Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің" 15-тармағының 132-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 01.09.2023 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интернет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа, Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха), Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығымен бекітілген |
Күдіктілерді, айыпталушылар және сотталғандарды айдауылдау қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Күдіктілерді, айыпталушылар және сотталғандарды айдауылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) күдіктілерді, айыпталушылар және сотталғандарды (бұдан әрі - айдауылданушылар) айдауылдау тәртібін айқындайды.
2. Айдауылдау жөніндегі міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдарының құрамында, сондай-ақ тікелей Ішкі істер министрлігінде, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінде, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде айдауылдау бөліністері құрылады.
Айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдауды "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның (бұдан әрі - Ұлттық ұлан) бөліністері жүзеге асырады.
ҚАЖ мекемесі орналасқан жерлердегі елді мекендерде Ұлттық ұлан бөліністері болмаған кезде айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдауды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бөліністері жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау ішкі істер органдарының күзетпен ұстау және жазаларды өтеу орындарының әкімшіліктері әзірлейтін және бекітетін белгіленген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Қызмет көрсетілетін объектілер ықшам орналасқан және автомобиль жолдары болған кезде уақытша ұстау изоляторлары, тергеу изоляторлары, ҚАЖ мекемелері, алмастыру пункттері мен соттар арасында айналма айдауылдау ұйымдастырылады.
Осындай айдауылдаудың қозғалыс кестесі Ұлттық ұлан қарауылдарының жоспарлы темір, авто жолдарындағы айдауылдау бағытындағы қозғалыс кестесін ескере отырып, әзірленеді.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Көліктегі полиция департаменттері жоспарлы бағыттарды әзірлеуге қатысады және Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің штабтарымен, темір жолдардағы арнайы тасымалдау бөлімдерімен (бөлімшелерімен) бірлесіп, жоспарлы қарауылдар рейстерінің санын, алмастыру пункттерін, күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдау (тапсыру) үшін айдауылдарды осы пункттерге жіберетін айдауылдау бөліністерін (ішкі істер органдарының) белгілейді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау арнайы көлік құралында жүзеге асырылады. Арнайы көлік құралы болмаған кезде анағұрлым алысқа (15 километрге дейін) айдауылдау ішкі істер органы, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органы бастығының жазбаша рұқсатымен жеңіл қызметтік немесе ашық, жабық жүк көлік құралдарында жүзеге асырылады.
Қауіпсіздігі барынша төмен ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды айдауылдау кезінде көлік құралының түрі, айдауылдың құрамы мен арнайы құралдармен қамтамасыз етілуі осы мекеме бастығының шешімімен айқындалады.
6. Айдауылдау бастығы жол қатынасында немесе кері айдауылдау үшін айдауылданушылардың көп санын қабылдаған жағдайда айдауылды күшейту қажет болған кезде ең жақын ішкі істер органына жүгінеді, оның бастығы өз қарамағындағы күштермен құралдарды күшейтуге тиісті шаралар қабылдайды. Қосымша айдауылдарды бөлуге мүмкіндік болмаған кезде айдауылдау бастығы көмек көрсетуге жүгінген ішкі істер органның бастығы айдауылданушылардың бір бөлігін өзіне бағынысты уақытша ұстау изоляторында қалдырады және оларды одан әрі этаптағанға дейін ұстауды қамтамасыз етеді.
7. Арнайы көлік құралдары радиостанциялармен, жарқылдағыш маяктармен және кабина мен кузов арасындағы сөйлесу құрылғыларымен жабдықталады. Айдауылдау кезінде (күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды отырғызу-түсіру кезінде, соттардың көшпелі отырыстарында немесе айыпталушыларды сот отырысы залдарында күзету кезінде) жиналатын металл дәліздер пайдаланылады.
8. Айдауылдардың қозғалысын бақылауды ішкі істер органның кезекшісі белгіленген радио арналары және сымдық байланыс бойынша жүзеге асырады.
9. Айдауылдаудың үш қауіпсіздік деңгейі белгіленеді: қарапайым, күшейтілген және ерекше:
1) қарапайым айдауыл:
бір-екі айдауылданушыға - екі айдауыл;
үш-алты айдауылданушыға - үш айдауыл;
жеті-он айдаулданушыға - жеті айдауыл есебінен тағайындалады.
Қарапайым айдауыл бастығы болып кіші басшы құрамның қызметкері тағайындалады.
2) күшейтілген айдауыл қандай да бір айдауылданушының қашуға әрекет жасау, күзетке шабуыл жасауы, өзіне немесе жан-жағындағыларға зиян тигізу ниеті бар екені туралы ақпарат қолда болған кезде, айдауылдау бағытының өте ұзақ болуына, географиялық және климаттық жағдайларының күрделі болуына байланысты, ұшақта айдауылдау үшін тағайындалады. Күшейтілген айдауыл:
бір айдауылданушыға - үш айдауыл;
екі-төрт айдауылданушыға - алты айдауыл;
бес-алты айдауылданушыға - сегіз айдауыл;
жеті-сегіз айдауылданушыға - он айдауыл;
тоғыз-он айдауылданушыға - он екі айдауыл есебімен тағайындалады.
Күшейтілген айдауыл бастығы болып орта басшы құрамның қызметкері тағайындалады.
3) ерекше айдауыл бір айдауылданушыға кемінде 4 айдауыл есебінен тағайындалады. Ерекше айдауыл:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстар жасағаны үшін айрықша жазалау шарасы - өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыруға қылмыстық жауапкершілікке тартылған;
олардың әрекеттерін сот қылмыстың аса қауіпті рецидив деп таныған;
ауыр, аса ауыр қылмыс жасаған,бұрын қашқан немесе қашуға әрекет еткен, айдауылдар мен күзетпен ұстау орындарының персоналына шабуыл жасауға бейім;
үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдарды айдауылдау кезінде тағайындалады.
Ерекше айдауыл бастығы болып ішкі істер органының орташа немесе аға басшы құрамның қызметкері тағайындалады.
Айдауылдау бағыты жедел қызметтермен бірлесіп әзірленеді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органының басшылығымен келісіледі.
Айдауылданушының еркін қозғалысын шектеу үшін: қарапайым айдауылдау кезінде кісендер; күшейтілген және ерекше айдауылдау кезінде айдауылданушының қозғалысын шектеу қажет болған кезде шынжыр кісендер, қолдарды қозғалту мен аяқ басып жүруді шектеу үшін аяқ-қолға салынатын аралас біріктірілген шынжыр кісендер мен білезіктер пайдаланылады.
Қарапайым, күшейтілген және ерекше айдауыл құрамы атыс қаруымен қаруланады; өзімен бірге арнайы құралдары: газды қару, қол кісендер, резеңке таяқтар, сондай-ақ байланыс құралдары (радиостанциялар); белгі беру тапаншасы, металліздегіш болуы тиіс.
Күшейтілген және ерекше айдауыл құрамы қосымша броньды кеудешемен жарақталады.
Айдауылдау қызметтік иттерді пайдалану арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды дәретханаға шығару бір-бірден жүргізіледі, айдауыл бастығы мен айдауылдар оның алдында және соңында жүріп отырады. Дәретхана есігі айдауылданушы онда болған кезде сәл ашық қалады, кісендері шешіледі, терезе жабық жағдайда болады.
Әйелдерді айдауылдау кезінде айдауыл құрамына ішкі істер органдарының әйел қызметкерлері қосылады.
11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығымен бекітілген "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларына" сәйкес айдауылданушы кететін ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі айдауылдануға жататын күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды жолға және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етеді.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2024 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Айдауылды тағайындау, қамтамасыз ету, қару-жарағы және оның міндеттері
12. Айдауыл бөлінісінің командирі, ішкі істер органның, ҚАЖ мекемесінің бастығы айдауылды тағайындау кезінде: оған нақты міндеттерді, оларды орындау тәсілі мен мерзімдерін, айдауылдың жол бойында ішкі істер органдары, ҚАЖ мекемелерімен байланысу тәртібін белгілейді.
Айдауылға күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдаумен байланысты емес міндеттер жүктеуге жол берілмейді.
Айдауылдың барлық жеке құрамы маусым бойынша белгіленген киім нысанын киеді және қаруланады. Айдауылдардың қару-жарағының түрін қойылған міндеттердің жағдайына, орындау тәртібі мен түріне байланысты айдауылды тағайындаған айдауыл бөлінісінің командирі, ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің бастығы белгілейді.
Камераларды, арнайы көлік құралын, айдауылданушылар ұсталатын немесе оларды орналастыру жүргізілетін басқа көлік құралдары мен үй-жайларды тексеру кезінде қару мен оқ-дәрілер айдауыл бастығына тапсырылады.
Айдауылды басқа ішкі істер органдарында немесе ҚАЖ мекемесінде уақытша орналастыру кезінде қару мен оқ-дәрілер осы орган, ҚАЖ мекемесі бойынша кезекшіге сақтауға тапсырылады.
13. Айдауылды немесе айдауылданушыларды іссапар құжаттарымен, ақшалай аванспен, межелі жерге дейін жол жүру, тамақтану және тұру шығындарымен қамтамасыз етуді айдауыл немесе айдауылданушылар шыққан ішкі істер органдарының мекемесі жүргізеді.
14. Айдауыл бөлінісі, ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі бойынша кезекші айдауылды жедел басқаруды қамтамасыз етеді және олардың күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау жөніндегі міндеттерді орындауына шаралар қабылдайды, сондай-ақ:
1) айдауылдың қызметті өткеруін ұйымдастырады;
2) айдауылдау бағыттарындағы және айдауылданушылар уақытша ұсталатын объектілердегі жедел жағдайды ұдайы біліп отырады;
3) оларды күзету шарттарының өзгеруін қадағалайды, осы мақсатта айдауылдармен байланыста болады;
4) оларды жағдайы шиеленіскен жерлерде күшейтуге шұғыл шаралар қабылдайды, бұл туралы бөлініс командиріне баяндайды;
5) бөліністің жеке құрамы мен техникалық құралдарының пайдаланылуы туралы, соттар мен айдауылданушылар уақытша ұсталатын басқа да объектілердің орналасқан жері туралы мәліметтерді біледі;
6) айдауылдарды уақтылы дайындауды, нұсқама беруді және айдауылдау бағыттарына жіберуді, көліктің, байланыстың және басқа да техникалық құралдардың дұрыс пайдаланылуын және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
7) арнайы көліктің шығуы мен олардың қайта келуін бақылайды, жүргізушілер құрамының дайындығын тексереді;
8) айдауылдың қызметін бақылауды жүзеге асырады;
9) қарудың, оқ-дәрілердің және басқа мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, қызмет атқару аяқталған соң плиция айдауылдарының қаруды, оқ-дәрілерді және басқа да оларға берілген арнайы және техникалық құралдарды уақтылы және толық тапсыруын қадағалайды.
15. Айдауыл бастығы күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау жөніндегі қойылған міндеттердің дәл және уақтылы орындалуына, қызметтік құжаттардың, айдауылданушылардың жеке істерінің, қару-жарақтың, арнайы, техникалық және айдауыл пайдаланатын басқа да материалдық құралдардың сақталуына шаралар қабылдайды, сондай-ақ:
1) айдауылдау бағытындағы жағдайды және оның ерекшеліктерін, айдауылданушылар туралы негізгі мәліметтерді біледі;
2) айдауылды міндеттерді орындауға дайындайды, айдауылдар арасындағы өзара іс-қимыл жасасу тәртібін белгілейді; айдауыл бастығына осы Қағидалардаға 1-қосымшаға сәйкес берілетін қызметтік құжаттардың тізбесіне сәйкес қажетті құжаттарды, ақшалай авансты, азық-түлікті, қару-жарақты, айдауылға берілетін арнайы техникалық құралдармен және басқа да материалдық заттарды алады;
3) осы Қағидалардаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жол журналын және осы Қағидалардағы 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азық-түлік дәптерін жүргізеді;
4) айдауылдың межелі жерге айдауылданушыларды уақтылы жеткізу бойынша іс-әрекетін басқарады, оларды соттарда және тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде күзетуді қамтамасыз етеді, оларды түнейтін, аялдайтын орындарда, теміржол станцияларында, кемежайларда, әуежайларда қадағалауды күшейтуге шаралар қабылдайды;
5) төтенше жағдайларда айдауылдың әрекет ету тәсілдерін белгілейді; негізгі айдауылдау бағытындағы жағдай шиеленіскен кезде қосалқы бағытқа ауысады; айдауылданушылар қашқан кезде олардың дереу ізіне түсу мен ұстауды ұйымдастырады;
6) жол бойында бір тәуліктен астам уақыт болған жағдайда, айдауылдарға кезекпен демалыс береді, бұл ретте айдауылданушыларды күзетсіз қалдыруға жол бермейді.
16. Айдауылдың бастығына:
1) күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылдау тәртібін өзгертуге;
2) жағдай қажет етпегенде, айдауылды уақытша қалдыруға жол берілмейді.
17. Айдауыл бастығына бағынады, сондай-ақ:
1) өзінің міндеттерін нақты біледі және оларды дәл орындайды;
2) айдауыл бастығы белгілеген жерде болады және оның рұқсатынсыз кетіп қалмайды;
3) қаруын ақаусыз болуын қадағалайды;
4) айдауылданушыларды ұдайы қадағалауды жүргізеді;
5) айдауыл бастығының нұсқауы бойынша айдауылданушыларға тінту жүргізеді, олардан сақтауға жол берілмеген нәрселер мен заттарды алып қояды және айдауыл бастығына береді;
6) аялдау, түнеу орындарында және басқа да айдауылданушыларды уақытша ұстау объектілерінде бекет кезекшісінің міндеттерін орындайды.
18. Айдауылға:
1) айдауылдау кезінде қозғалыс тәртібі туралы нұсқау беру қажет болған жағдайларды қоспағанда, айдауылданушылармен сөйлесуге;
2) айдауылданушылардан немесе оларға бөтен адамдардан қандайда бір заттарды, хаттарды, азық-түлік өнімдерін және тағы басқа қабылдауға және беруге;
3) айдауылдың қозғалу бағытын және оның соңғы пунктін жариялауға;
5) арнайы көлік құралынын терезесін жол жүру кезінде және алмастыру пункттерінде ашуға;
6) аялдау кезінде және алмастыру пункттерінде арнайы көлік құралынын сыртқы есіктерін ашық қалдыруға жол берілмейді;
6) Қаруды ерекше қажеттіліксіз қапшықтан алуға, оны қаруды сақтау үшін көзделмеген орындарға шығаруға, сондай-ақ тікелей басшыны қоспағанда, басқа адамдарға беруге.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 01.09.2023 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Арнайы көлік құралының жүргізушісі айдауыл құрамына кіреді, айдауыл бастығына, бағынады және көлік құралын апатсыз пайдалану үшін шаралар қабылдайды, сондай-ақ:
1) айдауылдау бағытын және оның ерекшеліктерін зерделейді;
2) көлік құралының пайдалануға ұдайы әзірлігін қамтамасыз етеді;
3) айдауыл бастығының бағыт бойынша қозғалу жылдамдығы туралы нұсқауларын дәл орындайды, оның командасы бойынша немесе мұндай сигналдышанақтағы айдауылдардан алған кезде көлік құралын дереу тоқтатады;
4) көлік құралының кабинасыдан түскен кезде оталдыруды өшіреді, оталдыру құлпының кілтін өзінде сақтайды; тұрақ кезінде, айдауылданушыларды отырғызу (түсіру) кезінде арнайы көлік құралының мотор бөлігінің алдында болады және олардың жүріс-тұрысын мұқият қадағалайды.
20. Арнайы көлік құралынын жүргізушісіне:
1) өзіне бекітілген көлік құралын қараусыз қалдыруға;
2) көлік құралын басқаруды басқа адамға беруге жол берілмейді.
3-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау үшін негіздер
21. Күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу әрекеттерін жүргізу немесе істі сотта қарау үшін айдауылдау тергеушілердің, анықтау жүргізген адамдардың, соттар мен уақытша ұстау изоляторы бастықтарының осы Қағидалардағы 4-қосымшаға сәйкес жазбаша өтінімдері негізінде жүргізіледі.
22. Сотталғандарды айдауылдау ҚАЖ комитетінің бұйрықтары мен нұсқаулары және сот шешімдері негізінде, сондай-ақ шұғыл жағдайларда ҚАЖ мекемелері жағдайларында медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде, денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемелеріне айдауылдау қажеттігі туралы медициналық жұмыскерлерінің тағайындауы, жазбаша баянаты бойынша жүзеге асырылады.
Ұлттық ұлан бөліністері күзететін ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды, мамандандырылған айдауыл келу үшін уақыт болмаған кезде шұғыл айдауылдау үшін кезекші ауысым қызметкерлері қатарынан айдауыл тағайындалады, бір сотталғанға үш адамнан кем емес: аға қызметкері – мекеме қызметкері және осы мекемеде күзет, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын бөліністен екі әскери қызметшісі.
23. Егер сот, прокурор, тергеуші немесе анықтау органы бұрын шығарған қаулының негізінде, бір уақытта куәгер ретінде басқа іс бойынша өтетін уақытша ұстау изоляторында немесе тергеу изоляторында ұсталатын адамдар шақырылса, бұл туралы да өтінімде көрсетіледі.
24. Тергеушінің, анықтау жүргізген адамның немесе соттың күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылдауға берген өтінімі, оларды ұстау орны бойынша уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына, тергеу әрекеттері немесе сот отырысы жүргізу басталардан үш тәулік бұрын, бірақ айдауылдаудың жоспарлы бағыты бойынша кезекті қарауылды жіберуден бір тәуліктен кешіктірілмей жолданады.
25. Уақытша ұстау изляторының, ҚАЖ мекемесінің немесе тергеу изоляторының бастығы кемінде бір тәулік бұрын айдауыл бөлінісінің командиріне, ішкі істер органының бастығына айдауыл бөлу туралы өтінім жолдайды.
Егер сот отырысына немесе тергеу әрекеттерін жүргізу үшін бір уақытта куәгер немесе айыпталушы ретінде бұрын сотталған және күзетпен ұсталатын адамдар шақырылса, онда бұл туралы айдауыл бөлуге арналған өтінімнің 4-бағанына "сотталған" деген белгі қойылады.
Өтінім сондай-ақ айдауыл бастығына ол күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдауға арналған уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына келген кезінде тапсырылуы мүмкін.
26. Ерекше жағдайларда және қарау мерзімдері едәуір қысқарған істер бойынша айдауылдауға өтінім оны уақытша ұстау изоляторының немесе тергеу изоляторының бастығы, сондай-ақ бөлініс командирі кемінде бір тәулік бұрын алатындай есеппен жіберілуі мүмкін, бірақ міндетті түрде қарауылдың жоспарлы айдауылдау бағыты бойынша қозғалу кестесі ескерілуі тиіс.
27. Егер айдауыл бөлінісі қызмет көрсететін сот, прокуратура, тергеу немесе анықтау органы ғимараты және тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторының үй-жайлары арасында жоспарлы қарауылдың бағыт бойынша қозғалысы белгіленбеген әртүрлі елді мекендерде орналасса, айдауылданушыларды жеткізуге өтініш уақытша ұстау изоляторының, тергеу изоляторының бастықтарына, сондай-ақ айдауыл бөлінісінің командиріне жолданады. Бұл ретте күдіктілер мен айыпталушыларды межелі пунктке жеткізу үшін қажетті уақыт, бірақ айдауыл шығардан бір тәулік бұрын ескерілуі тиіс.
28. Айдауыл бөлінісі болмаған кезде және егер күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторынан беру туралы шешімді ішкі істер органының бастығы қабылдаса, онда ол бір уақытта осы мақсатқа айдауылды да бөледі. Осындай уақытша ұстау изоляторларынан анықтау жүргізген адамдардың және басқа ішкі істер органы тергеушілерінің өтінімдері бойынша күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылдауды осы органдардың айдауылдары жүзеге асырады.
29. Күдіктілер мен айыпталушыларды айдауылдауға өтінімдерден басқа:
1) прокурор санкциялаған қаулы немесе соттың айдауылдау туралы қаулысы;
2) прокурордың, тергеушінің, анықтау жүргізген адамның қаулысы немесе соттың жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу туралы қаулысы;
3) уақытша ұстау изоляторы бастығының күдіктілер мен айыпталушыларды емдеу мекемесіне немесе айдауылдаудың жоспарлы бағытындағы алмастыру пунктіне жіберу туралы өкімі негіз болып танылады.
4-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдауға қабылдау тәртібі
30. Тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторының немесе ҚАЖ мекемесінің бастығы айдауылданушыларды жөңелту күні қарсаңында олардың әрқайсысына тиісті құжаттар дайындайды.
31. Айдауыл күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдау пунктіне барады, бұл жерде айдауыл бастығы:
1) уақытша ұстау изоляторының, ҚАЖ мекемесінің кезекшісіне осы Қағидалардаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйғарымды көрсетеді;
2) айдауылданушыларға арналған тиісті құжаттарды алады және олардың дұрыс ресімделуін тексереді; айдауылданушыларды арнайы көлік құралының камералары бойынша орналастыру тәртібін белгілейді; күшейтілген қадағалауды талап ететін күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды туралы айдауылдарды хабардар етеді;
3) күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды оларды айдауылдау үшін қабылдау кезінде жеке тінту мен күзету үшін айдауыл құрамының есебін белгілейді және орналастырады, тінту жүргізу және айдауылданушыларды арнайы көлік құралынын камераларына орналастыру үшін бөлінген айдауылдардың қаруын уақытша қабылдайды;
4) күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдау жүргізілетін үй-жайды қарайды және қашу немесе шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін құралдарды алып тастайды.
Күдіктілердің құжаттары және айыпталушылар мен сотталғандардың жеке істері мөр басылған пакеттерде айдауыл бастығына беріледі. Оларға осы адамдарың фотосуреті бар жеке ісі бойынша осы Қағидалардаға 6-қосымшаға сәйкес анықтамалары желімденеді.
Егер айдауылдауға жатқызылған күдікті, айыпталушы немесе сотталған қашуға немесе айдауылға шабуыл жасауға бейім болса, айрықша жазалау шарасы - өлім жазасына кесілген сотталған болса, жеке ісі бойынша анықтамасында жөнелтуші ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі тиісті жазбаша белгі қояды.
Айдауылдауға жіберілген адамдарды қабылдау бір-бірден жүргізіледі және олардан айдауыл бастығының денсаулығы туралы, шағым немесе өтініштерінің бар-жоғы туралы жауап алумен, жауап алу нәтижелерін құжаттармен салыстырумен, жеке тінтумен, олардың заттарын тексерумен аяқталады.
Тергеу изоляторында немесе уақытша ұстау изоляторында әр айдауылданушыға немесе олардың бір барар пунктке жіберілген тобына азық-түлік аттестаты осы Қағидалардаға 7-қосымшаға сәйкес жазылып беріледі.
32. Айдауылға қабылданатын адамдар олардың құжаттарына сәйкес жол журналына тіркеледі, осыдан кейін олар жеке тінтіледі, ал олардың заттары мен азық-түліктеріне тексеру жүргізіледі. Осы мақсатта айдауыл құрамынан 4-6 айдауылданушыға бір тінтуші есебімен айдауылдар тағайындалады.
Тінту және тексеру нәтижелері туралы айдауыл бастығы жол журналына тінту жүргізген қызметкердің тегін көрсете отырып, жазба жүргізеді.
Айдауылданушылардан табылған сақтауға рұқсат етілмеген заттар мен құралдар "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алып қойылады.
Өткір-үшкір және айдауылданатын адамдар айдауылға шабуыл жасау немесе өз-өзіне немесе жан-жағындаларға қандай бір дене жарақатын келтіру үшін пайдалануы мүмкін басқа да заттар алып қойылады және айдауыл бастығына олар тиесілі адамның деректері көрсетіліп, жеке пакетте беріледі. Алып қойылған заттар айдауылданушыларға оларды соңғы пунктке жеткізгеннен кейін қайтарылады.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.33. Айдауылдауға:
1) құжаттары дұрыс ресімделмеген және құжаттары жоқ адамдар;
2) дәрігердің (фельдшердің) қорытындысы бойынша айдауылдауға жатпайтын науқастар;
3) дәрігердің оларды айдауылдау мүмкіндігі туралы анықтамасы жоқ жүкті әйелдер;
4) жол жүру уақытына азық-түлікпен қамтамасыз етілмеген немесе маусымға сай киінбеген;
5) бұрын жұқпалы аурулармен ауырған адамдармен байланыста болған, медициналық куәландырудан және зертханалық тексеруден өтпегендер теріс нәтижелер алғанға дейін қабылданбайды.
34. Жүріп-тұруы үшін бөтен адамның көмегін қажет ететін мүгедектігі бар адамдарды айдауылданушылар айдауылдауға ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі бөлген еріп жүретін адамдармен ғана қабылданады. Соңғы баратын пунктте мұндай айдауылданушылар әрі қарай бұл туралы алдын ала хабардар етілген аумақтық ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі бөлген еріп жүретін адамдардың көмегімен айдауылданады. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар еріп жүретін адамдарымен бірге айдауылдауға тек дәрігердің жазбаша нұсқауы бойынша ғана қабылданады. Жүктілігі алты айдан жоғары әйелдер және жасы екі айға дейінгі балалары бар әйелдер айдауылдауға ішкі істер органы денсаулық сақтау органының емдеу-профилактикалық мекемесі бөлген бірге еріп жүретін медицина қызметкерімен қабылданады.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Айдауылданушы жол үстінде қайтыс болған жағдайда айдауыл бастығы қайтыс болған адамның мәйітін, сонымен қатар оның заттарын қолхатпен ең жақын ішкі істер органына қолхатпен (еркін түрде) тапсырады.
Осы факті бойынша еркін түрде үш данада хаттама жасалады, онда зорлықпен өлтірілген белгілердің болуы (жоқтығы) көрсетіледі және жол журналына тиісті жазба жасалады. Хаттаманың бір данасы ішкі істер органының бастығына, бұл қайтыс болған адамның қай жерге жерленгені туралы туыстарына (бар болғанда) хабардар ету үшін, екіншісі прокуратураға беріледі, үшіншісі айдауыл бастығында қалады. Бұдан әрі, хаттамаға сот-медициналық сараптамасының қорытындысы қоса беріледі.
5-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды көлік құралымен айдауылдау
36. Айдауылданушыларды арнайы көлік құралына отырғызу алдында айдауыл бастығы оның шанағының жай-күйін, жарық түсіру, байланыс құралдарының, сөйлеу құрылғыларының, желдеткіштің, есіктер мен камера құлыптарының, орындықтар мен басқа да жабдықтардың беріктігін тексереді. Қашу немесе шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін заттарды алып тастауға шара қабылдайды.
37. Айдауылданушыларды арнайы көлік құралына отырғызу жүргізушінің жүруге дайындығы туралы баяндауынан кейін жүргізіледі. Көлік құралы айдауылданушылар ұсталатын ғимараттың сыртқы есігіне (қақпасына) тақалып қойылады. Қолда бар болғанда жиналмалы металды дәліз қойылады.
Айдауылданушылар лекте бір-бірден көлік құралы шанағының есігіне әкелінеді: айдауыл бастығы оларды кезекпен тегі бойынша тексеріп және дауыстап санау арқылы көлік құралы шанағына жіберіп тұрады. Шанақта қарусыз айдауылдардың біреуі айдауыл бастығының нұсқауына сәйкес айдауылданушылардың санын дауыстап қайталай отырып, камералар бойынша орналастырады, басқа айдауылдар көлік құралына отырғызу тәртібін бақылайды.
38. Айдауылданушылар арнайы көлік құралының камераларына айдауылданушылардың жеке істеріндегі жеке анықтамаларда көрсетілген немесе айдауыл бөлінісінің командирі, ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің бастығы айдауылдауға міндеттер қойған кезде ішкі оқшаулау талаптарын сақтай отырып орналастырылады.
39. Күдікті, айыпталушы және сотталған ерлер мен әйелдерді, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бір-бірінен тиісінше оқшауламай айдауылдауға жол берілмейді. Өкпе туберкулезінің жұқпалы түрімен, психикалық және жұқпалы аурулармен ауыратындар өзара оқшауланады және басқа күдіктілерден, айыпталушылар мен сотталғандардан бөлек айдауылданады.
40. Айыпталушыларды отырғызғаннан кейін, айдауыл бастығы оларды оқшаулау талаптарының сақталуын тексеруді жүргізеді, айдауылдардың орналасуы туралы нұсқау береді және өзі көлік құралының кабинасынан орын алады. Камера құлыптарының кілттері айдауыл бастығында сақталады. Арнайы көлік құралының камералары айдауылданушылар ұсталатын барлық уақытта жарық болуы тиіс. Шанақта екі айдауыл болған кезде, оның біреуі аға қызметкер болып тағайындалады.
41. Ауа температурасы Цельсий бойынша отыз градусқа дейін төмендеген кезде және жолда екі сағаттан артық болған жағдайда, сондай-ақ боран, қатты қарлы бұрқасын және жолдың езілуі кезінде, жүру қиындаған жағдайда, айдауыл бастығы айдауылданушыларды ауа-райы жағдайы жақсарғанға дейін жақын жердегі уақытша ұстау изоляторына тапсырады, бұл туралы айдауылды тағайындаған бөлініс командиріне не ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің бастығына баяндайды.
42. Айдауылданушыларды соңғы пунктте түсіру кезінде айдауыл бастығының нұсқауы бойынша жүргізуші көлік құралын алдын ала белгіленген орынға, мүмкіндігінше бөтен адамдар жіберілмейтіндей орынға тоқтатады. Айдауылданушылар бір-бірден (екеуден) лекке тұрғызылады және айдауыл бастығының командасы бойынша үй-жайға қарай жылжиды.
43. Жеңіл қызметтік көлік құралында тек бір күдікті, айыпталушы немесе сотталған адам, артқы орынға екі айдауылдың ортасына отырғызылып, айдауылданады. Жолда оның қолдарын алдына қаратып немесе айдауылдың біреуінің (екеуінің) қолына біріктіріліп кісен салынады. Көлік құралының есіктері жабық қалпында кілттеледі, терезе әйнектері ашылмайды.
44. Айдауылданушыларды ашық жүк көлік құралында тасымалдауға тек бортын көтергеннен (кемінде отыз сантиметрге) және шанақтың алдынғы, соңғы бөлігі айдауылдау үшін берік орнықтырылған орындықтармен жабдықталғаннан кейін жол беріледі. Жабық жүк көлік құралдарында айдауылдар жерді шолып қарап отыру және кабинаға сигнал беру мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
45. Ашық жүк көлік құралында айдауылданушылар шанақ еденіне қатармен (жабықта орындықтарда) және алдына қарап қозғалысқа қарама-қарсы орналастырылады. Ортанғы қатардарға ерекше қадағалау белгіленген адамдар отырғызылады. Айдауылдар айдауыл бастығының басшылығымен орындықтарда шанақтың алдынғы және соңғы бөліктерінде, ал бір айдауыл кабинаға орналасады.
46. Айдауыл бастығы жүргізушімен бірге сигналдарды нақтылағаннан кейін, айдауылдардың, айдауылданушылардың орналасуын және борт ілмектері мен шынжырларының беріктігін тексергеннен кейін ғана көлік құралының жүруіне рұқсат береді.
47. Қылмыстық ортаның жетекшілерін немесе айдауылданушылардың саны көп болған кезде үш және одан аса арнайы көлік құралдарымен айдауылдау кезінде айдауылға көлік құралының бару пунктіне дейін полицейлік символикасы бар көлік ілесіп жүреді.
48. Айдауылды жіберуші айдауыл бөлінісінің командирі, ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің бастығы арнайы көлік құралының шыққан күні және уақыты туралы соңғы баратын пункттің, сондай-ақ аралық ішкі істер органы бастықтарына хабарлайды.
6-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды ұшақта айдауылдау
49. Күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандар ұшақтарда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері бастықтарының, қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы басшылығының жазбаша рұқсатымен айдауылданады.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.50. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды ұшақтарда айдауылдау кезінде мынадай талаптарды ескеру қажет:
1) эксплуатант және әуе кемесінің командирі әуе кемесінің ұшуынан үш сағат бұрын күзетпен ұсталатын жолаушыларды тасымалдау туралы хабардар етіледі;
2) айдауылданушы адамдар мен айдауыл отыратын орындар жолаушылар салонының артқы бөлігіне орналастырылады, бірақ демалу аймағынан немесе шығатын жерге немесе соңғы орынға, сондай-ақ апаттық шығуға қарама-қарсы болмауы тиіс;
3) айдауылданушылар авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналына, әуежайда көліктегі ішкі істер органының кезекшелеріне, әуе кемесінің командиріне және борт жолсеріктеріне таныстырылады.
51. Отырғызу алдында полиция қызметкерлері авиация қауіпсіздігі қызметінің мамандарымен және экипаж мүшесімен бірлесіп айдауылданушылар орналастырылатын ұшақ салонына (бөлігіне) тексеру жүргізеді, оларды жеке тінтуді жүргізеді, сондай-ақ оларға тиесілі қол жүктерін тексеруді жүзеге асырады. Шылым, керек-жарақтары алынады және қол жүктерімен бірге ұшақтың жүк бөлімшесіне тапсырылады.
Айдауылданушыларды ұшаққа отырғызу жолаушыларды жалпы отырғызғанға дейін, ал түсіру - тек барлық жолаушылардан кейін жүргізіледі.
52. Айдауылданушыларды ұшаққа жеткізу кезінде арнайы көлік құралы ұшақ трапына әкелінеді, ал отырғызу аяқталғаннан кейін көлік құралы әуе кемесі ұшып кеткенге дейін тұраққа қойылады. Айдауылданушылар отырғызылған арнайы көлік құралының аялдау орны және оның ұшақ ұшып кеткенге дейінгі тұрағы алдын ала әуежайдың және авиациялық қауіпсіздігі қызметінің әкімшілігімен келісіледі.
53. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды ұшаққа отырғызу және түсіру тағайындалған айдауылдың, айдауылды жөнелтушінің, қарсы алушы ішкі істер органы қосымша бөлген қызметкерлердің, сондай-ақ желілік ішкі істер бөлімдерінің және әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі қызметкерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл ретте айдауыл және қосымша қызметкерлер екі қатарға дәліз түрінде айдауылданушылардан екі және он бес метр қашықтықта тұрғызылады. Сондай-ақ айдауылдар ұшақтың сыртқы есігінің жанында, қарама-қарсы және ұшақтың ішінде сапқа тұрғызылады. Отырғызу және түсіру уақытында айдауылдау қолдары кісендерде бір-бірден, айдауыл бастығының және айдауылдардың еріп жүруімен жүзеге асырылады.
54. Айдауылданушыларды ұшақтарда тасымалдау тек қолдарына кісен салып, "алдына" қаратып жүргізіледі.
Айдауылданушылар ұшаққа орналастыру бір салонда жүргізіледі. Айдауылдар олардың алдыңғы, бүйірдегі және артқы орындықтарға орналасады.
Әуе кемесі ұшып шыққаннан кейін және отырғызылғанға дейін айдауылдардың біреуі айдауылданушылар орналасқан бірінші қатардағы креслолар жанында оларға бетімен түрегеп тұрып қызмет өткереді. Айдауылдың ауысуын әрбір отыз минут сайын айдауыл бастығы жүргізеді.
55. Күзетті күшейту мақсатында ішкі істер органының қосымша екі қызметкері бөлінеді, олар айдауылданушының қолдарына кигізілген екі кісенді өзіне қосып алып жүреді.
56. Айдауылданушыларға ұшақтың жолаушыларына ұсынылатын тамақты беруді айдауыл бастығы жүзеге асырады, бірақ екі айдауылданушыдан аспауы тиіс. Пышақ және шанышқылар берілмейді. Айдауылдар тамақты кезекпен айдауылданушылардан басқа уақытта ішеді.
57. Әуежайларда айдауылдауды ұйымдастыру, оларды жөнелтуді және қабылдауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тиісті жөнелту пункті мен межелі пункттің аумақтық және желілік ішкі істер органдарының бастықтары жүзеге асырады.
58. Айдауыл бастығы:
1) әуежайға келгеннен кейін ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі бойынша кезекшіні ұшу уақыты, рейстің нөмірі және айдауылданушылардың саны туралы ақпараттандырады;
2) арнайы көлік құралында айдауылданушы адамдармен бірге әуежайдағы ішкі істер органы қызметкерінің еріп жүруімен қауіпсіздік қызметінің бекеті арқылы әуе кемесі тұрған жерге барып, тексеріп қарауды жүргізетін полиция қызметкерінің немесе авиация қауіпсіздік қызметінің шақыруын күтеді;
3) айдауылданушыларды ұшаққа отырғызғанға дейін авиациялық қауіпсіздігі қызметінің қызметкерімен және әуе кемесінің мүшесімен бірлесіп жолаушылар салонын қарап шығады. Әуе кемесіне отырғызу алдында қосымша қызметкерлерді есепке ала отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес айдауылданушыларды күзетуді ұйымдастырады;
4) айдауылданушыларға кісендерін кигізеді, олардың ұшақ ішіндегі мінез-құлық қағидаларын сақтауын ескертеді, бақылау жеке тінтуді жүргізеді, сондай-ақ жүктері мен қол жүктерін тексеріп қарайды, қол жүктерін әуе кемесінің жүк бөлімшесіне тапсырады;
5) айдауылданушыларды ұшаққа отырғызу жолаушыларды жалпы отырғызғанға дейін жүргізіледі. Бірінші айдауылданушыны әуе кемесінің салонына екі айдауыл және айдауыл бастығы айдауылдайды. Ұшақ салонына айдауылданушыны орналастырғаннан кейін, оны күзету үшін екі айдауыл қалады, ал айдауыл бастығы келесісін әкелуге кетеді. Екінші және одан кейінгі айдауылданушыларға айдауыл және айдауыл бастығы еріп жүреді;
6) әуе кемесінде айдауылдау кезіндегі барлық күзету мәселелері бойынша ұшақ экипажымен байланысты үзбеуге және айдауылданушылар мен айдауылдың жеке құрамымен борттағы жолаушылар үшін белгіленген міндетті ережелерді орындауды қамтамасыз етеді;
7) ұшақтың аралық пункттердегі тұру уақытының ұзақтығы 1,5 сағатқа созылған жағдайда, айдауылданушыларды жолаушылардан оқшауланған үй-жайларға, ал түнгі кезде ұшуда қосымша кідіріс болған кезде жақын маңдағы аумақтық ішкі істер органының уақытша ұстау изоляторына ауыстырады;
8) айдауылданушыларды уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына, ҚАЖ мекемесіне тапсырғаннан кейін айдауылдың жеке құрамы қаруларын уақытша сақтауға ішкі істер органының кезекшісіне тапсырғаның хаттамалайды, оған өздерінің бұдан әрі болатын жері туралы хабарлайды;
9) тапсырмаларды орындағаны туралы өзінің ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі бастығына баяндайды, бұдан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.
7-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды жолаушы поездарының вагондарында, өзен және теңіз кемелерінде айдауылдау
59. Айдауылданушыларды теңіз және өзен кемелерінде, жолаушылар поездарының вагондарында тасымалдау облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары бастықтарының жазбаша рұқсатымен осы қатынас жолдарында жоспарлы айдауылдау бағдарлары болмаған немесе айдауылданушыларды межелі орынға өзге тәсілмен жеткізу мүмкін болмаған кезде жүзеге асырылады.
Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.60. Теміржол көлігімен айдауылдау арнайы вагондарда жүзеге асырылады, олардың қозғалысы Қазақстан Республикасы теміржол көлігі саласындағы уәкілетті органның басшылығы бекіткен вагондардың жолаушылар және почта-багаж поездарымен қозғалысы кестесінің жинағы негізінде жүзеге асырылады.
61. Жолаушылар поездарының купе вагондарында айдауылдауға рұқсат етіледі. Айдауылданушы адамдар вагонның соңғы купесінде бөлек орналастырылады. Айдауылдау бағдары полицияның көліктегі желілік бөлімдерімен келісіледі. Айдауылданушыларды плацкарт вагондарында тасымалдауға жол берілмейді.
62. Айдауылданушыларды жолаушылар поезының купе вагонына отырғызардан бұрын айдауыл айдауылданушылар орналастырылатын вагон мен соңғы купені тексеруді жүргізеді.
Айдауылданушы адамдарды купе вагонына отырғызу жолаушыларды жалпы отырғызғанға дейін, ал түсіру - барлық жолаушылардан кейін жүргізіледі.
63. Айдауылданушыларды поездға жеткізген кезде, арнайы көлік құралы вагон тамбурына тақап қойылады, ал отырғызу аяқталғаннан кейін көлік құралы поезд жүріп кеткенге дейін тұрақта тұрады. Арнайы көлік құралының тұрақ орны теміржол станциясы әкімшілігімен алдын ала келісіледі.
64. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды жолаушылар поезының купе вагонына отырғызу және түсіру айдауылдауды жөнелтетін межелі пункттері қарсы алатын ішкі істер органдарының, ҚАЖ мекемелерінің, сондай-ақ көліктегі желілік полиция бөлімдері бөлген қосымша жасақшалардың қатысуымен тағайындалған айдауыл жүзеге асырады. Бұл ретте айдауыл мен қосымша жасақша, айдауылданушылардан екі және он бес метр қашықтықта екі қатарсап түзеп, дәліздер жасап тұрады. Айдауылдар міндетті түрде вагонның сыртқы есігінің алдына, қарама-қарсы жағынан және вагон ішінде тұрғызылады. Айдауылданушыларды отырғызу мен түсіру уақытында айдауылдау бір-бірден, кісен салынып, айдауыл бастығы мен айдауылдардың еріп жүруімен жүзеге асырылады.
65. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды жолаушылар поездының купе вагонында тасымалдау қолдарына "алдынан" кісен тағу жағдайында ғана жүзеге асырылады, бұл ретте купедегі терезе жабық болады.
66. Күзетті күшейту мақсатында айдауылданушының қолдарына кигізілетін екі кісені бар және оны өзінебірге тағып алатын қосымша екі қызметкер бөлінеді.
67. Жолаушы поездарының вагондарында, өзен және теңіз кемелерінде айдауылдауды ұйымдастыру, оларды жөнелтуді және қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды тиісті жөнелту пункті мен межелі пункттің аумақтық және желілік ішкі істер органдарының бастықтары жүзеге асырады.
68. Айдауыл бастығы:
1) вокзалға келгеннен кейін ішкі істер органы бойынша кезекшіні арнайы немесе купе вагоны жөнелтілетін жолаушылар поездарының нөмірлері, оларды жөнелту уақыты, айдауылданушылардың саны және айдауыл құрамы туралы хабардар етеді;
2) айдауылданушыларды купе вагонына отырғызардан бұрын олар орналыстырылатын вагон мен соңғы купені қарап шығады. Вагонға отырғызар алдында қосымша жасақшаны есепке ала отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес айдауылданушылардың күзетін ұйымдастырады;
3) айдауылданушыларға кісендер кигізеді, оларға жолаушылар поездының купе вагонындағы мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы ескертеді, бақылау жеке тінтуді жұргізеді, сондай-ақ жүктерін тексеріп қарауды жүргізеді;
4) жолаушыларды жалпы отырғызғанға дейін айдауылданушыларды вагонға отырғызады. Бірінші айдауылданушыны вагонның салонына екі айдауыл және айдауыл бастығы айдауылдайды. Айдауылданушыны орналастырғаннан кейін вагонның купесінде оны күзету үшін екі айдауыл қалады, ал айдауыл бастығы келесісін алып келуге кетеді. Екіншісі мен одан кейінгі айдауылданушыларды айдауыл және айдауыл бастығы алып жүреді;
5) жолаушылар поездарында айдауылдау кезіндегі күзетудің барлық мәселелері бойынша жолаушылар поездына еріп жүретін көліктегі полицияның жасақшасымен байланыста болады;
6) жолаушылар поездын түнгі уақытта ұзақ кідірткен кезде айдауылданушыларды жолаушылардан оқшауланған үй-жайға, көліктегі ішкі істер органының немесе жақын жердегі аумақтық ішкі істер органының уақытша ұстау изоляторына ауыстырады;
7) айдауыл бастығы жолда вагоннан ақау табылған, оны тіркеуден ағытқанжәне ауыстырған жағдайда поезд бастығының келісімі бойынша айдауылданушылар мен айдауылдарды осы поездың басқа купе вагонына ауыстыру шараларын қабылдайды. Бұл жағдайда да вагонның жеке (соңғы) купесі беріледі;
8) күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына, ҚАЖ мекемесіне тапсырғаннан кейін айдауыл жеке құрамының қаруды уақытша сақтауға ішкі істер органы бойынша кезекшіге тапсыруын хаттамалайды, оны өзінің бұдан әрі болатын орны туралы хабардар етеді;
9) тапсырманың орындалғаны туралы өзінің ішкі істер органының бастығына баяндайды, егер ол алдын ала келісілмесе, бұдан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді;
10) күдіктілерді, айыпталушыларды немесе сотталғандарды дәретханаға шығару кезінде вагонның тамбурында күзет бекетін қояды.
69. Айдауылды жөнелтуші айдауыл бөлінісінің командирі, ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің бастығы айдауылданушыларды өзен немесе теңіз кемелеріне отырғызу кезінде оларды күзетуді күшейтуге шаралар қабылдайды, сондай-ақ соңғы межелі пунктте ішкі істер органының бастығына айдауылдың келу уақыты және оған көрсетілуі қажет көмектің сипаты туралы алдын ала хабарлайды.
70. Айдауылданушылар кемежайға жолаушыларды жалпы отырғызғанға дейін бір-екі сағат бұрын және мүмкіндігінше тікелей кеме трапына жеткізіледі. Оларды арнайы көлік құралынан түсіргенге дейін, айдауыл бастығы кеме капитанымен айдауыл мен айдауылданушыларға оқшауланған үй-жайлар бөлу туралы мәселені шешеді (айдауылданушыларды ашық палубаларға орналастыруға жол берілмейді), айдауылданушыларды ұстауға арналған үй-жайларды қарап шығады, олардың терезелерін (иллюминаторларын) жабады, жарықтың, желдеткіштің дұрыс жұмыс істеуін тексереді, есіктердің алдына оған бағынысты айдауылдар арасынан бекет күзетшісін (бекет күзетшілерін) қояды.
71. Айдауылданушылар кемеге топ алдында жүретін айдауыл бастығының еріп жүруімен бірден-екіден барады. Қосымша полиция жасақшалары бұл ретте кеменің алдынғы және артқы бөліктеріне қарама-қарсы жағалауда қызмет өткереді.
Отырғызу аяқталған соң айдауылданушылар санау арқылы және ілеспе құжаттар бойынша тексеріледі. Жолаушыларды отырғызу (түсіру) кезінде олардың жүріп-тұруына жол берілмейді.
72. Айдауылданушыларды күзету бекеттері жабылатын терезелердің (иллюминаторлардың) және есіктердің (люктердің) жанында қойылады.
73. Кеме тұрақтарында жолаушыларды отырғызу (түсіру), сондай-ақ кеме қатынасына қауіпті учаскелерден өту кезінде айдауыл күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылауды күшейтеді. Дауыл кезінде айдауылға шабуыл жасау әрекеттеріне және айдауыл жеке құрамымен және айдауылданушылармен жазатайым оқиғалардың болуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға ерекше назар аударылады.
74. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды:
1) теміржол станцияларында, кемежайларда, әуежайларда-егер олардың арасында көлік жолдары болмаса арнайы көлік құралынан (алмастыру пункттерінің үй-жайларынан) вагондарға, кемелерге, ұшақтарға;
2) арнайы көлік құралынан - соттар ғимараттарындағы айдауылданушыларды ұстауға арналған камераларға немесе осы үшін көшпелі сот сессияларында бөлінген үй-жайларға, тергеу изоляторларының режимдік аймағына, тергеу әрекеттерін жүргізу орындарына, емдеу мекемелеріне;
3) күзетпен ұстау орындарынан, ҚАЖ мекемелерінен немесе айдауылдан қашқандардардың ұсталған жерінен- егер көлік құралдарын пайдалану мүмкін болмаса, оларды ең жақын тапсыру пунктіне;
4) ҚАЖ мекемесінен - сотталғандардың өміріне қауіп төндіретін табиғи, техногендiк немесе өзге де сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезінде басқа күзетілетін мекемеге немесе қауіпсіз орынға айдауылдау жаяу тәртіппен жүргізіледі.
Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қалаларда және басқа да елді мекендерде жолаушылар платформалары (кемежайлар) бойынша жолаушыларды поездарға (кемелерге) отырғызу және түсіру уақытында, вокзал үй-жайлары арқылы және басқа да азаматтар жиналатын орындарда жаяу тәртіппен айдауылдауға жол берілмейді.
8-тарау. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды жаяу тәртіппен айдауылдау
75. Күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды жаяу тәртіппен айдауылдау кезінде олардың саны мен жолдың еніне қарай 2-4 адамнан лекке тұрғызады.
Орташа қауіпсіз мекемелерде ұсталатын сотталғандар бір-бірінен аралығы 200 метрден, саны 200 адамнан аспайтын, қауіпсіздігі аралас, барынша жоғары, толық және төтенше қауіпсіз мекемелер - аралығы 300 метрден, саны 100 адамнан аспайтын лекпен айдауылданады.
Айдауылды орналастыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) екі айдауыл болған кезде - біреуі айдауылданушылардың сол жағында 1-1,5 метр жерде және сәл артта, келесісі - олардың артынан осындай ара қашықтықта оң жағынан;
2) үш айдауыл болған кезде - екі айдауыл айдауылданушылардың екі жағынан, айдауыл бастығы барлық топтың артында жүреді;
3) төрт және оданда көп айдауылдар болған кезде - олардың біреуі айдауылданушылардың алдында, қалғандары жан-жағында, айдауыл бастығы саптың артында жүреді. Жағдайларға байланысты, айдауыл бастығы айдауылдар және айдауылданушылар арасындағы ара қашықтықты қысқартады немесе ұзартады.
76. Айдауылданушылар тобы жолдың жүру бөлігінің оң жағымен көлік қозғалысының бағыты бойынша жүреді. Оларды көлік құралынан басып кету жағдайларының алдын алу мақсатында саптың алдында және артында жүріп келе жатқан айдауылдар қызыл түсті жалаушалармен, тәуліктің қараңғы мезгілінде және көру мүмкіндігі жеткіліксіз болған кезде: алдыңғы жақта ақ түсті, артқы жақта қызыл түсті қосылған қолшамдармен қамтамасыз етіледі.
77. Паромдарда айдауылданушылар палубаның ортасына орналастырылады, ал күзет артқы және алдыңғы бөліктеріне қойылады. Қайықта айдауылданушылар беттерін қозғалысқа жаққа қаратып, қайықтың түбіне, ал айдауылдар - біреуі айдауылданушылардың артынан, келесісі қайықтың тұмсығына орналастырылады.
78. Ауа температурасы Цельсий бойынша отыз градусқа дейін төмендеген кезде, су тасқыны, қар көшкіні және басқа да қолайсыз жағдайлар кезінде айдауыл жақын жердегі елді мекенге тоқтайды және одан әрі осы Қағидалардың талаптарына сәйкес әрекет етеді.
9-тарау. Айдауылданушыларды алмастыру пункттеріне қабылдау және тапсыру тәртібі
79. Айдауылданушылар алмастыру пунктіне жоспарлы қарауыл келіп жеткенге дейін жеткізіледі. Қажет болған жағдайларда айдауыл бөлінісінің командирі, ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің бастығы айдауылды алмастыру пунктіне жіберуден бұрын, станция (кемежайлар, әуежайлар) әкімшілігі арқылы жоспарлы қарауыл келетін поездың (ұшақтың, теңіз немесе өзен кемесінің) келу кестесіндегі болуы мүмкін өзгерістерді анықтайды.
80. Алмастыру пунктінде айдауыл бастығы айдауылдаудың бағытты жоспары бойынша жүріп-тұратын арнайы вагонның (көлік құралының, ұшақтың, кеменің) тоқтайтын орны (тұру) ұзақтығын анықтайды және осыған байланысты айдауылданушыларды келіп жеткен қарауылға жеткізудің бұдан кейінгі тәртібін белгілейді. Арнайы көлік құралының тұрағы арнайы вагонның аялдамасына мүмкіндігінше бес-он метр қашықтықта таңдап алынады. Айдауылданушыларды аталған көлік аялдайтын жерге алдын ала жеткізуге поезд қысқа уақытқа аялдайтын темір жол станцияларында ғана рұқсат беріледі.
81. Арнайы көлік құралынан түсірілгеннен кейін айдауылданушылар бір-бірден лекке тұрғызылады және айдауылдардың күзетуімен отырғызу жүргізілетін жерге барады. Ерекше қадағалау белгіленген, сондай-ақ басқа барлық күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандардан оқшаулауға жататын айдауылданушылар бөлек айдауылданады.
Темір жол станцияларында айдауылданушыларды алмастыру,әдетте, жолаушыларды вагонға отырғызатын (түсіру) жаққа қарама-қарсы жағынан жүргізіледі. Айдауылданушыларды күзету екі желіде жүзеге асырылады. Арнайы вагонның жұмыс тамбуры жанындағы айдауыл айдауылданушыларды отырғызудың (түсірудің) қарама-қарсы жағынан поезд станцияға келгенге дейін алдын ала қойылады.
82. Айдауыл бастығы келіп жеткен Ұлттық ұланның қарауыл бастығына өз қызметтік куәлігін және айдауылданушыларды қабылдау (тапсыру) құқығын беретін ұйғарымды көрсетеді, дәл осындай ұйғарымның қарауыл бастығында бар екеніне көз жеткізіп, оны күзеттегі айдауылданушылар туралы хабардар етеді және оларды алмастыруды бастайды.
Айдауылданушыларды тапсырғаннан кейін, айдауыл бастығы қарауылдан күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды бұдан әрі айдауылдау үшін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қабылдап алады.
Күдікті, айыпталушы немесе сотталған олардың реттік нөмірін қабылдаушы дауыстап қайталап айтқаннан кейін күзетке қабылданған болып есептеледі.
83. Жоспарлы бағдарлар іске қосылған немесе поездардың (теңіз немесе өзен кемелерінің, ұшақтардың) қозғалыс кестесі өзгерген кезде, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің штабтары Ұлттық ұланның жоспарлы қарауылдарының бағдарлық қозғалыс кестелерінің үзінді көшірмелерін тиісті айдауыл бөліністеріне, ішкі істер органына, ҚАЖ мекемесіне жібереді.
Айдауыл бөлінісінің командирі, ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің бастығы Ұлттық ұланның жоспарлы қарауылдарының бағдарлық қозғалыс кестесінің үзінді көшірмелері негізінде айдауылданушыларды қабылдау (тапсыру) үшін айдауылдардың алмастыру пунктіне жүру кестесін әзірлейді. Алмастыру пунктіне он бес және одан да көп күдіктілер, айыпталушылар немесе сотталғандар айдауылдауға жататын болған жағдайда бөлініс командирі, ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің бастығы Ұлттық ұланның айдауылдау бөлінісі командирімен осынша адамды айдауылдау мүмкіндігін алдын ала келіседі.
84. Айдауылдаудың жоспарлы бағдарларында жаңа алмастыру пункттері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдарының ұсынымы бойынша Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының шешімімен ашылады. Алмастыру пунктін жабу қажеттігі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары жоспарлы қарауыл жасақталатын айдауылдау бөлінісінің командирін хабардар етеді.
Ескерту. 84-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10-тарау. Күдіктілер мен айыпталушыларды соттарға айдауылдау
85. Күдіктілер мен айыпталушыларды соттарға айдауылдау осы мекемелерді қызмет көрсетуге қабылдағаннан кейін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттері бастықтарының бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.86. Сотты қызмет көрсетуге қабылдау комиссияның актісімен ресімделеді, онда:
1) соттың және полицияның (ішкі істер органы) айдауылдау бөлінісінің атауы, олардың нақты мекенжайы;
2) сот отырыстары залдарының, айыпталушыларды айдауылдауға және ұстауға арналған үй-жайлардың сипаттамасы, оларды қашып кетуге қарсы жабдықтармен, керек-жарақпен (жиһазбен), байланыс және сигнализация құралдарымен қамтамасыз ету;
3) таспаға түсіру жабдықтарын дайындау, айыпталушыларды ұстау үй-жай бөлу және айдауылды осы соттың көшпелі отырыстарын өткізу орындарында орналастыру тәртібі;
4) арнайы көлік құралынан айыпталушыларды ұстауға үшін арналған камераларға дейін, сот отырысы залдарына және кері айдауылдау бағыттары;
5) сот басшыларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;
6) сот үй-жайларының жабдықтарындағы кемшіліктер, оларды жою мерзімдері және осыған жауапты адамдар көрсетіледі.
Комиссия бекіткен актінің негізінде соттың қызмет көрсетуге қабылдау туралы бұйрығы шығарылады, ал бір данасы сотқа жолданады.
Полиция қызметкерлері қызмет көрсетудің көлемі мен шартын оқып-үйренуге, айдауылданушылардың қажетті санын, күдіктілер мен айыпталушыларды күзету жүйесін және тергеу изоляторынан (уақытша ұстау изоляторынан) оларды айдауылдаудың негізгі және қосалқы бағыттарын анықтайды.
Сотқа қызмет көрсету техникалық жарақтандыру және айдауыл үй-жайларын, сот отырыстары залдарын және айдауылданатындарды ұстау үшін басқа да сот үй-жайларын жабдықтау сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Полиция департаменттерінің, полиция басқармаларының, қалалық, аудандық полиция бөлімдерінің бастамасы бойынша тоқтатылады
Айыпталушыларды тергеу изоляторынан уақытша ұстау изоляторына ауыстыруға соттың талабы негіз болып табылады.
Ескерту. 86-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.87. Әрбір қызмет көрсетілетін сотқа полицияның айдауылдау бөлінісі (ішкі істер органы) күзет схемасын, бекеттердің табелі және төтенше оқиғалар жағдайына арналған жеке құрамның есебін құрайтын күзет жоспарын әзірлейді. Айыпталушыларды дәретханалары мен айдауылданушылар мен айдауылды орналастыруға арналған оқшауланған үй-жайлары, сондай-ақ полицияның айдауылдау бөліністерімен, ішкі істер органымен телефон байланысы жоқ үй-жайларға айдауылдауға жол берілмейді.
88. Жекелеген жағдайларда, ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топқа және ұйымдарға қатысушылар жасаған қылмыстар туралы істерді қарау кезінде, сот орналасқан жерде тәртіпсіздіктің немесе айыпталушыларға қастандық жасаудың алдын алу мақсатында қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасын, оның ішінде сот отырысы залында отырған адамдар арасына штаттық киімдегі полиция қызметкерлерін орналастыруды көздейтін арнайы жоспар әзірленеді.
Тергеу изоляторы әкімшілігінің келісімі бойынша осы процестер күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау орны бойынша жеке үй-жайларда өткізілуі мүмкін.
89. Күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторынан немесе уақытша ұстау изоляторынан сотқа және кері айдауылдау бағдарлары көлік және азаматтар қозғалысы мейлінше аз көше бойынша белгіленеді.
90. Айдауыл айдауылдау бөлінісінен, ішкі істер органынан күдіктілер мен айыпталушыларды тергеу изоляторында, уақытша ұстау изоляторында қабылдау және оларды мақсаты бойынша сот отырысы басталардан отыз минут бұрын жеткізу есебімен шығуы тиіс.
Сотқа келген соң айдауыл бастығы күдіктілер мен айыпталушыларды жеткізгені туралы сот отырысына төрағалық етушіге хабарлайды, оларды ұстауға арналған камералардың жай-күйін тексереді, сот отырысы залын (залдарын), дәліздерді және баспалдақ торларын қарап шығады.
Егер істер бір уақытта бірнеше залдарда тыңдалатын болса, аға айдауылдар тағайындалады, оларға қызметті атқарутәртібі туралы нұсқама жүргізіледі. Бір айыпталушыны күзету үшін сот отырысы залында кемінде екі айдауыл бөлінеді, қажет болған кезде бір уақытта айыпталушыларды ұстауға арналған камералардың жанына бекет (бекеттер) қойылады.
Камералар күдіктілер мен айыпталушылардың әртүрлі санаттарын бөлек ұстау талаптарына сай болуы, еденге бекітілген орындықтармен, терезелерде металл торлармен, желдеткішпен, жарықпен, есіктерде құлыптармен және қарау ойықтарымен "көздерімен" жабдықталуы тиіс. Жарық көздері мен желдеткіш арналары металлтормен немесе тормен қоршалады, ажыратқыштар камералардың сыртынан орнатылады.
Күдіктілерді, Айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау қағидаларына 1-қосымша |
Айдауыл бастығына берiлетiн қызметтiк құжаттардың
тізбесі
1. Iшкi iстер органдарында әзiрленетiн құжаттар:
1. Елді мекен шегінде айдауылдау кезiнде:
1) күдіктілер мен айыпталушылардың тiзiмi;
2) әрбiр күдікті мен айыпталушының құжаттары салынған мөрмен бекiтілген пакеттермен жеке iстерi;
Сотқа айдауылдау кезiнде тек күдіктілер мен айыпталушылардың тiзiмi жасалады.
2. Елді мекеннен тыс жерлерге айдауылдау кезiнде:
1) күдіктілер мен айыпталушылардың тiзiмi үш данада;
2) әрбiр күдiктiнiң құжаттары салынған мөрмен бекiтілген пакеттері және әрбір айыпталушының жеке iстерi бойынша оған жапсырылған анықтамалары бар мөрмен бекітілген пакеттерге салынған жеке істер;
3) айдауыл бастығына күдіктілер мен айыпталушыларды қабылдау (тапсыру) құқығын беретiн ұйғарым (айдауыл жеке құрамының тiзiмiмен бiрге);
4) жол жүру құжаттары;
5) бағыттық парақ;
6) жол журналы;
7) азық-түлiк аттестаты;
8) азық-түлiк дәптерi.
Айдауылмен бiрге күдіктілер мен айыпталушылардың қылмыстық iстерiн, заттай айғақтарын, ақшаларын және басқада құнды заттарын жiберуге рұқсат етiлмейдi.
2. ҚАЖ мекемелерінің әкiмшiлiгi дайындайтын құжаттар:
1. Айдауылдау тағайындау кезiнде:
1) айдауыл бастығына айдауылданушылар мен сотталғандарды қабылдау (тапсыру) құқығын беретiн ұйғарым (айдауыл жеке құрамының тiзiмiмен бiрге);
2) бағыттық парақ;
3) жол журналы;
4) жол жүру құжаттары (елді мекеннен тыс жерге айдауылдау кезінде).
2. Айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау үшін қабылдау кезінде:
1) айдауылданушылардың ілеспе тізімі үш данада;
2) әрбiр сотталғанның жеке ісі бойынша анықтамалары жапсырылған мөрмен бекітілген пакеттерге салынған құжаттары бар жеке істері;
3) азық-түлiк дәптерi мен азық-түлік аттестаттары (елді мекеннен тыс жерге айдауылдау кезінде).
3. Денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемелеріне айдауылдау кезінде:
1) медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарының емдеу мекемесіне әкету қажеттігі туралы медициналық қызметкердің баянаты (тағайындауы);
2) айдауыл бастығына сотталғандарды қабылдау (тапсыру) құқығын беретiн ұйғарым (айдауыл жеке құрамының тiзiмiмен бiрге);
3) жеке іс бойынша анықтама;
4) бағыттық парақ;
5) жол журналы.
Күдіктілерді,
Айыпталушылар мен
сотталғандарды айдауылдау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жол журналы
____________________________________________________________________
(органның атауы)
____________________________________________________________________
Басталды: _____________
Аяқталды: _____________
Жол журналын толтыру мынадай тәртіппен жүргізіледі: журналдың екі парағының қайырма бетінде қарауыл бастығы титулды парақты ресімдейді
(2-ші және одан кейінгі жұп беттері – ашылған беттің сол жағы)
№ | Қабылдау күні | Қабылдау пункті (станция атауы, органның атауы) | Жеке істің нөмірі, жеке іс бойынша анықтаманы жасаған органның атауы |
Тегі, аты және әкесінің аты (егер бірнеше болса барлығын атау) | Туған жылы |
Қай мерзімге сотталды және мекеменің түрі | Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қай бабы бойынша сотталды немесе айыпталады |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
(3-ші және одан кейінгі тақ парақтар — ашылған беттің оң жағы)
Айдауылдау үшін негіздемелер (нұсқау, наряд, бұйрық, өкім, үкім, оларды шығарушы, нөмірі мен күні көрсетіледі) |
Қайда және кімнің өкіміне бара жатыр |
Қайда тапсырылуы тиіс |
толық/толық емес тінту мен қарауды кім өткізді |
Алып қойылған ақша мен жол берілмеген заттарға түбіртектің нөмірі және жол жүру кезінде ұсталған камераның нөмірі |
Айдауылданушыларды және құжаттарды қабылдаған қарауыл бастығының немесе органның лауазымды адамының қолы |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Күдіктілерді,
Айыпталушылар мен
сотталғандарды айдауылдау
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Азық-түлік дәптері
Айдауыл ______________________________________________________
(ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің, айдауыл бөлінісінің атауы)
№ | Күні | Күдіктілердің, айыпталушылар мен сотталғандардың тегі, аты-жөні | Азық-түлік өнімдерінің атаулары (саны мен салмағы) | Азық-түлікті алғаны туралы қолы |
Барлығы:
Айдауыл бастығы ________________________________
(атағы, тегі, аты-жөні, қолы)
Күдіктілерді,
Айыпталушылар мен
сотталғандарды айдауылдау
қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Органның мөртабаны
(тіркеу нөмірі)
_______________ командирiне
(айдауыл бөлiмшесiнiң атауы)
________________бастығына
(iшкi iстер органының атауы)
ӨТІНІМ
Айдауылды ____________________________________________________________
(күні, сағаты)
парақтың қайырма бетінде аталған адамдарды _______________________________
_______________________________________________________________________
(сот мекемесiнiң, тергеу әрекетiн жүргiзу орынының және т.б. атауы)
_______________________________ мекенжайға айдауылдау үшін жiберуiңiздi сұраймын.
Айдауылдауға жататын адамдар___________________________________
___________________________________________________ қарамағына түседi.
(лауазымы, тегi көрсетiледi)
Сот процесiнiң (тергеу әрекеті өндірісінің) басталуы ____________________________
(уақыты, болжамды ұзақтығы көрсетіледі)
Уәкілетті адам_____________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)
Күдіктілерді, Айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау қағидаларына 4-қосымшасының сыртқы жағы |
|
Нысан |
№ | Т.А.Ә. | Туған жылы | ҚР ҚК қай бабы (баптары) бойынша айыпталады, күдіктіледі, сотталды | Ұстау орны (мекеменің атауы) |
Кестенің жалғасы
Әр санаттағы айдаулданушылардың ішкі оқшаулау бойынша талаптар (нақты кімнен немесе барлық айдауылданушылардан қойылатыны | Қандай айдауыл талап етіледі (қарапайым, ерекше немесе күшейтілген) | Айдауылдауға қатысты басқа да ұйғарымдар | Айдауылданушыларға тінту жүргізген адамның тегі | Айдаулданушыларды айдауылдан қабылдау не қамаудан босату туралы ҚАЖ мекемесі, уақытша ұстау изоляторы бойынша кезекшінің қолхаты |
Уәкілетті адам______________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөні, қолы)
Күдіктілерді,
Айыпталушылар мен
сотталғандарды айдауылдау
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Органның мөртабаны
(тіркеу нөмірі)
Кiмге ____________________________
(лауазымы, атағы, тегi, аты, әкесінің аты)
Ұйғарым
Осы ұйғарымды ұсынушы
________________________________________________________________________________
(айдауылдау бөлінісінің, ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің атауы)
________________________________________________________________________________
(сот, ҚАЖ мекемесі, тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, алмастыру пункті,
________________________________________________________________________________
станцияның атауы)
күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау және қабылдау (тапсыру) үшін
айдауыл бастығы болып тағайындалады
Ұйғарым 20 _ жылғы "____" __________ дейін жарамды
Мөр орны
Айдауыл бөлiмшесiнiң бастығы (iшкi iстер
органының, ҚАЖ мекемесінің бастығы) __________________________________
(атағы, тегi, аты-жөні, қолы)
Күдіктілерді, | |
Айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау қағидаларына 5-қосымшаның қайырма беті |
|
Нысан |
Айдауыл құрамының тізімі
р/с № | Тегі, аты-жөні | Лауазымы мен атағы | Қарудың түрі мен нөмірі | Нұсқаулықпен танысқаны туралы қолы |
Айдауыл бөлінісінің командирі (ішкі істер органының, ҚАЖ мекемесінің бастығы) ______________________________________________________________________
(атағы, тегi, аты-жөні, қолы)
Күдіктілерді, Айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау қағидаларына 6-қосымша Нысан |
_________________________________________________________________
(анықтама құрастырылатын iшкi iстер органының, ҚАЖ мекемесінің атауы)
____________________________________________________________________
20 _ жылғы "____" __________
(толтырған күнi)
№___ ілеспе тізімі бойынша
№ ___ жеке іс бойынша анықтама
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 19.09.2022 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Күзетпен ұсталатын адамның тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), (егер бiрнеше
болса, барлығын көрсету керек)
_________________________________________________________________________
2. Туған жылы мен жерi (мәлiметтердi толық көрсету)
__________________________________________________________________________
3. Күзетке алынғанға дейiнгi тұрғылықты орны (толық мекен жайын көрсету)
__________________________________________________________________________
4. Қайда және кiмнiң қарамағына жiберiледi (қаланың, тергеу изоляторының, уақытша
ұстау изоляторының, ҚАЖ мекемесiнiң атауы)
__________________________________________________________________________
5. Қарауыл немесе айдауыл қай жерде тапсырылуы (станция, әуежай, кемежай атауы),
қандай тапсыру пункттерi арқылы жiберiлуi (тергеу изоляторы, уақытша ұстау
изоляторы, ҚАЖ мекемесi)
тиіс_____________________________________________________________________
6. Айдауылдау үшін негiз (наряд, бұйрық, сот немесе тергеу органының қаулысы,
нөмірі, күні)
__________________________________________________________________________
7. Санаты (сотталғандардың, режим түрiнiң, айыпталушы мен бiр уақытта: аса қауiптi
қылмыскер, жазалаудың ең жоғарғы шарасына сотталған,шетел азаматы, кәмелеттке
толмаған және тағы басқа көрсетiлуi керек
_________________________________________________________________________
8. Қандай сот органы соттаған (қашан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
қандай бабы бойынша, қай мерзiмге немесе қандай бап бойынша айыпталады)
__________________________________________________________________________
9. Күшейтiлген күзеттің керектігі және неге
__________________________________________________________________
10. Дәрiгердiң:
1) денсаулық жағдайы (денi сау, туберкулезбен, жұқпалы аурумен немесе
терi- венерологиялық аурумен ауырады, ақыл-есi ауысқан, мүгедектігі бар адамдар,
еріп жүрушісіз жолда жүре алатыны) туралы
_________________________________________________________________________
2) санитариялық өңдеуден өту күні туралы (күнi)
__________________________________________________________________________
3) күзетпен ұстау орнының, ҚАЖ мекемесінiң эпидемиологиялық жай-күйі туралы
анықтама
__________________________________________________________________________
Дәрiгер ________________________
(тегi, қолы)
Бастық ________________________
(тегi, қолы)
Фотосурет Елтаңбалы мөр орны
Күдіктілерді,
Айыпталушылар мен
сотталғандарды айдауылдау
қағидаларына
7-қосымша
Нысан
№ __азық-түлік аттестаты
__________________________________________________________ берiлді
(аттестатты берген iшкi iстер органының, ҚАЖ мекемесiнiң атауы)
жол жүретін _________________________________________________________
(айдауылданушылардың саны санмен және жазбаша түрде көрсетiледi)
____________________________________________________________________
(бару пункті)
азық-түлiкпен ___________ тәулікке ____________ дейін
(жазбаша) (күні, айы, жылы)
есебімен:
нанмен _____________ тәулiкке барлығы _________ кг.______ г.
(жазбаша) (санмен)
консервалармен _________ тәулiкке барлығы _________ кг.______ г.
(жазбаша) (санмен)
қантпен ____________ тәулiкке барлығы _________ кг.______ г.
(жазбаша) (санмен)
Бастық __________________________________________
(атағы, тегi, қолы)
Қаржы қызметiнiң бастығы___________________________________
(тегi, қолы)
Мөр
орны "____" __________20 _ ж
Азық-түлiктi жiбердім _____________________
(қолы)
Азық-түлiктi алдым _______________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Сезіктілер мен айыпталушыларды айдап алып жүрудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 387 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1879 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., № 5-6, 788-құжат);
2) "Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 194 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2498 болып тіркелген;
3) "Сезіктілер мен айыпталушыларды айдап алып жүрудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы № 387 бұйрығына (тіркеу нөмірі 1879) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 162 бұйрығы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2784 болып тіркелген;
4) "Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды айдауылдау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi № 194 бұйрығына (№ 2498 болып тiркелген) толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы № 156 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2880 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2004 ж., № 25-28, 942-құжат);
5) "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 341 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6745 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 74-75 (26495-26496), "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 15 ақпан № 46-47 (26449) сандарында, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2011 жылғы № 7 актілер жинағында жарияланған (тираждың шыққан күні 2011 жылғы 16 қыркүйек).