Спорт атақтары мен разрядтар беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 06-2-2/131 бұйырығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 сәуіде тіркелді. Тіркеу N 2829. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 22 тамыздағы N 01-08/142 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008.08.22. N 01-08/142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      _____________________ Бұйрықтан үзінді ______________________

      Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі N 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. ...
      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің "Спорт атақтары мен разрядтар беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 06-2-2/131 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу реестрінде 2004 жылы 29 сәуірде N 2829 болып тіркеліп, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық бюллетенінде 2005 жылы қазанда N 19, 167-бетте жарияланған)
күші жойылды деп танылсын.
      4. ...
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                         Қ. Өскенбаев

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған спорт атақтары мен разрядтарды беру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Бұқаралық спорт жұмыстары басқармасы белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Е.Б.Қанағатовқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

      Төрағаның м.а.

Қазақстан Республикасының Туризм және   
спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының м.а. 
2004 жылғы 12 сәуірдегі "Спорт атақтары  
мен разрядтар беру туралы нұсқаулықты   
бекіту туралы" N 06-2-2/131         
бұйрығымен бекітілген           

Спорт атақтары мен разрядтар беру жөніндегі
Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы спорт атақтары мен разрядтар беру туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) спортшылардың шеберлік деңгейін бірыңғай бағалауды қамтамасыз ету мақсатында спорт атақтары мен разрядтар берудің ресімдері мен шарттарын айқындайды.

      2. Спорт атақтары мен разрядтар дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқару органы (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекіткен "Қазақстан Республикасының спорттық жіктемесіне" сай беріледі.

      3. Қазақстан Республикасының спорттық жіктемесі (бұдан әрі - жіктеме) - спорт түрлері бойынша спортшылардың шеберлік деңгейін анықтайтын спорт атақтарының, разрядтардың жүйесі. Жіктеме 4 жылдық (олимпиадалық) кезеңге бекітіледі. Уәкілетті орган спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі - федерациялар) ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасында спорт түрінің дамуына байланысты Жіктемеге тиісті өзгерістер енгізеді.
      Спорт түрінің ерекшелігі, спортшылардың жынысы мен жасы ескеріліп, белгіленген және нақты жағдайларда орындалған разрядтық талаптар мен нормалар әртүрлі деңгейдегі спорттық жетістіктердің көрсеткіші болып табылады.

      4. Жіктеменің талаптарына сәйкес спортшыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар беріледі:
      1) спорттық атақтар:
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;
      Қазақстан Республикасының спорт шебері;
      2) спорттық разрядтар:
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер;
      1-ші разрядты спортшы;
      2-ші разрядты спортшы;
      3-ші разрядты спортшы;
      1-ші жасөспірімдік разрядты спортшы;
      2-ші жасөспірімдік разрядты спортшы;
      3-ші жасөспірімдік разрядты спортшы;

2. Спорт атақтары мен разрядтарды беру шарттары

      5. Жіктемеде белгіленген разрядтық нормалар мен талаптарды орындаған Қазақстан Республикасының азаматтарына - спортшыларға спорт атақтары мен разрядтар беріледі.

      6. Спорттық атақ спорт түрінен немесе тәрбиеден өтетін жарыстың төрешілер алқасының құрамында тиісті деңгейдегі төрешілер бар болса беріледі.

      7. "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атақтарын беру үшін бас төрешілер алқасында кемінде "спорт түрінен жоғары санатты ұлттық төреші" санатындағы үш төреші болуы қажет.
      Спорттық разрядтарды беру үшін:
      "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткерге" - "спорт түрінен жоғары санатты ұлттық төреші" санатты екі төреші және "спорт түрінен ұлттық төреші" санатты үш төреші;
      1-ші разрядты спортшы - "спорт түрінен жоғары санатты ұлттық төреші" санатты екі төреші және "спорт түрінен ұлттық төреші" санатты екі төреші;
      2-3-ші разрядты спортшы - "спорт түрінен ұлттық төреші" санатты екі төреші және бірінші санатты екі төреші;
      жасөспірімдер разрядтарына - бірінші санатты екі төреші және спорт жөнінде екі төреші болуы қажет.

