Жылжымалы құрам қызметінің мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 наурызда № 6845 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.06.2019 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жылжымалы құрам қызметінің мерзімін ұзарту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.06.2019 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын.

      3. Көлік және коммуникациялар министрінің және министрдің міндетін атқарушының мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 136-І (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2292 тіркелген, Орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылы, № 25-26, 862-бабымен жарияланған);

      2) "Жолаушылар жылжымалы құрамы қызметінің мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 353-І (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2630 тіркелген);

      3) "Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 9 тамыздағы N 264-І (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3787 тіркелген, 2005 жылдың 28 қазанында "Заң газеті" N 135-136 (760) жарияланған);

      4) "Жүк және рефрижераторлық вагондарының қызмет мерзімін ұзарту ережесін және Тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 28 шілдедегі № 236-1 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2463 тіркелген);

      5) "Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 2463 болып тіркелген N 236-І бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 14-І (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2766 тіркелген).

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Құсайынов

  Қазақстан Республикасы
Көлiк және коммуникация
министрiнiң
2011 жылғы 26 ақпандағы
№ 93 бұйрығымен
бекітілген

Жылжымалы құрам қызметінің мерзімін ұзарту қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.06.2019 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылжымалы құрам қызметінің мерзімін ұзарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылжымалы құрам қызметінің мерзімін ұзарту тәртібін анықтайды.

      2. Қағидалар 2017 жылғы 2 тамызға дейін айналымға шығарылған Қазақстан Республикасында меншігінде жылжымалы құрамы бар жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген талаптарға жауап беретін жылжымалы құрамын жөндеумен айналысатын ұйымдарға қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) белгіленген қызмет ету мерзімі – пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы, оған жеткен кезде объектіні (бұйымды) пайдалану оның техникалық жай-күйіне қарамастан тоқтатылады;

      2) вагонның деполық жөндеуі (бұдан әрі – ВДЖ) - құрамдас бөліктерінің шектелген номенклатурасын ауыстырып немесе қалпына келтіріп және құрамдас бөліктерінің техникалық жағдайын бақылап вагонның ақаусыздығын қалпына келтіру және вагонның ресурсын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;

      3) диагностикалау ұйымы – заңнамада белгіленген тәртіппен жүк вагондарын техникалық диагностикалауды, зерттеп-қарауды және сынауды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) вагонның меншік иесі – меншік құқығында жылжымалы теміржол құрамына иелік ететін жеке және заңды тұлға;

      5) жөндеу – бұйымдардың түзу жағдайын немесе жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру жөніндегі техникалық операциялар кешені және ұйымдастыру іс-қимылдарын қалпына келтіру немесе обьектінің жұмыс істеу қабілетін және бұйымдардың немесе олардың құрамдас бөлшектерінің ресурстарын қалпына келтіру;

      6) жөндеуші ұйым – жылжымалы теміржол құрамын жөндеумен айналысатын ұйым (бұдан әрі – жөндеуші ұйым);

      7) жылжымалы құрам – жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін теміржолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлік құралдары (локомотивтер), вагондар, өздігінен жүретін және өзге де көлік құралдары, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрам;

      8) көлемі 8 күшейтілген техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚКК-8) – тозған және зақымдалған агрегаттарды, тораптарды, бөлшектерді ауыстыру және күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстыру жолымен тартқыш көлік құралдары (бұдан әрі - ТКҚ) пайдалану сипаттамаларын, ақаусыздығын және толық ресурсын (қызмет мерзімін) қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу, жөндеу аяқталған соң ТКҚ-ға жаңа қызмет мерзімі белгіленеді;

      9) көлемі 8 күшейтілген техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚКК-8) – тозған және зақымдалған агрегаттарды, тораптарды, бөлшектерді ауыстыру және күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстыру жолымен тартқыш көлік құралдары (бұдан әрі - ТКҚ) пайдалану сипаттамаларын, ақаусыздығын және толық ресурсын (қызмет мерзімін) қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу, осы жөндеу аяқталған соң ТКҚ-ға жаңа қызмет мерзімі белгіленеді;

      10) күрделі жөндеу – вагон ресурсын, оның базалық бөлігін қоса алғанда, кез келген бөлігін ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы толық немесе толық немесе толыққа жуық қалпына келтіру, түзу жағдайын қалпына келтіру үшін жөндеу;

      11) қалдық ресурс – объектінің (жылжымалы құрамның, оның тораптары мен агрегаттарының) техникалық жай-күйін бақылау сәтінен бастап шекті жай-күйге өткенге дейінгі жиынтық атқарылған жұмысы;

      12) қызмет ету мерзімі – объектіні пайдалану немесе оны жөндеуден кейін қайта жалғастырудан бастап шекті жай-күйге өткенге дейін пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы;

      13) қызмет мерзімін ұзарту - жылжымалы құрам қызметі жаңадан тағайындалған мерзімін белгілеу;

      14) пайдалану - бұйымның сапасы іске асырылатын, қалпында ұсталатын және қалпына келтірілетін, бұйымның мақсаты бойынша пайдаланылуы жүзеге асырылатын тіршілік циклының сатысы;

      15) пайдалы пайдалану мерзімін ұзартумен күрделі жөндеу (бұдан әрі - КЖҰ) – белгіленген ресурсын қалпына келтіре отырып, негізгі бөлшектерін қоса алғанда, оның кез келген құрамдас бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру және жаңа қызмет ету мерзімін белгілей отырып, вагон құрылымының барлық негізгі элементтерінің техникалық жағдайын бақылау;

      16) ресурс - пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейін пайдалануды жаңадан бастаудан шектелген жай-күйге келгенге дейін жылжымалы құрамның атқарылған жиынтық жұмысы;

      17) шектелген жай-күйі - жылжымалы құрамды одан әрі пайдалануға жіберілмейтін немесе орынды емес кезде немесе оның жұмысқа қабілетті жай-күйін қалпына келтіру мүмкін емес немесе орынды емес кездегі жылжымалы құрамның жай-күйі;

      18) күрделі-қалпына келтіре жөндеу – жолаушылар вагондардың шанақ және рамалардың белгіленген ресурсын қалпына келтіріп жөндеу, ішкі және сыртқы жабдықтарды жаңарту, барлық электр жабдықтарын ауыстыру, заманауи интерьерді құру және аталған түрдегі жөндеуді өткізу үшін техникалық құжаттарға сәйкес қызмет ету мерзімін ұзарту.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.02.2023 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жылжымалы құрамның қызмет ету мерзiмiн ұзарту тәртiбi

1-параграф. Жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту тәртiбi

      4. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.02.2023 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жүк вагонының қызмет ету мерзімін ұзарту тәртібі екі кезеңнен тұрады:

      1) техникалық диагностика жүргізу арқылы жүк вагонының қалдық ресурсын бағалау;

      2) техникалық диагностикалау нәтижелері бойынша техникалық шешімге сәйкес белгіленген қызмет ету мерзімін ұзарта отырып жөндеу жүргізу.

      Вагондарды техникалық диагностикалауды Достыққа қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңесі бекіткен Халықаралық қатынаста жүретін жүк вагондарының қызмет ету мерзімін ұзарту туралы ережеге (2010 жылғы 13-14 мамырдағы № 52 хаттама) сәйкес, вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына куәлігі бар ұйым жүзеге асырады.

      Диагностикалық ұйым жөндеу көлемін және жаңа белгіленген қызмет ету мерзімін анықтайды. Ұзартуды ескере отырып, вагондардың белгіленген жалпы қызмет ету мерзімі базалық вагонға дайындаушы зауыттың техникалық шарттарында (бұдан әрі - ТШ) көрсетілген біржарымдық белгіленген қызмет ету мерзімінен аспайды.

      ТШ әзірлеушісі ҚЖҰ-ға негізделген материалдарды ұсынған кезде ұзартуды ескере отырып, жалпы қызмет ету мерзімін дайындаушы зауыттың ТШ-да базалық вагонға көрсетілген біржарымдық белгіленген қызмет ету мерзімінен асыруға, бірақ, егер бұл ҚЖҰ-ға ТШ-да көзделсе, екі еседен аспай, жол беріледі.

      Дайындаушы зауыттың ТШ бойынша қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайтын вагондар үшін қызмет ету мерзімі ҚЖҰ кезінде ұзартылады, бұл ретте ұзартуды ескере отырып, вагондардың жалпы қызмет ету мерзімі дайындаушы зауыттың ТШ-да базалық вагонға көрсетілген біржарымдық белгіленген қызмет ету мерзімінен аспайды.

      Қызмет ету мерзімі өткен вагондарға ВДЖ және күрделі жөндеу олардың техникалық жағдайын жүк вагонның техникалық шешімі бойынша диагностикадан өткізген соң орындалады, бұл ретте ұзартылған қызмет ету мерзімі 5 жылдан аспайды, ұзартуды ескере отырып, вагондардың жалпы белгіленген қызмет ету мерзімі дайындаушы зауыттың базалық вагонға арналған жүк вагонның техникалық шарттарында көрсетілген қызмет ету мерзімінің біржарымдық мөлшерінен аспайды.

      Қызмет ету мерзімі өткен вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, күрделі жөндеуді ТШ бойынша ҚЖҰ құқығы бар жөндеу ұйымдары жүк вагонына арналған техникалық шешім бойынша олардың техникалық жай-күйін диагностикалағаннан кейін орындайды, бұл ретте қызмет етудің ұзартылатын мерзімі осы тармақтың төртінші және бесінші бөліктеріне сәйкес мерзімдерден аспайды.

      Вагонның меншік иесі диагностикалау ұйымына жүк вагонын техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін типін/моделін, техникалық паспорттардың көшірмелерін көрсете отырып, жүк вагондарының тізімін қоса бере отырып өтінім береді.

      Техникалық диагностикалау нәтижелері бойынша қалдық ресурс және Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес Техникалық шешімді ресімдей отырып, жүк вагонына жөндеу жүргізу мүмкіндігі не жүк вагонының қызмет ету мерзімін ұзарту мүмкін еместігіне байланысты техникалық шешімді беруден бас тарта отырып, тапсырыс берушіге қорытынды жіберу айқындалады.

      Жүк вагонының техникалық шешім 3 данада жасалады, бірінші данасы вагонның меншік иесіне жіберіледі, екіншісі - диагностикалу ұйымында қалады, үшінші данасы жөндеу ұйымына беріледі.

      Диагностикалау ұйымы техникалық диагностикалау туралы шарттың талаптарына сәйкес жүк вагонын техникалық диагностикалау қорытындылары бойынша дайындалған материалдарды (техникалық шешімдер, техникалық диагностикалау нәтижелері бойынша есептер, қорытындылар, жылжымалы құрам ресурсының есептік-эксперименттік негіздемелері) жүк вагонының ұзартылған қызмет ету мерзімі ішінде сақтауды қамтамасыз етеді.

      Жүк вагонының техникалық шешімі бойынша тағайындалған жұмыстар жүк вагонына техникалық шешім берілген күннен бастап 6 ай ішінде орындалады.

      Жүк вагондарының белгіленген қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, жоспарлы жөндеуді техникалық шешімнің түпнұсқасы, техникалық диагностикалау нәтижелері бойынша есеп және қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманың талаптары негізінде жөндеу ұйымдары орындайды.

      Жүк вагонын жоспарлы жөндеудің орындалған түрі техникалық шешімде айқындалған жөндеуді регламенттейтін нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес келеді.

      Жүк вагонының техникалық шешімінде көрсетілген жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жөндеу ұйымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүк вагонын жөндеу және жаңғырту жөніндегі (бұдан әрі - жүк вагонын жөндеу) жұмыстарды жүргізу туралы актіні 2 данада жасайды, бір данасы вагонның меншік иесіне жіберіледі, екіншісі жөндеу ұйымына беріледі.

      Жөндеу ұйымы таңбалауға жататын жүк вагондарының құрамдас бөліктеріне таңбаның шартты нөмірі жазылады.

      Жөндеу ұйымы жөндеу аяқталғаннан кейін жүк вагонының техникалық паспортына тиісті жазбалар енгізеді. Вагонның техникалық параметрлері (моделі, ыдысы, жүк көтергіштігі) өзгерген кезде жаңа техникалық паспорт ресімделеді.

      Белгіленген қызмет мерзімін ұзарта отырып, жөндеу жүргізу туралы ақпаратты жөндеу ұйымдары жөндеу аяқталғаннан кейін мемлекетаралық және ұлттық деңгейдегі ақпараттық жүйелерге енгізеді.

      Жөндеу ұйымдары техникалық шешімде диагностикалау ұйымы айқындаған жөндеуді орындаудың толықтығы мен сапасын, техникалық диагностикалау кезінде анықталған ақауларды жоюды, техникалық паспорттар мен ақпараттық жүйелерге жүк вагонының белгіленген қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, жөндеу нәтижелері бойынша енгізілетін ақпараттың уақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      Жөндеу ұйымдары жөндеу қорытындылары бойынша ресімделетін құжаттаманың (техникалық шешімдердің түпнұсқасы, орындалған жұмыстар актілері және өзге де есептік құжаттама) жүк вагонының ұзартылған белгіленген қызмет ету мерзімі ішінде сақталуын қамтамасыз етеді.

      Жөндеу ұйымы жүк вагонын жөндеу актісін және вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту және вагондарды жөндеуден шығару туралы ақпаратты теміржол көлігі Орталық кеңесінің келісімдеріне қатысушылардың теміржол әкімшіліктерінің Ақпараттық - есептеу орталығына (бұдан әрі – ЖА АЕО) жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.02.2023 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту туралы ақпарат төрт белгiден тұратын құрылымы бойынша ТЖӘ АЕО-ға берiледi:

      1) бiрiншi белгi – "8" цифры - вагонның қызмет ету мерзiмi ұзартылғанын;

      2) екiншi белгi – "0" цифры - темiржол әкiмшiлiгiмен келiсiлген құжаттама (ТШ) бойынша вагонға күрделi жөндеу жүргiзiлгенiн;

      3) "1" цифры - жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту құқығы бар ұйымға берiлген осы жұмысқа арналған Жүк вагонның техникалық шешiміне сәйкес вагонға ВДЖ немесе күрделi жөндеу жүргiзiлгенiн;

      4) үшiншi және төртiншi белгiлер - вагонның қызмет ету мерзiмi ұзартылған жылдар санын көрсетедi.

2-параграф. Жолаушылар вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту тәртібі

      7. Қызметтік пайдалануға арналған жолаушылар вагонының нақты қызмет ету мерзiмi мен теміржол инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес айқындалады.

      8. Жолаушылар вагонын пайдалану кезiнде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесiне сәйкес вагон жөндеу ұйымдары ВДЖ, күрделi жөндеу және күрделi-қалпына келтiре отырып, жөндеу жүргiзуді көздейді.

      9. Жолаушылар вагонының қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша жұмыстарды жүргізу үшін вагон иесі жөндеуші ұйымға өтінім (еркін нысанда) береді.

      Жөндеуші ұйым өтінімді он жұмыс күні ішінде қарайды. Жолаушылар вагонының мерзімін ұзартумен жөндеу жүргізуден бас тартқан жағдайда өтінім берушіге үш жұмыс күні ішінде дәлелді жауап береді.

      Жолаушылар вагоны үшін қызмет ету мерзімін ұзарту туралы шешім нақты қызмет мерзіміне қарай қабылданады, бұл ретте қызмет ету мерзімі:

      5 жылға дейін ұзартуды ескергенде, күрделі жөндеу кезінде 33 жылдан аспайды;

      16 жылға дейін ұзартуды ескергенде, күрделі-қалпына келтіріп жөндеу кезінде 44 жылдан аспайды.

      10. Жолаушылар вагондары қызмет ету мерзiмiн ұзартумен жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшін жөндеу ұйымдары нақты істен шыққан қызмет ету мерзімін қарайды және жөндеу жұмыстарының көлемін тағайындайды.

      Жолаушылар вагонын қарап тексеру нәтижелерi бойынша жөндеу ұйымы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жолаушылар вагонының қызмет ету мерзiмiн ұзарту жөнiндегі жұмыстардың жүргiзілгені туралы актiнi (бұдан әрi – Қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі акті) қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі актінің 2-тармағын толтыра отырып ресiмдейдi.

      Қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі актi екі данада жасалады. Бір данасы вагонның иесіне одан әрі пайдалану негізі ретінде беріледі, ал екінші данасы жөндеу ұйымында сақталады.

      Қызметтiк пайдалану үшін арналған жолаушылар вагондары және темір жол инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет ету мерзiмiн ұзарту туралы шешiм нақты қызмет ету мерзiмiне қарамастан қабылданады және 16 жыл мерзiмiне жасалады.

      11. Жөндеу ұйымы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Жолаушылар вагондарының техникалық жай-күйін тексеру жүргізу әдістемесін басшылыққа алады.

      12. Жөндеу ұйымы жолаушылар вагонының қапталдық қабырғасына жөндеу түрлерін жүргізу күні мен қызмет мерзімінің ұзартылуы көрсетілген арнайы трафарет басады.

3-параграф. Тартқыш көлiк құралдарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту тәртібі

      13. ТКҚ-ң қызметiнің белгіленген мерзiмi ТКҚ дайындаушының нормативтiк құжаттарымен айқындалады.

      14. Белгіленген қызмет ету мерзiмiн ұзарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудiң мақсаттылығы туралы шешiмдi ТКҚ иесi қабылдайды, ол жөндеу ұйымына негiзгi бөлiктерiнiң тозу дәрежесiн, тораптарындағы және агрегаттарындағы бар зақымданулар мен қызмет ету мерзiмi өтiп кеткен ТКҚ-ның техникалық жай-күйiн зерттеу негізінде жазбаша түрде еркін нысанда өтініш жасайды.

      15. Күрделі жөндеуді (бұдан әрi - КЖ), ТКҚ-ға ТҚКК-8, ТҚК-8, жаңғыртуды, жол машиналарымен және механизмдерімен жұмыс істеу үшін қайта жабдықтауды, сондай-ақ қызмет ету мерзімін ұзартып қайта жабдықтауды орындау үшін ТКҚ иесі мен жөндеуші ұйым арасында ТКҚ-ға КЖ, ТҚКК-8, ТҚК-8 жүргізуге жасалатын шарт негіз болып табылады.

      16. Жаңа қызмет ету мерзімі КЖ орындалғаннан кейін де, ТҚК-8, ТҚ-8, жаңғыртудан, жол машиналарымен және механизмдерімен жұмыс істеу үшін қайта жабдықтаудан, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауға қатыспайтын жылжымалы құрамды қайта жабдықтаудан кейін де белгіленеді.

      Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін КЖ, ТҚКК-8, ТҚК-8 немесе жаңғыртудан өткен тартқыш көлiк құралдарына белгіленген жаңа қызмет мерзімінің нормативтеріне сәйкес осы Қағидалардың 5-қосымшасында көрсетілген ТКҚ жаңа белгіленген қызмет ету мерзімі қабылданады.

      17. Жөндеуші ұйымы мынадай актілер жасайды:

      1) осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тартқыш көлiк құралдарын қабылдау актiсін, жөндеуші ұйым ТКҚ иесімен бірлесіп екі данада толтырады;

      2) осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тартқыш көлiк құралдарының жаңа қызмет ету мерзiмiн белгілеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы актiні, жөндеуші ұйым екі данада толтырады.

      18. Жөндеуші ұйым тартқыш көлiк құралдарын қабылдау актiсi мен ТКҚ-ның жаңа қызмет ету мерзiмiн белгілеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы актiсінiң бiр-бiр данасын ТКҚ иесiне бередi, екiншi даналарын өзiне қалдырады.

      19. Жөндеу түрлері жүргiзiлгенге және жаңа белгіленген қызмет ету мерзiмi белгiленгенге дейiн қызмет ету мерзiмi өткен ТКҚ-ны пайдалануға рұқсат етiлмейдi.

      20. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жөндеуші ұйым ТКҚ сериясына "Р" әрпі түріндегі, ал жаңғыртылған ТКҚ сериясына "К" әрпі түріндегі әріптік белгіні береді.

4-параграф. Арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзiмiн ұзарту тәртібі

      21. Арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзiмiн ұзарту кезінде (бұдан әрі – АЖҚ):

      техникалық диагностикалау әдісімен техникалық жағдайын тексеруді;

      қызмет мерзімін ұзартып жөндеу жүргізуді (бұдан әрі - Ұзарту);

      жөнделген АЖҚ-ны қабылдау-тапсыру сынақтарын;

      жаңа қызмет ету мерзiмiн белгiлеуді тұрады.

      22. Қызмет ету мерзiмiн ұзарту бойынша жұмыстарды қызмет ету мерзiмiн ұзарта отырып, АЖҚ жөндеудi жүзеге асыратын технологиялық құрал-жабдықтары мен білікті мамандары бар заңды тұлғалар жүргiзедi.

      23. АЖҚ-ның техникалық жағдайын тексеру:

      1) техникалық жағдайын тексеру АЖҚ-ға бұзбай бақылау мен оның техникалық жағдайын, жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін оны әрі қарай пайдалану мүмкіндігі мен жағдайын анықтау үшін АЖҚ конструкцияларының көтеру қабілетін бақылау жұмыстарын жүргізіп АЖҚ-ны техникалық диагностикалау арқылы жүргізіледі.

      2) қалдық ресурсын анықтау, деполық жөндеу, күрделі жөндеу және жаңа қызмет ету мерзімін белгілей отырып, АЖҚ қызмет ету мерзімін ұзартып күрделі жөндеу жүргізуді ұзарту мүмкіндігі не тапсырыс берушіге АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту мүмкін емес екендігі туралы қорытынды жіберу;

      Қызмет ету мерзiмiн ұзарту АЖҚ-ның техникалық жағдайын талдау негiзiнде қабылданады.

      3) қызмет ету мерзімі аяқталған АЖҚ техникалық жағдайын тексеру - негізгі бөлшектерінің тозуын, тораптар мен агрегаттардағы бар ақауларды және бұзушылықтарды анықтау үшін жүргізіледі.

      4) АЖҚ жағдайы АЖҚ габариттiк кескінінің бұзылуымен қозғалыc кауіпсіздігіне қауіп төндіретін бұзылушылықтардың болуымен сипатталады.

      5) АЖҚ тексеру кeзiндe:

      бұзылушылықтарды анықтау үшiн куәландыру:

      раманың;

      шанақтың;

      авто тіркеуіш жабдықтың;

      жүрic бөлiгiнiң;

      доңғалақ жұптарының;

      коррозиялық тозуды анықтау үшiн рама мен шанақтың негізгі жeтeкшi элeмeнттeрiнiң қалыңдығын өлшеу;

      АЖҚ конструкциясы элементтерінің дәнекерлеу жіктерін бақылау.

      24. АЖҚ-ны тексеру нәтижелерін өңдеу қызмет ету мeрзiмiн ұзартумен жөндеу түрін анықтау үшiн жүргiзiлeдi.

      25. Техникалық жағдайын тексеру нәтижелері екі данада жасалған осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес АЖҚ-ның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы техникалық шешімде (бұдан әрі – АЖҚ-ның техникалық шешімі) көрсетіледі. АЖҚ-ң техникалық шешімнің бір данасы АЖҚ техникалық диагностикалау жұмыстарын орындаған заңды тұлғаға сақтауға қалдырылып, ал бір данасы жөндеуші ұйымға беріледі.

      26. АЖҚ ұзарту жасағаннан кeйiн жаңа бeлгiлeнгeн қызмет ету мeрзiмi анықталады.

      27. АЖҚ қызмет ету мерзімін ұзартып жөндеу жұмыстары жөндеу түрлері – деполық, күрделі және АЖҚ қызмет ету мерзімін ұзартып күрделі жөндеу жұмыстары көрсетілген АЖҚ-ның техникалық шешімнің тұпнұсқасына негізделіп жөндеуші ұйымдармен жүргізіледі.

      АЖҚ қызмет ету мeрзiмiн ұзарту жөндеу жүргiзгeннeн кeйiн жүргiзiлeдi.

      АЖҚ орындалған жұмыс түрі АЖҚ-ның техникалық шешімде белгіленген нормативтік-техникалық құжаттамаға, сондай-ақ АЖҚ ауыспалы тораптар мен бөлшектеріне жөндеу жұмыстарын регламенттейтін нормативтік техникалық құжаттамаларына сәйкес келеді;

      АЖҚ-ның техникалық шешімдерінде көрсетілген жөндеу дұмыстарының түрлері мен көлемін орындағаннан кейін жөндеуші ұйым осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес екі данада арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша жұмыс жүргізу туралы акті жасайды, актінің бір данасы жөндеуші ұйымда сақтауға қалдырылады, екінші данасы АЖҚ иесіне беріледі;

      Жөндеуші ұйым жөнделген АЖҚ шанағының бойлық екі жағынан диагональ бойынша ақ бояумен орындалған жөндеудің түрінжөндеу жүргізу күні мен қызмет ету мерзімі аяқталатын күні көрсетілген жазба жазылады, мысалы, "ДР ДД.ММ.ГГГГ - ДР ДД.ММ.ГГГГ". Шанақтағы әріптердің жазылуының биіктігі 200 миллиметрден кем, ал жақтаудағы 100 миллиметрден кем болмауы тиіс. АЖҚ-ның жөндеуші ұйымының таңбалауына жататын құрамдас бөліктеріне шартты нөмір жазылады;

      Жөндеуші ұйым жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін АЖҚ техникалық паспортына тиісті жазбалар жазылады;

  Жылжымалы құрамның
қызмет мерзімін ұзарту
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Келісілген:
Жүк вагонының
меншік иесі
МО
20__ жылғы "__"______

Бекітемін:
Диагностикалық
ұйымның басшысы
МО
20__ жылғы "___"_____

Жүк вагондарының қызмет ету мерзімін ұзарту туралы
№ _ техникалық шешім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.02.2023 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      тиесілі____________________________________________________________________
(вагон иесінің толық атауы) және станцияға тіркелген

      __________________________________________________________________________
(станцияны, вагон депосын, темір жолды көрсету)

      __________________________________________________________________________
(мамандандырылған орындаушы ұйымның толық атауы)

      Техникалық жай-күйін тексеру, техникалық диагностикалау және жүргізілген
сынақтардың нәтижелері негізінде қажетті жөндеу жұмыстарының түрі мен көлемін
тағайындайды және оларды орындағаннан кейін мынадай вагондардың қызмет ету мерзімін
ұзартады (бірл.)

р/с

Вагонның

Вагонның
моделі

Жасалған күні

Ұсынылатын жөндеудің түрі мен көлемі

Жобалардың нөмірі, ТШ,басшылықтар

Қызмет ету мерзімі (ай, жылға) дейін ұзартылды

Тасымалданатын жүктің түрі

Жөндеу жүргізілген күн

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Вагондардың ауысымдық тораптары: арбалар, автотіркегіш және автотежегіш
жабдықтар үнемі тексеріледі және қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен оларды
ауыстыру жүргізіледі, ауысымдық тораптардың қызмет ету мерзімі осы техникалық шешім
бойынша ұзартылуға жатпайды.

      Техникалық шешім тағайындалған жөндеу орындалған және вагондардың жөндеуден
шығуы туралы ақпаратты АЕО-ға берген сәттен бастап күшіне енеді.

      Жауапты орындаушы диагностикалау ұйымы _______________

      (қолы, мөртабан)

  Жылжымалы құрамның
қызмет мерзімін ұзарту
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жүк вагонын жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы
№ _ акт

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.02.2023 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      тиесілі_______________________________________________________________
(вагон иесінің толық атауы) Осы Акт мыналарда жасалған:

      _________________________________________________________________
(жұмысты орындаған кәсіпорынның атауы)

      техникалық шешімге сәйкес № __ 20____ "__" ______ келесі жұмыстар жүргізілді:

Р /с

Вагон нөмірі

Орындалған жұмыстар

Ескертпе

1

2

3

4

      Вагондар техникалық түзу күйде және темiр жолдардың жалпы желiсiнiң жолдары
бойынша пайдалануға беріледі

      Вагонның меншік иесі

      ___________________________
мөр орны (бар болған жағдайда)

      20 ___ жыл "__" ___________

      Жөндеу ұйымының басшысы

      __________________________
мөр орны (бар болған жағдайда)

      20 ___ жыл "__" ___________

  Жылжымалы құрам
қызметінің мерзімін ұзарту
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жолаушылар вагондарының қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша жұмыстар жүргiзу туралы № ______ акті

      1. Осы акті жолаушылардың жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзарту бойынша жөндеу түрлерін жүргізуге вагонның меншік иесімен құрылды

      вагонның № ___________, түрі _________, арбашықтарда _____________

      жасалған, _________________ тежегіш түрі _________________________,

      соңғы жөндеу: жөндеу түрі _____________________ күні _____________.

      тіркелген ______________________________________________________,

      және қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша жұмыстарды жүргiзу үшiн ұсынады.

      Вагонның меншік иесі _________________________________________

      20 ____ жылғы "______" ___________ мөр орны (бар болған жағдайда)

      _______________________

      (қолы)

      Жөндеу ұйымының қабылдаушысы ________________________________

      20 ____ жылғы "______" ___________ мөр орны (бар болған жағдайда)

      _______________________

      (қолы)

      2. ___________________________________________ жөндеу жүргiзгеннен

      (жөндеу түрi)

      кейiн техникалық жай-күйi негiзiнде вагон жөндеу ұйымы ____________

      № вагонға жаңа белгіленген қызмет ету мерзiмiн ________________________

      дейiн белгiлейдi.                                    (күні)

      Жөндеу ұйымының бастығы __________________ /__________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Ескерту: Акт 2 данада жасалады.

  Жылжымалы құрам
қызметінің мерзімін ұзарту
қағидаларына
4-қосымша

Жолаушылар вагондарының техникалық жай-күйiн тексерудi жүргiзу әдiстемесi

      1. Қызмет ету мерзiмiн ұзарту мақсатында жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiн тексеруге жолаушылар вагондары үлгiсiндегi барлық вагондар ұсынылады, оның iшiнде: почта, багаж, почта-багаж, арнайы құрам үшiн вагондар, қызметтiк тежегiш өлшеу, дәрiгерлiк-санитарлық, вагон-клубтар, динамометрикалық, рельстi егеу, ақаутапқыштар, жол өлшегiш, турлық вагондар, қалпына келтiру және өрт сөндiру поездары, жол тексеру мен көпiр тексеру, жол қызметiнiң зертханасы, вагон-дүкендер.

      2. Жолаушылар вагонының техникалық жай-күйiн тексеру құрамға тән бүлiнулердi, пайдалануда көтергiш бөлшектер мен буындардың тоттану дәрежесiн анықтау мақсатында жүргiзiледi, олар бұдан арғы пайдалану мүмкiндiгiн, жөндеу немесе есептен шығару қажеттiлiгi мен дәрежесiн анықтау үшiн бұдан әрi бастапқы дерек ретiнде пайдаланады.

      3. Қызмет ету мерзiмiн ұзарту мүмкiндiгi туралы шешiм жолаушылар вагонының негiзгi көтергiш элементтердiң жай-күйiн талдау негiзiнде қабылданады: белдеулi арқалық пен раманың, аралық пен шүберiн арқалығын бүйiрден орап байлау, қаңқа элементтерi және шанақты қаптау.

      4. Жолаушылар вагонының негiзгi буындары мен жүйелерiнiң жай-күйi (электр жабдығы, желдеткiш, жылыту, сумен жабдықтау, автотежегiштiк пен автотiркегiш жабдықтары, қозғалыс бөлшектерi) қолданыстағы нормативтiк актiлерге сәйкес болуы тиiс.

      5. Жолаушылар вагонының ақаулықтары пайдалану, ВДЖ және күрделi жөндеу жөнiндегi басшылықтарға сәйкес белгiленген тәртiппен жойылады.

      6. Тексерiс жүргiзу кезiнде істен шығу немесе шектi жай-күйiнiң өлшемшарттары ретiнде жолаушылар вагонының көтергiш элементтерiнiң, онда олардың жолаушылар поездарының құрамында болуы мен жол жүруiне тыйым салынатын сондай техникалық жай күйi қабылданады.

      7. Жолаушылар вагонының жұмысқа жарамсыз жай-күйi қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiптi, жолаушылар мен қызмет көрсететiн персоналдың денсаулығына қауiп төндiретiн, тасымалданатын багаж бен жүк-багаждың сақталуын қамтамасыз етпейтiн, жолаушылар вагонының габариттiк кескiнiн бұзатын ақаулықтардың болуымен сипатталады.

      8. Жолаушылар вагонының негiзгi көтергiш элементтерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру кезiнде анықталуға жататын бүлiну немесе істен шығу түрлерi осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген:

      9. Бiр ғана жөндеулiк жапсырмасы бар белдеулiк арқалық және арбашықтардың арқалық рамасы жолаушылар вагонының бiрлiктерi қызмет ету мерзiмiн ұзартуға жiберiлмейдi.

      10. Сызаттар, сынулар, иiлiмдер, майысулар, саңылаулар кейiннен көзбен шолып өлшеу арқылы анықталады. Бекiтудi босату балғамен соғу, тоттану элементтердiң қалыңдығын өлшеу жолымен айқындалады.

      11. Жолаушылар вагонының көтергiш конструкцияларының тоттану арқылы тозуының көлемi мыналарды ескере отырып анықталады:

      1) Жолаушылар вагонының металл конструкциясына қоршаған ортаның тигiзген әсерi нәтижесiнде қорғаныс қабының бүлiнуiне, тоттану салдарынан көтергiш элементтердiң қалыңдығы азаюына әкеп соғады, бұл өз кезегiнде олардың берiктiгiн нашарлатады;

      2) толассыз тоттану жерлерiнде жылуды оқшаулау материалдарының берiктiгi бұзылады, артық жылуды жоғалтуға әкелетiн "жылу көпiрлерi" пайда болады;

      3) Жолаушылар вагонының шанақтың көтергiш қабiлетiне тiкелей әсер ететiн конструкциялар элементтерi топтануға неғұрлым ұшыраған болып табылады: раманың бүйiрлiк ұзынынан арқалығы; дәретхана маңында, қызметтiк пен қазандық бөлмелерi мен тамбурлардағы еден төсемi; бүйiрлiк қабырғаның терезе алды белдемшесi;

      4) көрсетiлген элементтерден басқа жолаушылар вагонының техникалық тексерiсi кезiнде сөрелер мен қабырғаларының қалыңдығын бақылау жүргiзiледi;

      5) өлшеу орындарында жолаушылар вагонының шанағы ультрадыбыстық қалыңдық өлшегiштердi пайдалану мүмкiндiгi үшiн металдың жылтырауына дейiн тазаланады;

      6) Жолаушылар вагонының қызмет ету мерзiмiн ұзарту мүмкiндiгiн анықтау үшiн тоттанудың нақты жылдамдығын айқындау қажет:

      Sном – Sф

      V коp = ------------,

      Т, мм/жыл

      мұнда: Sном - элементтiң номиналдық қалыңдығы, мм. тоттанумен зақымдалмаған орындарда элементтердi өлшеу нәтижелерi бойынша не альбомдық өлшемдер бойынша айқындалады, бұл ретте альбомдық мөлшерлер плюстік рұқсат бере отырып, берiктiк қорына алынады;

      Sф - өлшеу нәтижелерi бойынша жолаушылар вагондар конструкциясы элементтерiнiң нақты қалыңдығы, мм;

      T - өлшеулер жүргiзу кезiнде жолаушылар вагондардың қызмет ету мерзiмi, жыл.

      7) қалған қызмет ету мерзiмi мына формула бойынша айқындалады:

      Sф – Smin

      T = -----------

      V кор

      мұнда: Smin - берiктiлiк пен орнықтылық жағдайлары бойынша элементтiң ең аз рұқсат етілген қалыңдығы осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

      8) жолаушылар вагон құрылымының тексерiлетiн элементтерінiң атаулы мөлшерлерi туралы анық деректер болмаған кезде қалған қызмет ету мерзiмiн айқындайды осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес басшылыққа алу қажет.

      12. Тексерiлiп отырған элементтер ластанған кезде болжамды ақаулықтар орындары қырнауыштың немесе қырғыштың көмегімен тазартылады.

      13. Жолаушылар вагонын өлшеу кезiнде мынадай құралдар пайдаланылады: металдан жасалған өлшеу сызғышы; металдан жасалған өлшеу рулеткасы; ультрадыбыстық қалыңдық өлшеуiш.

      14. Жолаушылар вагонының электр сымдарының жай-күйiн бағалау үшiн өлшем өрiстерi 4 МОм-нан кем емес мегометр немесе цифрлық мультиметр көмегiмен вагон iшiндегi және вагон астындағы электр тiзбегiнiң оқшаулау кедергiсi бақыланады.

      15. Жолаушылар вагонының оқшаулау кедергiсi кемiнде 2 МОм-ден болуы тиiс, ол генератор жұмыс iстемейтiн және аккумуляторлық батарея ажыратылған кезде өлшенедi.

      16. Тексеруге жататын жолаушылар вагоны тыйым салынатын сигналдармен қоршалады, ал тексеріп-қарау бойынша жұмыстарды кем дегенде екi қызметкер жүргiзедi, оның бiреуi іргелес аумақ пен темiржолдарды жеткiлiктi деңгейде қарап тексеруді қамтамасыз ететiн және елеулi қауiптi уақтылы айқындауға және қалған қызметкерлердi ескертуге мүмкiндiк беретiн аймақта болады.

  Жолаушылар вагондарының
техникалық жай-күйiн тексерудi
жүргiзу әдiстемесiне
1-қосымша

Атауы

Торап атауы

Шектелген жай-күйiнiң немесе орындалмаудың сипаттамасы

1. Шанақ рамасы

1. Белдеулiк арқалық

Сызаттануға жол берілмейді
Иiлiмi > 25 мм
Тоттануы > 15%

2. Шүберiндi арқалық

Сызаттануға жол берілмейді
Иiлiмi > 15 мм
Тоттануы > 15%

3. Белдеулiк және шүберiндi арқалықты бөлшектеу буыны

Сызаттануға жол берілмейді
Иiлiмi > 200 мм
Тоттануы > 30%

4. Соңғы арқалық

Иiлiмi > 100 мм

5. Бүйiрдегi арқалық

Тоттануы > 30%
Иiлiмi > 25 мм

6. Аралық арқалық

Иiлiмi > 100 мм
Тоттануы > 30%
Иiлiмi > 15 мм

2. Бүйiрлiк қабырға

1. Қаңқа элементi

Қаптама бетiне шығатын,
сызаттама
Сызаттану > 30%

2. Қаптама

Сызаттану > 30%

3. Қақпақ

1. Қаңқа элементi

Қаптама бетiне шығатын,
сызаттама
Сызаттану > 30%

2. Қаптама

Сызаттану > 30%

4. Арбашық (жолаушылар арбашығы түрiне ғана)

1. Серiппегiш үстiндегi арқалық

сызаттану > 100 мм
тоттану > 30%
иiлiмi > 10 мм


2. Арқалық рамасы

Сызаттануға жол берілмейді
Тоттану > 30%
Иiлiмi > 10 мм

  Жолаушылар вагондарының
техникалық жай-күйiн тексерудi
жүргiзу әдiстемесiне
2-қосымша

№ п/п

Конструкция элементі

Элементтің қалыңдығы (мм)

Номиналды

Ең аз рұқсат етілгені

1

Белдеулiк арқалық,
Консольдiк бөлiгi

Тiк қабырға

9,5 +0,4
-0,9

7,0

Сөрелер

13,5
-0,8

10,0

2

Белдеулiк арқалық

Тiк қабырға

+0,3
6,5
-0,7

4,5

Сөрелер

11
-0,7

8,0

3

Раманың бүйiрлiк орамасы

Тiк қабырға

+0,5
6,5
-1,0

4,5

Сөрелер

-0,5
6,5
-1,0

4,5

4

Шүберiн

Жоғарғы және төменгi парақ

+0,3
10
-0,5

7,5

Сөрелер

0,3
10
-0,5

7,5

5

Аралық арқалық

Тiк қабырға

+0,4
9,5
-0,9

7,0

Сөрелер

13,5
-0,8

10,5

6

Еден беттерi

2+/-0,1

1,5

7

Бүйiр қабырғаның төменгi белдеуiнiң беттерi

2,5+/-0,1

2,0

  Жолаушылар вагондарының
техникалық жай-күйiн тексерудi
жүргiзу әдiстемесiне
3-қосымша

Конструкция элементтерi

Тоттану жылдамдығы мм/жыл

Бүйiр қабырғаның еденi және терезе астындағы белдеу


- вагон ортасы (шүберiндi арқалықтар аралығы)

0,1

- консоль

0,2

- дәретхана аймағы

0,3

Вагонның жанындағы ұзына арқылы рамасы


- вагон орталығы

0,15

- консолi

0,25

- дәретхана өңiрi

0,3

Белдеулiк арқалық

0,1

Қаптал қабырғалар және аралық арқалық

0,15

Арба рамасының бойлық және көлденең арқалықтары

0,1

Ceрiппегiш үстiндегi арқалық

0,1

  Жылжымалы құрамның
қызметінің мерзімін
ұзарту қағидаларына қағ
5-қосымша
  Нысан

КЖ, ТҚК-8, ТҚ-8 немесе жаңғыртудан өткен ТКҚ белгіленген жаңа қызмет ету мерзімінің нормативтері

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 01.02.2023 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

ТКҚ үлгісі мен сериясы

КЖ, ТҚ көрсетуден немесе жаңғыртудан өткен сәттен басталатын жаңа белгіленген қызмет ету мерзімі

Жөндеу немесе жаңғырту көлемі

1. Магистральдық тепловоздар

1.

Барлық түрлендірудегі ТЭ10, ТЭ116

15

рельсмайлағыш етіп қайта жабдықтау

2.

Барлық түрлендірудегі, сондай-ақ жол машиналарымен және қар тазалағыштармен жұмыс істеу үшін рельсмайлағыш етіп қайта жабдықталған ТЭП70, ТЭ10, ТЭ116

15

КЖ орындап, күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып, дизель-генераторлық қондырғы мен қосымша жабдықтарды жаңасымен ауыстырып жаңғырту

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып КЖ

6

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстырып ТҚК-8

3

ТҚ-8

2. Маневрлік тепловоздар

1.

Барлық түрлендірудегі ЧМЭ, ТЭМ, ТГМ

15

КЖ орындап, күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып, дизель-генераторлық қондырғы мен қосымша жабдықтарды жаңасымен ауыстырып жаңғырту

10

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып КЖ

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстырып ТҚК-8

3

ТҚ-8

3. Электровоздар

1.

Барлық түрлендірудегі ВЛ,. ОПЭ-1, KZ4, EL-21

20

КЖ орындап, негізгі тораптарды, электр жабдықтарды және аппарттарды ауыстырып, электр схемасын және басқару жүйесін жаңғыртып жаңғырту

15

рельсмайлағыш етіп қайта жабдықтау

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып КЖ

6

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстырып ТҚК-8

2.

Барлық түрлендірудегі, сондай-ақ рельсмайлағыш етіп қайта жабдықталған ВЛ, ОПЭ-1, KZ4.. EL-21

3

ТҚ-8

4. Электр поездар

1.

Барлық түрлендірудегі ЭР, ЭД

9

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ауыстырып КЖ

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ішінара ауыстырып ТҚК-8

5. Дизель поездар

1.

Барлық түрлендірудегі ДР

12

КЖ орындап, күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ауыстырып, дизель-генераторлық қондырғы мен қосымша жабдықтарды жаңасымен ауыстырып жаңғырту

9

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ауыстырып КЖ

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ішінара ауыстырып ТҚК-8

  Жылжымалы құрам
қызметінің мерзімін ұзарту
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Тартқыш көлiк құралдарын қабылдаудың № ____ актісі

      20___ жылғы "__"___________ _____________________ қаласы

      Осы актi _________________________________________________ тиесiлi

      (иеленушi ұйымның толық атауы)

      _______________________________________________________________

      (ТКҚ-ның түрi, сериясы, нөмiрi) ___________________________________

      циклі бойынша күрделi жөндеуден кейiн қабылдау жүргiзiлгенi туралы жасалды.

      Объект зауыт жолдарында, стендтерде сынақтан өттi, магистралдық жолдарда жүргiзiп байқау жүргiзiлдi (жүргiзiлмедi).

      Қорытынды:____________________________________________________

      (ТКҚ атауы) күрделi жөндеуден кейiн қабылданды және пайдалануға

      ______________ жарамды (жарамсыз) деп танылды және

      ___________________________________________ (пайдалану үшiн, жүргiзiп байқауға) тiркелу депосына жiберiлдi.

      Жөндеуші ұйымның басшысы: ___________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ТКҚ-ның иесі: _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Қабылдаушы: ________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Жылжымалы құрам
қызметінің мерзімін ұзарту
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Тартқыш көлiк құралдарының қызмет етуiнiң жаңа мерзiмiн тағайындау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы № ___ АКТI

      20___ жылғы "__"___________ _________________________ қаласы

      ____________________________________________ жөндеу кәсiпорнында

      (жөндеуші ұйымның атауы)

      _________________________________________________________ тиесiлi

      (иеленушi ұйымның толық атауы)

      ____________________________________________________ тартымдық,

      (ТКҚ-ның түрi, сериясы, нөмiрi)

      мотор-вагондық, арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамда мынадай жұмыстар орындалды:

Р/с

Орындалған жұмыстардың тiзбесi №

Ескертпе

1

2

3

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Орындалған жұмыстардың негiзiнде ______________________ жылға

      (саны жазбаша)

      _____________________________________________ жаңа белгіленген

      (ТКҚ-ның түрi, сериясы, нөмiрi) қызмет ету мерзiмi анықталады.

      Жөндеуші ұйымның басшысы: ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Жөндеуші ұйымның жұмыскерлері: _______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      ______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      _____________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

  Жылжымалы құрам
қызметінің мерзімін ұзарту
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Арнайы жылжымалы құрамның қызмет мерзімін ұзарту бойынша техникалық шешім

Келісемін:
Тапсырыс беруші/жөндеуші ұйым
_______ ________________________
қолы аты-жөні, тегі (болған жағдайда)
20___ жылғы "_____"_____________
мөр орны (бар болған жағдайда)

Бекітемін:
Техникалық диагностикалауды
орындайтын ұйымның басшысы
_______ ________________________
қолы аты-жөні, тегі (болған жағдайда)
20___ жылғы "_____"_____________
мөр орны (бар болған жағдайда)

№ ________техникалық шешім

      ___________________________________________________________ тиесілі

      (АЖҚ иесінің толық атауы)

      және ______________________________________________тіркеліп жазылған.

      (кәсіпорынның атауы, станцияның шақыру)

      ___________________________________ қызмет ету мерзімін ұзарту және

      (АЖҚ типінің атауы)

      ұзарта отырып жөндеу жүргізу туралы қызмет етудің белгіленген мерзімін

      __________________________________________________________________

      (ұйымның, орындаушының атауы)

      орындаған техникалық диагностикалау негізінде белгіленген қызмет мерзімін ұзартады және келесі АЖҚ-ның қажетті жөндеу түрін анықтайды ( ______ бірлік):

р/с №

АЖҚ нөмірі

АЖҚ моделі/ түрі/сериясы

Шығарылған күні

Қажетті жөндеу түрі

ТШ, басшылықтың жобалар нөмірі,

Ұзартылған қызмет ету мерзімі (айы, жылы)

АЖҚ мақсаты

1

2

3

4

5

6

7

8









      АЖҚ ауысымды тораптары АЖҚ-ның техникалық қызмет көрсету барысында үнемі тексерілуі, ақаулы ауысымды тораптары белгіленген тәртіппен ауыстырылуға тиіс. Ауысымды тораптардың қызмет ету мерзімі осы техникалық шешім бойынша ұзартуға жатпайды.

      Жауапты орындаушы: __________ ___________ ________________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Келісілді: Тапсырыс беруші: _________ ______ _____________

      лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Жылжымалы құрамның
қызмет мерзімдерін ұзарту
қағидаларына
9-қосымша

20 ___ жылғы "___" ____________ арнайы жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша жүргізілген жұмыс туралы акті

      ___________________________________________________________ тиесілі

      (кәсіпорынның-АЖҚ иесінің толық атауы)

      __________________ қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында______________

      (түрі/моделі/серия АЖҚ) ___________________ жөндеу бойынша

      (жөндеу түрі) тағайындалған

      Осы акт ______________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (жұмыс жасаған, жөндеу кәсіпорнының атауы)

      20___жылғы "____"_________ № __________ техникалық шешімімен

      бекітілген және нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес

      __________________________________________________________________

      (АЖҚ-ның ауысымды тораптары мен бөлшектеріне жөндеу жүргізілгенге сәйкес, құжаттың атауы)

      мынадай жұмыстар жүргізгеніндегі туралы жасалды:

р/с №

АЖҚ нөмірі /зауыттық нөмірі

Орындалған жұмыстар атауын көрсете отырып АЖҚ-ның тораптары мен бөлшектері

Қызмет ету мерзімі 20__жылғы "__"________дейін ұзартылды





      ____________________ техникалық жағдайы жарамды және магистральдық

      (АЖҚ-ның атауы)

      теміржол желісінде пайдалануға жіберіледі.

Жөндеуге тапсырыс беруші
_________________________
мөр орны (бар болған жағдайда)
20___ жылғы "____" __________

Жөндеуші ұйымның басшысы
________________________
мөр орны (бар болған жағдайда)
20___ жылғы "____" ________



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады