Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2012.07.02 № 382 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1644 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруi туралы ереженiң 5-тармағына сәйкестендiру мақсатында бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын кадрларды iрiктеу және зерделеу жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2003 жылғы 5 қаңтардағы N 1 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу реестрiнде N 2180 болып тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарына қызметке (жұмысқа), оқуға қабылданатын азаматтарды зерделеу мен iрiктеудiң тәртiбiндегi:
13-тармақ алынып тасталсын.
2. Астана, Алматы қалалары ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы iшкi iстер бас басқармаларының, iшкi iстер басқармаларының және көлiктегi iшкi iстер басқармаларының, Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының бастықтары аталған бұйрықты басшылыққа алу және орындау үшiн қабылдасын.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнінен бастап күшiне енедi.
Министр