3. Спорт атақтары мен разрядтарды беру

      8. "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" және "Қазақстан Республикасының спорт шебері" атақтарын дене шынықтыру және спорт саласындағы аумақтық атқарушы органдардың және спорт түрлерінен республикалық федерациялардың ұсынымы бойынша уәкілетті орган береді.

      9. "Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер" спорттық разряды мен 1-ші разрядты дене шынықтыру және спорт жөніндегі аудандық, қалалық атқару органдары мен спорт түрлерінен облыстық федерациялардың ұсынымы бойынша аумақтық атқару органдары береді.

      10. 2 және 3 разрядты спортшыларға спорттық разрядты дене шынықтыру және спорт саласындағы аудандық, қалалық атқару органдары және дене шынықтыру және спорт ұйымдары береді.

      11. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі біріктіретін спорт клубтары бойынша спорт түрлерінен спорттық разрядтар беруді уәкілетті органмен келісе отырып, дербес жүзеге асырады.

      12. Спортшыны спорттық атаққа ұсынуға құқылы ұйымдар тиісті нормалар мен талаптарды орындаған сәттен бастап, алты ай ішінде қажетті құжаттарды ресімдеуі қажет.

      13. Спорттық разрядтарды беруге құқылы ұйымдар тиісті нормалар мен талаптарды орындаған уақыттан бастап, бір ай ішінде қажетті құжаттарды ресімдеуі қажет.

      14. Атақтарды беру туралы ұсынымда (Нұсқаулыққа 1-қосымша) спортшының жетістіктері көрсетілуі қажет. Ұсынымға мыналар қоса беріледі:
      1) жарыстың бас төрешісі мен бас хатшысы қол қойған жарыстың атауы, өткен мерзімі мен орны көрсетілген жарыс хаттамасының көшірмесі;
      2) бокс, күрес түрлерінде - жарыстың бас төрешісі, бас хатшысы қол қойған спортшының жеңісі туралы анықтама (Нұсқаулыққа 2-қосымша);
      3) дене шынықтыру және спорт саласындағы аумақтық атқару органдарының ұсынымы;
      4) үміткердің екі фотосуреті.

      15. Спорт атақтары мен разрядтар беру туралы мәселелерді алқалы қарау үшін дене шынықтыру және спорт саласындағы атқару органдарында және дене шынықтыру мен спорт ұйымдарында консультативтік-кеңесші орган - спорттық атақтар, разрядтар беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады.

      16. Комиссия мынадай құрамда құрылады: комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелері. Комиссия құрамы тиісті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      17. Комиссия атақтарды беруге ұсынылған құжаттарды қарайды және атақты, разрядты беру немесе беруден бас тартуды ұсынуға құқылы.

      18. Комиссия беруге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет шақырылады. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3-і болғанда өтеді.

      19. Комиссия ашық дауыс беру жолымен (жай көпшілік дауыспен) атақтарды беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымдық сипатта ұсыныстар енгізеді.

      20. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және дауыс беруге қатысқан комиссия мүшелері хаттамаға қол қояды.

      21. Дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті атқарушы органдар және дене шынықтыру мен спорт ұйымдары Комиссия қорытындысының негізінде атақ беру туралы шешім қабылдайды және ол бұйрықпен бекітіледі.

4. Қорытынды ережелер

      22. Спорттық атақтарды иеленген немесе разрядтың талаптарын орындаған спортшыларға тиісті куәліктер (Нұсқаулыққа 3-қосымша) мен белгілер беріледі.

      23. Куәліктер мен белгілерді беру берілген куәліктер мен белгілерді тіркейтін журналға жазылады.

      24. Дене шынықтыру және спорт ұйымдары спорт атақтары мен разрядтарды беру туралы бұйрықтың негізінде жіктеме сынақ кітапшасын (Нұсқаулыққа 4-қосымша) толтырады. Спортшының жіктеме сынақ кітапшасында жарыстардың нәтижелері, спортшыға келесі атақтың, разрядтың берілгендігі және медициналық тексеруден өткендігі жазылады.

Қазақстан Республикасының Туризм және   
спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының м.а.
2004 жылғы 12 сәуірдегі "Спорт атақтары  
мен разрядтар беру туралы нұсқаулықты   
бекіту туралы" N 06-2-2/131       
бұйрығына 1-қосымша          

___________________________________________________________________
Ұсыным                               |Атағы |Түрлі-түсті сурет
                                     |      | 2 дана 3,5 х 4,5
-------------------------------------|      |
Спорт түрі|                          |      |
Т -       |                          |      |
А -       |                          |-----------------------------
Ә -       |                          |Туған жылы, күні, айы
----------|--------------------------|20___ "___"_____________
Т.А.Ә. қазақ және орыс тілдерінде    |
баспа әріптерімен толтырылады        |
-------------------------------------|-----------------------------
Ұсынған облысы                       |қаласы (ауданы)
ДСҰ                                  |Спорт мектебі
-------------------------------------|
Дене тәрбиесі                        |
білімі                               |
-------------------------------------|
Оқу (жұмыс) орны мамандығы           |Спортшылық өтілі
-------------------------------------|
Мекен жайы                           |
-------------------------------------------------------------------
Бұрынғы атағы |Атақ берілген,|Дайындаған |Жаттықтырушылық
              |немесе        |жаттықтыру.|санаты
              |расталған күні|шылардың   |
              |              |аты-жөні   |
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
Бастауыш дене шынықтыру |Турспорт басқармасы|Қазақстан
    ұйымы               |(аудан, қала, обл.)|Республикасының
Басшы _________         |Басшы _________    |федерациясы
        (қолы)          |        (қолы)     |Басшы _________
М. О.                   |М. О.              |       (қолы)
Күні                    |Күні               |М. О.
                        |                   |Күні
-------------------------------------------------------------------
ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне|"___"__________20___
түскен күні                               |
-------------------------------------------------------------------
  Негізгі көрсеткіштер
-------------------------------------------------------------------
Орындалған күні,|Жарыстың аты|Жарыстың дәрежесі|Көрсеткен
айы, жылы       |            |                 |нәтижесі
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
Төрешінің       |Аты - жөні  |қаласы           |Төрешілік
қызметі         |            |                 |дәрежесі
-------------------------------------------------------------------
Бас төреші      |
----------------|
Бас хатшы       |
----------------|
Аға төреші      |
-------------------------------------------------------------------
Құжатты ҚР Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің бекітуі
-------------------------------------------------------------------
Жауапты тұлға   |                              |күні
-------------------------------------------------------------------
Жоғары          |Бас тартуының себебі және     |Жіберген күні
жетістіктер     |тәртіп бұзушылық туралы       |
спорты мен спорт|ескертпе                      |
резерві         |                              |
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының Туризм және   
спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының м.а.
2004 жылғы 12 сәуірдегі "Спорт атақтары  
мен разрядтар беру туралы нұсқаулықты   
бекіту туралы" N 06-2-2/131        
бұйрығына 2-қосымша            

Жеңісі туралы анықтама

берілді.___________________________________________________________
                   (аты-жөні)
___________________________________________________________қаласы
Жарыстың өткен күні мен орны.
___________________________________________________________________
Салмақ дәрежесі___________________________________ кг. дейін
Алған орны_________________________________________________________
Осы салмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан спортшылар саны:
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
N |Аты-жөні|Облысы |Спорттық атағы  |Жеңіс нәтижесі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Жарыстың бас төрешісі              Аты-жөні қолы
      Жарыстың бас хатшысы               Аты-жөні қолы

      Төрешінің қолы, жарысты өткізген ұйымның мөрімен
куәландырылады

Қазақстан Республикасының Туризм және 
спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының м.а.
2004 жылғы 12 сәуірдегі "Спорт атақтары 
мен разрядтар беру туралы нұсқаулықты  
бекіту туралы" N 06-2-2/131     
бұйрығына 3-қосымша        

Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөніндегі агенттігі

      N______Куәлік

      Сурет орны   Тегі____________________________________________
      3.5 х 4.5    Аты ____________________________________________
      Әкесінің аты_____________________________
      _____________________________спорттық атағы берілді

      Төраға     қолы     Аты-жөні

      20__ж. "____" __________N___________бұйрық
      20__ж. "____" __________берілді

Қазақстан Республикасының Туризм және 
спорт жөніндегі агенттігі Төрағасының м.а.
2004 жылғы 12 сәуірдегі "Спорт атақтары 
мен разрядтар беру туралы нұсқаулықты  
бекіту туралы" N 06-2-2/131     
бұйрығына 4-қосымша         

Спортшының жіктеме сынақ кітапшасы

      Спортшының жіктеме сынақ кітапшасын тіркеу N____

      Спорттың түрі_____________________________
      Тегі_____________________________________
      Аты_____________________________________
      Әкесінің аты_____________________________
      Туған жылы_________________________________
      Тұратын жері (мекен жайы)___________________
      Оқитын жері, жұмыс орны____________________
      Спорт қоғамы______________________________
      Спорттық разряд (атақ)____________________
      Спортшының қолы__________________________
      20__ж. "____" __________

      Спорттық қоғамда, (спорттық клубында) тіркелген_____________

      Спортшы суретінің орны    Спорт қоғамы (клубы) төрағасының
      3.5 х 4.5                 қолы, мөрі
                                __________________

2 бет

Медициналық тексеру, спортшының
жарысқа қатысуына рұқсаттама

___________________________________________________________________
N|Өткен күні |Жарамды |Медициналық мынадай |Дәрігердің Ескертпе
|           |        | уақытқа дейін      | қолы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

3 бет

Берілген спорттық атақтар, разрядтар

___________________________________________________________________
N |берілген атақтардың,  |бұйрықтың  |басшының қолы
  |разрядтардың атауы    |нөмірі     |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

4 бет

Президенттік сынақтар тапсырудың нормативтері

___________________________________________________________________
Р/с| Мына жастағы     |Күні, айы, |Норматив   |Жауапты адамның
N  | топтар арасында  |жылы       |           |қолы
___________________________________________________________________
1.  12-13 жас
___________________________________________________________________
2.  14-15 жас
___________________________________________________________________
3.  16-17 жас
___________________________________________________________________
4.  18-20 жас
___________________________________________________________________
5.  21-27 жас
___________________________________________________________________
6.  28-34 жас
___________________________________________________________________
7.  35-39 жас
___________________________________________________________________
8.  40-44 жас
___________________________________________________________________
9.  45-49 жас
___________________________________________________________________
10. 50-54 жас
___________________________________________________________________
11. 55-59 жас
___________________________________________________________________
12. 60-64 жас
    және одан
    да жоғары
___________________________________________________________________

5 бет

Спортшының жарысқа қатысуы және нәтижесі

___________________________________________________________________
N |Жарыстың атауы|Жарыстың өткен|Нәтижесі |Бас төрешінің және бас
  |              |күні мен жері |         |хатшының қолы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

6 бет

Спортшының бір қоғамнан басқа ұйымға ауысуын тіркеу

___________________________________________________________________
N |Дене шынықтыру-спорт |Дене шынықтыру-спорт ұйымы
  |ұйымнан ауысу        |есепке алды
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады