Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1718. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 24 мамырдағы № 194 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің міндетін атқарушы 2011.05.24 № 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметін жетілдіру мен қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы қоса берілген Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ҚАЖ Комитетінің төрағасына жүктелсін.
      3. Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап іске енеді.

      Министр

      "КЕЛІСІЛГЕН"
     Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
       Бас прокуратурасы                     Әділет Министрлігі  
     2001 ж. 19 желтоқсан                   2001 ж. 11 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы
құралдарды қолдану тәртібі туралы
Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі ҚАЖ Комитетінің түзеу мекемелері қызметкерлерінің арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) тәртіп сақтау және сотталғандарды бақылау қызметін атқару кезінде түзеу мекемелерінің жеке құрамы тәртіп бұзушылықтарының алдын кесу және сотталғандардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, түзеу мекемелері қызметкерлері мен әкімшіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы құралдарды қолдану тәртібін анықтайды.

      2. Басқа құралдар түрлері бұзушыларға ескерту жасау үшін
пайдаланылған, бірақ керекті нәтиже бермегенде ғана арнайы құралдар қолданылады. Аталған құралдар оның аса қажет болғанымен асыра қолданылмайды.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      3. Арнайы құралдар заңсыз қолданғаны үшін айыпты тұлғалар заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

2. Арнайы құралдардың тізілімі

      4. Жеке қорғаныс құралдары:
      1) шлемдер (әскери болаттан жасалған, "Сфера" пластмассадан жасалған қорғаныс каскасы);
      2) бронежилеттер, оқтан қорғау курткалары, (ЖЗТ-71М, ЖЗЛ-74, "Мираж");
      3)"Витраж" соққыдан және брондылық қорғайтын, (ЛЗТ-75, БЩ-82, "Забор");
      4) противогаз.

      5. Белсенді қорғаныс құралдары:
      1) арнайы резина таяқшасы;
      2) қолкісендер (БР, БР-С);
      3) газдалған қол гранаталары ("Черемуха-1", "Черемуха-6");
      4) газдалған гранаталы патрондар ("Черемуха-4", "Черемуха-7");
      5) буып-түйілген аэрозолдық құрал ("Черемуха-10");
      6) арнайы карабин (КС-23).

      6. Арнайы операцияларды қамтамасыз ететін құралдар:
      1) қаптылы аппараттар ("Облако");
      2) жарық-шулы гранаталар мен құралдар ("Заря", "Пламя");
      3) шағын көлемді жарылғыш құралдар ( "Ключ", "Импульс");
      4) өрт сөндіру автоцистернасы (АЦ-40/375Н);
      5) автокөлікті тоқтатуын мәжбүр ететін құралдар ("Еж-М").

      7. Арнайы құралдардың тізілімі өзара алмасып, жаңа құралдардың даярлауына қарай, жаңартылып отыруы мүмкін.

3. Арнайы құралдарды қолдану тәртібі

      8. Арнайы құралдың түрі және оны қолдану қарқыны орын алған жағдайды, құқық бұзушы тұлғаның және құқық бұзушылықтың, сондай-ақ арнайы құралдардың тактика-техникалық сипаттамасын ескере отырып анықталады. Сотталғандарға қарсы арнайы құралдар:
      1) қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінің, ұйымдарының және органдарының аумағындағы азаматтарға, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен қылмыстық-атқару жүйесінде жұмыс істейтін өзге де адамдарға жасалған шабуылдарды тойтару;
      2) кепілге алынған адамдарды босату, жаппай тәртіпсіздіктің, түзеу мекемелерінде жаза өтеудің белгіленген тәртібін топтасып бұзушылықтың жолын кесу;
      3) қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріне, ұйымдары мен органдарына тиесілі үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлік құралдарына, жер учаскелеріне жасалған шабуылды тойтару, сондай-ақ оларды басып алудан босату үшін;
      4) егер сотталғандар қашып кетуі мүмкін деп санауға жеткілікті негіздер болса, оларды айдап апару және күзету;
      5) егер сотталғандар қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінің қызметкерлеріне бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, олардың заңды талаптарына қасақана бағынбаса, еліре қарсылық көрсетсе, жаппай тәртіпсіздікке, кепілге адам алуға қатысса, азаматтарға шабуыл жасаса немесе өзге де осы секілді іс әрекеттер жасаса, оларды ұстау;
      6) түзеу мекемелерінен сотталғандардың қашуы немесе қашқындарын ұстау кезінде құқыққа қарсы іс-әрекеттердің жолын кесу;
      7) ұсталған және сотталған адамдардың айналасындағыларға немесе өзіне-өзі залал келтіруін болдырмау;
      8) қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерінің заңмен жүктелген міндеттерін жүзеге асыруына қасақана кедергі келтіретін адамдардың құқыққа қарсы іс-әрекеттерінің жолын кесу кезінде қолданылады.
      Ескерту: 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2009.06.29 N 78 бұйрығымен.

      9. Арнайы құралдарды қолдану және оның қолданылу шапшаңдығы туралы шешімді түзеу мекемесінің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін жауапты тұлға қабылдайды, яғни нақты операциясының басшысы. Жеке өзі әрекет жасайтын қызметкер мұндай шешімді дербес қабылдайды.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 246 бұйрығымен.

      10. Арнайы құралдарды қолдану кезінде келесі жағдайлар ескерілуге тиісті:
      1) алдын-ала, міндетті, анық, мемлекеттік немесе ресми орыс тілінде осы құралдар қолданғалы отырған тұлғаларды ескерту, егер баяулық жасау адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік төндіретін жағдайдан басқа немесе басқа да денеге зардап тигізсе немесе мұндай ескерту осы жағдайда орынсыз не керексіз болса. Ескерту дауыс арқылы жасалады, ал арақашықтығы алыс жағдайда немесе сотталғандардың үлкен тобына - дауыс шығаратын қондырғылар арқылы, барлық жағдайларда ескерту екі рет қайталанып, арасында жауап беру үшін уақыт беріледі;
      2) қойылған талаптарды орындау үшін жеткілікті уақыт беру, егер баяулық жасау адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік төндіретін жағдайдан басқа немесе басқа да денеге зардап тигізсе немесе мұндай ескерту осы жағдайда орынсыз не керексіз болса;
      3) сотталғандар мен тұтқындағыларға аз зиян келтіруді қамтамасыз ету, зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету. Белсенді қорғаныс құралдарын қолданатын түзеу мекемесінің қызметкерлері алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін үйренуге тиісті. Арнайы операциялар өткізгенде арнайы құралдар қолданылатын жағдайда медицина қызметкерлері шақырылады;
      4) Арнайы операцияны қамтамасыз ету кезінде белсенді қорғаныс құралдарын қолданатын тергеу мекемесінің қызметкерлері ТМ бастығына мәлімдеп, қашан, қайда, қандай құрал, кімге қарсы, қандай жағдайда қолданғаны, қажетті қорғаныс немесе жағдайда болғаны көрсетіледі;
      5) белсенді қорғаныс құралын қолдану туралы әр дерек, сонымен қатар арнайы операциялар өткізу кезінде ТМ бастығы ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі - ҚАЖК ҚАЖД) бастығына, ҚРІІМ ҚАЖ кезекшісіне мәлімдейді;
      6) арнайы құралдар қолданудың әрбір фактісі туралы ТМ-нің бастығы облыс және оған теңестірілген прокуратураларының ТМ-де заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорына хабарлайды.
      Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер мен толықтыру енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004.05.27 N 153, 2004.08.27 N 246, 2010.09.27 N 268 (ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      11. "КС-23" арнайы карабинінің "Черемуха-7" газ гранатасынан патрон ату үшін қолданылуы прокуратурамен келісіліп жүргізіледі, егер құқық бұзушылар бас сауғалаған жерде өзге адамдар болса, соның ішінде кепілдікке алынғандар да.

      12. Айналадағылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретіндей шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайларды қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсілдерді әйелдерге, мүгедектіктің белгісі анық көрініп тұрған адамдарға және кәмелетке толмағандарға қолдануға тыйым салынады.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 2009.06.29 N 78 бұйрығымен.

4. Қызметкерлерді арнайы құралдармен жабдықтау реті,
қызметкерлерді дайындау; арнайы құралдарды
есепке алу және сақтау

       13. Тәулікке кезекшілікке түскен кезекшілер міндетті түрде, арнайы белсенді қорғаныс құралдарымен жабдықталады (резина таяқшасы, қолкісендері, буып-түйілген аэрозолдық құрал, "Черемуха-10"). Кезекші сменаға арнайы құралдарды беру рұқсатын колония бастығының кезекші көмекшісі береді (бұдан әрі - КБКК), ол туралы журналдарда тиісті белгі қойылады. Қызмет аяқталғанда, арнайы құралдар КБКК-не қол қою арқылы тапсырылады. Арнайы құралдарды ТМ-ның сыртында орналасқан бөлек күзетілетін әкімшілік ғимаратында сақтау мүмкіндігін істеу керек.

      14. Арнайы операциялар өткізу кезінде кезекшілерді арнайы құралдармен:
      1) арнайы "КС-23" карабині мен "Черемуха-6" қол гранатасы, "Заря" жарықшулы және "Пламя" құралы, " Ключ", "Импульс" шағын көлемді жарылғышы, "Еж-5" автокөлікті мәжбүр тоқтату үшін құралдарды - түзеу мекемесінің бастығы;
      2) өрт сөндіру автоцистернасы, "Черемуха-1" қол гранатасы, патронымен "Черемуха-4" қол гранатасы, "Облако" қап құралымен - ҚАЖ Комитетінің төрағасы немесе міндетін атқарушы жабдықтауға рұқсат береді.

      15. Қызметкерлерді арнайы құралдарды қолдануға дайындау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің оқу орындарында өткізіледі. Қызметкерлердің жеке іс қағаздарында, өткен оқу курсы бойынша тиісті сынақтардың тапсырылуы жөнінде анықтама болады.

      16. "Облако" қап аппараты, "Заря" және "Пламя" қондырғылары мен гранаталары, "Ключ", "Импульс" шағын жарылыс құралдарын қолдануға заңнамамен бекітілген оқып-үйренуді өткен қызметкерлер ғана жіберіледі.

      17. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің төрағасы ҚАЖК ҚАЖД бастықтары, түзеу мекемелерінің бастықтары арнайы құралдардың заңды қолдануын қамтамасыз етуді бақылайды және оны дұрыс пайдаланбаған тұлғаларға тиісті шаралар қолданады.
      Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің  2010.12.22 № 341 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

5. Қауіпсіздік шаралары

      18. Резина таяқшасы пайдаланғанда маңызды органдардан, бастан, беттен, мойнынан әдейі соғуға тыйым салынады.
      Ескерту: 18-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 27 тамыздағы N 246 бұйрығымен.

      19. КС-23 карабинінің, дабыл пистолетінің оқталуын тікелей тапсырма бергеннен кейін қолдануға болады.

      20. Газды түтін аймағында қалған операцияға қатысушылар қауіпті аймақты тез арада тастап кету керек. Мұндай жағдайда зардап шеккендерге алғашқы жәрдем көрсету үшін мүсәтір (дем беру үшін) мен 2% пайыздық ішетін су мен бор қышқылы (көз жууға) қолданылады.

      21. Газды түтінде жұмыс жүргізу жеке қорғаныс құралдарымен жүзеге асырылады.

      22. "Черемуха" арнайы құралдарымен жұмыс істеген кезде:
      1) "Черемуха-1" гранатасын ашу және ақауларын жөндеуге;
      2) "Черемуха-6" гранатасын көлемі 60 куб.м.-ден кем бөлмесінде лақтыруды екі рет орындауға;
      3) КС-23 карабинінен 26 мм. қағаз гильзаға оқталған қару-жарақтарының әр түрін қолдану, дабыл және жарық беретін қару-жарақтарын, сондай-ақ газды пистолеттен атуға арналған "Черемуха-4" газды гранаталарын ату үшін қолдануға;
      4) "Черемуха-7" гранатасын ату үшін, КС-23 карабинінен басқа, өзге қаруды қолдануға;
      5) "Черемуха-4", "Черемуха-7" гранаталарын патронымен ашуды жүргізуге тыйым салынады.

      23. Шағын көлемді жарылғыш қондырғыларымен, жарық әрі дыбыс беретін гранаталар мен қондырғылар арқылы жұмыс жүргізгенде жарық беру құралдары жарылғыш тәсілдерден бөлек ауысу керек.
      Оған жарық беру құралдарына электр тізбегін қосар алдында тоқ қуатының жоқтығына көз жеткізу керек. Қызметкерлерге, шағын көлемді құралдарды немесе жарық әрі дыбыс беретін гранаталарды қолданарда, жеке құралдармен сақтану экипироваландырлған болу керек.

      24. Сөнген от өткізу сымын екінші рет жағуға мүлдем тыйым салынады. Іске қосылмаған "Пламя", "Ключ", "Импульс", "Заря" гранатасына 10 минут ішінде жақындауға тыйым салынады.

      25. "Пламя", "Ключ", "Импульс" жарық беру құралдарын қолдануда электр тізбегінің дұрыстығына көз жеткізіп, екінші рет қайта қосу қажет. 10 минуттан кейін іске қосылмаған қондырғыларды шығарып, үнемі сақталатын орнына себебін анықтау үшін апарады.

      26. Шағын көлемді жарылғыш қондырғыларды және корпусында және сыртқы қауашағында ақауы бар жарық әрі дыбыс беретін гранаталарды пайдалануға тыйым салынады (жарықтар, сынықтар)

      27. Белсенді қорғаныс құралдары мен арнайы операцияларды (резеңкелі таяқшалар, қолды кісендер, "Черемуха-10" қамтамасыз ету адамына 2 метрге жақын қашықтықта қолдануға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады