ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2 өткізу мүмкіндігі туралы жүргізілген техникалық қорытындының объективтілігі, сенімділігі, негізделгендігі мен толықтығы және осы Ереженің 6-тармағының талаптарына сәйкес нормативтік-техникалық құжаттаманы дайындау үшін жауапкершілік шартта белгіленеді.

3. ТАЖҚ-ның жаңа тағайындалған
қызмет ету мерзімін белгілеу тәртібі

      8. Әзірленген нормативтік-техникалық құжаттаманың негізінде, ТЖҚ-ға күрделі жөндеу жүргізу үшін ТЖҚ иесі және жөндеу ұйымы шарт жасасады.

      9. Күрделі жөндеу жүргізуге шарт жасасқан кезде ТЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту жөнінде мынадай құрамда комиссия құрылады:
      комиссияның төрағасы - ТЖҚ иесінің уәкілетті өкілі;
      комиссия мүшелері: қабылдауды жүзеге асыратын ТЖҚ иесінің өкілі; жөндеу ұйымының өкілі; жөндеу ұйымының техникалық бақылау мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы; магистралдық темір жол желісі операторының өкілі (егер ТЖҚ-ны пайдалану мен тасымалдау магистралдық темір жол желісі бойынша жүзеге асырылса).
      Комиссия құрамына басқа да тұлғалар енгізілуі мүмкін.

      10. Жөндеу ұйымы ТЖҚ-ның қабылдау-тапсыру сынақтарын орындау нәтижелері бойынша:
      1) комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қойған Қабылдау актісін (1-қосымша);
      2) комиссияның төрағасы мен мүшелері қол қойған ТЖҚ-ның жаңа қызмет ету мерзімін тағайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы актіні (2-қосымша) екі данада жасайды.

      11. Жөндеу ұйымы Қабылдау актісі мен ТЖҚ-ның жаңа қызмет ету мерзімін тағайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы актінің бір-бір данасын ТЖҚ иесіне береді, екінші даналарын өзіне қалдырады.

      12. ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2 көлемінде жұмыстар жүргізілгенге және жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі белгіленгенге дейін қызмет ету мерзімі өткен ТАЖҚ-ны пайдалануға рұқсат етілмейді.

      13. ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2 циклы бойынша жұмыстар аяқталған соң жөндеу ұйымы:
      1) жылжымалы құрамның осы үлгісінің сериясына "Р" әрпі түріндегі әріптік белгіні береді, ол да жылжымалы құрамға жазылуы тиіс;
      2) ТЖҚ паспортының (формулярының) нысанына мынадай деректер енгізіледі: ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2 циклы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымның толық атауы; соның негізінде қызмет ету мерзімін ұзарту жүргізілген нормативтік-техникалық құжаттаманың тізбесі; агрегаттарды, тораптар мен тетіктерді жандандырудың тізбесі (егер ол орындалған болса); жаңа тағайындалған қызмет ету мерзімі; ТАЖҚ-ны оның иесінің қабылдағаны жөніндегі белгілер.

      14. ТЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды оның иесі негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсалымдарын жүзеге асыру үшін көзделген қаражаттар есебінен орындайды.

      15. ТЖҚ-ның жаңа қызмет ету мерзімін тағайындаған кезде аталған жылжымалы құрамның бастапқы құны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалпына келтіріледі.

Қазақстан Республикасы Көлік  
және коммуникациялар министрінің
2003 жылғы 28 шілдедегі      
N 236-I бұйрығымен бекітілген, 
Тартымдық жылжымалы құрамның  
қызмет ету мерзімін ұзарту   
ережесіне 1-қосымша        

Тартымдық жылжымалы құрамды күрделі
жөндеуден кейін қабылдаудың
N___ АКТІСІ

200__ жылғы "__"___________                      ______________ қ.

      Осы акті ___________________________________________________
                       (иеленуші ұйымның толық атауы)
тиесілі___________________________________________________________
                      (ТЖҚ-ның түрі, сериясы, нөмірі)
____________________________________________ циклы бойынша күрделі
         (ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2)
жөндеуден кейін қабылдау жүргізілгені туралы жасалды.
      Объект зауыт жолдарында, стендтерде сынақтан өтті, магистралдық жолдарда жүргізіп байқау жүргізілді (жүргізілмеді).

      Қорытынды:__________________________________________________
                                (ТЖҚ атауы)
күрделі жөндеуден кейін қабылданды және пайдалануға ______________
                                              (жарамды (жарамсыз))
деп танылды және _________________________________________________
(пайдалану үшін, жүргізіп байқауға) тіркелу депосына жіберілді.

      Комиссия төрағасы: _____________________________
                            (Тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссия мүшелері: _____________________________
                             (Тегі, аты-жөні, қолы)
                         _____________________________
                             (Тегі, аты-жөні, қолы)
                         _____________________________
                             (Тегі, аты-жөні, қолы)

Қазақстан Республикасы Көлік  
және коммуникациялар министрінің
2003 жылғы 28 шілдедегі      
N 236-I бұйрығымен бекітілген, 
Тартымдық жылжымалы құрамның  
қызмет ету мерзімін ұзарту   
ережесіне 2-қосымша        

Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет
етуінің жаңа мерзімін тағайындау
жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы
N___ АКТІ

200__ жылғы "__"___________                      ______________ қ.

______________________________________________ жөндеу кәсіпорнында
          (жөндеу ұйымының атауы)
__________________________________________________________ тиесілі
       (иеленуші ұйымның толық атауы)
_______________________________________________________ тартымдық,
      (ТЖҚ-ның түрі, сериясы, нөмірі)
мотор-вагондық, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамда мынадай жұмыстар орындалды:
__________________________________________________________________
Р/с |       Орындалған жұмыстардың тізбесі         |  Ескерту
  N  |                                              |
------------------------------------------------------------------
  1                         2                               3
------------------------------------------------------------------
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      Орындалған жұмыстардың негізінде ____________________ жылға
                                           (саны жазбаша)

_______________________________________________ жаңа тағайындалған
        (ТЖҚ-ның түрі, сериясы, нөмірі)

қызмет ету мерзімі белгіленеді.

      Комиссия төрағасы: _____________________________
                            (Тегі, аты-жөні, қолы)

      Комиссия мүшелері: _____________________________
                             (Тегі, аты-жөні, қолы)
                         _____________________________
                             (Тегі, аты-жөні, қолы)
                         _____________________________
                             (Тегі, аты-жөні, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады