N 2115 санымен тіркелген "Істері соттардың ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалардың; белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды иелену құқығы сотпен айырылған тұлғалардың есебін бірыңғай тәртіпте жүргізу Қағидасын бекіту мен іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 13 желтоқсанындағы N 67 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2847. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2007 жылғы 7 маусымдағы N 22 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 07.06.2007 N 22 бұйрығымен (бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Келісілген:       
Қазақстан Республикасы  
Жоғарғы Сотының Төрағасы 
________________________ 
1 сәуір 2004 жыл      

      "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы мәліметтердің орталықтандырылған банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылдың 5 желтоқсанындағы N 67  бұйрығының негізінде (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2606 санымен тіркелген) әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғаларды бірыңғай есепке алу мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:

      1. "Істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалардың; белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды иелену құқығы сотпен айырылған тұлғалардың есебін бірыңғай тәртіпте жүргізу Қағидасын бекіту мен іске қосу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2002 жылдың 13 желтоқсанындағы N 67  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2115 санымен тіркелген) келесі өзгертулер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мен әрі қарайғы мәтіні бойынша "Істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған;" сөздері алынып тасталынсын;

      аталған бұйрықпен бекітілген, істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалардың; белгіленген тәртіпте әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды иелену құқығы сотпен айырылған тұлғалардың есебін бірыңғай тәртіпте жүргізу Қағидасының:

      тақырыбындағы "Істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған;" сөздері алынып тасталынсын;

      1-тармағының 3) тармақшасы алынып тасталынсын;

      "Істері соттар ведомствосына қарасты қасақана әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалардың есебін жүргізу тәртібі" 4-тарауы алынып тасталынсын;

      27-тармағы келесі редакцияда берілсін:
      "Осы Қағидамен алдын ала қаралған, нысандары белгіленген және материалы сапалы есепке алу-тіркеу құжаттарының бланкілері құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерімен дайындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі үшін шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрықты құқықтық статистика мен арнайы есепке алу субъектілеріне және аумақтық органдарға жолдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Г.В.Кимге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады