Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң "Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесiн бекiту туралы" N 2498 болып тiркелген, 2003 жылдың 18 қыркүйектегi N 194 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы N 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2880. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.12.2016 № 1122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 122 бабын iске асыру мақсатында, бұйырамын:

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 194 "Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесiн бекiту туралы" (нормативтi-құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу реестерiнде N 2498 болып тiркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесiне:

      17 тармақ үшiншi абзацпен мына мазмұнда толықтырылсын:

      "Күшейтiлген айдауыл сонымен қатар өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандарды айдауылдау кезiнде де тағайындалады.";

      18 тармақ 3) тармақшамен мына мазмұнда толықтырылсын:

      "3) өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жеке тiнтуден өткiзгеннен кейiн қолын артынан келтiрiп кiсен салынады және ол арнайы пунктке келген бойында шешiледi.";

      22 тармақ екiншi абзацпен мына мазмұнда толықтырылсын:

      "Өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандар қамауға алынған кезде сапта бiр-бiрден (екi-екiден) және айдауыл бастығының (аға айдауыл) бұйрығы бойынша қозғалады.";

      23 тармақ үшiншi абзацпен мына мазмұнда толықтырылсын:

      "Өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандарды арнайы автомобильдiң камераларына екi адамнан арттырмай орналастырады, оларды айдауылдау басқа сотталғандардан бөлек жүргiзiледi.";

      30 тармақтың бiрiншi абзацында "барлығынан бөлек" деген сөздерден кейiн "және өмiрлiк бас бостандығынан айырылып жазасын өтеп жатқан сотталғандар" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енеді.

Министр


Келісілді


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі



      _________________________

      27 мамыр 2004 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады