Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда N 2373 нөмірмен тіркелген "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 2 наурыздағы N 99-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2772. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2012.02.17 № 25-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
 

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда N 2373 нөмірмен тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 19 шілдедегі N 29 жарияланған, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы N 321-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, "Ресми газетте" 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 4(161) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
 

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесінің 4-1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
 

      "Табиғи монополиялар субъектісі сатып алатын, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердің тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізудің уәкілетті органмен келісілген мерзімі он бес күннен аспауға тиіс.".
 

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т. Жолдыбаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
 

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Токарева М.А.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
 

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.С.Мыңбаевқа жүктелсін.
 

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады