Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушы 2011.05.24 № 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) бұйрығымен.
Қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мақсатында, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімінде N 1718 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, N 7-8, 543-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықта:
10-тармақтың 5) тармақшасындағы "және тергеу мекемесінде бақылау мен заң сақтауды жүргізетін облыстық прокурорға хабарлайды" деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) арнайы құралдар қолданудың әрбір фактісі туралы ТМ-нің бастығы ТМ-де заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорға хабарлайды.".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Бас прокурорының
бірінші орынбасары
__________________
(өз қолы)
2004 жылғы 27 мамыр